Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Бап. Қаржы бақылау шаралары




1. Мемлекеттiк лауазымға не мемлекеттiк немесе соларға теңестiрiлген мiндеттердi атқаруға байланысты лауазымға кандидаттар болып табылатын адамдар тұрғылықты жерi бойынша салық органына:
салық салу объектiсi болып табылатын, оның iшiнде Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерлердегi табыстары мен мүлкi туралы, көрсетiлген мүлiктiң орналасқан жерiн көрсете отырып, декларация;
банк мекемесiн көрсете отырып, банк мекемелерiндегi, соның iшiнде Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлердегi салымдары мен бағалы қағаздары туралы, сондай-ақ осы адамдар дербес немесе басқа адамдармен бiрлесiп билiк етуге хақылы ақша қаражаты туралы;
заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу үлесi мен аталған ұйымдардың толық банктiк немесе өзге де деректемелерiн көрсете отырып, олардың акционерi немесе құрылтайшысы (қатысушысы) ретiнде өзiнiң қатысуы туралы;
егер адам немесе оның жұбайы (зайыбы) трастардың бенефициары болса, тиiстi банк шоттарының нөмiрлерiн көрсете отырып, сол трастар және олар тiркелген мемлекеттер туралы;
адамға немесе жұбайына (зайыбына) тиесiлi айлық есептiк көрсеткiштiң мың еселенген мөлшерiнен асатын мөлшердегi материалдық заттар мен ақша қаражатын ұстау немесе уақытша сақтау жөнiнде онымен шарттық қатынастары, келiсiмдерi және мiндеттемелерi (оның iшiнде ауызша да) бар басқа ұйымдардың атаулары мен реквизиттерi туралы мәлiметтердi табыс етедi.
2. Мемлекеттiк лауазым атқаратын адамдар өз өкiлеттiгiн орындау кезеңiнде жыл сайын Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгiленген тәртiппен тұрғылықты жерi бойынша салық органына салық салу объектiсi болып табылатын және Қазақстан Республикасының аумағындағы да, одан тыс жерлердегi де табыстары мен мүлкi туралы декларациялар тапсырып отырады.
2-1. Жағымсыз себептер бойынша мемлекеттiк қызметтен босатылған адамдар босатылғаннан кейiнгi үш жыл бойы Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгiленген тәртiппен тұрғылықты жерi бойынша салық органына салық салу объектiсi болып табылатын және Қазақстан Республикасының аумағындағы да, одан тыс жерлердегi де табыстары мен мүлкi туралы декларациялар тапсырып отырады.
3. Осы баптың 1-тармағының бiрiншi бөлiгiнде аталған адамдардың жұбайы (зайыбы) тұрғылықты жерi бойынша салық органына:
салық салу объектiсi болып табылатын, оның iшiнде Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерлердегi табыстары мен мүлкi туралы, көрсетiлген мүлiктiң орналасқан жерiн көрсете отырып, декларация тапсырады;
мыналар:
банк мекемесiн көрсете отырып, банк мекемелерiндегi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлердегi салымдары мен бағалы қағаздары туралы, сондай-ақ осы адамдар жеке немесе басқа адамдармен бiрлесiп билiк етуге құқылы акта қаражаты туралы;
заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу үлесi мен аталған ұйымдардың толық банктiк немесе өзге де деректемелерiн көрсете отырып, олардың акционерi немесе құрылтайшысы (қатысушысы) ретiнде өзiнiң қатысуы туралы;
егер адам немесе оның жұбайы (зайыбы) трасттардың бенефициары болса, тиiстi банк шоттарының нөмiрлерiн көрсете отырып, сол трастар және олар тiркелген мемлекеттер туралы;
адамға немесе жұбайына (зайыбына) тиесiлi айлық есептiк көрсеткiштiң 1000 еселенген мөлшерiнен асатын мөлшердегi материалдық және қаржы қаражатын ұстау немесе уақытша сақтау жөнiнде онымен шарттық қатынастары, келiсiмдерi және мiндеттемелерi (оның iшiнде ауызша да) бар басқа ұйымдардың атаулары мен деректемелерi туралы мәлiметтердi табыс етедi.
3-1. Осы баптың 2 және 2-1-тармақтарында аталған адамдардың жұбайы (зайыбы) тұрғылықты жерi бойынша салық органына салық салу объектiсi болып табылатын және Қазақстан Республикасының аумағындағы да, одан тыс жерлердегi де табыстары мен мүлкi туралы декларациялар табыс етiп отырады.
3-2. Арнаулы мемлекеттiк органда қызметке кандидат болып табылатын адамның отбасы мүшелерi тұрғылықты жерi бойынша салық органына декларация мен осы баптың 3-тармағында аталған мәлiметтердi табыс етедi.
Ескерту. Осы тармақта арнаулы мемлекеттiк органда қызметке кандидат болып табылатын адамның отбасы мүшелерi болып жұбайы (зайыбы), кәмелетке толған балалары мен оның асырауындағы және онымен тұрақты түрде бiрге тұратын адамдар танылады.
4. Осы баптың 1, 2-тармақтарында аталған адамдар тиiсiнше өздерi лауазым атқаруға үмiткер органға немесе жұмыс iстейтiн жерi бойынша осы баптың 1 - 3-1-тармақтарында көрсетiлген мәлiмдемелер мен мәлiметтердi алғандығы туралы салық органынан анықтама әкелiп тапсырады.
5. Осы баптың 1 және 2-тармақтарында аталған адамдардың (мемлекеттiк қызметтен терiс себептер бойынша босатылған адамдарды қоспағанда) осы бапта санамаланған декларациялар мен мәлiметтердi ұсынбауы немесе толық, анық ұсынбауы, егер жасалған әрекетте қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi болмаса, адамға тиiстi өкiлеттiктер беруден бас тарту үшiн негiз болып табылады не заңда көзделген тәртiппен тәртiптiк жауаптылыққа әкеп соғады.
5-1. Осы баптың 5-тармағында көрсетiлген, қасақана жасалған, сондай-ақ бiрнеше рет жасалған әрекеттер заңда белгiленген тәртiпте қолданылатын әкiмшiлiк жауаптылыққа әкеп соғады.
6. Адамдар мемлекеттiк немесе оған теңестiрiлген мiндеттердi атқарудан босатылғаннан кейiн үш жылдың iшiнде алғаш рет жасалған, осы баптың 5-тармағында аталған әрекеттер, сондай-ақ мұндай iс-әрекеттердi қайталап жасау заңда белгiленген әкiмшiлiк жауаптылыққа әкеп соғады.
7. Жауапты мемлекеттiк лауазымдар атқаратын лауазымды адамдардың табыстарының мөлшерi туралы және олардың көздерi туралы мәлiметтер, сондай-ақ сайланбалы мемлекеттiк қызметке ұсынылған кезiнде кандидаттардың табыстары туралы мәлiметтер заңдарда белгiленген тәртiппен жариялануы мүмкiн.
8. Мемлекеттiк мiндеттердi атқаруға уәкiлеттiк берiлген адамдарға және соларға теңестiрiлген адамдарға өз атынан емес бөгде адамдар атынан, жасырын, бүркеншiк атпен және басқаша да азаматтық-құқықтық мәмiлелер жасауға тыйым салынады. Бұл мәмiлелер заңда белгiленген тәртiппен жарамсыз деп танылады.
9. Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мiндеттердi атқаруға қатысатын жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен және мерзiмде мемлекеттiк меншiкке байланысты мүлiктiк сипаттағы барлық мәмiлелер мен қаржы қызметi туралы есептi мемлекеттiк мүлiкке қатысты меншiк иесiнiң құқықтық өкiлеттiгiн жүзеге асыратын мемлекеттiк органға табыс етедi.
10. Салық органына келiп түсетiн, осы бапта көзделген мәлiметтер қызметтiк құпия болып табылады. Оларды жария ету, егер жасалған әрекетте қылмыстық жазаланатын әрекет белгiлерi болмаса, кiнәлi адамды жұмыстан босатуға әкеп соғады. Бұл мәлiметтер осы Заңның 6-бабының 2 және 4-тармақтарында аталған органдардың, сондай-ақ соттың сұратуы бойынша ғана заңда белгiленген тәртiппен табыс етiледi.
Қаржы мониторингi жөнiндегi уәкiлеттi органға заңсыз жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген мақсатта және тәртiппен қызметтiк құпияны құрайтын мәлiметтер ұсынылады.
11. Осы бапта көзделген қаржы бақылау шаралары Қазақстан Республикасында тұрғын үйдi және тұрғын үй құрылысы үшiн құрылыс материалдарын меншiгiне сатып алуға байланысты құқық қатынастарына қолданылмайды. Тұрғын үйдi және тұрғын үй құрылысы үшiн құрылыс материалдарын сатып алу кезiндегi қаржы бақылау Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
Ескерту. 9-бапқа өзгерiстер енгiзiлдi - ҚР 2008.12.10 N 101-IV (2009.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2009.08.28 N 192-IV (2010.03.08 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2009.12.07 N 222-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-б. қараңыз), 2012.02.13 N 553-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2012.12.26 N 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен; 03.07.2013 № 121-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Конституциялық заңымен.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных