Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






БАӨЖ-на қойылатын талаптар және курстық жұмыстарын/жобаларын орындау бойынша әдістемелік нұсқаулар




БАӨЖ жұмысына қойылатын талаптар:

· Әрбір БАӨЖ түрін, мазмұнын сипаттау;

· Қажетті студенттер саны;

· Жұмысты жүргізу үшін қажетті уақыт;

· Бақылау өлшемі;

· Жұмыстың жүргізілу түрі;

· Тапсырманы орындау көлемі.

 

Курстық жұмыстарын/жобаларын орындау бойынша әдістемелік нұсқаулар:

1. Курстық жұмыс «Психология» кафедрасына қатты қағазбенжасалған мұқабада тапсырылуы қажет.

2. Курстық жұмыс көлемі 45 – 50 бет, мәтін арасы 1 интервалдан басылады.

3. Курстық жұмыс Microsoft Word мәтіндік басылыммен, таза, қатесіз, қысқартусыз, анық жазылуы қажет.

4. Бірінші бетінде титулды бет болады.

5. Екінші бетінде курстық жұмыс жоспары беріледі.

6. Мәтін үшінші беттетн басталады, жұмыс бір бетінде ғана жазылады. Жұмыстың беттерін ретімен нөмірлеу үшінші беттен, кіріспе бөлімнен басталып, беттің нөмірлеу саны жоғары оң жағына қойылады.

7. Курстық жұмыстың барлық бөлімдерінің аты мәтіндегі жоспарға сәйкес болуы қажет. Кіріспе, тараулар және қорытынды бөлімдер жаңа беттен басталады.

8. Пайдаланылған әдебиеттердің мәтінде қолданылуы жақшаның ішінде көрсетіледі (бірінші сан әдебиеттер тізіміндегі реттік нөмерін, екіншісі әдебиеттің пайдаланылған бетінің санын білдіреді.) Мысалы (2, 31)

9. Пайдаланылған әдебиеттердің тізімі алфавит ретімен талапқа сәйкес болуы керек.

10. Курстық жұмыстың қосымша материалының беттері нөмірленбейді, әр қосымша жаңа беттен басталады, әрқайсысының реттік нөмері болады. Таблица, диаграмма, графиктердің өзіндік атауы болады.

 

Курстық жұмыстың құрылымы және мазмұны:

Курстық жұмыстың тақырыбының көптүрлілігі курстық жұмыстың бөлімдерін түрліше баяндалу жүйелеріне әсер етеді.

Курстық жұмыс кіріспеден, негізгі (зерттеу) бөлімнен, қорытындыдан, әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.

КІРІСПЕ – курстық жұмыстың бастапқы бөлімі, онда тақырыптың өзектілігі, объектісі, пәні, мақсаты және міндеттері, методологиялық негізі, зерттеу әдістері сипатталып, жұмыстың құрылымын ашады.

Тақырыптың ӨЗЕКТІЛІГІ зерттелетін тақырыптың қазіргі мектеп теориясы мен практикасы үшін құндылығы мен маңызын көрсетеді.

Курстық жұмыстың авторы тақырыптың қазіргі заманға сәйкестігін, әлеуметтік маңызын ашуы тиіс. Тақырыптың өзектілігін ашу көп сөзден тұрмауы мүмкін. 1-2 бетте басты мәселелер тақырыптың өзектілігін көрсетуі қажет. Курстық жұмыс тақырыбының өзектілігі мемлекеттік құжаттар және ҚР «Білім туралы» Заңымен т.б. білім және тәрбие мәселелеріне арналған ғылыми конференция материалдарымен тұжырымдалуы тиіс.

Зерттеу ОБЪЕКТІСІ – зерттеушінің әрекеті бағытталған аймақ. Зерттеу объектісі ретінде оқу немесе тәрбие процестерін алуға болады.

Зерттеу ПӘНІ – зерттеушінің объектіні ғылым тұрғысынан көру әдісі. әр объектіден зерттеудің бірнеше пәндерін: мұғалім жұмысының мазмұны, оқушының оқу – танымдық әрекеті және т.б.

Зерттеудің МАҚСАТЫ – зерттеу әрекеттерінің соңғы нәтижесін ойша қоя білу, нәтиженің моделі ретінде көрсету.

Зерттеудің МІНДЕТТЕРІ – зерттейтін объектінің пәнін, жұмыс жағдайын, практика талабын, зерттеушінің мүмкіндігін ескере отырып, зерттеудің мақсатын нақтылау зерттеудің міндеті, оның мақсатының шеңберінен шықпайды, одан кең болмайды. Курстық жұмыстың міндеттері ретінде мына жағдайларды алуға болады:

- зерттеудің проблемасының теориялық негізінен терең оқу;

- озат педагогикалық тәжірибені талдау және қорытындылау;

- оқу және тәрбие жұмыстарының тиімді негізгі формалары мен әдістерін ашу.

Курстық жұмысты жазу барысында жиі қолданылатын әдістер: әдебиеттерді оқу, талдау және қорытындылау, бақылау, әңгіме, сұрақ – жауап, эксперименттік жұмыстар.

Негізгі зерттеу бөлімі 2-3 тараудан, оның әрқайсысы екіден кем емес параграфтардан тұрады.

Бірінші тарауда алынған проблеманың теориясының зерттелу деңгейін көрсетіп, оның тарихын, қазіргі ғылыми әдебиеттеріндегі ашылуын сипаттайды.

Екінші тарауында зерттеудің практикалық жағы, яғни алғы озат тәжірибенің материалдарын, зерттеушінің зерттеушілік әрекетін сипаттайды. Бұл тарауда зерттеудің әдістемесі (технологиясы) көрсетіледі.

Тарау мен параграфтардың аттары оның мазмұнын ашуға тиіс. Тарау мен параграфтар атаулары бірігіп зерттелетін проблеманың тұтас логикалық жүйесін көрсетуі қажет.

Қорытынды бөлімде зерттелу тақырыбы бойынша қорытындылар, объектілер болуы керек. Қорытынды бөлімде оқу және тәрбие жұмыстарының тиімділігін арттыратын теориялық қорытындылардың практикалық мәнін ашу қажет.

 

 

6. 1-ші аралық бақылау бойынша бақылау сұрақтары:

1. Этнопсихология.

2. Адамдар психикасының этностық ерекшеліктерін зерттейтін психологияның саласы, түрлі нақты этностық бірлестіктерге жататын адамдардың психологиялық өзіндігі туралы ғылым.

3. Этнопсихология термині қай елден шыққан?

4. Этнопсихология нені зерттейді?

5. Әр халықтың өзімен-өзі болып, тек қана өзіне ғана тән қасиеттер мен салалардан тұратын құбылысты қалай атайды?

6. Этнопсихологиялық пәнаралық байланыстан құрылған бағыттары қалай аталады?

7. Ойлау, сөйлеу, ес, эмоция сияқты психофизиологиялық процестерді этникалық ерекшеліктері қай салаға жатады?

8. Этнопсихологияны зерттеудің аспектілері нешеге бөлінеді?

9. Халық, ру, тайпа сөздерін ғылыми тілде бір сөзбен қалай атайды?

10. Барлық өмірлік құбылыстарды жалпы этап болып табылатын өз этнос қауымының салт-дәстүрі және құндылықтарымен салыстыра отырып қабылдау және бағалау қабілеті, өзінің өмір сүруіне басқалардан артық көру.

11. Этностық топтың жеке тұлғаларымен туыстастыратын әрбір жеке тұлғада бар қасиеттер ұғымы. Осы қоғамның негізін және оның мәдени базасын құрайтын әрбір нақты қоғамда басым келетін адамдардың «орташа» психологиялық типі.

12. Ұлтаралық психологиялық, әлеуметтік-саяси дамуын зерттейтін міндет түрі?

13. Әр халықтың өзіне тән ерекшеліктеріне сыймен қарап, шовинизм, рассизм, негализм сияқты шиеленістерге жол бермес үшін не қажет?

14. Өз ұлтынан басқа өзге ұлтты қабылдамау қалай аталады?

15. Этнопсихологияның объекті ретінде не қарастырады?

16. Әр салаға қатысты өзіндік ерекшеліктерді зерттеу неге байланысты?

17. Этнопсихологиялық пән немен айқындалады?

18. Этнопсихологиядағы методологиялық функцияларды атқаратын сала қалай аталады?

19. Екі ұлттың мәдени өмірі мен салттарына саналы түрде қатысып өмір сүретін адам.

20. Көне замандағы халықтар арасындағы ерекшеліктер қандай түрде

сақталған?

21. Көне Грециядағы этнопсихологиялық екі түсініктің бірі «демос» қандай ұғым береді?

22. Гиппократтың этнопсихологиялық еңбектеріндегі деректер нені айқындайды?

23. 18 ғ. Француз ғалымы М.Монтескьенің этнопсихологиялық еңбегі қалай аталады?

24. М.Монтескьенің айтуынша ұлтаралық ерекшеліктер неге байланысты?

25. «Адам туралы» еңбек қай ғалымдікі?

26. Адамдардың ұлтының тікелей адам мінезіне байланысты екенін қай ғалым тұжырымдаған?

27. Ұлттық мінездің негізгі айырмашылықтарын И.Гердер қалай

тұжырымдаған?

28. Фихтенің этнопсихологиялық еңбегі қалай аталады?

29. Ұлттық психологияны зерттеу концепциясы алғаш рет қай ғасырда ұсынылды?

30. Н.Я.Данилевскийдің концепциясы бойынша ұлтаралық ерекшеліктер қанша пункттен тұрады?

31. Қазақстандағы алғашқы этнопсихологиялық зерттеулердің авторы кім?

32. Мұхаммед Хайдар Дулатидің еңбегін атаңыз?

33. Қай автордың еңбегінде қандық, рулық, феодалдық ерекшеліктер туралы айтылған?

34. Менталитет дегеніміз не?

35. Ұлтшылдықтың жеткен формасы, ұлт араздық пен өшпенділік тудыруға бағытталған ұлт артықшылығын уағыздайтын саясат.

36. Сол немесе басқа ұлыстарда (этностарда) бар әрекеттер (рәсімдер, салты т.б.) топтамасы, осы арқылы және адамның әлеуметтік мәртебесі ресми түрде ауысып бекітіледі (жоғары касталарға кіру, рыцарь дәрежесіне арнау)

37. Этникалық қауымдарды жақындату процесі

38. Адамдардың жүріс-тұрыс себептері мен дәлелдерін, жеке қасиеттері мен мінездерін олардың іс-әрекеттерін кәдімгі талдау негізінде басқа адамдарға жапсыру.

39. Биосфера мен социосфераның шекарасында жатқан, биолдогиялық та, әлеуметтік те болып есептелмейтін құбылыс қалай аталады?

40. Этнопсихология қай ғасырда біртұтас дисциплинаға айналды?

41. Ұлттық психологияны зерттеу концепциясының авторы кім?

42. Этнографиялық ерекшелік нені айқындайды?

43. Барлық елдердің біртұтас бірігуінің факторлары мен механизмдерін қамтитын ерекшеліктің атын атаңыз

44. Ескерілетін этнопсихологиялық мәселердің барлығын біріктіріп шешу үшін...

45. Менталитетті негізге алып В.Г.Крыськоның пікірінің тақырыбы?

46. Француз ғалымы М.Монтескьенің концепциясының атауы?

47. Этнопсихологияны зерттеген неміс классик-философын атаңыз?

48. «Халықтық рух» термині қай елде пайда болған?

49. Этнос қабылдаған көзқарастар, пікірлер, стереотиптер, жүріс-тұрыс формалары мен әдістері осы этностың қауымға тән өмір сүру стилі, мәдениеті.

50. Адамның тұрмыстағы және өмірдегі психологиялық әрекеті жайлы халықтың рухани мәдениетінде көрінетін білімдер жинағы

51. Этнопсихология психологияның бір саласы ретінде.

52. Этнопсихологияның негізгі теориялық мәселелері.

53. Этнопсихологияның мақсаттары мен міндеттері.

54. Этнопсихологияның қолданбалы міндеттері.

55. Этнопсихология принциптері.

56. Этнопсихология білімдердің пәнаралық саласы ретінде.

57. Этнопсихологияның негізгі категориялары.

58.Тұлғаны зерттеудің этнопсихологиялық мәселелері.

59. Тұлғаны зерттеудің этнопсихологиялық мәселелері.

60. Тұлғаның этностық сапаларын психологиялық талдау.

61.Тұлға психологиясының әлеуметтік негізі.

62.Ұлттық тәлім–тәрбие беру арқылы балалардың этностық өзіндік санасын,ұлттық тұлға ретінде қалыптасуын нығайту.

63. Қазақ отбасындағы рухани құндылықтар.

64.Ұлттық психология этнопсихологияның феномен ретінде.

65. Ұлт психологиясы – этнопсихологияның негізгі мәселесі.

66. Ұлттық мінез-құлық, ұлттық сезімдер, этностық өзіндік сезім.

67. Психология тұрғысындағы ұлттық психиканы түсіндіру.

68. Ұлттық – психологиялық қалыптасу факторлары.

69. Ұлттық мінез ұлттық психологияның анықтаушы құрылымдық элементі ретінде.

70. Ұлттық мінез-құлықты қалыптастырудың өміршең мәселелері.

71.Этносаралық қарым-қатынас психологиясы.

72. Қарым-қатынас – этнопсихологиялық феномен ретінде.

73. Этнопсихологиялық қарым-қатынас аспектілері.

74. Тұлааралық және топаралық қатынастар.

75. Ұлт және ұлтаралық қатынас.

7. 2 - аралық бақылау бойынша бақылау сұрақтары:

1. «Халықтық рух» терминінің авторы кім?

2. Гегельдің адамдардың пайда болуымен қоса зерттеуге алынған сұрағы?

3. Итальян және испан халқына тән ерекшелік

4. Қазақ халқына тән ерекшелік

5. Барлық орнықтылық нормасын, өз этносының салт-дәстүрін терістейтін, өз халқына бөтен, патриоттық сезімі жоқ, халқының мәдениетін менсінбейтін адам.

6. Ұстамдылық, қаталдық, педанттық, нақтылық қай халыққа тән ерекшеліктер?

7. Физиологиялық психология және халықтар психологиясын тұжырымдаған ғалым?

8. Ресей психологы Е.А.Будилованың этнопсихологияның дамуы туралы пікірі

9. Ресейлік ғалымдардың зерттеуінше назар аудартатын ерекшелігі

10. А.С,Хомяков, И.В.Киреевский және т.б. зерттеулерінен туындайтын ұлттық ой?

11. Ресейдің атақты философы мен публицисті В.С.Соловьевтің еңбегі қалай аталады?

12. Абай Құнанбаевтың философиялық және моральдық ойларға толы еңбегін атаңыз

13. Қазақстандағы этнопсихология ғылымы қай ғасырда қарқынды түрде дамыды?

14. А.Диваев қай халықтың этнограф-ғалымы?

15. П.П.Сесенов Тянь-Шанский қазақтардың негізгі ерекшеліктері неде деп білген?

16. Қазақтардың нағыз қызыл тіл сүйер қауымы, ақын-жазушылар екенін ескерген ғалым?

17. Сталинизм уақытында қазақтардың зардап шегіп ұшыраған қиындықтары?

18. Көшпенді қазақтардың негізгі ерекшеліктері неде болды?

19. Қазақстандағы этнопсихологиялық тақырыпта қорғалған диссертацияның атауы

20. Қазіргі таңдағы Қазақстандағы этнопсихологияның өзекті мәселелерінің бірі

21. Адамдардың психологиялық немесе әлеуметтік дағдылануын, жаңа мәдениетке, өмірге бейімделуін қалай атайды?

22. Этностың топтық жеке тұлғаларымен туыстарын әрбір жеке тұлғада бар қасиеттер ұғымын атаңыз

23. Этникалық бірігу дегеніміз не?

24. Этносаралық мәміле ұғымы нені білдіреді?

25. Этнос қабылдаған көзқарастар, пікірлер, стереотиптер қалай аталады?

26. Экономикалық тұрақсыздық, мемлекеттіліктің күйреуінің процессінің тереңдету салдарынан қоныс аударушыларды қалай атайды?

27. Адамдар арасндағы әлеуметтік-психологиялық феноменді қалай атайды?

28. Қарам-қайшылықтың фазаларын айқындаған ғалым?

29. Зерттеулер бойынша оңтүстіктің адамдары қандай болады?

30. «Халықтар психологиясының» этнопсихологияға әсері?

31. Қазақ халқының сиынатын діні?

32. Жоғары рухтың бастамасы қандай ерекшелікке жатады?

33. Халық, ру, тайпа сөздерін ғылыми тілде бір сөзбен қалай атайды?

34. Барлық әлем мемлекеттер халықтарын қалдырмайтын құбылыс?

35. Этникалық өсу процесі қалай аталады?

36. Этнос психологиясымен санасу қандай мемлекеттерде маңызды?

37. Түрлі этностық қауымдар өкілдеріне тән моральдық ақыл-ой, физикалық сипаттары туралы салыстырмалы түрде тұрақты ұғым.

38. Этнопсихология ғылымының негізгі элементтерінің бірі болып, ұлттық құндылықтың бейнесі болып табылады.

39. Мінездің қалыптасу негізі –

40. Мінездің нақты қалыптасуына себепші фактор –

41. Адам мінезін туған күнімен байланыстыратын түсіндіруші ілім –

42. Адамдарды сыртқы келбетіне қарай топқа біріктіріп, олардың мінез сипатын анықтайтын білім –

43. Әрбір ұлт пен ұлысқа тән мінез қасиеттерін зерттейтін ғылым саласы –

44. М.Лацарус еңбегін атаңыз?

45. Оның мақсаты: «Адамтабиғатының рухани құбылыстары: ойлау қабілеттері, ерік күші және мінез, өзіндік адамгершілік қасиеті болатын ерекшеліктерді зерттеу»-авторы

46. «Тарихи маңызы бар әр халық әртүрлі адамдардың бірлігін көрсетеді» -

деп жазған

47. 19 ғ. атақты орыс философы, публицист пікірі: «Халықтық және ұлттылық жағымды күш болып табылады және әр халық өзінің ерекше мінезімен ерекше қызмет атқарады. Әртүрлі ұлттар адам ағзасының әртүрлі мүшелері іспеттес»

48. «Христиан дінінің міндеті – бүкіл дүние жүзін бір тірі денеге айналдыру. Ол дененің алғаш элементтері – жасушалары және адамдар, алайда тұтас дене тек жеке жасушалардан тұрмайды, оған үлкенірек және күрделірек мүшелер қажет. Бұл дененің осындай мүшелері тайпалар мен халықтар болып табылады» - деп жазды.

49. «Ұлт табиғаты ешқандай рационалды белгілермен анықталмайды.... Ұлттылық – құпиялы, мистикалық, иррационалды» деп жазды

50. Ол этникалық спецификациялық қалыптасу механизміне назар аударған. Оның негізгі «Ой және тіл», «Тіл және ұлт», «Ұлтшылдық туралы» деген еңбектері үшін «Золотая Константиновская» медаліне ие болды.

51.Қазіргі заманғы этносаралық қатынастардың психологиясы

52. Қазіргі заманғы этнопсихология құрылымындағы этностық тантаурындар.

53. Этностық сәйкестілік және оның транформациялық мәселесі.

54. Этносаралық конфликттердің психологиясы.

55. Этноцентризм және этносаралық қатынастар психологиясы.

56.Этнопсихологиядағы ұлттық мінез және менталитет мәселесі.

57. Этнопсихологиядағы ұлттық мінез және мінез бітістері.

58. Ұлттық мінез – қазақ халқының этникалық қасиеті.

59. Менталитет – бұл ұжымдық және даралық сананың терең деңгейі.

60.Этникалық сана-сезімнің қалыптасуының психологиялық мәселелері.

61. Этнос және оның қалыптасуы.

62.Ұлттық психология

63. Қазақ халқының психологиясы және оның өзіне тән ұлттық ерекшеліктері.

64. Қазақтың психологиялық мектебі.

65. Ана тілі – ұлттың жаны.

66. Тарих – ұлттың атасы.

67.Ұлттық психологияның ерекшеліктері

68. Ұлттық психологияның ерекшеліктері.

69. Ұлттық психологияның ерекшеліктерінің құрылымдық элементтері.

70. Ұлттық психологияның зерттелу жүйесі.

71. Ұлттық психологияның белгілері.

72. Ұлттық психологияның басқа ғылымдармен байланысы.

73. Ұлттық психология құрылымы.

74.Этнопсихологиялық ойлардың қалыптасу және даму тарихы

75. Этнопсихология - әрбір халықтың рухани әрекетінің жемісі.

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных