Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Негізгі құралдардың пайдалану тиімділігін бағалаудың әдістемелік негіздері




Өндірістік негізгі қордың құрылымы қоғам арасында салынатын қаражат салмағының айырмашылығын көрсетеді. Яғни актив бөлігінде негізінен өндірістің айнымалы қаржыларының жұмсалуы көзделеді. Сондай-ақ өндіріске қызмет ететін шешуші бөлімнің және өндірісте сипатталуға мүмкін болатын кәсіпорын шығарған бұйым, сонымен қатар құрал-саймандар яғни өнімді өндіруге қатысатын негізгі қорлар жатады. Негізгі қордың актив бөлігінің өсуі өндірісте еңбек өнімінің артуына өндірістің тиімді дамуына әсер етеді. Пассив бөлігіне ғимараттар, транспорттар, беріліс қондырғылар жатады. Олар өндіріс процесінде бірнеше рет қатысып өндірістің актив бөлігінің тиімді жұмыс жасауын қамтамасыз етеді.

Негізгі қор бағасының олардың өндіріс процесіне қатысуына байланысты бірнеше түрі бар. Олар:

1. Бастапқы құн

2. Қалдық құн

3. Қалпына келтіру құны

- Негізгі өндірістік қорлардың бастапқы құны-бұл қорларды жасақтауға

немесе сатып алуға шығындалған сома. Ол амортизация нормасын, амортизациялық есеп көлемін, кәсіпорын активінің пайдасы мен рентабельділігін, олардың пайдалану көрсеткішін анықтау үшін қолданылады.

- Негізгі қорларды пайдалану процесінде олар тозып, біртіндеп бастапқы

құнын жояды. Олардың шын өлшемінен тозған құнын алып тастау керек. Міне, осы негізгі қордың қалдық құны болып табылады, яғни қалдық құн - негізгі қордың бастапқы құны мен тозу сомасының айырмашылығы болып табылады.

- Негізгі қордың қалпына келтіру құны - ісжүзіндегі еңбек құралдарының сол периодтағы бағадағы құны. Бұл қазіргі кездегі негізгі қорды өндіруге шығындалған сома, ол қорларды қайта бағалау кезінде қойылады. Негізгі қордың қалпына келтіру құнын бағалау шешімі тез өсіп, кәсіпорындардың қаржылық-экономикалық көрсеткішін төмендетеді. Сондықтан кәсіпорын үшін, қаржылық көрсеткішінің төмендетілген бағасын амортизация коэффициенті қабылдайды.

Табиғи тозу мына жағдайда болады:

- Дайын өнімнің құнымен қалпына келтіретін еңбек құралының пайдалану процестері

- Еңбек құралдарының іске пайдаланылмай тұруына құралдардың құны

жойылады.

Негізгі қордың бірдей элементтері табиғи тозу теңсіздігінен шығарылған. Толық және ішінара тозудың негізгі қордағы айырмашылығы: толық тозу- үшін қорға жаңадан тарату немесе айырбастау (негізгі қордағы капиталдық құрылыстың тозуын ағымдық ауыстыру), ішінара тозу- жолдық ремонттарды өтеу.

Негізгі қорлардың амортизациясы.

«Амортизация» термині тікелей мағынада негізгі қорлардың өлімі жоқтығын, олардың тозуды толтыру, қалыптасу мүмкіндіктерін білдіреді.

Амортизация процесі негізгі қорлардың қызмет ету уақыты ішінде өзінің құнын бөлектеп шығарылатын өнімге ауыстыруын және тұтынылған негізгі қорларды өтеу үшін осы құнның келесі пайдалануын айтамыз.

Негізгі қорлардың ауыстырылған өнім құрамындағы құны өндіріс сферасынан кетіп айналу сферасына түседі.

Өнімді шығарғаннан кейін сәйкесінше негізгі қор құнына ауыстырылған ақша бөлігі амортизациялық қорға тұседі, онда толық мөлшерге дейін негізінде бастапқы құнына сәйкес жиналады (тозған негізгі қорларды шегергенде). Бұл амортизациялық қор (жиналған ақша сомасы) тозған негізгі қорлар орнына жаңа негізгі қорлардың заттық элементтерін сатып алуға пайдаланылады, яғни негізгі қорлардың қайта қалыптасуы жүреді.

Амортизацияның негізгі функциялары – қайта өндірісті қамтамасыз ету, негізгі қорлардың есебі және қайта қалыптасуы.

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных