Главная | Случайная
Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Кәсіпорын қорларының құрылымы




 

Өндірістік құрылым

Негізгі қор(капитал)   Айналым қоры(капитал)

 

Жер   Үй-лер және ғима-рат   Машина-лар, құрал- дар, бері-ліс меха-низмі, транспорт-тар   Нег-ізгі капи-тал-дың басқа түрі   Шикізат, отын, энергия материал-дар, саты-лып алын-ған жар-тылай фабрикат-тар   Өнді-ріс өзі жаса-ған жар-ты-лай фаб-рикаттар

Инвестиция (лат. Investire < нем. Investiton) күрделі қаржының әрқилы түрлері. Әртүрлі өлшемдер бойынша инвестиция мемлекеттік және жеке, тура сондай-ақ портерльдік болып, негізгі материалдарға және тауар-материалдық қорға, үйлер мен ғимараттарға, машиналар мен жабдықтарға тұрғын үй құрылыстарына бөлінеді.

Инвестор (ағыл. Investor - күрделі қаржы салушы) жеке серіктестіктер мен мемлекет шығаратын облигация акцияларына және басқа да бағалы қағаздарға қаржы жұмсайтын жеке адам немесе фирма.

Инвестициялық саясат - күрделі қаржының негізгі бағыттарын айқындайтын шаруашылық шешімдердің жиынтығы, күрделі қаржыны шешуші учаскелерге шоғырландыру шаралары, қоғамдық өндірісті дамытудың жаңа қарқынына қол жеткізу, экономиканың теңдестірілуі мен тиімділігі, шығынның әрбір теңдесіне шаққанда мейлінше мол өнімін алу - осы шараларға байланысты.

Инвестициялық саясаттың қазіргі кезеңдегі сипатты ерекшелігі - салымның денін жаңа құрылыстан кәсіпорындарды жаңа техникамен қайта жарақтандыруға және қайта құруға көшіру, осы мақсаттарға жұмсалатын қаржының жалпы көлеміндегі үлесін көбейту, өзара машиналар мен жабдыққа жұмсалатын шығынның үлес салмағын арттыру. Шағын және орта бизнес субъектілерін тікелей және көлбеу интеграциялау.

Инвестиция саясатында күрделі қаржы салу құрылымына ерекше назар аударылады. Бұл орайда, өңдеуші өнеркәсіптің Инвестициялық тұтымдылығын арттыру және қосымша құны жоғары тауарларды өндіруді демеу үшін, Үкімет өзінің әрбір Инвестициялық жобаға қатысуына байланысты дәлме-дәл шешімдерге келуі керек. Тұтастай алғанда, Инвестициялық ахуалдың тұрақтылығы және келісім-шарттардың сақталуына кепілдік жасау қамтамасыз етілетін болады. Дамудың қаржы институттарын құру қысқа мерзімдік міндеттер қатарына жатады, нақты сектордың дамуы үшін зор маңызы бар.

1. Қазақстанның Инвестициялық қоры. Бұл қор қосымша құны жоғары тауарлар шығаратын компания-лардың капиталын жасақтауға үлестік тұрғыдан қатысады.

2. Инновациялық қор. Бұл қор озық технологияларды жасау мен енгізуді, ғылыми зерттеулер мен инновациялық жобаларды талдап-жасауды қаржыландырады.

3. Экспортты қамсыздандыру корпорациясы. Ол сыртқы нарықтарға өнім шығаратын Қазақстан кәсіпорындарына қолдау көрсетуді қамтамасыз етеді

4. Отандық кәсіпорындарды тікелей несиелеуді дамыта түсу үшін даму банкінің жарғылық қорын өcipy де көзделеді.Индустриялық стратегияны жүзеге асырудың маңызды факторы ретінде мемлекет пен жеке сектордың тың тұрпатты жаңа қарым - қатынастарын қалыптастыруды атауға болады.

Қолға алынған ic-шаралардың бәрі де нақтылы ғылыми-технологиялық саясатпен тиянақталуға тиіс екендігі талассыз. Ғылым мен білім тұрақты экономикалық даму факторлары ретінде қарастырылуда, сондықтан да ғылым мен білімнің бүгінгі заманға сәйкес келетін жүйесін жасау, Үкіметтің ic-қимылындағы басым бағыттар қатарына қосылады. Қазақстанның ғылыми-техникалық секторы үлкен әлеуетке ие, ол әлеует елдің әлеуметтік-экономикалық даму мақсаттарына барынша жұмсалады, әлемдік тәжірибеде сыннан өткен инновациялық даму тәсілдері біздің елімізде де қолданысқа енетін болады. Бұл тәсілдердің алғашқысы технология мен құрал-жабдықтардың халықаралық нарығын тартуға келіп тіреледі Оның негізгі тетіктері - трансфер және технологияны бейімдеу орталықтары, лизинг бойынша құрал-жабдық алу, франчайзингті қолдану, бірлескен кәсіпорындар құру үшін мүмкіндіктерді кеңейту. Екінші тәсіл – төл ғылыми техникалық әлеуетті арттыруға негізделеді. Бұл бизнес-инкубаторларды, технопарктерді, ғылыми-техникалық өнімдерді түпкілікті өнім деңгейіне жеткізетіндей етіп өңдейтін орталықтарды қоса қамтитын мамандандырылған венчурлық инфрақұрылымды талап етеді.

Осы тәсілдерді бip-бipiмен салалас-сабақтас ете, мемлекеттік бюджет пен инновациялық қордың мүмкіндіктерін пайдалана отырып, сондай-ақ нормативті-. құжаттық негізді жетілдіре келіп: "Біз Қазақстан өнеркәсібіндегі онды өзгерістерге тың cepпін беретін боламыз" - деді Даниал Ахметов.

2002 жыл ішінде ИДБ (Ислам Даму Банкі) жобаларды, сауда операцияларын, сонымен қатар жобаларға техникалық ықпал жасауларды қоса есептегенде, қызметтің алуан түрін жүзеге асыруға 2,34 миллиард ислам динары көлемінде (3,08 миллиард АҚШ доллары) қаржыны бекіткен. Үстіміздегі жылы банк «Сукук» халыкаралық құнды қағаздарын 300 миллион АҚШ доллары көлемінде шығарды. Бұл банктің тарихында қаржыны жұмылдыруға бағытталған құнды қағаздар нарығына жасаған бірінші қадамы болып табылады. Өткен жылдың соңында (қайтарылған операциялардан басқалары) ИДБ бекіткен қаржы 23,14 миллиард ислам динарын (30,40 миллиард АҚШ доллары) құраған. Осы операциялардың 63 пайызы сауда жасауға, ал 35 пайызы жобаларды қаржыландыру мақсатына пайдаланылған. Қалған қаржы арнаулы көмек және техникалық ықпал бағдарламалары бюджетіне аударылған. Қазақстан 1995 жылы банкке мүше болып кіргеннен бастап еліміз бен банк арасындағы ынтымақтастықтың қуаттылығын сезіне түсуде.

Ислам даму банкінің Қазақстанның жеке банктерімен ынтымақтастығы да - біз үшін нәрлі бастау болды.

Қазақстанның ислам даму банкінің бағдарламалары мен институттарына қатысуының да келешегі кемел.

Тәуелсіздік жылдары ішінде біздің еліміз батыл да байсалды экономикалық реформаларды жүзеге асырды.

«Акционерлік қоғамдар туралы», «Қаржы нарығын мемлекеттік реттеу және қадағалау туралы», «Сақтандыру төлемдерін кепілдендіру туралы» заңдар осының дәлелі.

Бүгінгі күні біз әлемде Қытайдан кейін екінші орынға шықтық. Алдағы уақытта ішкі жалпы өнімнің орташа жылдық өнімін 7-7,5 пайыз шегінде көтеріп, оның жан басына шаққандағы деңгейін 2004-ші жылы 2700 АҚШ доллары сомасына дейін жеткізуді қамтамасыз ету қарастырылады. Инфляция деңгейі 7,2 пайыз болды.

ХВҚ мен шетелдік жетекші зерттеу орталықтарының өкілдері, дәйекті макроэкономикалық саясат пен тиімді құрылымдық реформаларды жүзеге асырудың нәтижесінде, Қазақстан қaзiргi кезде экономикалық дамудың қарқыны бойынша Орталық Азия елдері мен басқа да бұрынғы кеңестік мемлекеттерден әлдеқайда озық екенін атап өтуде. Мәселен, әлемге танымал «Муддис» жэне «Смэндард энд Пуурс» Рейтинг агентіктерінің бағалауы бойынша, біздің, республика ТМД елдерінің арасында ең биік несие рейтингіне ие болып отыр. «Муддис» агентігінің директоры Л.Джексон-Мурдың пікіріне қарағанда, Қазақстан ішкі-саяси тұрақтылық, заңнамалық базаның сәйкестілігі, шeтeлдiк инвестицияларды тартуға қажетті жағдайлар туғызу және мемлекеттік қаржы жүйесінің институттық негіздері секілді көрсеткіштер бойынша Ресейден, Украинадан, Беларусьтен, Өзбекстаннан және ТМД-ның басқа елдерінен әлдеқайда алда келеді.

Ел экономикасы жоғары қарқынмен өciп келеді. 2001 жылы ІЖӨ өсімі 13,2 пайыз болып, рекордтық деңгейге жетті, 2002 жылы ол 9,5 пайызды құрады. Төрт жылдағы ІЖӨ-нің нақты өciмi 40 пайыз болды. Оның үстіне қaзiргi кезде ел экономикасында жекеменшік сектор үлкен рөл атқарып отыр, онда ел ІЖӨ-нің 70 пайыздан астамы өндіріледі, бұл ретте экономиканың барлық саласы дерлік тұрақты өсімге жетуде.

Біз 2015 жылға дейінгі мерзімге арналған елімізді индустриялық-инновациялық дамыту стратегиясын қабылдадық, онда өнеркәсіптік әлеуетті осы заманғы технологиялар негізінде 3,5 есе үлғайту тұрғысындағы мемлекеттік саясаттың негізгі қағидалары анықталған.

Қазақстанда мемлекеттік бюджеттің әлемдік бағалар конъюктурасына тәуелділігін азайту үшін құрылған ұлттық қор жұмыс істеуде. Қaзipгi кезде оның көлемі 2,2 миллиард долларға тең. 2 миллиард доллар жинақтаушы зейнетақы жүйесінде шоғырландырылған. Бұған қоса біз, жарғылық капиталы көп кешікпей 300 миллион доллар болатын Қазақстанның мемлекеттік Даму банкін құрдық. Ол өңдеу өнеркәсібі мен өндірістік инфрақұрылымдағы орта және ұзақ мерзімді инвестициялық жобаларды несиелеуге арналған.

Кейінгі уақытта республика нарығында бірнеше серпінді дамушы банктер өздерін бірден көрсете білді, оның ішінде «Валют-Транзит Банк» жылдан жылға көрсеткіштерін тіптен еселей отырып, өзіне көңіл аудартуда.

Егер жеті жыл бұрын банк активтері 2 млн. теңгені құраса, қазіргі уақытта 20 млрд.теңгеден асады, «Валют-Транзит Банктің» жеке капиталы 4 млрд. тенгеге жетті. Банк Қазақстандағы ipi банктердің бiрiнші ондығына кіреді, оның тарамданған филиалдары, есеп айырысу кассалық бөлімшелері, қолма-қол валюта айырбастау желілері бар.

- Бизнестің әр кезеңі, - дейді Валют Транзит Банк ААҚ Директорлар Кеңесінің төрайымы Ә.Әлкеева-Беляеева, - мейлі қалыптасу кезеңі болсын, бәсекелестік өсу жағдайында көп күш жұмсауды талап етеді. «Валют-Транзит саудалы маркалы кәсіпорынның көпсалалы қызметіне қатысты айтар болсақ, бұл сауатты есеп пен тапқырлық және тың шешімдер нәтижесі. Мұнда ең бастысы - әркімге өз бөлімі мен дарынын көрсете білуге көмектесетін қолайлы жағдай қалыптасқан. Тек оны дұрыс, орынды пайдалана білу қажет. Біз қолма-қол валюта айырбастау бекетінен бастаған болатынбыз. Айырбастаудың тиімді бағамы мен қызмет көрсету жағдайына байланысты біздің қызметіміз үлкен сұраныста болды.

- Әрине, кездейсоқсыз болмайды, бірақ басқа жағынан алып қарағанда әрбір кездейсоқтық қолайлы мүмкіншіліктерді тудырады, бұл зандылық деп есептеймін. Негізінде, біздің бизнесте барлығы ой елегінен өткізіліп жоспарланады.

Біріншіден, Қарағанды Қазақстанның географиялық орталығы. Екіншіден, бұл - мүмкіншілігі зор индустриялы дамыған өнеркәсіптік аймақ. Үшіншіден, мұнда өте жоғары парасатты мүмкіншілік бар. Төртіншіден, космополиттік аудан бар. Бесіншіден, нарықтағы бос қуыстың болуы. Алтыншыдан, дәл осы жылдары елорданы - Астана қаласына көшipy жоспарланды.

Көптеген біздің жаңа идеяларымыз, жаңа қызмет түрлері болсын, не акцияда болсын әріптестер тарапынан қолдау тауып, банк бизнесінің жүйесіне табысты енгізілуде.

Егер «Валют-Транзит Банк» енгізген соңғы ноу-хоу туралы айтатын болсақ, несиеге қол жеткізуді қамтамасыз ету үшін банк «ізгi шешім» атты пайызсыз несие беру бағдарламасын әзірледі. Иә, иә, пайызсыз несиелер. Бағдарлама теңдессіз, өте тиімді және де патенттелген.

2003 жылдың қыркүйек айында Қарағанды қаласында жалпы пайдалы аумағы 20000 шаршы метрді қамтитын «Валют-Транзит» сауда-каржылық гипермаркеті ашылды, ол толығымен әлемдік қызмет көрсету стандартына сәйкес келеді. Бұл шара Қарағанды қаласының 70 жылдығына арналды. Және бұл банк жоспарлаған жаңа жобалардың алғашқысы ғана.

Түйін

1. Құнды ауыстыру тәсілі бойынша негізгі капитал - айналым капиталы болып бөлінеді.

2. Пайдалану бағдарлары бойынша негізгі қорларды қалпына келтіру, қайтадан жасау, күрделі жөңдеу, жаңа кәсіпорындарды салу, жұмыс істеп тұрғандарын кеңейту.

3. Капиталдың тозуы және оның түрлері.

4. Айналым капиталы айналымын арттыру жолдары.

5. Негізгi, айналмалы капиталды көбейту мен айналысын арттыру жолдары, инвестицияны көбейту. Бұл процесті инвестициялау, дәл сол тауарларды алуға белгіленген ақшаны, жұмсалатын капиталды - инвестиция деп атайды.







Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2020 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных