Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Девальвация дегеніміз не?




A) ұлттық валюта курсының басқа елдердің валюта курсына қарағанда төмендеуі;

B) жаңа ақша шығару;

C) ақша жүйесінің элементтерін өзгерту;

D) инфляцияға қарама-қарсы ұғым;

E) ұлттық валюта курсының басқа елдердің валюта курсынан жоғарылауы.

Ситуациялық тапсырмалар мен жаттығулар:

Нұсқа 1

1. Сіздің ойыңызша қандай пайымдаулар натуралдық шаруашылық және тауарлық шаруашылықты сипаттайды және олардың айрықша ерекшеліктері неде?

· тұйық экономикалық бірлікте дайын өнімнің өндірісі және оның тұтынуы жүреді;

· еңбек процесі жекелеген қоғамдық таптар шегіндегі шаруашылық байланыстарында мәжбүрлі түрде белгіленетін дәстүрлерге, салттарға негізделеді;

· өндіріс меншік иесінің жеке және жалдамалы жұмысшы күшін қолдануға негізделген;

· өндіріс процесі өндірушілердің өздерінің тұтынуы үшін шамадан тыс жоғары қосымша өнім бермейтін аз өнімділікті еңбек құралдарын қолданумен жүргізіледі;

· дайындалған өнім меншік иесіне тиісті және рынокта ерікті түрде сатылуға бағдарланған;

· экономикалық эволюция өте баяу жүреді, кейбір жетілдірулер мен қайта құруларды жүргізуге жүздеген жылдар кетеді;

· қоғамның жылдам экономикалық прогресі еңбек өнімділігінің жоғары қарқынды өсуі және өнім ассортиментінің динамикалық кеңеюі есебінен жүреді;

2. Осы анықтамалардың қайсысы маркстік экономикалық ілімге және қайсысы неоклассикалық теорияға жатады?

- Тауар - бұл еңбек өнімі, сату-сатып aлy жолымен айырбасқа негізделген.

- Tayap - экономикалық игілік, яғни айырбасқа негізделген, саны шектеулі, төлем қабілетті сұранысы болады.

Бұл анықтамалар қандай рөл атқарады: а) еңбек шығындары; ә) өндіріс аясы; б) сиректік заңы; в) айырбас аясы; г) қоғамдық қажеттілік.

3. Осы анықтамаларды талдай отырып рыноктық категория ретінде қайсысы алғашқы орынға шығатының анықтаңыз?

· Баға - бұл тауар құнының ақшалай көрінісі.

· Баға - бұл игілік пайдасын ақшалай бағалау.

· Баға - бұл шаруашылық жүргізуші субъектілерге не, қалай, кім үшін өндіру керек екенін көрсететін ақпараттық сигнал.

4. Ақшаның классикалық қызметі мен қазіргі қызметтерінің бірнеше ерекшелігін көрсетіңіз.

Нұсқа 2

1. Нуллификация мен демонетизацияның ерекшелігі неде?

2. Несие ақшаның шығу себептерін атаңыз.

3. ҮІ -ҮІІІ ғасырларда Тараз, Испиджаб қалаларында шыққан теңгелерге қайсысы жатады:

4. Мыс теңгелер

5. Үшбұрыш таңбалы теңгелер

6. «Ақшаны алтын орнына пайдалану мүлде тоқтатылсын, оның орнына салмағы 2 грамм, тазалығы 78-81 пайыз күміс ақшалар айналымға кірсін» - бұл тұжырым қай жылы және кімнің реформасынан кейін енгізілді?

Мәнжазба тақырыптары:

1. К.Маркстің «Капитал» еңбегіндегі құн және қосымша құн ұғымдары.

2. Бағанын нарықтың негізгі элементі ретіндегі рөлі.

3. Көне заманғы және қазіргі ақшалар тарихы.

4. Қазақстанның ұлттық валютасы: пайда болуы және дамуы.

6-тақырып. Сабақтың тақырыбы: Нарық: түрлері, құрылымы, үлгілері. Сұраныс пен ұсыныс.

Үй тапсырмасы

Келесі сұрақтарға жауап беріңіз

1. Нарықтық қатынастардың қандай субъектілері мен объектілерін білесіз?

2. Нарықтық инфрақұрылымның негізгі элементтері қандай?

3. Сұраныс пен ұсыныстың қандай қызметтері бар?

4. Сұраныс көлемі мен сұраныстын өзгерісін, ұсыныс көлемі мен ұсыныстың өзгерісін қалай ажыратуға болады?

5. Нарықтық тепе-теңдіктің түрлері?

6. Икемділік коэффициенттерінің қандай түрлері бар, оларды талдаудың қажеттігі неде?

 

Тест тапсырмалары

Нұсқа 1

1. Нарық шеше алмайтын мәселелер:

A) инфляция, жұмыссыздық, экология;

B) тауар сапасын арттыру, ҒТП жандандыру;

C) нарық инфрақұрылымын, институттарын дамыту;

D) экономикалық тиімділік;

Е) ақпараттардың ашықтығын қамтамасыз ету.

2. Нарық жүйе ретінде өзінің дамуында келесідей белгілерге ие:

A) стихиялы, бәсекеге негізделген, ұйымдасқан, монопольды;

B) дәстүрлі, рыноктық, аралас, жоспарлы;

C) натуралды, тауарлы;

D) эволюциялық, революциялық, аралас;

E) жеке меншік, қоғамдық еңбек бөлінісі.

3. Нарықтың артықшылығы:

A) әлеуметтік әділеттілік орнайды;

B) ресурстарды тиімді бөледі;

C) экология мәселесін тиімді шешеді;

D) толық жұмысбастылық орнайды;

E) монополияны қалыптастырады.

4. Нарықтың инфрақұрылымының негізгі элементтері:

A) баға, бәсеке, сұраныс пен ұсыныс;

B) жер, капитал, еңбек, кәсіпкерлік;

C) биржа, жәрмеңке, аукцион;

D) материалдық және материалдық емес өндіріс;

E) білім, идея, ғылым, денсаулық.

5. Сұранысқа әсер ететін бағадан басқа факторлар:

A) өндіріс шығындары, тауар саны, сапасы;

B) жарнама, ақпараттардың жеткіліктілігі;

C) тұтынушылардың саны, талғамы, табысы, мода;

D) технология, салық, субсидия;

Е) сұраныс пен ұсыныстың икемділігі.

6. Сұраныстың өсуі:

A) тепе-тендік баға мен тепе-теңдік көлемді төмендетеді;

B) тепе-тендік бағаны өсіреді, тепе-тендік көлемді төменде-теді;

C) тепе-тендік баға мен тепе-тендік көлемді өсіреді;

Д)тепе-тендік бағаны төмендетеді, тепе-тендік көлемді өсіреді;

Е) тепе-тендік бағаны өсіреді, тепе-тендік көлем өзгермейді.

7. Үсыныстың төмендеуі:

A) тепе-тендік баға мен тепе-теңдік көлемді төмендетеді;

B) тепе-тендік бағаны өсіреді, тепе-тендік көлемді төмендетеді;

C) тепе-теңдік баға мен тепе-тендік көлемді өсіреді;

D) тепе-тендік бағаны төмендетеді, тепе-тендік көлемді өсіреді;

E) тепе-тендік бағаны өсіреді, тепе-теңдік төлем өзгермейді.

Нұсқа 2

1. Нарықтың инфрақұрылымының материалдық негізі:

A) ақпараттық, коммуникациялық, көлік жүйесі;

B) брокерлік, делдалдық, коммерциялық мекемелер;

C) қаржы-несие институттары;

D) мемлекеттік органдар мен ұйымдар;

E) материалдық өндірістің мүмкіншіліктері.

2. Шартта көрсетілген баға бойынша тауарды келесі құны жеткізу туралы келісім:

A) форвард;

B) опцион;

C) фьючерс;

D) спот;

E) хеджирование.

3. Нарықтық инфрақұрылымның мәні:

A) мемлекеттік органдар мен жеке кәсіпкерлер арасында мүдделер үйлесімділігін қамтамасыз ету;

B) сатушылар және сатып алушылардың табыстары мен шығыстары туралы ақпарат беру;

C) экономика салалары арасындағы тепе-тендікті қамтамасыз ету;

D) тауарлар мен қызметтердің еркін қозғалысы үшін қолайлы жағдайлармен қамтамасыз ету;

E) монополияны шектеу және бәсекені қолдау.

4. Нарықтық тепе-теңдік қалыптасады:

A) сұраныс пен ұсыныс тұрақты болғанда;

B) сұраныс пен ұсыныс көлемдері теңескенде;

C) баға мен шығындар тең болғанда;

Д) сұраныс пен ұсыныс көлемдері бағаға тең болғанда;

Е) тұтынушы жалпы пайдалылықты максималдаған кезде.

5. Өндіріс шығындарының өсуі........................................................................

A) тепе-теңдік баға мен тепе-тендік көлемді төмендетеді;

B) тепе-тендік бағаны өсіреді, тепе-теңдік көлемді төменде-теді;

C) тепе-тендік баға мен тепе-теңдік көлемді өсіреді;

Д) тепе-тендік бағаны төмендетеді, тепе-тендік көлемді өсіреді;

Е) тепе-теңдік бағаны өсіреді, тепе-тендік көлем өзгермейді.

6. Сұраныстың ұсыныстан темен болуы:

A) баға мен ұсынысты өсіреді;

B) баға мен сұранысты төмендетеді;

C) тауарлардың артықшылығы пайда болады;

Д) тауарлардың тапшылығы пайда болады;

Е) тек қана бағаны ғана төмендетеді.

7. Егер тепе-тецдік баға ессе, онда:

A) сұраныста, ұсыныс та оседі;

B) ұсыныс өсіп, сұраныс өзгеріссіз қалады;

C) сұраныс төмендейді, ұсыныс оседі;

Д) сұраныс төмендеп, ұсыныс өзгеріссіз қалады;

Е) нарықта жаңа тепе-тендік қалыптасады.

Ситуациялық тапсырмалар мен жаттығулар:

Нұсқа 1

1. Жетілген бәсеке жағдайында әрбір фирманың қызметі TC=Q3 - 4Q2 + 8Q. Сұраныс функциясы Qd =2000-100P. Тепе-теңдік баға мен өндіріс көлемін, саладағы фирмалардың санын анықтау керек.\

2. М қаласында жиһаз өндірісін монополиялық билігі бар компания бақылайды. Жалпы шығындар ТС=10Q, ал сұраныстың баға бойынша икемділігі (-5) тең. Компания белгілейтін бағаның мөлшері қандай?

3. Салада 2 фирма әрекететеді.Олардың шекті шығындары бірдей және 0-ге тең. Саладағы өнімнің сұранысы P=100-Q тең.

Салада еркін бәсеке болған жағдайдағы баға мен өндіріс көлемін анықтау керек.

4. Монополияның жалпы шығындар функциясы ТС=200+30Q, өнімге сұраныс функциясы Р= 60-0,2Q. Фирма максималды пайда алатын бағаны анықтаңыз.

5. Монополия жағдайында фирма тауарының сұраныс функциясы P=144-3Q, орташа шығындар функциясы АС= 25/Q+Q. Фирманың пайдасы максималды болатын өндіріс көлемін анықтаңыз.

6. Монополистің сұраныс және шығындар функциясы кестеде берілген. Монополист пайданы максималдайтын өнім көлемін және бағаны анықтаңыз.

 

Өнім көлемі Баға Жалпы шығындар
     

 

7. Салада жалпы өндірістің 2, 3, 5, 10 және 20%-н өндіретін 5 фирма қызмет етеді. Қалған өндіріс көлемі әрқайсысы 1%-дан көп емес өнім шығаратын шағын фирмаларға тиесілі. Қажетті есептеулер негізінде саланың монополизациялану деңгейін анықтау керек.

8. Төмендегі сұраныс көлемі туралы мәліметті пайдалана отырып, жиынтық және шекті табысты анықтаңыздар.

 

Өнімнің бағасы (млн.) Сұраныс көлемі (бірлік) Жалпы табыс (теңге) Шекті табыс (теңге)
    — — — — — — — — — — — —  

а) алынған нәтиже бойынша осы фирманың қызмет ететін ортасы туралы пікірінізді беріңіз. Жауабыңызды түсіндіріңіз.

Нұсқа 2

1-есеп. Тауардың сұраныс функциясы Qd = 10 - Р, ұсыныс функциясы Qs = - 5 + 2Р.

Тауарға белгіленген баға 3 теңге. Қанағаттандырылған сұраныс көлемін анықтау керек.

2-есеп. Сұраныстың табыс бойынша икемділігін анықтау керек.

Табыс - 4000 теңге кезінде. Сұраныс көлемі - 20 бірлік.

Табыс - 5000 теңге кезінде сұраныс көлемі - 18 бірлік.

3-есеп. Тауардың сұраныс функциясы Qd = 14 — 2Р, ұсыныс функциясы Qs = - 4 + 2Р.

Тепе-тендік сату көлемі 2-ге тең болатын салық койылымын анықтау керек.

4-есеп. Тауардың сұраныс функциясы Qd = 7 - Р, ұсыныс функциясы Qs =- 5 + 2Р берілген. Анықтау керек:

1) тепе-тендік баға мен тепе-тендік сату көлемін;

2) тауардың белгіленген бағасы 3 теңге деп алып, сату көлемі мен артық сұраныс көлемін;

3)тауарға 1,5 теңгемөлшерінде сатушы төлейтінсалық енгізіл-ген, тепе-теңцік сату көлемін және сатушы мен сатып алушының тепе-теңдік бағасын;

4) салық енгізілгенге дейін және енгізілгеннен кейін сатушы мен сатып алушының артыкшылығын;

5) бюджетке түсетін салық мөлшерін;

6) салық енгізілгеннен кейінгі қоғамның шеккен зияныи есептеңіз.

5 есеп. Кітаптың баға бойынша сұраныс икемділігі (— 0,8), та-быс бойынша икемділігі (+1,5). Егер кітаптың бағасы 2 %-ға өссе, кітапқа сұраныс қанша пайызға өзгереді?

6 есеп. Сұраныстың баға бойынша икемділігі: жүмыртқаның-0,4, сүт-0,5, салат-2,5, бұршақ-3,0. Мемлекет сатуға 20 % салық енгізген. Әрбір тауарды сатудан алынатын түсімнің өзгерісі қандай?

7 есеп. Кестедегі мәліметтерді пайдаланып сұраныстың баға бойынша икемділігін анықтаңыз.

 

Баға, теңге Сұраныстың мөлшері. мың теңге Сұраныстың баға бойын­ша икемділік коэффициенті
0,0    
1,0    
2,5    
5,0    
10,0    
12,5    
15,0    
20,0    
22,5    

8 есеп. X тауарының баға бойынша сұраныс икемділігі 3-ке тең, баға 2%-ға өскен. Түсім қаншаға өзгереді?

Мәнжазба тақырыптары:

1. Нарықтық шаруашылықтың артықшылықтары және кемшіліктері.

2. Қазақстанда нарықтық қатынастарды дамыту мақсатындағы реформалар.

3. Тауар және қор биржаларының кұрылымы, негізгі қызметтері қандай?

4. Жәрменкенің рөлі, мақсаттары, қызметтері, шешетін мәселелері қандай?

5. Нарықтағы тауар артықшылығы және оның нәтижесі.

6. Тауар тапшылығының себептері және оны жою зандылықтары.

7. Сұраныстың икемділігіне әсер етуші факторлар.

7-тақырып. Сабақтың тақырыбы: Бәсеке және монополия.

Үй тапсырмасы

Келесі сұрақтарға жауап беріңіз

1. Экономикадағы монополияның рөлі қандай? Нақты мысалдар келтіріңіз.

2. ҚР еркін бәсекені қорғау және қолдау көрсету іс-шаралары қандай?

3. Бағалық емес бәсекенің ерекше әдістері туралы не білесіз?

4. Жетілген бәсекенің жетілмеген бәсекеге айналуының себептері қандай?

5. Кәсіпорынды монополист деп танудың белгілері қандай?

6. Монополияға қарсы қандай зандар қолданылады?

7. Сатушылар мен сатып алушылардың нарық туралы ақпарат алу мүмкіншіліктерінің шектеулі болуыньщ себептері неде?

 

Тест тапсырмалары

Нұсқа 1

1. Бәсекенің артықшылығы:

A) қоршаған ортаны сауықтырады;

B) ресурстарды тиімді бөледі;

C) жарнаманың рөлін өсіреді;

D) қаржылық өнеркәсіптік топтарды қалыптастырады;

E) әлеуметтік теңсіздікті төмендетеді.

2. Монополизмнің белгілері:

A) еркін баға негізінде максималды пайда алу;

B) өндіріс шығындары мен бағасының төмендеуі;

C) тауар жарнамасына артықшылық беру;

D) монополдық баға мен пайда;

E) өндіріс көлемінің үлкендігі мен фирманың нарықтағы танымалдылығы.

3. Монополистік бәсекенің белгісі:

A) масштаб әсерін пайдалану;

B) саладағы фирманың өзара тәуелділігі;

C) дифференциацияланған өнім шығару;

D) сирек кездесетін ресурстарды иемдену;

E) нарықтағы фирманың саны бірнешеу.

Монополия кезінде.

A) MR=P;

B) MR< P;

C) МС=Р;

D) MR=P=MC;

E) MR=MC.

5. Бәсекелес фирмамен салыстырғанда таза монополия:

A) өнім көлемін азайтып, бағаны жоғары белгілейді;

B) пайданы барынша көбейтеді;

C) шекті түсім (MR) бағаға (Р) тең болатын шартты пайдаланып, өнім көлемін (Q) анықтайды;

D) өнім көлемін көбейтіп, бағаны төмендетеді;

E) өнім көлемін бағанын өзгеруімен байланысты анықтайды.

Нұсқа 2

1. Жетілген бәсеке жағдайында сұраныс қисығы сәйкес келеді:

A) шекті және орташа табыс қисықтарына;

B) жалпы табыс қисығына;

C) жалпы шығындар қисығына;

D) шекті шығындар қисығына;

E) айнымалы шығындар қисығына.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных