ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Экономикалық циклдардың типтері.
2. Экономикалық ауытқу ол экономиканың маңызды параметрлерінің тұрақты жағдайдан ауытқуы. Ол ауқымы мен уақыты жағынан қысқа, орта, ұзақ мерзімге бөлінеді. Қысқа мерзімді ауытқуда нарықтық конъюктура әсерінен өндірістің көлемі маңызды емес түрде ауытқиды. Баға дәрежесі аз мөлшерде өзгереді. Бірақ көп тауарлардың бағасы өзгермейді. Мысалы, АҚШ-та фирмалардың бестен екісінің бағасы жылына бір рет өзгереді, фирмалардың алтыдан бірінің бағалары бір жылдан көп уақытқа өзгереді. Төмен инфляция жағдайында тұрақты баға кәсіпкерлерге тұтынушыларды "ұстап қалуға" мүмкіндік береді. Жұмыспен қамтамасыз ету белгілі уақытта маңызды емес түрде өзгереді, оның ауытқуы жеке кәсіпорындардың жалақы мөлшерінен тәуелді болады. Пайда нормасы қысқа мерзімде өзгере қоймайды. Орта және қысқа мерзімде ауытқу басқаша болады, тепе-теңдік жағдайдан маңызды түрде ауытқиды. Қоғамда экономикалық және әлеуметтік тұрақтану бұзылады, экономикалық өсу уақытша дағдарысқа ауысады. Жалпы дағдарыстар барлық ұлттық шаруашылықты қамтиды, жеке дағдарыстар белгілі бір сфераға немесе экономикалық салаға тән. Дағдарыстың бірнеше түрлері бар: 1. Қаржы дағдарысы – мемлекеттік қаржының терең бұзылуы, бұл бюджеттің терең тапшылығы. Қаржы дағдарысының шегі ол мемлекеттің шетел займына төлем қабілеттілігінің болмауы. 2. Ақша-несие дағдарысы – ақша-несие жүйесінің бұзылуы. Коммерциялық және банк несиесінің күрт қысқаруы, салымдардың банктерден толық алынуы. Бұл кезде банктер жойылады, тұрғындар мен кәсіпкерлер нақты ақшаны іздейді, құнды қағаздардың курсы төмендеп, банк пайызының нормасы төмендейді. 3. Валюта дағдарысы – жеке елдер валютасының құнсыздануы, банктерде валюта резервтерінің зайып кетуі, валюта курсының төмендеп кетуі. 4. Биржалық дағдарыс – құнды қағаздар курсының күрт төмендеп кетуі, олардың эмиссиясының қысқаруы, қор биржасы қызметінің қысқаруы. 5. Аграрлық дағдарыс - ауыл шаруашылық өнімдерін өткізу көлемінің қысқаруы, ауыл шаруашылық өнімдеріне бағаның төмендеуі. 6. Құрылымдық дағдарыс - өндіріс салалары арасындағы қатынастардың бұзылуы. 7. Салалық дағдарыс – халық шаруашылығының бір саласында болады. Бұл дағдарыс өндіріс құрылымының өзгеруімен, шаруашылық байланыстардың бұзылуымен сипатталады. 3. Экономикалық өсу – бұл ұлттық өнімнің сандық көбеюі, сапалық жағынан жетілуі. Өсудің үш типі бар: 1. Экстенсивті өсу дегеніміз – қосымша өндіріс факторларын тарту арқылы ұлттық өнімнің көбеюі. 2. Интенсивті өсу дегеніміз – техника мен технологияны толық жетілдіру арқылы ұлттық өнімнің көбеюі. 3. Аралас өсу дегеніміз - өндіріс қуатының өсуі нәтижесінде өндіріс факторларын пайдалану санының өсуі және техника мен технологияның жетілуі. Экономикалық өсуді есептеу проценттік жылдық өсу қарқынымен анықталады: ЖҰӨ1 ЖҰӨ өсу қарқыны = ----------------- 100% ЖҰӨ0 Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|