Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Алыптасу кезеңдері және мәнісі.




Негізгі түсініктер: Еуразия құрлығы, еуразияшылдық, батыстық, славянафил, түрік-славян бірлігі, неоеуразияшылдық

1. Еуразия — Жер шарындағы ең үлкен құрлық.. Ауданы 53,4 млн. км2 (бүкіл құрлықтардың 37%-і), оның 2,75 млн. км2-ге жуығы аралдар. Еуразия екі дүние бөлігінен — Еуропа мен Азиядан тұрады (аталуы содан). Олардың арасындағы шартты шекара — Орал тауының шығыс етегі, Жем өзені, Каспий теңізінің солтүстік-жағалауы, Кума және Маныч өзендерінің аңғарын бойлап Донның сағасына өтеді. Одан әрі шекара Азов және Қара теңіздер, Босфор бұғазы. Мәрмәр теңізі, Дарданелл бұғазы арқылы Жерорта теңізіне шығады. Біртұтас құрлықты Еуропа және Азия дүние бөліктеріне бөлу ежелгі дәуірде қалыптасқан тарихи-дәстүрлі түсінік. Құрлықтың қиыр шеттері: солтүстігінде —Челюскин мүйісі (77º43’ с.е.), оңтүстігінде —Пиай мүйісі (1º16’ с.е.), батысында Рока мүйісі (9º34’ б.б.), шығысында —Дежнев мүйісі (169º40’ б.б.) Солтүстіктен оңтүстікке 8 мың км-ге, батыстан шығысқа 16 мың км-ге созылады. Еуразияға жататын бірқатар аралдар құрлықтан біршама қашық жатыр. Шпицберген, Франц Иосиф жері және Солтүстік Жер аралдары 80º с. е-тен әрі асады. Малай топаралдары оңтүстік жарты шарға өтіп, 11º о.е-ке дейін барады. Атлант мұхитындағы Азор аралдары 28º б.б-та орналасқан. Еуразия — барлық мұхиттармен (Атлант, Солтүстік Мұзды, Үнді, Тынық) және олардың шеткі теңіздерімен шектесіп жатыр. Мұхиттар мен теңіздер құрлыққа сұғына кіріп, әсіресе, оның батыс және оңтүстік шеттерін көбірек тілімдеген. Бірақ аумағының орасан зор болуына байланысты құрлықтың ішкі бөліктері теңіздер мен мұхиттардан мыңдаған км қашықта орналасқан.

Еуразия — Жер шарындағы халық ең көп әрі тығыз қоныстанған құрлық (бүкіл халықтың 3/4-і). Әсіресе, Батыс Еуропа, Шығыс және Оңтүстік-Шығыс Азияда халық тығыз орналасқан. Муссондық Азияның кейбір аудандарында (Шығыс Бенгалияда және Ява аралында) 1 км2 жерге 1000 — 1500 адамнан келеді. Қиыр Солтүстік Азияда, тропиктік ормандар алып жатқан батпақты ойпаттарда, Орталық Азия және Батыс Азияның шөлді аудандарында халық өте сирек. Араб түбегінің, Иран таулы қыратының ішкі аудандарында, Орталық Азияның кей жерлерінде тұрақты халық жоқ. Еуразия әлемдегі ежелгі мәдениет орталығы болып табылады. Атап айтқанда, Таяу Шығыстағы Қосөзен аралығы (Тигр, Ефрат), Жерорта теңізі жағалауы, сондай-ақ, Қытай мен Үндістан ежелгі мәдениеттері, грек-рим өркениеті, т.б. Ұлы Қытай қорғанынан Орталық Еуропаға дейін созылып жатқан ұлы далада көшпенділер әлемі үстемдік құрып, Батыс пен Шығыс өркениеттерін өзара байланыстырып тұрды. Қазіргі кезде де Еуразия құрлығы суперконтинент болып есептеледі. Әлем халықтарының 4 млрд-тан астамы осында тұрады, әрі әлемдегі жетекші мемлекеттердің барлығы (АҚШ пен Канададан басқасы) осы құрлықта орналасқан.Республикалық және монархиялық мемлекеттер бар.Республикалық мемлекттер содцалистік,капиталистік,дамш елдер болып бөлінеді.Ал монархиялық мемлекеттер абсальюттік және кониституциялық болып бөлінеді.90 жылдарда содцалистік мемлекеттер күрт кеміді.Оған себеб КСРО-ның ыдырауы,шығыс еуропалық мемлекеттердің басқа бағытқа көшіуі.

2.Тарихи алғышарттары. Еуразиялық кеңістікте жатқан Қазақстан ежелгі уақыттан бері Шығыс пен Батыс, Еуропа мен Азия өркениеттерінің арасын байланыстырушы буын қызметін атқарды. Нәтижесінде тарихи-мәдени байланыстың қазығы болды. Далалық өркениеттің «ортадағы» сипатта болғандығы да шындық. Түрік әлемі қытай, иран, славян, еуропалық мәдениеттермен өзара ықпалдасты. Хандық дәуірде де, патшалық, одан қалды кеңестік Ресейдің отарында болған кезеңдерде де Қазақстанның Еуразия кеңістігінде алатын орны ерекше болды. Біздің еліміз геосаяси және өркениетті тұрғыда қарағанда Қытай, Орталық Азия мен Ресейдің арасында «кіндік ортадағы» жағдайды иеленеді. Қазақстанның Еуропа мен Азияның тоғысындағы алатын тарихи жағдайы туралы Президент Н.Ә.Назарбаев өзінің «Тарих толкынында» атты еңбегінде жан - жақты жазды. Cонымен, Қазақстанның көпғасырлық ұлы тарихы елбасының қазіргі Еуразиялық ілімінің тарихи алғышарты болып табылады.

Халықаралық-аймақтық алғышарттары. Еуразия бастамасы – бұл ауқымды аймақтық жоба болғандықтан оның алғышарттарына ХХ ғасырдағы Еуропа, Азия, Америкада әзірленген аймақтық ықпалдасу жобасы кіреді. Қазақстан Президенті: «Бүгінгі әлемде аймақтық одақтардың неше түрі бар, олар сонысымен де мықты болып отыр» деген-ді. Еуразиялық жобаның маңызды халықаралық алғышарты Еуропалық Одақты қалыптастыру үдерісі екендігі де мәлім. Осы үлгі Н.Ә. Назарбаевтың бастамасы үшін негіз болды.

Интеллектуалдық алғышарттары. Н.Ә. Назарбаевтың Еуразиялық бастамасының жаңашылдығын айта отырып, оның интеллектуалдық алғышарттарын да көрсетуіміз қажет. Біріншіден, қазіргі еуразиялықтың интеллектуалдық алғышарттары 1920-шы жылдардан басталып, Ресейден Еуропаға қоныс аударған Н.С. Трубецкой, П.Н. Савицкий, Г.В. Вернадский, Э. Хара-Даван, К.А. Чхеидзе және өзге де ойшылдардың арасында қалыптасты. Олар өздерін «еуразиялықтармыз», ал идеяларын «еуразиялық» деп атаған. Бұл дегеніміз «еуропалық» және «азиялық» элементтерді жинақтайтын жаңа әлем жөніндегі түсінік. Алайда, өзінің ауқымды мәдени-танымдық кеңістігіне қарамастан, еуразиялық идея негізінен ресейлік мәселелер төңірегінде қалыптасты. Еуразиялықтардың идеялары кеңестік болмыстың талаптарына сай болу үшін өзгеруге тиіс еді.

Еуразиялық идея еуропоцентризмді, отарлау мен империализмді теріске шығарады. Сондықтан ХІХ-ХХ ғасырларда тарихқа мәдени-өркениеттік көзқарасты ұстанғандар қатарына Н.Я. Данилевский, О. Шпенглер, П. Сорокин, А. Тойнби секілді ойшылдарды жатқызамыз. Мәдениеттану тұрғысынан еуразиялық идея әлемнің өркениетті көпқырлылығын, яғни «өркениеттер қақтығысын» емес, сұхбат, ынтымақтастық қырынан көрсетеді. Қазіргі заманғы тарихшы Р.А. Медведев Шығыс пен Батыс «ешуақытта қосылмайды» деген Д.Р. Киплингтің сөзін бәрі біледі, бірақ та өзінің Еуразиялық жобасымен «Нұрсұлтан Назарбаев бұл тезистің қате екендігін көрсетті» деген.

Үшінші. Түрік-славяндық, шығыс-батыстық ықпалдастықты зерделеу үдерісі арқылы еуразиялықтың өзіндік ерекше бейнесі ХІХ ғ. екінші жартысындағы - ХХ ғасырдың басындағы орыстың қоғамдық зердесінде (К.Н. Леонтьев, В.И. Ламанский, Г.Н. Потанин, В.В. Бартольд), сондай-ақ түріктің қоғамдық зердесінде (Ш. Уәлиханов, И. Гаспринский, Абай, Ә. Бөкейханов, М. Шоқай) қалыптасты. Сөйтіп, Еуропа мен Азияның, Шығыс пен Батыстың өзара оң байланысы тұрғысындағы идея бірте-бірте түрік және орыс ойшылдары мен ғалымдарының еңбектеріне ене бастады.

Төртінші. Кеңестік билік тұсында еуразиялық идеяға қатысты еңбектер қоғамнан аластатылды. Кезінде шетелдерге қоныс аударған еуразияшылдардың еңбектерін оқу қол жетпес арман болатын. Тек қана кейбір ғалымдардың еуразиялық көзқарасты (атын атамай) қолдануға батылдары жетті. Орыс ғалымдарының арасынан көрнекті тарихшы және географ Л.Н. Гумилевты, ал қазақтар арасынан – белгілі ақын және зерттеуші О.О. Сүлейменовті атаймыз. Л.Н. Гумилевтың еңбектері тарихи танымды кеңейтті. Ғылымда жансыз әлеуметтік-экономикалық материализм мен еуропоцентризмнің үстем болуына қарамастан, әлемдік тарихқа этнологиялық көзқарасты батыл қолданды, Еуразиядағы түрік-славян «комплиментарлық» (жинақталған) идеясын дамытты. Л.Н. Гумилев ғылыми айналымға жаңа іргелі өркениеттік ұғым –«Ұлы Даланы енгізді». Оның тұжырымы адамзат тарихының көп қырлылығы, оның желілі емес циклдік дамуы еуропоцентризмнің шектеулі екендігін түсіндірді, мәдени-өркениеттік мәселе қоғамдық санаға қайта оралды. Л.Н. Гумилев 1980-ші жылдардың соңында «соңғы еуразияшыл», шын мәнісінде «тірі классик» - болды (жаңа дәуір үшін - қазіргі еуразияшылдыққа жол ашқан «бірінші» адам). Л.Н. Гумилев 1992 жылы қайтыс болды. Көрнекті ойшылдың Н.Ә. Назарбаевтың Еуразиялық жобасын көруге екі жыл өмірі жетпеді. Әйтпегенде, 1994 жылы Қазақстан Президентінің Еуразиялық жобасын қолдаған болар еді.

Егемендік пен сыртқы саясаттағы дербестіктің айқын көрінісі Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 1994 жылы жоба түрінде ұсынған «Мемлекеттердің Еуразиялық одағы» мен Еуразиялық бастамасы болды. «Еуразия одағы» жобасы аймақтық мәселелерді парасатты тұрғыда, әрі өзара тиімділікпен шешу мақсатын көздейді. Еуразиялық бастама егеменді Қазақстанның ұлттық-мемлекеттік мүддесін қорғаумен және оның Еуразия елдерімен өзара тиімділікке негізделген ынтымақтастығымен ерекшеленеді. Н.Ә. Назарбаевтың жобасы және оған қатысты туындаған көзқарастар, халықаралық пікір - таластар тарихтағы дәстүрлі еуразиялық идеяға елеулі өзгерістер енгізді. Бұл күнде Еуразиялық бастамаға теориялық және практикалық тұрғыдан бірқатар толықтырулар да қосылды.

ХХІ ғасыр дамуына жауап бере алатын қазіргі еуразиялық ілімнің негізін салушылардың бірі Қазақстан Президенті. Елбасының Еуразиялық ілімі өткен он сегіз жылдың ішінде айтарлықтай кеңейіп, күрделене түсті. Сөйтіп, Қазақстанның ұзақ мерзімді мемлекеттік стратегиясының құрамдас бөлігін айқындайтын Еуразиялық ілімі сипатына ие болды. «Doctrina» сөзін латын тілінен аударғанда ілім, ғылыми, саяси теория, тұжырым, шешуші теориялық немесе саяси қағида деген мағынаны білдіреді. Қазақстан Республикасы Президентінің Еуразиялық ілімінде теория мен саясат сабақтаса байланысқан. Осы ілімнің тәжірибеде жүзеге асуы бүгінгі күні елбасының бастамасымен құрылған ЕуроазЭО, ШЫҰ, АӨСШК секілді мемлекетаралық аймақтық бірлестіктер қызметімен, Еуропа, Азия елдерімен ынтымақтастықтан (соның ішінде ЕҚЫҰ, ОИК-пен), сонымен қатар Қазақстан халқы Ассамблеясы форумдарымен, Әлемдік діндер съезімен дәлелденіп отыр. Аса ірі еуразиялық мемлекет - тәуелсіз Қазақстан Республикасының табысты дамуының өзі Еуразиялық ілімінің нақты жүзеге асуын көрсетеді. Қазақстан Республикасы Президентінің «Еуразия Одағын» құру жөніндегі бастамасы кездейсоқ ұсынылған жоқ. Одақ қазіргі еуразиялық идеяның тарихи, интеллектуалдық, саяси, халықаралық алғышарттары бар.

Н.Ә. Назарбаевтың Еуразиялық бастамасының саяси алғышартына Еуразия кеңістігінде жаңа егеменді мемлекеттердің пайда болуы жатады. 1993 жылы мамырда Н.Ә. Назарбаев «Қазақстанның болашағы - қоғамның идеялық бірлігінде» еңбегінде: Қазақстанға әлемнің назары ауып отырғандығындығы тілге тиек етіп, еліміздің географиялық жағдайын, этнодемографиялық және басқа дамуын ескере отырып, көп қырлы бағдар ұстану аса маңыздылығын тұжырымдаған еді. Сонымен бірге елбасы ТМД мемлекеттерімен ынтымақтастық қарым – қатынасқа бірінші кезекте көңіл аударатындығын мәлімдеді. Кеңестік билік жүйесі ыдыраған кейін күрделі жағдай қалыптасты. Қазақстан қоғамына бірігу қажет болды. Еуразиялық идея сыртқы саяси, аймақтық бағытына қарамастан Қазақстан халқының іштей бірігуіне мүмкіндік туғызды. 1990-шы жылдың басындағы тарихи оқиғалар саяси ойлардың дамуына түрткі болды. Жаңа еуразиялық бастама заманға сай егеменді мемлекеттердің нығаюына, ынтымақтастықты қалыптастастыруға себеп болды. Жалпы ғаламдық, аймақтық және ұлттық жағдайлар еуразиялық идеяның қайта өрлеуін, ХХ ғасырдың соңындағы аймақтар мен әлемдегі түбегейлі өзгерістерге орай жаңару қажеттігін де көрсетті. Н.Ә. Назарбаевтың Еуразиялық бастамасының тарихи, интеллектуалдық және саяси алғышарттары осындай.

Әдістемелік нұсқаулар: Бұлтақырыпты қарастырған кезде еуразияшылдық идеясының жағрапиялық, тарихи-философиялық мәніне ден қою керек.

Негізгі әдебиеттер тізімі:

1. Проблемы евразийства. Астана: издательство Евразийского университета. 1998.

2. Нысанбаев Ә. Еуразия философиясы// Егемен Қазақстан. 2003, 22 сәуір

  1. Орлова Б. Евразийская цивилизация. Социально-историческая ретроспектива и перспектива. Москва: Норма, 1998, 235 с.

 

Дәріс 2.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных