Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Сызықтық және бұрыштық жылдамдықтар




Шеңбер бойымен қозғалыс кезінде қозғалыстың траекториясы да шеңбер болатыны белгілі. Нүктенің орнын қозғалыс басталғаннан бастап, оның шеңбер доғасы бойымен жүрген жолы арқылы да анықтайды. Шын мәнінде, кез келген физикалық дене сансыз көпнүктелерден тұрады. Ілгерілемелі қозғалыс кезінде әрбір нүктенің жылдамдығы бірдей болады және олар бірдей аралықты жүріп өтеді. Ал қозғалыс кисықсызықты болған жағдайда, бірдей уақыт ішінде сыртқы нүктелер ішкі нүктелерге қарағанда көбірек жол жүреді. Демек, әр нүктенің орнын, орын ауыстыруын және әр нүктенің жылдамдығын білу керек болады. Бұл, әрине, қиын мәселе. Дегенімен қозғалыс нүктенің орын ауыстыруын сипаттау үшін оның бастапқы орны мен t-уақыттан кейінгі орнына сәйкес келетін радиустар арасындағы φ бұрышты пайдаланатын болсақ, мәселе оңай шешіледі.

Басқаша айтқанда, А нүктесінің шеңбер бойымен қозғалысын қарастырғанда оны шеңбер центірімен қосатын R радиусына φ бұрылу бұрышымен сипаттау ыңғайлы болып келеді.

Механикада бұрылу бұрышын радианмен өлшеу келісілген. Радиан — ɭ доғасының щындығы R радиусына тең болатын φ центрлік бұрыш. Бұрылу бұрышының уақыт өтуімен өзгеруін бұрыштық жылдамдық арқылы сипаттайды.

Бұрыштық жылдамдық деп дененің бұрылу бұрышының осы бұрылуға кеткен уақытқа қатынасымен өлшенетін шаманы айтады.Бұрылу бұрышы φ әріпімен белгіленеді.

Дененің шеңбер бойымен қозғалысын қарастырғанда, дененің түзусызықты қозғалысын сипаттайтын жылдамдық та колданыла береді. Бірақ дененің шеңбер бойымен қозғалысы жағдайында оны сызықтық жылдамдық деп атау келісілген.

Бұрыштық жылдамдық пен сызықтық жылдамдықтың жоғарыда алынған формулалары есеп шығару кезінде жиі колданылады.

Күш

Күш – материалдық нүктеге немесе денеге басқа денелер немесе ерістер тарапынан болатын механикалық әсердің өлшемі. Күнделікті өмірде біз «күш» ұғымы арқылы бір дененің екінші бір денеге әрекетін сипаттаймыз. Мысалы, қолдың допқа, желдің қайык желкеніне, магниттің темірге, судың жүзгішке әрекеті туралы айтуға болады. Сонымен қатар бұл ұғым ауыспалы мағынада да колданылады.

Күш деп дененің басқа денелер тарапынан болатын әрекеттің нәтижесінде үдеу алатынын сипатптайтын және осы әрекеттің өлшемі болып табылатын физикалық шаманы айтады.

Теңәрекетті күш деп денеге бір мезгілде әрекет ететін бірнеше күштің әрекетіндей әрекет жасайтын күшті айтады.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных