Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың кәсіби білім алуы, оларды кәсіби бағдарлау




Кемтар балалар Қазақстан Республикасының білім беру туралы заң актілеріне сәйкес кәсіби білім ала алады. Кемтар балаларды еңбекке даярлау отбасында, арнаулы білім беру ұйымдарында жүргізіледі. Кемтар балалардың болашақ кәсіби қызметінің мүмкіндіктері мен сипатын айқындау үшін кәсіби-консультациялық орталықтарда, арнаулы білім беру ұйымдарында кәсіби диагностика жүргізіледі.

Кәсіби диагностика – бойындағы психикалық және (немесе) дене кемістігін ескере отырып балалардың еңбек қызметінің немесе кәсіптің дағдыларын меңгеру мен орындауға әлеуметтік мүмкіндіктерін анықтау.

Дамуында кемістігі бар тұлғаның кәсіби мамандықты таңдау жағдайы шектеулі болғандықтан, кәсіби даярлау жұмысы да қиындайды.

Бұл тұлғалардың кәсіби еңбекке оңалту құқықтары мүгедектердің құқықтарын қорғау саласындағы Заңдар мен заңламаларда бекітілген.

Жеке оңалту бағдарламасы – баланың соматикалық жай-күйі деңгейінің болжамын, психикалық-дене төзімділігін, отбасының әлеуметтік мәртебесі мен әлеуметтік инфрақұрылым мүмкіндіктерін ескере отырып, оның қажеттіліктерінің құрылымына, ден қоятын мәселелерінің шеңберіне, құштарлықтарының деңгейіне сәйкес баланың тұрмыстық, қоғамдық кәсіби қызметке қабілетін қалпына келтіруге бағытталған медициналық, психологиялық, педагогикалық және әлеуметтік іс-шаралар тізбесі.

Дамуындағы кемісіктің деңгейіне байланысты мүмкіндіктері шектеулі тұлғалар бастауыш немесе орта, жоғары білім кәсіби білім алады. Бұл жұмысты атқару үшін даму мүмкіндіктеріне сәйкес кәсіби мамандықтар тізімін анықтау және сол тізімді компьютер жүйесіне еңгізу қажет.

Қазіргі уақытта орта білім беруден кейінгі кәсіптік білім беру және жоғары кәсіптік білім беру жүйесі қарқынды даму жолында. Арнайы мектеп түлектерінің цензді білім алуы, оларға орта және жоғары кәсіптік білім беру оқу орындарына түсуге мүмкіндік береді. Тәжірибеде бұл көбінесе кәсіптік мектеп, училище, колледждерде оқу арқылы жүзеге асады, мысалы, естуінде ауытқуы бар тұлғаларды “Колледж сервиса” оқытуда жағымды нәтиже жинақтаған. Ал жоғары оқу орындарында мүмкінідіктері шектеулі студенттер білім алуда, бұл негізінде оларды қалапты студенттермен бірге бір топта оқыту түрінде ұйымдасқан.

Бұл бағыттағы жұмысты біздің елімізде жетілдіру міндеті өзекті, арнайы ғылыми-әдістемелік зерттеулер өткізуді талап етеді.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных