Главная | Случайная
Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Мен әдістерінің қажеттілігі




Мемлекет экономикаға белгілі құралдар арқылы ықпал етеді, бұл - үкіметтің және шаруашылық субъектілерінің өзіндік мақсаттарына жету үшін экономикалық реттеу шаралары және әдістерімен түсіндіріледі.

Қазіргі жағдайда мынадай құралдар әр елге ортақ болып табылады:

- бағаны реттеу;

- үкіметтік сатып алу;

- трансферттік төлемдер;

- мемлекеттік несиелер;

- дотациялар, субсидиялар, субвенциялар;

- федералды қаржылар (бюджеттік және бюджеттік емес қорлар, кірістер, шығындар);

- федерация субъектілерінің қаржылары;

- мемлекеттік бюджеттің жетіспеушілігі;

- мемлекеттік қарыз (ішкі және сыртқы);

- жергілікті қаржылар;

- фискалдық саясат;

- мемлекеттік кәсіпкерлік;

- шаруашылық заңдылығы;

- меншік объектілерін мемлекетке меншіктеу және жекешелендіру.

Реттеу құралдарының тізбесі ЭМР-ді құқықтық, әкімшілік, экономикалық төте және жанама әдістерге бөлуге мүмкіндіктер береді.

Құқықтық реттеу меншік нысаны мен құқығын, фирма қызметі мен келісім жасау шарттарын, кәсіподақ пен жұмыс берушілердің, т.б. еңбек қатынасы саласындағы өзара міндеттерді анықтайтын заң нормалары мен ережелерінің жүйесінен тұрады.

Әкімшілік реттеу (бекіту, рұқсат беру, мәжбүрлеу шаралары) бағаға, кіріске, есеп ставкасына, валюта бағамына, қоршаған ортаны қорғауға, әлеуметтік т.б. мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады (13.7. кестені қараңыз).

Баға - қоғамның экономикалық әлеуметтік-саяси өмірінің шекті нүктелерінің бipi. Өндірушілер, бөлшек және көтерме саудагерлер, кәсіпкерлер одағы және кәсіподақтың топтық мүдделері бағада тоғысады. Әрбір адам бағамен байланысты. Оның айналысындағы адамдар, топтар, партиялар, парламент, үкімет, мемлекеттер арасында күрес жүреді.

 

13.7 кесте

 

ЭМР әкімшілік әдістері

бұл

 

- мемлекеттік реттеудің қажет нәтижесіне жетуге мүмкіндік беретін, әкімшілік тетіктер

Ерекшеліктері

 

- қосымша материалдың ынта құрумен немесе қаржылық зиянмен байланысты емес

негізгі пішіндері

 

- монополияға қарсы шаралар: - монополды сөзбайласудың алдын-алу; - басым тауар өндірушілер қызметін бақылау; - мәжбүрлі кішірейту; - бағаларды бақылау

Міндетті стандарттарды енгізу

 

- экологиялық стандарт; - санитарлық шаралар; - әлеуметтік стандарттар

Халық тұрмысының ең төмен параметрін

анықтау

 

- ең төмен кепілденген жалақы; - жұмыссыздық жөніндегі жәрдемақы; - транссфертті қолдаулар.

Баға арқылы ЭМР ауқымды мақсаттарға, саясаттың конъюнктуралық және құрылымдық өзгеруіне, инфляциямен күресте әлемдік нарықтағы ұлттық бәсеке қабілеттілігі мен әлеуметтік шиеленісті жұмсартуға қол жеткізді.

Мемлекеттік темір жол, пошта, телеграф қызметіне тарифтер, тауарлар акциздеріне мемлекеттік монополиялар, азық-түлік тауарларын мемлекеттік қорлардан тұрақты бағамен сату, кеден саясаты, ішкі бағаға әсер етуші жанама салықтар - бұл соңғы 100-150 жылдағы бағаны мемлекеттік реттеу шараларының толық емес тізімі.

Бағаны реттеудің мемлекеттік шаралары заң, әкімшілік және сот сипатында болады. Парламентпен қабылданған заңдар шаруашылық субъектісі мен мемлекет арасындағы баға белгілеу саласында құқықтық негіз құрады және баға құқығы болып табылады. Бұл құқықтың негізінде мемлекет бағаны әкімшілік реттеуді жүзеге асырады, ал заңды бұзғаны үшін айыптылар сот жауаптылығына тартылады.

Экономикалық әдістер, жиынтық сұраныс, жиынтық ұсыныс,капиталды шоғырландыру дәрежесі, экономиканы және әлеуметтік шарттарды құрылымдау, экономикалық өсу факторларын пайдалануға әсер ету арқылы нарықтық қатынастар сипатына ықпал етуді көздейді. Бұл мақсатта:

- бюджеттік және фискалдық саясат;

- ақша-несие саясаты;

- бағдарламалау;

- болжам мен жоспарлауды пайдаланады.

ЭМР-дің экономикалық әдісінің құрылымын 13.8 кестеден көруге болады.

Үкіметтік сатып алу нарықтарында, ресурстар мен тауарлардың шаруашылық өміріне мемлекеттік араласуы арқылы жиынтық сұраныстың ұлғаюы есебінен өсуіне ықпал етеді. Бұл әдіс, өз қаржы ресурстарын сұраныс элементтерін қанағаттандыру жолымен жүзеге асырылады, бұл -экономикалық конъюнктураның өcyінe әкеледі немесе керісінше, сұраныста өз қатысуын қысқарта отырып, қоғамдық бақылаудан шыққан кезде, ол өзінің өсуін ұстап тұрады.

Трансферттік дотациялық және басқа шығындар -тауарлар мен қызметке сұраныстың немесе ұсыныстың ұлғаюы және мұқтаждарға мемлекеттік ресурстар бөлігін қайта бөлу болып табылады.

Мемлекеттік несиелер, таза жиынтық ақша капиталының меншік иесі ретінде (мемлекеттің) нарық қатысушыларына, белгілі көлемде - пайыз береді.

13.8 кесте

 

ЭМР-дің экономикалық әдістері болып табылатындар

 

Мемлекеттік реттеудің негізгі әдістері

Heгізгі түрлері:

 

Төте мемлекеттік реттеу әдісі   Жанама мемлекеттік реттеу әдісі  

Негізгі нысандар

 

Мақсатты қаржыландыру Ақша-несие әдістері

жолдары: жолдары:

 

 

- кәсіпорындарды дотациялау; - ғылыми-техникалық бағдарламаны қаржыландыру; - апатпен күрес, экологияны қаржыландыру; - әлеуметтік ортаны қаржыландыру   - есеп ставкасы; - бағалы қағаздар нарығындағы операциялар; - міндетті резервтер нормасын белгілеу бюджеттік-салық әдістері  

Жолдары Жолдары

 

- мемлекеттік шығындарды ұлғайту   салық салу жүйесі - салық ставкаларын анықтау; - салық жеңілдіктерін беру.  

Жолдары жедел амортизация

 

- мемлекеттік сатып алулар - амортизациялық есептен шығару нормалары; - амортизациялық есептен шығару тәртібі

Жолдар Сыртқы экономикалық

әдістері

 

- экономиканың мемлекеттік секторының қызметі   - экспортты ынталандыру; - экспортты несиелеу; - шетел капиталын тарту немесе шектеу.

 

Экономикаға мемлекеттің тұтастай араласуы қандай бip болмасын мәселені шешуде шектеу туғызады, сөйтіп, экономиканы мемлекеттік реттеуде екіұштылық пайда болады. Мұндай екіұштылық мәнін былай тұжырымдауға болады: шектелген мемлекеттік және мемлекеттік емес ресурстар шегінде бip мәселені шешу, балама экономикалық нәтижелердің жойылуына әкеледі. Ең танымал дилемма Зеңбіректер- Май

Өз түсініктемеңізді беріңіз.

Түйін

Қазіргі заманғы мемлекет қоғам мүддесіне қоғамдық игіліктер тиімділігін құру және пайдалануда белгілі функциялар атқарады және белсенді қатысады. Мемлекет экономиканың құрылымдық жаңаруына, экономикалық өсуіне, жұмыспен қамту, азаматтардың тұрмыс деңгейін арттыруға ықпал етеді.

Мемлекет экономиканы реттеудің әр алуан үлгісін пайдалана отырып, алдыға ұлттық шаруашылықтың қазіргі және келешек келбетін айқындайтын неғұрлым елеулі факторларды қамту мен талдау мақсатын қояды.

Үлгілер экономикаға мемлекеттік әсер ету құрамын ұтымды іріктеуге көмектеседі. Сонымен бipгe мемлекет ресурстардың шектеулі реттеу дилеммаларымен бетпе-бет келеді. Сондықтан да ол іске асыруға ең өзектісін іріктейді және пайдаланады.

Мемлекеттік реттеу идеалдары абсолютті емес, іске асырылуы мүмкін макроэкономикалық мақсаттарға қайшы келмейді. Бұл мемлекеттің қатысуымен одан әрі экономикалық және әлеуметтік прогреске еркіндік береді.







Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2020 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных