Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Кеден одағы -еркін сауда жа­сасу мүмкіндігі




Негізгі түсініктер: еуразиялық интеграция экономикалық кеңістік, Біртұтас экономикалық кеңістік

Адамзат қоғамы өмірдің әр түрлі саласында жаңа идеялардың пайда болуы, бекуі, таралуы және жүзеге асуы нәтижесінде алға қарай басып ке­леді. Ал идея қоғамның кез келген мүшесінің бойында қай­нап жетілуі мүмкін. Бірақ оны кез келген қоғам мүшесі жүзеге асыра алмайды. Өйт­кені ол үшін қайрат­керлік әрекет керек. Ағылшын жа­зу­шысы және философы Томас Карлейлдің “бі­лім адамға бәрін бе­реді, ал әрекет оның тұлғасын жар­қы­ратып көр­се­теді, даңқ әкеледі” деуі осыған байланысты болса керек.

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан На­зарбаев осы идеяны неғұрлым жаңа қыры­нан және прагматикалық тұрғыдан көтерді. Қазіргідей жа­һан­дану үр­дістері қарқын алған тұста Еуразия халықтарының тұр­мыс-тіршілі­гін, ортақ тарихи-мә­дени арнала­рын біріктіре, кеңейте түсуге үнде­ген бұл идея негізінен соған ықпал ететін экономикалық алғышарттар­ды қалыптастыру мәселесіне ба­ғытталды. Сондықтан бұл идея өзінің алғашқы пайда болу кезінен бастап алдыңғы қатарлы көптеген адамдардың жүрегін бау­рап алды. Кез келген ұлы идеяның өмірде қиындықпен жол салатыны секілді оның қарсыластарының болмай қалмағандығын айтуға тиіс­тіміз. Кейбіреулер оны орын­дал­майтын арманға балағаны шындық.

Еуразиялық экономикалық қоғам­дастық – ТМД кеңістігіндегі қызметі ең дамыған өңірлік бір­лестіктердің бірі болып табылады. Бұл қоғамдастық Елбасының бас­тамашылдығымен 2000 жылдың 10 қазаны күні оған қатысушы мемлекет басшыларының Астана басқосуында құрылған болатын. 2003 жылдың желтоқсан айында бұл ұйым Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының қа­сындағы байқаушы мәртебесіне ие болды.

Қоғамдастық қызметінің негізгі мақсаты – оған қатысушы мем­ле­кет­тер арасында бірыңғай эконо­ми­калық кеңістік құру арқылы сау­да­ның еркіндігіне, елдер шека­ра­сынан осы мемлекеттерде өндіріле­тін тауарлардың кедергісіз жыл­жуы­на қол жеткізу. Бұл міндет пен мақ­сат 1999 жылдың 26 ақпа­нын­дағы Кеден одағын қалып­тастыру мен Бірыңғай экономи­калық ке­ңіс­тік құру туралы ал­ғашқы келісімнің өзінде айқын­далған болатын.

ЕурАзЭҚ осы мақсатқа қол жет­кізу бағытында неғұрлым шап­шаң қарқынмен алға жылжу үс­тін­де. Содан бері ұйым аясында көп­теген құжаттар қабылданып, жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Солардың арасында 2007 жылдың 6 қазаны күні Душанбе қаласында өткен Мемлекетаралық кеңес отыры­сын­да қабылданған Беларусь, Қазақ­стан және Ресей мемлекеттері бас­шыларының Кеден одағын құру жө­ніндегі келісімдік-құқықтық ба­за­ны қалыптастыру туралы ше­ші­мі­нің маңызы ерекше болғандығын айта кетпекпіз.

Содан кейінгі жерде валюта саясаты, капиталдың еркін қоз­ға­луы және инвестициялық саясат саласында тараптардың өз­ара қа­ты­нас­тарын ретке келтіретін бірқатар ха­лықаралық келісімдер, Кеден одағының комиссиясы туралы шешім дүниеге келді. Сонымен қатар ЕурАзЭҚ-ты дамытудың басым бағыттарын жүзеге асыру­дың 2008-2010 және одан кейінгі жылдарға арналған шаралар жоспары бекітілді.

Сонымен қатар инвестиция­лар­ды ынталандыру мен өзара қорғау, энергетикалық ры­нок­ты ақпарат­тық тұрғыда қамта­ма­сыз етудің ортақ жүйесін қалып­тастыру, ЕурАзЭҚ-тың техникалық реттеу саласындағы ақпараттық жүйесін құру туралы шешімдер қа­былда­нып, қоғамдастық жұмысының одан әрі алға басуына мүмкіндік жасалды. Ортақ энергетикалық ры­нокты қалыптастырудың тұжырым­дамасы бекітілді.

2008 жылдың 19-21 желтоқсаны аралығында біздің Елбасының бас­та­машылдығымен Бурабайда өткен Армения, Қазақстан, Қырғыз, Ре­сей, Тәжікстан президенттерінің бейресми жағдайдағы кездесуінің де маңызы үлкен болды. Осы бас­қосуда қоғамдастықтың 10 млрд. доллар көлеміндегі Дағдарыспен күрес қорын және Жоғары тех­но­логиялар орталығын құру жөніндегі келісімге қол жеткізілді.

Сөйтіп, ЕурАзЭҚ қызметі ТМД елдеріндегі басқа ұйымдармен са­лыстырғанда жемісті жұмыс жасап, жылдан жылға алға басу үстінде. Мұның өзі Қазақстан Респуб­ли­ка­сының Президенті Нұрсұлтан Назар­баевтың интеграциялану жө­ніндегі идеяларының өміршеңдігін, халық­аралық деңгейдегі қайрат­кер­лік қи­мыл әрекеттерінің табыс­ты­лы­ғы­ның айқын көрінісі деп айта аламыз.

Дегенмен, осы жолғы Минск басқосуының қарсаңында бұқара­лық ақпарат құралдарында Ресей мен Беларусь арасында аталған басқосуда дүниеге келуге тиіс Кеден одағына қатысты аздаған кикіл­жің­дердің бар екендігі де байқалып қалған еді. Осыған байланысты бас­қосуды ақпараттық тұрғыдан қам­тамасыз ету үшін әр елден кел­ген журналистер қауымы бір-бірімен әңгімесінде жоспар­ланып отырған шараның кейінге сырғуы мүмкін деген қауіптерін де білдіріп жатты.

ЕурАзЭҚ Мемлекетаралық кеңесіне қатысуға келген ел басшыларының кездесу регламентіне аздап өзгеріс енгізіле­тіні мәлім болды. Мем­ле­кет­аралық кеңестің төрағасы Бела­русь Республикасының Президенті Александр Лукашенко Кеден одағына қатысты құжаттарды тал­қылау үшін ең алдымен Қазақстан, Беларусь, Ресей президенттерінің үшеуара кездесу өткізіп, мәселені неғұрлым тар шеңберде талқылай­тындығын мәлім етті. Сөйтіп, ЕурАзЭҚ Мемлекетаралық кеңесі­нің осы жолғы отырысында ең негізгі және түйінді мәселе Кеден одағын құруға қатысты құжаттарды талқылау болатындығы белгілі болды.

Үш мемлекеттің басшысы атал­ған мәселені 2 сағат бойы тал­қы­ла­ды. Сөйтіп барып ортақ келісімге қол жеткізілді. Мұнан кейін болып өткен ЕурАзЭҚ Мемлекетаралық кеңесінің тар шеңберде және ке­ңейтілген құрамда өткен отырыс­та­ры Кеден одағының дүниеге келген­дігін әйгіледі. Отырыс жүріп жат­қан Минскідегі орталық кітап­ха­на­да залды торлап алған толғанысты сәттер осылайша шешімін тапты. Еуразиялық экономикалық қоғам­дастық аясында Қазақстан, Бела­русь, Ресей мемлекеттерінің ара­сын­да Кеден одағының құрыл­ған­дығын, 2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап осында қол жеткізілген келісімдерге сәйкес аталған мем­лекеттерде бірыңғай кеден тарифі­нің орнығатындығын, ал сол жыл­дың 1 шілдесінен бастап бірыңғай кеден аумағының жұмыс істеуге кірісетіндігін жан-жақтан жиналған журналистер әлемнің әр шалғайы­на жедел түрде таратып жатты. Ар­ты­нан журналистермен болған баспасөз мәслихатын ашқан Алек­сандр Лукашенко бұл басқосуды тарихи басқосу болды деп мәлім­деді. “Беларусь жері халықтар тағ­ды­рына әсері мол тарихи оқиға­лардың мекеніне айналды. Осында 1991 жылы Беларусь, Украина, Ресей республикаларының басшы­лары Белавежье келісіміне қол қойып, Кеңес Одағының өмір сүруі тоқтағандығын мәлімдеген еді. Енді біз Минск келісіміне қол қойып, Кеден одағының құрылған­дығын әйгілеп отырмыз”, – деді ол. “Белавежье келісімі жан-жаққа ыдырауды бастап берген, ал біз бірігуге үндейтін келісім жасадық”, – деді Ресей Президенті Дмитрий Медведев өз сөзінде.

Осы баспасөз мәслихатында сөз сөйлеген Қазақстан басшысы Нұр­сұлтан Назарбаев қол жеткізілген келісімнің экономикалық тиімділік қырларын ашып берді. Кеден одағын құрудағы ең маңызды шарт ЕурАзЭҚ аясында Бірыңғай эко­но­микалық кеңістікті қалыптастыру екендігін, бүгінгі қол қойылып отырған бірыңғай кедендік тариф пен Одақтың Кеден кодексін қа­был­дау осы мақсатқа жетудің та­рихи маңызды қадамы болатын­дығын атап көрсетті.

Кеден одағын, Бірыңғай эко­но­ми­калық кеңістікті құру біздің елдерімізге не береді?

Біріншіден, бірыңғай кеден ай­мағының құрылуы елдердің әртүрлі бағыттары бойынша кең көлемді ынтымақтастық орнатуына мүм­кін­дік береді. Бірлескен өндірістер мен кооперациялар құру әрекет­терін белсенді етеді. Мұның өзі жаңа индустрияландыруды жүзеге асыру, сырттан болатын тауарлар экспан­сия­сынан бірлесіп қорғану үшін өте маңызды.

Екіншіден, үш мемлекеттің аза­маттары кедендік төлемдерді қаттамай-ақ өзара еркін сауда жа­сасу мүмкіндігіне ие болады.

Үшіншіден, құрылатын ортақ рынок 2 трлн. доллар көлеміндегі ауқымды инвестициялар тарту үшін де өте тиімді. Демек, кәсіпкерлер қо­сымша ресурстар тарту мүмкін­дігіне ие болады.

Төртіншіден, бұл рынокта бәсекелестік ықпалы күшейеді. Мұның өзі тауарлар мен қызмет­тер сапасының артуына алып келеді. Осы арқылы халықтың өмір сүру деңгейі жақсара түседі.

Бесіншіден, Одаққа біріккен мемлекеттердің транзиттік әлеуе­тін тиімді пайдаланудың жаңа мүмкін­діктері қалыптасады. Бұдан мем­лекеттің кірісі артады. Осы арқылы ол бизнес пен халықты қолдауда жаңа мүмкіндіктерге ие болады.

Сарапшылардың алдын ала болжамына қарағанда, бірыңғай кеден кеңістігін қалыптастыру 2015 жылға таман оған қатысушы елдер­дің ішкі жалпы өнім көлемін 15 пайызға дейін арттыруды қамта­ма­сыз етеді.

Елбасы осылай дей келе кеден кеңістігін құрудың Ресейге, Бела­русьқа, Қазақстанға қанша табыс әкелетіндігін де айтып өтті. Мұндай кеңістікті құру бола­шақ­тың жос­пары – Еуразиялық экномикалық одақты құрудың негізі болып табылатындығын атап көрсетті.

Сонымен қатар осы басқосуда ЕурАзЭҚ-қа қатысушы мемлекет­тер­дің ортақ сақтандыру рыногын құру жөніндегі қаттамаға қол қойылды. “Бүгін біз Әділет ми­нистрлері кеңесіне ЕурАзЭҚ-тың жанама органы мәртебесін беру туралы шешімге келдік. Мұның өзі қоғамдастыққа қатысатын барлық елдердің келісімді құқықтық саясатын қалыптастыру ісіндегі маңызды қадам болып табылады”, – деді Елбасы. Сондай-ақ осы басқосуда қоғамдастықтың 2010 жылға арналған бюджет саясаты туралы жолдаудың қабылданған­дығын және қоғамдастықтың ішкі шекара режімін ұстаудың негізгі қағидаттары туралы ереженің бекітілгендігін айтты.

Баспасөз мәслихатында мәлім болған тағы бір мәселе келесі жыл­дан бастап Еуразиялық эконо­ми­калық қоғамдастықтың Мемле­кет­аралық кеңесіне Қазақстан жағы, атап айтқанда, біздің Елба­сымыз төрағалық ететін болады. Осы хабарды журналистерге жеткізген Александр Лукашенко желтоқсан айында Алматыда мем­лекет басшыларының бейресми жағдайда басқосуы болатындығын, онда 2010 жылдан бастап Кеден одағын құрудың нақты тетіктері одан әрі талқыланатындығын жеткізді.

Бұл бас­қосу Елбасымыздың еуразиялық идеясын жүзеге асыруға негіздеген батыл практикалық қадам болды деп айқын айта аламыз.

Әдістемелік нұсқаулар: Қазіргі кезде посткеңестік елдер арасындағы экономикалық ықпалдасудың тиімді және тиімсіз жақтарын салыстыра отырып қарастыру.

 

Негізгі әдебиеттер тізімі:

1. Мансуров Т.А. Бизнес в ЕврАзЭС в условиях Таможенного союза и Единого экономического пространства. «Литер», Казахстан, 26 сентября 2011 г.

2. Путин В.В. Новый интеграционный проект для Евразии — будущее, которое рождается сегодня // «Известия», 3 октября 2011 г.

3. Лукашенко А.Г. О судьбах нашей интеграции // «Известия», 18 октября 2011 г.

Назарбаев Н.А. Евразийский Союз: от идеи к истории будущего // «Известия», 26 октября 2011 г.

 

Дәріс 15.

Қазақстан және еуразиялық интеграцияның экономикалық негіздері

Мақсаты: Қазіргі кездегі еуразиялық интеграциялық үрдістер мен ЕурАзЭҚ мәселелері мен болашағын қарастыру.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных