Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






САБАҚТАРДЫҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ




Силлабус

Мамандығы: 051301 "Жалпы медицина"

Сағат саны -108 сағат   Дәрістер- 15   Тәжірибелік сабақтар -    
СОӨЖ -39  
Өзіндік (аудиториядан тыс) жұмыс – 35    
     
Курс – үшінші   Семестр - бесінші – алтыншы  
Бақылау түрі – емтихан  

 

 

Алматы, 2012

 

Силлабус құрастырған: Пәннің жұмыс бағдарламасы №:6. инструктивті хатқа сәйкес құрылды және қайта қаралды. доц. Тулеутаева З.К., проф. Хамзин А.Х. Кафедраның отырысында құпталды хаттама № 9. 13.04.2012.

Визуалды диагностика кафедрасының меңгерушісі ______________проф. Хамзин А.

Жұмыс бағдарламасы Оқу Бағдарламалары Комитетінде талқыланды.

Төраға проф.Юй Р.И.

Хаттама №

Жұмыс бағдарламасы Әдістемелік отырыста бекітілді.

Хаттама №

1. Жалпы мағлұмат:

1.1 ЖОО атауы С.Д. Асфендияров атындағы Қазақтың Ұлттық Медициналық Университеті

1.2 Кафедра «Визуалды диагностика»

1.3 Пән «Визуалды диагностика»

1.4 Мамандығы: 051301 «Жалпы медицина»

1.5 Оқу сағатының саны -108 (2 кредит) сағат

1.6 Оқу курсы мен семестрі -3 курс; 5-6 семестрлері

1.7 Оқытушылар туралы мағлұмат:

Аты-жөні Қызметі Ғылыми дәрежесі
  Хамзин Абулкарим Хамзинович Кафедра меңг. м.ғ.д., профессор
  Тулеутаева Зейнеп Кошмухамбетовна доцент м.ғ.к.
  Мусаев Надир Гюльгуйсенович ассистент д/ж
  Мусабалаева Галия Кудайбергеновна ассистент д/ж
  Нурумбетов Кенес Мертеевич ассистент д/ж
  Бурхан Нурдаулет ассистент д/ж
  Касымбекова Гульжан Джумалиевна ассистент д/ж
  Жолдыбай Жамиля Жолдыбаевна ассистент м.ғ.д.,профессор
  Садыков Магжан Саинович ассистент м.ғ.к.
  Жакенова Дидара Кабдуалиевна доцент м.ғ.к.
  Ержанова Танзиля Закиряровна ассистент д/ж
  Ахметова Галия Сабуровна ассистент м.ғ.к.
  Тажединов Иса Тажединович ассистент м.ғ.д.,профессор

1.8 Байланыс ақпараты: кафедраның орналасқан орны Абай даңғылы

ҚазО және РҒЗИ, поликлиникалық корпустың 2 қабаты

 

телефон: 2920061 (232)

 

 

1.9 Пәннің саясаты оқу үрдісін бірізді және мақсатты түрдеқамтамасыз етумен сипатталады. Оқытушылардың студенттерге деген талабы ҚР жоғары оқу орындарында оқытудың ұстанымдарына негізделген.

1. Міндетті түрде дәрістерге қатынасу.

2. Зертханалық сабақтарға міндетті түрде қатынасу.

3. Оқу үрдісіне белсенді қатынасу (теориялық материалды дайындау, ситуациялық есептер мен сынамаларды шығару, тәжірибені өз бетімен орындау).

4. Дәрістік, зертханалық сабаққа арналған, аудиториядан тыс өзіндік жұмысқа арналған дәптерлерді таза жүргізу.

5. Дәрістер мен сабақтарға медициналық халатпен қатысу.

6. Тақырыптық жоспарға сәйкес мерзімдік бақылауларды уақытында өткізу.

7. Тақырыптық жоспарға сәйкес СӨЖ міндетті түрде орындау.

8. Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарына және оқу-әдістемелік үрдістерді жетілдіруге бағытталған кафедралық шараларға белсене қатысу.

9. Мерзімдік бақылаудың рейтингтік бағасы ағымдағы бақылаудың рейтингісіне қарағанда жоғары болады.

 

 

Бағдарлама

2.1.Кіріспе. «Визуалді диагностика» пәнінің меңгеру объектісі диагностикалық суреттер (рентгенограммалар, томограммалар, сонограммалар, сканограммалар, КТ, МРТ), сонымен қатар диагностикалық зерттеуге көрсеткіш пен қарсы көрсеткішті анықтауды талап ететін науқастар және әрбір жеке жағдайларда нәтижелі зерттеу әдісін таңдау болып табылады.

2.2.Пәннің мақсаты: студенттерге жүрек-қантамыр, тыныс алу, ас қорту, эндокринді, тірек-қимыл, қантүзу, жүйке, несеп жыныс жүйелері аурулары кезінде қолданылатын визуалды диагностиканың жалпы қағидалары, артықшылықтары және негізгі зерттеу әдістері туралы жаңа заманға сай білімді қалыптастыру.

2.3.Оқыту тапсырмалары: - жаңа заманға сай диагностикалық суреттерді алу қағидалары жөнінде білім беру (дигиталды рентгенография, УДЗ, КТ, МРТ, РД);

- аурулар кезіндегі өзгеріске ұшырайтын мүшелер мен жүйелердің визуалды диагностика алгоритмдерімен таныстыру.

- рентгенограммалар, томограммалар, сканограммалар бойынша әдістің түрін, зерттелген аймақты, түсірілген бағытын, суреттің сапасын және барлық анатомиялық түзілістерді ажыратуға сонымен қатар визуалды симптом мен синдромды тауып, негізгі синдромды анықтау.

2.4.Оқытудың соңғы нәтижелері:

Қорытынды сабақ, тестілеу, студенттің өзіндік жұмысы, рентгенограммалар, КТ, МРТ, УДЗ – суреттер арқылы қорытынды білімді интерпретациялау. Ситуациялық тапсырмаларды шешу. Дифференциалды сынақ.

 

Жүйе бойынша Компетенции: Пәннің мазмұны
  «ЖҮРЕК ҚАНТАМЫР ЖҮЙЕСІ»
Студент білу керек: - жүректің және негізгі магистральды қантамырлардың жас ерекшеліктеріне байланысты қалыпты анатомиясын; - жүрек-қантамыр жүйесі ауруларының визуалды семиотикасын; Студент істей білуі керек: - жүрек-қантамыр жүйесі патологиялары кезінде визуалды диагностика әдісінің түрін таңдау; - әртүрлі визуалды диагностика әдістермен жасалған суреттерде жүрек ақаулары кезіндегі жүректің және қантамырлардың суретін, созылмалы жүрек жетіспеушілігі, артериалды гипертензия ауруларын суреттеп жазу.   Жүрек-қантамыр жүйесінің қазіргі заманға сай зерттеу әдістері: 1. Инвазивті емес (жүректің рентгенографиясы негізгі 4 бағытта, жүректің және негізгі қантамырлардың КТ-сы, МРТ, ЭХО кардиоскопия, ірі қантамырлардың допплерографиясы); 2. Инвазивті (ірі қантамырлардың ангиокардиография, вентрикулография, коронарография); 3. Морфологияға әсер ететін; 4. Қызметін анықтайды (рентгеноскопия, ЭХО кардиоскопия, ірі қантамырлардың допплерографиясы, жүрек және ірі қантамырлардың радионуклидті зерттеу әдістері). Жүректің және негізгі магистральды қантамырлардың қалыпты сәулелік анатомиясын. Жас ерекшеліктеріне байланысты жүрек-қантамыр жүйесінің рентгенанатомиясы. Жүрек зақымдануларының негізгі сәулелік симптомдары мен синдромдары: жүректің көлемінің өзгеруі (жүректің, сол жақ қарыншаның, сол жақ жүрекшенің, оң жақ қарыншаның, оң жақ жүрекшенің ұлғаюы). Жүрек ақауларының, созылмалы жүрек жетіспеушілігінің, артериальді гипертензияның және коронарлы жетіспеушілігінің визуалды жетіспеушілігі. Балалардағы ерекшеліктері.
  «ТЫНЫС АЛУ ЖҮЙЕСІ»
Студент білу керек: - тыныс алу жүйесі мүшелерінің жас ерекшеліктеріне байланысты қалыпты рентгеанатомиясын; - өкпенің негізгі ауруларының рентгенологиялық семиотикасын; Студент істей білуі керек: - тыныс алу жүйесі мүшелерінің аурулары кезінде визуалды диагностика түрін таңдау; - өкпе өзгерістерінің рентгенологиялық көрінісін сипаттау. Тыныс алу жүйесі мүшелері зақымданулары кезіндегі визуалды диагностика әдістерін интерпретация жасау; - кеуде қуысы мүшелерінің қазіргі заманғы сәулелік зерттеу әдістері: рентгенологиялық (рентгенография, рентгеноскопия, флюорография, томография, ангиопульмонография, КТ, бронхография, ангиография); - резонансты (МРТ), ультрадыбысты, радионуклидті; -кеуде аралық мүшелердің және өкпенің қалыпты сәулелік анатомиясы. - тыныс алу жүйесі ауруларының және өкпе алаңының жайылмалы қараюының негізгі рентгенологиялық симптомдары, Өкпе алаңының шектелген қараюының, домалақ(шар тәрізді) көлеңке, сақина тәрізді көлеңке, өкпе алаңының ағаруы, өкпе суретінің өзгеруі, өкпе түбірінің өзгеруі, бронх өткізгіштігінің бұзылуы. - ересек адамдар мен балалардағы өкпенің қабыну ауруларының рентгеносемиотикасы.
  «АСҚОРЫТУ ЖҮЙЕСІ»
Студент білуі керек: · Асқорту жүйесінің рентгенанатомиясын; · Асқорту жүйесі ауруларының визуалды семиотикасын; Студент істей білуі керек: · Асқорту жүйесі аурулары кезіндегі визуалды диагностика әдісінің түрін таңдау: - дисфагия синдромы - асқазан және ішек диспепсиясы синдромы - сарғаю синдромы - бауыр жетіспеушілігі синдромы - ұйқы безінің сыртқы ұйқы безінің жетіспеушілігінің синдромы. Асқорту жүйесі мүшелерінің рентгенанатомиясы және рентгенфизиологиясы. Асқорту жүйесі мүшелері ауруларының визуалды диагностикасы: жұтқыншақ және өңеш, асқазан, он екі елі ішек, аш ішек және тоқ ішек. АІЖ контрастау әдістері. Асқорту жүйесі патологиялары кезіндегі ультрадыбыстық зерттеу әдісінің алатын орны. Асқорту жүйесі патологиялары кезіндегі КТ жәнеМ РТ алатын орны. Асқорту жүйесін эндоскопиялық зерттеу әдістері. Балалардағы асқорту жүйесі мүшелерінің рентгенанатомиясының рентгенанатомиясы. Визуалды диагностиканың түрін таңдауда көрсеткіштері мен қарсы көрсеткіштері. Асқорту жүйесін визуалды зерттеуге науқастарды дайындау. Асқорту жүйесі патологиялары кезіндегі визуалды диагностиканың негізгі синдромдары: мүшенің дислокациясы, шырышты қабат рельефінің патологиялық өзгерістері, асқорту түтігінің тарылуы мен кеңеюі, асқорту түтігінің қимылының дисфункциясы, сарғаюлар, бауырлық жетіспеушілік, ұйқы безінің қабынуы.
  «ЭНДОКРИНДІ ЖҮЙЕ»
Студент білуі керек: - эндокринді жүйені зерттеу кезіндегі қазіргі заманғы сәулелік зерттеу әдістері және визуальді диагностиканың мүмкіндіктерін; - әртүрлі визуализациялау кезінде эндокринді жүйе мүшелерінің жас ерекшедіктеріне байланысты рентгенанатомиясын; - визуалды диагностика әдістерімен эндокринді жүйе ауруларының негізгі белгілерін; Студент істей білуі керек: - эндокринді жүйені сәулелік зерттеуге жалпы көрсеткіштер мен қарсы көрсеткіштерді; -эндокринді жүйе мүшелерінің анатомиялық көріністерін рентгенограммалар, ультрадыбысты сонограммалар, сканограммалар, компьютерлік және магнитті-резонансты томограммаларда тану; - патологияларға дәлірек келетін белгілерді тану: Эндокринді жүйе мүшелерінің аурулары кезіндегі визуалды диагностика әдістері: рентгенодиагностика, УД диагностика, радионуклидті диагностика, КТ, МРТ және т.б.. Әртүрлі визуализациялау кезіндегі гипофиздің, қалқанша безінің, ұйқы безінің, бүйрек үсті безінің жас ерекшеліктеріне байланысты визуалды семиотикасы при различных видах визуализации, возрастные особенности. Эндокринді жүйе мүшелерінің патологиялары кезіндегі рентгенсемиотика: · гипофиздің: түрік ершігінің контурының өлшемінің және пішінінің өзгеруі, ісіктің өсу қарқынын және аралық құрылымының жағдайын; · қалқанша безінің: бездің құрылымы мен өлшемін түйінді түзілістердің олардың контуры және қапшығының жағдайын анықтау. УДЗ арқылы ісіктің құрылымының өзгеруін және өсу қарқынын, радионуклидті диагностиканы қалқанша безде I (йод) – 131 жиналу сатысын гипофункциясын және гиперфункциясын анықтау үшін. · ұйқы безінің: УДЗ және дәстүрлі МРТ кезінде ұйқы безінің өлшемін және ісік құрылымын анықтау; · бүйрек үсті безінің: КТ кезінде метастаздар мен гармонбелсенді ісіктерді анықтау, I (йод) – 123 мен сцинтиграфия экстраадреналды орналастыру әдісімен іздеу. Жас ерекшеліктеріне байланысты эндокринді жүйе мүшелерін визуализациялау ерекшеліктері.  
  «ТІРЕК - ҚИМЫЛ ЖҮЙЕСІ, ТЕРІ ЖӘНЕОНЫҢ ҚОСАЛҚЫЛАРЫ»
Студент білуі керек: · сүйек-буын жүйесінің жас ерекшеліктеріне байланысты қалыпты рентгенанатомиясын; · ересектер мен балалардағы сүйек-буын жүйесі ауруларының негігі рентгенологиялық семиотикасын; Студент істей білуі керек: · буынының қабыну ауруы науқастың рентгенологиялық суретін сараптау;   Сүйек-буын жүйесінің патологиялары мен қалыпты жағдайының визуалды диагностикасы: сүйектер мен буындардың қалыпты рентгенанатомиясы: патологиялар (аномалиялар) мен қалыпты жағдайдағы даму варианттарының рентгенологиялық көрінісі. Сүйек жүйесінің жас ерекшеліктеріне байланысты дамуы (сүйектену нүктелерінің, синостоздардың мерзімдері). 1.біріншілік: · Рентгенологиялық (рентгенография, артрография, жай сызықтық томография), · Остеосцинтиграфия 2.қосымша: Екінші қатардағы әдіс - КТ және оның әртүрлері - МРТ Арнайы көрсеткіштер бойынша инвазивті емес және аз инвазивті әдістер - ультрадыбысты зерттеу - фистулография Сүйек патологияларының визуалды- диагностикалық көріністері: 1. Сүйектің пішіні мен өлшемінің өзгеруі (сүйектің ұзаруы және қысқаруы), сүйектің қисаюы (осьтік, доғатәрізді, S-тәрізді деформация), сүйектің көлемі (гипертрофия, гиперостоз, атрофия, гипоплазия, толығуы). 2. Сүйектің контурының өзгеруі. 3. Сүйектің құрылымының өзгеруі (остеопороз, остеосклероз, эбурнеация, қалыпқа келу аймақтары, остеомаляция, деструкция, остеолиз, остеонекроз, секвестрация).
  «ҚАН ТҮЗУ ЖҮЙЕСІ»
Студент білуі керек: · Бауырдың, көкбауырдың, айырша бездің, лимфа түйіндерінің жас ерекшеліктеріне байланысты визуалды (КТ, МРТ, УДЗ) қалыпты анатомиясын; · Түтікті сүйектердің сүйекмилы өзегінің және кеуекті, торлы заттарының қатынасының қалыпты рентгенанатомиясын. Балалардағы ерекшеліктері. · Бауырдың, көкбауырдың, айырша бездің, лимфа түйіндерінің және сүйек миының визуалды семиотикасын. Студент істей білуі керек: · Қантүзуге қатысатын мүшелерді зерттеу алгоритмін құру; · Берілген мүшенің өзгерістерінің дәрежесін (аплазия, гипоплазия, гиперплазия)анықтау; · Визуалды диагностика кезінде анықталған өзгерістерді сипаттау.   Бауырдың, көкбауырдың, айырша бездің, лимфа түйіндерінің, сүйек миының, сүйектердің (төстің, жалпақ сүйектердің, түтік сүйектердің) жас ерекшеліктеріне байланысты визуалды диагностикасы. Айырша бездің жас ерекшелігіне байланысты сәулелік семиотикасы (көлемі, құрылымы, контуры). Бауырдың, көкбауырдың, шеткі, құрсақішілік, медиастинальді және құрсақсыртылық лимфа түйіндерінің әртүрлі патологияларының КТ және УДЗ көріністері (көлемі, құрылымы, тығыздығы, контуры); қантамырлардың, қан ағу жылдамдығының допплерографиялық суреттемесі, Балалардағы ерекшеліктері. Ересектер мен балалардағы қантүзу жүйесі мүшелерінің әртүрлі аурулары кезіндегі сүйектер мен буындар патологияларының рентгеносемиотикасы (рентгенограммалар, КТ).  
  «ЖҮЙКЕ ЖҮЙЕСІ»
Студент білуі керек: · Жас ерекшеліктеріне байланысты жүйке жүйесінің рентгенанатомиясы; · Жүйке жүйесі ауруларының визуалды семиотикасы: - ишемиялық және геморрагиялық инсульт; - діріл синдромы; - ми қабығының зақымдалу синдромы (менингиттер) Студент істей білуі керек: · Жүйке жүйесінің жоғарыда айтылған аурулары кезінде визуалды диагностика әдістерінің түрін таңдау   Мидың және жұлынның құрылымдарының рентгенанатомиясы. Жүйке жүйесі патологияларын зерттеудегі қазіргі заманғы визуалды әдістер: · Ультрадыбысты зерттеу әдістері (эхоэнцефалография, мойынның магистральді артерияларын дуплексті сканирлеу, виллизиев шеңберінің артерияларын транскраниальді дуплексті сканирлеу, нейросонография); · Рентгенологиялық зерттеу әдістері (негізгі бағыттардағы бастың рентгенографиясы, миелография, ішкі ұйқы артериясының ангиографиясы, КТ, мультиспиральды КТ); · Ангио-режимдегі және күшейткішпен МРТ; · Ишемиялық инсульт диагностикасындағы (ангиоэнцефалосцинтиграфия) радиоизотопты диагностика. Неврологияда қолданылатын визуалды диагностиканың негізгі әдістерінің көрсеткіштері мен қарсы көрсеткіштері. Балаларда жүйке жүйесін визуалды диагностикалау ерекшеліктері.
  «НЕСЕП - ЖЫНЫС ЖҮЙЕСІ»
Студент білуі керек: · Несеп шығару және жыныс жүйесінің рентгенанатомиясын; · Несеп шығару және жыныс жүйесі ауруларының визуалды семиотикасын; Студент істей білуі керек: · Несеп шығару және жыныс жүйесі патологиялары кезінде визуалды диагностика әдісін таңдау; · Несеп шығару және жыныс жүйесі өзгерістерін анықтау: - нефритикалық синдром - нефротикалық синдром - урообструкция синдром - бүйрек жетіспеушілігі синдромы (жедел және созылмалы) - жыныс және репродуктивті жүйе дамуындағы бұзылыстар синдромы (анорхизм, монорхизм, қуықтың экстрофиясы, дисменорея, гирсутизм, гинекомастия, жыныс мүшесінің ақаулары). Несеп шығару және жыныс жүйесі ауруларының визуалды диагностикасы. Бүйректің, несепағардың, қуықтың ауруларының рентген-семиотикасы (рентгенологиялық әдістер, УДЗ, КТ, МРТ). Бүйрек пен қуықтың радионуклидті зерттеу әдістері. Визуалды диагностиканың әртүрлі әдістеріне көрсеткіштер мен қарсы көрсеткіштер. Несеп шығару және жыныс жүйесі патологиялары бар науқастарды визуалды зерттеулерге дайындау. Әйел және ерлер жыныс мүшелерінің визуалды диагностикасы (рентгенологиялық әдістер, УДЗ, КТ, МРТ және т.б..). Несеп шығару және жыныс жүйесін визуалды зерттеудің балалардағы ерекшеліктері.

2.5.Пререквизиттер:

Оқылатын пәнді меңгеру үшін негізгі білімді білу: рентгенологиялық сәуленің физикалық негізі, анатомияны, физиологияны, патанатомияны, патофизиологиясы.

Ішкі мүшелер пропедевтикасы: тірек-қимыл жүйесі, құрсақ қуысының, кеуде қуысы мүшелері (өкпенің, жүректің) ауруларына дұрыс баға беру.

2.6. Пәннің постреквизиттері: ішкі аурулар пропедевтикасы, балалар аурулары пропедевтикасы, ішкі аурулар, хирургиялық аурулар.

 

САБАҚТАРДЫҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных