Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Зиятында терең ауытқушылықтары бар балаларға көмек көрсету




Зиятында терең ауытқушылықтары бар балаларға арнайы көмек көрсету жүйесі әр елде өзгеше ұйымдастырылған, оның себебі: экономикалық тарихи қалыптасқан дәстүрлер, мәдениеттін даму деңгейі мен әлеуметтік саясаттын бағыты.

Батыс Еуропа және АҚШ елдері зиятында терең ауытқушылықтары бар балаларды оқи алатын, оқуға қабілетті, яғни жалпы мектептерде білім алуға қабілетті (жеке білім беретін оқу бағдарламасы бойынша) және арнайы ұйымдастырылған оқыту процесінде машықтандыру арқылы кейбір жетістіктерге жете алады деп есептейді.

Өткен ғасырдың 70 жылдарынан бастап аталмыш елдерде оқи алатын және оқи алмайтын көрсеткіші бойынша балаларды бөліп, ажыратып оқыту тәжірибесе тоқтатылды (дискриминацияға қарсы және демократия бағытын басшылыққа алу қозғалыстар әсерін тигізді).

Шетел мамандардың пікірі бойынша зиятында терең ауытқушылықтары бар балаларға бірінші күннен бастап біріктіріп оқытуға қосу қажет, өйткені бала басқа балалар ортасында өзін ұстауға үйренеді, қарапайым оқу дағдыларын меңгере алады (басқаларды тыңдау, қарапайым өтініштерді орындау, өзіне қажетті қызмет көрсету дағдыларына үйрену сияқты). Ата-аналарын арнайы дайындау орталықтары және мектеп жасына дейігі топтарда тәрбиелеу мен оқыту арқылы зиятында терең ауытқушылықтары бар балаларды мектепте білім алуға арнайы шаралар ұйымдастырылады.

Батыс Еуропада қалыптасқан дәстүр бойынша ата-аналар мен қамқоршылар зиятында терең ауытқушылықтары бар балаларды оқыту мен тәрбиелеу үшін мемлекеттік немесе жекеменшік білім беру мекемелерін таңдауға құқылы. Шет елдерде зиятында терең ауытқушылықтары бар тұлғаларға арналған “қорғаушы еңбек жүйесі” еңгізілген, нақты жұмыс орнында табыс тауып, өз еңбектерінің пайдасын көруге жағдайлар қамтамасыз етілген.

Біздің елдерде зиятында терең ауытқушылықтары бар балалар мен ересек тұлғалар Еңбек және әлеуметтік қорғау Министрлігі қармағындағы арнайы интернат-үйлерінде өмір сүреді. “Ақыл ойы имбецил немесе нақұрыстық деңгейдегі, немесе дебилдік деңгейі тірек-қимыл-қозғалысындағы ауытқушылықтарымен күрделенген жағдайдағы балалар” атты ережелер бойынша балалар жоғарыда аталған мекемелерге жіберіледі. Зиятында терең ауытқушылықтары бар балаларды оқыту мен тәрбиелеу ең алғаш бағдарламалары 60-70 жж. әзірленген, олардың мазмұны психикалық процестерді жан-жақты дамыту, кемістіктерді түзету, сөйлеу тілін дамыту, қарапайым өзін -өзі күту дағдаларын қалыптастыру.

Бұл жүйедегі қазіргі жетістіктердің бірі- ерте жастан көмек көрсету бағдарламаларын әзірлеу.

Қазіргі күнде зиятында терең ауытқушылықтары бар балаларға “Кеңес”, “Алпамыс” атты арнайы мекемелерде кешенді психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетіледі, жақсы нәтижелермен балалардың мүмкіндіктеріне сеңім тудырады. Ал арнайы интернат-үйлерінде аталмыш балалардың әлеуметтік дағдыларын қалыптастыру және қарапайым білім, икемділік пен дағдыларға үйрету тәжірибесі жоба ретінде жүзеге асырылуда.

Сонымен қатар, соңғы жылдарғы арнайы білім беру жүйесіндегі жетістіктердің бірі зиятында терең ауытқушылықтары бар балалар оңалту орталықтары мен психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттерінде арнайы көмек көрсету, ол үшін арнайы жағдайлар қамтамасыз етілген.

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных