Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Статистикалық өзгерме дегеніміз не? Өзгерменің қандай көрсеткіштері бар? Оларды қалай есептейді?




Статистикалық өзгерме дегеніміз жиынтық бірліктерінің белгілеріне әртүрлі себептердің әсерінен болған сандық өзгеріс. Өзгерме көрсеткіштерінің жай және салмақталған түрлері болады. Егер сандық қатардың орташа мәні арифметикалық орташа шаманың жай түрімен есептелсе, онда өзгерменің жай түрі қолданылады. Ал жиіліктері бірге беріліп, әр түрлі сандық мәндермен көрсетілетін болса салмақталған түрі қолданылады.Әлеуметтік-экономикалық құбылыстар ешуақытта тұрақты болмайды, олар үнемі өзгеріп отырады. Олардың жалпы жиынтықтары әр түрлі сандық көрсеткіштермен сипатталады. Осы көрсеткіштердің ауытқуын анықтауда өзгерменің келесідей негізгі көрсеткіштері есептеледі:

-өзгерменің өрісі;

-орташа сызықтық ауытқу;

-шашырандылық;

-орташа шаршылық ауытқу;

-өзгерменің коэффициенті.

Өзгерменің өрісі дегеніміз сандық қатар белгілерінің ең үлкен және ең кіші шамаларының арасындағы айырмашылық. Ол статистикада R-әрпімен белгіленеді және келесі формуламен есептеледі:

R=Xmax- Xmin, мұндағы,

Xmax- сандық қатардың ең үлкен мәні;

Xmin- сандық қатар белгілерінің ең кіші мәні. Орташа сызықтық ауытқу дегеніміз әрбір белгінің жеке мәнінен арифметикалық орташа шаманы алып, одан шыққан ауытқу қосындыны белгі санына немесе әр қатардағы ауытқу көрсеткіштерін жиіліктеріне көбейтіп, ал оның қосындысын сол жиіліктің жалпы жиынтығына бөлгеннен шыққан шаманы айтады. Статистикада орташа сызықтық ауытқу d- әрпімен белгіленеді және оны келесі формуламен анықтаймыз:

-жай түрі,

 

- салмақталған түрі, мұндағы,

 

Х- белгілердің жеке сандық мәндері;

__

Х- белгілердің орташа шамасы;

n- белгілердің саны;

f- жиілік көрсеткіштерінің жеке мәндері;

- жинақтау (қосынды) белгісі.

Шашыранды (дисперсия) деп әрбір қатардағы белгінің жеке мәнінен арифметикалық орташа шаманы алдындағы айырмаларды екі есе дәрежелеп және бір-біріне қосып, одан шыққан ауытқу қосындыны белгі санына немесе дәрежеленген ауытқу көрсеткіштері жиіліктеріне көбейтіп, оның қосындысын сол жиіліктің жалпы жиынтығына бөлінгеннен шыққан бөліндіні айтады. Сонымен, шашыранды дегеніміз орташа сызықтық ауытқудың жақша ішіндегі көрсеткіштерді дәрежелеу. Оны гректің (сигма шаршы) - әрпімен белгілейді және келесі формуламен есептеледі:

- жай түрі,

- салмақталған түрі.

Орташа шаршылық ауытқу дегеніміз шашыранды көрсеткіштерін түбірлеу болып табылады. Ол -сигма әрпімен белгіленеді және келесі формуламен есептеледі:

 

- жай түрі,

 

- салмақталған түрі.

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных