Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Импульстер ұзақтығы және олардың спектрлер енінің арасындағы қатынас




импульстер ұзақтығы деп импульс энергиясының үлкен бөлігі (90%) жинақталған уақыт интервалын түсінуге болады:

(4.9)

Спектрдің практикалық ені деп импульс энергиясының үлкен бөлігі жинақталған жиілік аумағын түсінуге болады:

(4.10)

Гц (рад/сек)

Импульстің базасы:

, (4.11)

мұндағы – импульстің ұзақтығы (сек), – импульстің спектрінің ені, Гц- пен өлшенеді.

Әрбір импульс үшін имульстің базасы тұрақты .

База сигналдың үнемділігін сипаттайды. Ең үнемді қоңыраулы импульс болып табылады. Ол берілген узақтықта ең кіші жиілік жолағын талап етеді.

Өрескел баға бергенде, практика үшін жеткілікті болғанда келесідей есептелінеді:

.

Сигналдар спектрінің қасиеттері:

1. Сигналдар спектрлерінің шексіз ұзындығы бар, жиілік ұлғайған сайын өшу тенденциясы бар.

2. Спектрдің формасы, өшу дәрежесі мен сипаты сигналдың формасы мен ұзақтығына байланысты.

3. Импульстің амплитудасы, ипульстің еніне әсер етпейді, спектрдің амплитудасына әсер етеді.

4. Сигналдың ұзақтығының рет өсуі, оның спектрінің сонша рет тарылуына алып келеді.

Қорытынды: Ақпаратты тасушы ретінде тербеліс қолданылады. Көршілес спектральды желістер арасындағы арақашықтықтар бірдей және негізгі гармоникалық жиілікке тең. Спектрді спектрлі диаграмма түрінде көрсетуге болады. Спектрдің формасы, өшу дәрежесі мен сипаты сигналдың формасы мен ұзақтығына байланысты

Дәрісте пайдаланылатын слайд: Сигналдардың математикалық модельдері

Негізгі әдебиет: [1-4]; Қосымша әдебиет: [1-3];

Бақылау сұрақтары:

1. Детерминдік сигналды қалай түсінесіз?

2. Детерминдік сигналдарды көрсетудің математикалық түрлері.

3. Функция жүйесінің ортонормальданған және ортогональдық шарттарын жазыңыз.

4. Детерминдік сигналдардың модельдерін не себепті оқып-үйрену қажет.

5. Сигналдарды көрсетудің уақытша түрін сипаттаңыз.

6. Сигналдарды спектрлі түрде көрсетудің мағынасы неде?

7. Сигналдарды спектрлі түрде көрсетудің артықшылықтарын атаңыз.

8. Амплитуда спектрі мен фаза спектріне анықтама беріңіз.

9. Периодтық және периодтық емес сигналдардың спектрлерінің айырмашылықтары неде?

10. Спектрдің практикалық еніне анықтама беріңіз.

11. Сигналдардың ұзақтығы мен оның спектрлерінің ені өзара қалай байланысқан?

 

Дәріс №5.

Тақырыбы: Байланыс жүйелері мен каналдары

Дәріс мақсаты: Модуляция және демодуляция сұрақтарын қарастыру

Қарастырылатын негізгі сөздер: Модуляция,демодуляция, амплитуда, импульс

Қарастырылатын сұрақтар:

-Үздіксіз модуляция. Негізгі анықтамалар

-Импульстік модуляция






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных