Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Ызылорда облысындағы “Абзал и К” ТС ауыл шарушылығы кәсіпорны жайлы қысқаша сипаттама




Дипломдық жобаның негізгі тақырыбы «Қызылорда облысындағы “Абзал и К” ТС ауыл шарушылығы кәсіпорнының көлік жөндеу шеберханасына ҚКЖ ұйымдастыру» болып табылады. “Абзал и К” ЖШС Қызылорда облысының Сырдария ауданы, Нағи Ілиясов ауылдық округінде орналасқан. Ауылдық округ аудан ортылығынан оңтүстік шығысқа қарай 30 км жерде, Мәдениет каналының бойында орналасқан. Тұрғыны 2,2 мың адам (2006). Ауыл 1966 – 96 жылдары бұрынғы Тереңөзек ауданының күріш өсіретін кең-шардың ортасы болып келген. Қазіргі таңда сол кең-шар негізінде “Абзал и К” ТС жұмыс істейді. «Абзал және Компания» Толық серіктестігі – ауыл шаруашылығы саласындағы үздіксіз дамушы компаниялардың бірі болып табылады. Қазақстандық күріш өндіруші компаниялардың үштігіне сенімді түрде енеді. «Абзал және Компания» Толық серіктестігі Қазақстан мен ТМД мемлекеттерінің аумағында өзінің нарықтағы позициясын дамыта отырып, едәуір ауқымға ие болып отыр. 2011 жылы өнімнің 30%-ы экспортқа шығарылса, бұл Компания өндірген жалпы күріш өнімінің 5000 тоннасын құрайды. «Абзал және Компания» Толық серіктестігі әлеуметтік жауапкершілік пен әлеуметтік саясатты дұрыс жүргізуді бизнестің ұзақ мерзімді дамуының маңызды алғышарты деп біледі. Әлеуметтік сала, күріш өсіретін аймақтардың дамуы «Абзал және Компания» Толық серіктестігінің басым бағыттарының бірі. «Абзал және Компания» Толық серіктестігі өз қызметінде ауылды қолдауға, мәдени-әлеуметтік жобаларға, қоғамдық іс-шараларға демеушілік жасауға үлкен көңіл бөледі. Әлеуметтік жауаркершіліктің жоғарғы деңгейге жетуі «Абзал және Компания» Толық серіктестігінің корпоративтік мәдениетінің бір бөлігі болып табылады.

 

1-сурет. «Абзал және Компания» Толық серіктестігінің тауар белгісі

 

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных