Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Бағалау критерийлері




%-ті мазмұны Критерийлер
0-49 Бағдарламалық материалды толық мүлде білмеуі, негізгі оқу бағдарлама материалын меңгермеуі, студент өрескел қателіктер жібереді
50-74 Жауап негізінен дұрыс, бірақ, толык емес; жауапта пән материалын жеткіліксіз терең түсінбеу байқалады, теориялық ережелер мен бастапқы иеяларды баяндауда кейбір қателіктерге жол беріледі; тек материалды репродуктивті баяндауға қабілеті болады, бірақ дербес ойлау мен қорытындылау жоқ.
75-89 Жауап дұрыс, толық; пәннің ережелері мен идеялары бойынша білім көрсетілді. Қоғамдық құбылыстарды дұрыс бағалау. Заңдылықтарды, негізгі ұғымдарды, фактілі материалдарды білу. Аралық басылымдардан, басқа оқу пәндері бойынша материалдарды тарту. Аргументті дәлелдей, жоққа шығару, ойлау, қорытындылар жасай білу. Бірақ та мазмұнын бұрмалауға алып келетін баяндаудың кейбір еместігі.
90-100 Жауап дұрыс, толық. Оқытылған пәннің негізгі ережелері мен идеялары бойынша білім көрсетілді. Қоғамдық құбылыстарды дұрыс бағалау. Нормативті-құқықтық базаны меңгері, негізгі ұғымдарды, фактілі материалдарды білу. Аралық басылымдардан, басқа оқу пәндері бойынша материалдарды тарту. Аргументті дәлелдей, жоққа шығару, қортындылар жасай білу. Жауапқа ескертулер жоқ.

 

15. Өзіндік бақылауға арналған тест тапсырмалары

1. Англосаксондық жүйе бойынша криминология пәні қай ғылымның құрамдас бөлігі ретінде қарастырылады:

A) Психологияның

B) Әлеуметтанудың

C) Қылмыстық құқықтың

D) Криминология дербес ғылым саласы ретінде қарастырылады

E) Философияның

 

2. Клиникалық криминология қай мемлекетте кең тараған:

A) ¦лыбритания

B) АҚШ

C) Франция

D) Ресей

E) Қазақстан

 

3. Төмендегілердің қайсыбірі криминология пәніне жатпайды:

A) Қылмыстылық

B) Қылмыскер тұлғасы

C) Қылмыстылық себептері мен шарттары

D) Қылмыс субъектісі

E) Виктимология

4. Қылмыстылықтың себептерін қоғамдағы тап арасындағы қайшылықтардың болуымен түсіндірген криминологиялық концепцияны атаңыз:

A) Марксистік

B) Ломброзо

C) Клиникалық криминология

D) Әлеуметтанымдық криминология

E) Биологиялық криминология

 

5. Төмендегілердің қайсыбірі әлеуметтанымдық зерттеу әдістеріне жатпайды:

A) Анкета алу

B) Сараптамалық бағалау әдісі

C) Байқау

D) Сұхбат

E) Салыстырмалы құқықтану

 

6. Қылмыстық статистиканың байқау объекттеріне төмендегілердің қайсыбірі жатпайды:

A) Қылмыстық деликттер

B) Қылмыстар

C) Қылмыскерлер

D) Қылмыс жасаған адамдарға қолданылған қылмыстық құқықтық ықпал ету шаралары

E) Қылмыс зардаптары

 

7. Статистикалық ақпаратқа қойылатын жалпы талаптар қатарында төмендегілердің қайсыбірі болмайды:

A) Сенімділік

B) Болжамдылығы

C) Толық болуы

D) Дер кезінде берілуі

E) Салыстыруға келетіндігі

 

8. Қылмыстылықты сипаттайтын белгілерге төмендегілердің қайсыбірі жатпайды:

A) Тарихи өзгермелілігі

B) Әлеуметтік және қылмыстық құқықтық құбылыс

C) қылмыстардың жүйесі

D) Белгілі бір территорияда жасалған барлық әкімшілік құқықбұзушылықтар мен қылмыстардың жиынтығы

E) Латенттілік

 

9. Белгілі бір аумақта белгілі бір уақыт аралығында жасалған және тіркелген қылмыстардың абсолюттік санын сипаттайтын қылмыстылық белгісі – бұл:

A) Қылмыстылық деңгейі

B) Қылмыстылық құрылымы

C) Қылмыстылық динамикасы

D) Қылмыстылықтың өсу динамикасы

E) Қылмыстылықтың кему динамикасы

 

10. Қылмыстылықтың тіркелмеген, беймәлім бөлігін сипаттайтын ұғымды атаңыз:

A) Ресми қылмыстылық деңгейі

B) Латенттік қылмыстылық

C) Қылмыстылық деңгейі

D) Қылмыстылық құрылымы

E) Ашылмаған қылмыстылық

 

11. Латенттігі жоғары болатын қылмысты атаңыз:

A) Адам өлтіру

B) Адам денсаулығына ауыр зиян келтіру

C) ¦рлық

D) Қарақшылық

E) Теңіз қарақшылығы

 

12. Қылмыс салдарынан келтірілген физикалық (қаза болған және жарақат алған адамдар саны), материалдық зардаптардың және мемлекеттің қоғамды, тұлғаны және мемлекетті қорғауға, жәбірленушілердің денсаулығын қайта қалпына келтіруге жіберген жанама шығындарын сипаттайтын ұғым:

A) Қылмыстылық құны

B) Қылмыс зардабы

C) ‡стеме шығындар

D) Мемлекеттік шығындар

E) Қылмыстылық тенденциясы

 

13. Қылмыстылықтың уақыт бойынша өсуін, төмендеуін, тұрақтануын сипаттайтын ұғым:

A) Қылмыстылық құрылымы

B) Виктимология

C) Қылмыстылық себептері

D) Қылмыстылық шарттары

E) Қылмыстылық динамикасы

 

14. Төмендегілердің қайсыбірі қылмыскер тұлғасын әлеуметтік-демографиялық тұрғыдан сипаттайды:

A) Қылмыскер

B) Құқықбұзушы

C) Әлеуметтік тегі

D) ‡йленген

E) Спорттық клуб мүшесі

 

15. Төмендегілердің қайсыбірі қылмыскер тұлғасын әлеуметтік-рольдік тұрғыдан сипаттайды:

A) Мемлекеттік қызметкер

B) Әйел жынысты

C) Жоғары білімді

D) Шетел азаматы

E) 28 жасқа толған

 

16. Объектіні (оригиналды) ізденушіні қызықтыратын позициялар бойынша оның орнын ауыстыратын көшірмесін құру және зерттеу арқылы танып-білуді қалай атайды:

A) Эксперимент

B) Модельдеу

C) Социометрия

D) Құжаттама әдісі

E) Дельфи әдісі

 

17. «Адамзат мәні – бұл барша қоғамдық қатынастардың жиынтығы» деген тұжырымды кім айтқан:

A) Гегель

B) Фейербах

C) О.Конт

D) Р.Гарофало

E) К.Маркс

 

18. Төмендегілердің қайсыбірі криминологиялық категория болып табылады:

A) Қылмыс субъектісі

B) Кінәлі

C) Айыпталушы

D) Қылмыскер тұлғасы

E) Сотталушы

 

19. Төмендегілердің қайсыбірінде қылмыскер тұлғасының қылмыстық құқықтық жіктемесі көрсетілген:

A) Туа біткен қылмыскер, ситуативтік қылмыскер

B) Адам өлтіруші тұлғасы, ұры, тонаушы тұлкасы, бұзақы

C) Ситуативтік қылмыскер, ұры

D) Абайсыз қылмыскер, ұры, ситуативтік қылмыскер

E) Кездейсоқ қылмыскер, ситуативтік қылмыскер

 

20. Қылмысты сыртқы орта күштерінің сана-сезімі мен еркіне ықпал етуіне бола өзіне тән емес қоғамға қарсы белсенділік танытуының уақытша көрінісінің нәтижесінде жасаған, бірақ жалпы жақсы мінез-құлығымен сипатталатын тұлға – бұл:

A) Ситуативтік қылмыскер

B) Абайсыз қылмыскер

C) Кездейсоқ қылмыскер

D) Кәсіпқой қылмыскер

E) Қорлаушы






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных