Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






ЕТ БАР... НИЕТ БАР МА??




Газетіміздің өткен нөмірінде еліміздің әр тұрғыны бір жылда жейтін еттің мөлшері 67,2 келіге тең екенін жазғанбыз. Сонымен қатар, жан басына шаққанда жылына 285 литр сүт, 200 дана жұмыртқадан айналады. Өткен жылы біздің агроөнеркәсіп саласы өндірген өнім көрсеткіші осындай.

Статистика жөніндегі агенттік былтырғы жылы еліміздің мал шаруашылығы саласының әлеуетін айқындаған деректерді жариялады. Тұтастай алғанда 2012 жылы Қазақстанда сойысқа жіберілген мал еті мен құс етінің көрсеткіші 985 мың тоннаны, сүт – 4851,6 мың тонна, 3673,4 млн. дана жұмыртқа, 38,4 мың тонна жүнді құраған. Осының ішінен жүн өндірісінің көлемі ғана 2011 жылғы көрсеткішке теңесіп, өзгесі көп кейін кеткен. Мәселен, ет және жұмыртқа өндірісі 1,2 пайызға төмендесе, сүт өндірісі 7,3 пайызға қысқарған. Негізі тұтыну нормасы бойынша әр адам жылына 260 литр сүт тұтынуы тиіс. Бізде бұл көрсеткіш 285-ке жетіп, нормадан асқанымен, ішкі нарықта сүт өнімдерінің жетіспеушілігі көзге ұрып тұр. Себебі, сауылған сүттің басым бөлігі өңделмей, шикі күйінде қалады. Сонымен бірге, мүйізді ірі қара басы да 0,2 пайызға, қой мен ешкі – 2,5 пайызға, түйе малы – 5 пайызға кеміген. Ал, шошқа басы 14 пайызға қысқарыпты. Елімізде қолға алынған мал шаруашылығы бағдарламасы мен салаға бөлініп жатқан миллиондаған қаражатқа қарамастан, елдегі төрт түлік саны азайып жатыр. Демек, мал басының кемуі өндіріс көлеміне әсер етуде. Тек, 2012 жылы жылқы түлігі 5 пайызға, ал құс саны 1,8 пайызға өскен. Елімізде жылқы еті өндірісін дамытуға үлкен мүмкіндік бар. Жылқы еті бүгінде жеңсік ас ретінде өзгелердің де «түсіне» кіретіндей болған. Бұл тұрғыда Орта Азия елдерінен бөлек, Ресейге де экспорттауға жол ашылуда. Соңғы уақытта Ресейдің ішіндегі түркі халықтарынан бөлек, ормандай өз жұрты да қазы мен қартаға құмарта бастағаны анық. Қазақстан қазірдің өзінде жылқы етін өндіруден үшінші орында тұр. Алайда, іс жүзінде жылқы еті әлі қазір өзіміздің жеуімізден артылмай тұрғаны да жасырын емес. Дегенмен, жылқы еті өндірісін ұлғайту мақсатында қабылданған жобалар нәтижесін берсе, алдағы бес жылдан кейін қазақтың колбаса түрінде жасалған қазысы Ресей мен Беларусь нарығының өтімді тауары боп саналмақ. Жалпы, мал шаруашылығын дамытуда үлкен көршілеріміз Ресей мен Қытайдың және бауырлас елдердің нарығын басты қаперге аларымыз анық.Ресей – біз үшін үлкен нарық. Халық саны 130 миллионнан асып жығылатын солтүстік көршіміздің етке деген сұранысы ерекше. Бұл елдің тұтыну нарығы төрт түлік пен құс және балық етін былай қойғанда өзге де жануарлардың өнімін «жұтып» жатыр. Тарихи факт: 2009 жылы Австралия РФ-н кенгуру етін ірі тұтынушы мемлекеттің бірі деп атаған болатын. Алайда, сол жылы шекрадан кенгуру етімен қоса қолтырауынның, жыланның да еті өтіп кеткені анықталып, аяғы халықаралық дауға ұласып, ет импортына тыйым салынған-ды. Әйтсе де, жақында бұл шектеудің алынғаны анықталды. 2013 жылдың наурыз айында Австралия Ресей нарығына кенгуру етінің кезекті партиясын жеткізді. Осыған ұқсас жағдай кейіннен Новороссийск портында да тіркелді. Үндістаннан құжат бойынша сиыр еті деп өткен 110 тонна өнімнің буйволдың еті екені анықталды. Осыдан-ақ көршіміздің етке деген сұранысын аңдауға болатындай. Жалпы, ет өндірісін дамыту ісін әр мемлекет шама-шарқынша қолға алуда. Әлемдік нарықтың етке деген сұранысының артуы барлық елге аграрлық саласының әлеуетін қайта қарастыруды негіздеп отыр. ТМД-ның Статистикалық комитетінің дерегіне сүйенсек, мүйізді ірі қараның саны жағынан Орта Азияда Өзбекстан көш бастайды, ал ұсақ мал Қазақстанның үлесінде. 2012 жылдың 1 қазанындағы есеп бойынша, Қырғызстанда 1 339 мың, Тәжікстанда – 2 007 мың бас ірі қара тіркелсе, Қазақстан (6 319,3 мың) мен Өзбекстанның (9 783,3 мың) көрсеткіші жоғары. Өкінішке қарай, ТМД-ның Статкомитетінің дерегінде Түрікменстан туралы мәлімет жоққа тән. 2012 жылы Зеңгібаба тұқымының өсімі Өзбекстанда – 6,2 пайызға, Тәжікстанда – 4,5 пайызға, Қырғызстанда – 3,1 пайызға көбейсе, Қазақстанда керісінше, 2011 жылғы көрсеткішке қарағанда едәуір төмендеп кеткен. Дегенмен, қой мен ешкінің саны жағынан біздің еліміз алда келеді. 2012 жылдың 9 айындағы көрсеткіш бойынша 20,7 млн. бас бар. Ары қарайғы сан Өзбекстан (16,7 млн.) және Қырғызстан мен Тәжікстанға (5,3 млн. және 4,7 млн.) тиесілі. Мал басының кемуі ет экспортының көлеміне де үлкен әсер еткен. Атакәсіпті ұқсатып отырғанымыз шамалы. Мысалы, өткен жылы еліміз 21 064 тонна ет экспорттаса, оның ең үлкен үлесі төрт түлікке емес, балық етіне (85 пайыз) тиесілі. Яғни, 2012 жылы Қазақстанның басты экспорттық тауарын – балық еті (18 227,7 т.) құраған. Мұндағы негізгі тұтынушы – Ресей. Біздің балыққа «құда түсушілердің» ішінде – Литва, Германия, Дания, Украина және Қытай мен Грузия елдері бар. Ет өнімдерінің келесі түрі бойынша экспорт көлемі: 18,9 тонна ірі қара және 260,8 тонна шошқа етін Ресей сатып алған. Ал, Иран (353,4 тонна) мен Иракқа (16 тонна) қой мен ешкі еті жөнелтілген. Алайда, етті сырттан еселеп сатып алудамыз. 2012 жылы Қазақстан 233 390 тонна ет өнімдерін импорттаған. Бұл дегеніңіз экспорттан 10 есе артық көрсеткіш. Ет өнімдерінің импортында ең үлкен үлес шошқа етіне тиесілі – 9 140,8 тоннаны алыс шетелдер – Канада, АҚШ, Польшадан сатып аламыз. Сондай-ақ, 12 703,2 тонна ірі қара етін Австралия мен Аргентинадан тасымалдаппыз. Бір қуанарлығы, еліміздің статистика жөніндегі агенттігі таратқан мәліметтен мал шаруашылығы саласында ірі орталықтардың үлесі артып келе жатқанын байқаймыз. Шаруашылықтардың іріленуі 28 пайызға артқан. Мұның өзі мал шаруашылығы саласын дамыту бағытында қолға алынған бағдарламаның аз да болса нәтиже бере бастағанын көрсетеді. Дегенмен, уәдеге орай, күткен іс мардымсыз. Себебі, жоба тиімді түрде жүзеге асқан болса, ет экспорты қазірдің өзінде айқын көрініс тапса керек-ті. Естеріңізде болса 2011 жылы Елбасының тапсырмасымен елімізде 2014 жылға дейінгі мал шаруашылығын дамыту бағдарламасы қабылданған болатын. Үкіметтің жоспары бойынша 5 жылдың ішінде өзімізді етпен қамтамасыз етіп қана қоймай, жылына 60 мың тонна экспортқа қол жеткіземіз делінді. Оның үстіне аталған бағдарламаға 150 млрд. теңге бөлініп те қойды. Сол уақыттағы Премьер-Министр К. Мәсімов те бюджеттен аталған жобаға қаражат қарастырғанын айтып, мұртынан күлгені де есімізде. Екі жыл ішінде не тындырылды? Соңғы уақыттары ет экспортының 60 мың тонналық межесі де 2 жылға ұзартылып, 2016 жылға ысырыла бастады. Жасыратыны жоқ, біздің Үкімет агроөнеркәсіпті дамыту, оның ішінде мал шаруашылығының мәселесін реттеуде тек қаржы көзімен ғана қарап келеді. Мәселе тек ақшада емес, малға ақша азық болмайды. Тағы бір жайт, елімізде өндірілген сүттің 80-90 пайызы жеке үй шаруашылықтарының үлесінде. Ет өндірісіндегі жағдай да негізінен осыған ұқсас. Ірі шаруашылықтар малды асылдандыруға көшкендіктен нарыққа шығатын еттің үлесі де жеке шаруаның түлігіне тәуелді. Сондықтан, ауылдағы ағайынның қорасындағы екі-үш қараның санын өсіруге жағдай жасамасақ, қолда бар малдың басын құртып алуымыз әбден мүмкін. Ауылға толық мәнге ие инфрақұрылым қажет. Бұл дегеніміз – су көзі, қолжетімді бағада техника, мал азығы, қажетті тұқым және білікті ветеринар маман. Жан-жақты талқыланған жүйелі бағдарламаның жоқтығы Үкіметтің жыл сайынғы ауылға қатысты қабылдаған жобалары мен миллиондаған бюджет қаржысын құмға сіңген судай сіңіруде.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных