Главная | Случайная
Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Орман тұқымдарының ісі.




 

Орман тұқымдарының ісі – ағашты бұталы түрлердің тұқымдарын жинаумен , сақтаумен , өңдеумен , өсірумен айналысатын орман шаруашылығының бөлімі.

Орал орманшылығында көп жағдайда мынадай түрлердің тұқымдары жиналады: шегіршін, сары қараған , теректің түрлері, шаған жапырақты үйеңкі , татар ұшқаты.

Ндірістік мақсатта бізде шегіршін, қарақат және сары қараған тұқымы жиналып өңделеді. Тұқымды жинау күнтізбе бойынша жүргізіледі.

 

Кесте 3.

Әртүрлі ағашты – бұталы түрлердің тұқым беру мерзімі және жүйесі.

 

Тұқым аты Тұқымды жинау уақыты Тұқымдық жылдар
Кәдімгі қарағай Қазанның ортасынан наурыз-сәуірге дейін 4-5 жыл сайын
Сібір балқарағайы Тамыз – қыркүйек айының басы 4-5 жыл сайын
Сары қараған Шілде - тамыз 4-5 жыл сайын
Қайың Шілде 2-3 жыл сайын
Шегіршін - 1-2 жыл сайын
Кәдімгі емен - 6-10 жыл сайын
Кәдімгі ұшқат Қыркүйек 1-2 жыл сайын
Татар ұшқаты Тамыз -
Шаған жапырақты үйеңкі Қыркүйек - қазан Жыл сайын
Ұсақ жапырақты жөке Қыркүйек - қазан 1-2 жыл сайын
Боз жиде Қыркүйек - қазан -
Кәдімгі шаған - 4-5 жыл сайын

 

 

Тұқымды жинау үдерісі жақсы дамыған , сау ,жетілген ағаш түрінен жеке жеке жинау арқылы жүргізілді. Әр партия этикеткамен жай карандашпен жазылады. Этикеткада түрдің аты, қайда өскені ,жиналғаны , жинаушы фамилиясы, жиналған күні көрсетіледі. Этикетка тұқым жиналған қорапқа жапсырылады.

Шегіршін тұқымы қалалық саябақтарда, мектеп айналасында, жинағанда тұқым таза болып келеді.

Шегіршін ағашының тұқымын жинау мерзімі: көктемде ( мамыр-маусым) , сары қараған ( маусым айының аяғы) , қарақат ( маусым айының аяғы) .

Шегіршін тұқымын жинау мерзімін қанатшасының сарғаюы арқылы анықтауға болады. Жиналған тұқымдарды көлеңкеде кептіреді.

Сары қарағанның тұқымын маусымда толық піскен кезде жинайды..

Шырынды жемістің тұқымын жинағанда,мысалы қарақатты дәнін жемісінен бөліп алады . Жиналған тұқымдарды көлеңкеде кептіреді.

Жыл сайын мекемеде түрлі тұқымдар жиналады .

 

Кесте 4.Алдыңғы жылы дайындалғандар:

 

№ п/п Тұқым Жоспар Факт Қалдық
Ұсақ жапырақты шегіршін  
Қара терек  
Сары қараған  
Қарақат  
Шаған жапырақты үйеңкі  
Боз жиде  
Долана  
Татар үйеңкісі  
Шаған  
Ұшқат  
Кәдімгі емен  
Ырғай  
  Барлығы:  

 

Сонымен қатар қосымша декоративті тұқымдар жиналды: қайың-5кг, атбас талшын-20 кг, туя -0,1 кг , сумах -0,5 кг долана -5кг .

Тұқымдар Орал орманшылығында питомник аумағындағы арнайы жерлерде сақталады.

Тұқымдар ұзақ сақталмайды. Барлық жиналған тұқымдар тұқымбақта себіледі.

 

2.1.Орман тұқымбағы.

 

Тұқымбақ дегеніміз-орман құруға қажетті қаланы немесе ауылдық жерлерді көгалдандырудың қажетті материалы немесе мамандандырылған орманның бөлігі.

Тұқымбақ– 1)өсімдіктердің екпе көшеті мен тікпе көшетін, сонымен қатар жануарлардың жаңа түрлерін шығарумен айналысатын шаруашылық; 2)ғылыми-зерттеу немесе тәжірибе мекемесіндегі ауыл шарушылық өсімдіктерін өсіруге, көбейтуге арналған телім.

Орман тұқымбағы көшеттік, екпелі көшеттік, жемістік, сәндік, ағаштық, бұталық және орман тұқымбағы болып бөлінеді. Мұндағы іріктеу жұмыстары тұқым дайындаудан бастап, бір немесе екі жылдық тікпе көшеттер өсіріп шығарғанша жүргізіледі. Ормандық және орман мелиоративтік тұқымбақтарда орманға егілетін 1 — 2 жылдық көшеттер, көгалдандыру және жидек тұқымбақ негізінде елді мекендерге отырғызылатын көшеттер өсіріледі.

Тұқымбақтарда топырақ құрғату, жер суару, тыңайтқыш қолдану, машина пайдалану жұмыстары жүргізіледі, арнайы құрылыстар салынады. Ауа-райы жағдайына, топыраққа, өсірілетін көшеттердің түріне байланысты көп танапты ауыспалы егіс жүйесі қолданылады. Тұқымбақтарда өскен көшеттерді 2-ші,3-ші, 4-ші жылы күзде немесе ерте көктемде машинамен қазып алып, көшет отырғызатын жерлерге жібереді. Тұқымбақтың тез және жай өсетін ағаш, бұта түрлерін тұқымынан себетін және қалемшелермен көбейтетін, телу жұмыстарын жүргізетін, жеміс-жидек көшеттерін, шекілдеуікті және сүйек жемісті ағаш түрлерін, техникалық құнды, әсемдік үшін ағаш, бұта түрлерін өсіретін бөлімдері болады, ал дендрологиялық бөлімінде құнды, сирек кездесетін ағаш, бұта түрлеріне бақылау жүргізіледі. Тұқымбақтағы әртүрлі отырғызуға қажетті материалдар : ағашты-бұталы сеппе , тікпе көшеттер . Қазақстанда саны 200–дей,жалпы ауданы 4,4 мың га тәлімбақ бар. Республика бойынша жыл сайын 150 - 200 млн сеппе және тікпе шыбықтар өсіріледі.

Қосымша ( Тұқымбақ жоспары ).

 

2.2 Екпе ормандар.

Екпе ормандар – екпе ормандар ауданында құрылған ( кесілген жер, өртенген жер, селдірең, ) екпе орман қоры.

Жыл сайын Орал орманшылығында екпе ормандар 20 га құрайды. Өндірістік практикада екпе ормандар отырғызудың сапасы 2,0 га (9 квартал , 46 телім ) тексерілді.

Орманды қалпына келтіру жұмыстарының сапасын анықтауда мынадай шаралар жүргізілді: екпе ормандарды техникалық қабылдау, күзгі инвентаризацияны техникалық қабылдау.

Екпе ормандарды техникалық қабылдау – екпе ормандар жобасы бойынша екпе және тікпе көшетті отырғызудағы оындалған жұмыстың сапасын қадағалау. Оны отырғызудан бұрын 10 күн және отырғызғаннан кейін 20 күн қадағалайды

Ерекше бақылау топырақты өңдеу сапасына , отырғызатын материалға , отырғызу жұмысына ( тамырдың орналасуы , тікпе көшет пен екпе көшетті отырғызу тереңдігі ) т.б. қойылады.

Техникалық қабылдаудың нәтижесі бойынша арнайы акт құрылады.

 

Қосымша (Техникалық қабылдау акті).

 

Өндірістік тәжірибеде біз екпе ормандардың сапасын бағаладық . Отырғызулар 2015 жылдың көктемінде № 9 телім,46 бөлімде жүргізілді,яғни біз мұнда басты және ілеспелі түрді ,екпе қалыңдығы, орындалған жұмыстың сапасы мен көлемін , екпені құру агротехникасы және техникалық қабылдауға сәйкестігін қадағаладық.

Отырғызулар қанағаттанарлық сапада деп айтуға болады.

 

 

 

2.3 Орманшылық.

 

 

Орманшылық –жоғары сапалы сүрек алу мақсатындағы рационалды орман шаруашылығы. Орман шаруашылығындағы жақсы сүрек алу үшін басты тапсырма кесу күтімдері болып табылады.

Орманшылық –орман шаруашылығындағы аумақтық-өндірістік бірлік. Орманшылықтың міндетті қызметіне:

-орманды жаңарту, сақтау мен қорғау;

- ағаш дайындаушылар мен халыққа орман жерін бөліп беру, босату;

-ағаш дайындау мен қосалқы пайдалану барысының дұрыстығын бақылау;

- орман шаруашылығы тағы басқа жұмыстарды жүргізу;

-орманды күту шарасы ретінде ағаш дайындау, тағы басқа жатады. Орманшылық аумағы телімдерге, телімдер орманшылар аралап шығатын жолдарға бөлінеді.

Кесу күтімдері дегеніміз – артық (орман шаруашылығына жарамсыз) ағашты кесу жолындағы орманды күту формасы .

Кесу күтімдері - орманның пайдалы қызметтерін және қосымша сүрек санын арттырады. Өсу процессінде көп ағаштар тіршілігін жояды, ал кесу күтімдерінің мақсаты ондай жағдайға жеткізбеу және дұрыс қалыптасуына жағдай жасау.

 

Кесу күтімдерінің негізгі түрлері.

 

Жарықтандыру – бұл жұмыс жас ағаш бітімінде вегетация кезеңінде ағаштың тұқымдық және сапалық құрамының, басты ағаш тұқымдарының өсу жағдайларын жақсарту мақсатында жасалады.

Жарықтандыру жұмысы жасы 10-дағы, кейде 20-дағы қылқанды орман аймақтарында, тұқымдардың орман түзу ерекшеліктеріне байланысты, сонымен қатар ағаш бітімінің өнімділігіне және орман түзу аймағына байланысты жасалады. Жас ағаштар ішінен жақсы дамып, өсіп келе жатқан ағашқа өз септігін тигізетін жағымсыз, аралас ағаштардың көзін жояды. Кесетін кезде ағаш тұқымдасына, оның биіктігімен диаметріне қарамастан, тіреп тұрған және жарықты түсірмей, жауып тұрған ағаштарды кеседі.

Тазарту жұмыстары-бұл күту кесулері жас ағаш бітімінде жүргізіледі. Ол кесу жұмыстары ағаштардың жақсы өсіп, басты ағаш тұқымдардың аумаққа дұрыс орналасуын реттейді. Тазарту жұмыстарын жарықтандырудан кейін 20 немесе 40 жастағы ағаш бітімінде жасалып, құнды ағаш екпелерінің ары қарай өркендеп өсуін қамтамассыз етеді. Кейде орман шаруашылық практикасында жарықтандыру мен тазарту жұмыстарын бір күту кесулері түріне біріктіреді, себебі екеуінің де мақсаты бір бағытта, яғни басты ағаш тұқымдары басым болып келетін ағаш бітімін құру болып табылады. Тазарту жұмыстары кезінде кесуге алынатын ағаштарды іріктеу мен оларды өсіру принциптері жарықтандыру жұмыстарымен бірдей болады. Аралас орман және орманды-далалы аймақтарда жарықтандыру жұмыстары қарағайлы, балқарағайлы, шыршалы және майқарағайлы ағаш бітімдерінде көп жағдайларда 10 жасқа дейінгі, тоғайда – 20 жасқа дейінгі ағаштарда жасалады. Ал тазарту жұмыстары 11 жастан 20 жасқа дейінгі және 40 жасқа дейінгі ағаштарда жасалады. Сібірдің тойғайлы ормандарында ағаштар өте бояу өсетін болғандықтан оларда жарықтандыру жұмыстары жүргізілмейді.Еменді шағанды, үйеңкі ағаш бітімді далалы және орманды-далалы аймақтардағы жарықтандыру мен тазарту жұмыстарының жасалу мерзімі аралас орман аймағындағы жарықтандыру мен тазарту жұмыстарымен бірдей болады.

Сиректендіру жұмыстары – бұл күту кесулері, ағаштары ІІ класс жасындағы және орта жастағы ағаш бітімдерінде жүргізіледі. Сиректендіру жұмыстары ең жақсы ағаштардың бөрік басы мен діңінің дұрыс қалыптасуы үшін қолайлы жағдай жасау мақсатында жүргізіледі.

Сиректендіру жұмысы тазарту жұмысынан кейін жасы 30-40 жастағы немемсе 60 жастағы ағаш бітімінде жасалады. Сиректендіру жұмыстары суалу кезеңіндегі,қураған,зиянкестер және аурумен зақымдалған ағаштарға белгіленеді. Мұнда қисайған ұзын өскен бұтасы көп, бөрік басы төмен салбырап кеткен ағаштар кесіледі.
Орман шаруашылық тәжірибесінде сиректендіру жұмыстары аралас орман, орманды-далалы және далалы аймақтардың қылқанды екпелерінде тағы қатты жапырақтылар тұқымдарының туысында және бірінші генерация кезінде жүргізіледі, ерекшелігі желектер 21 жастан 40 жасқа дейінгі ағаш бітімдерінен құралу керек. Мұндай аймақтардың қылқанды екпелеріндегі басты кесу жұмыстары жасы 101 жас және одан жоғары, ал басқа тұқымдар үшін басты кесу жұмыстары жасы 61-ден және 21 жастан 40 жасқа дейін жүргізіледі.

Өтпелі кесулер – бұл күту кесулерін орта жастардағы ағаш бітімдерінде, ең жақсы ағаш өскіндерінің көлемін үлкейту мақсатында оларға қолайлы жағдай жасайды. Бұл күту кесулері сиректендіру жұмысынан кейін басталып, басты қолданыс кесулеріне дейін 5...10 жыл бұрын аяқталады. өтпелі кесулердің басты мақсаты, ол ағаштың пісу кезеңіне дейін басты қолданыс кесулерінен көбірек техникалық сапасы жоғары ағаштарды өндіріп алу болып табылады. Соңында діңінің жағдайы, сапасы және пішіндері жағынан толықтай шаруашылық мақсаттарына сай келетін ең жақсы ағаштарды алып қалады.
Ұсақ жапырақты ағаш бітімінде, тағы да емен, шаған және үйеңкі ағаштары бар жерлерде келесі жұмыстар жүргізіледі. Басты қолданыс кесулерінің жасы 41-дегі және одан жоғары жастағы ағаштарда, жарықтандыру 10 жасқа дейінгі ормандарда, тазарту жұмыстарын 11-ден 30 жасқа дейінгі, жол салу кесулерін 31-ден жоғары жастағы ағаштарда жасайды.
Ресейдің еуропалық бөлігіндегі әр түрлі ормандарындағы жүргізілетін күту кесулері туралы қаулысында күту кесулерінің әр бір түрі өзінің анықталып көрсетілген мақсаттары болады. Жапырақтандыру жұмыстарын жас ағаштардың тұқымының және басты тұқымдының және сапалық құрамын жақсарту мақсатында және басты тұқымдастардың өсу жағдайын жақсарту мақсатында жасайды. Тазарту жұмыстарын екпелердің орналасу тығыздығын реттеу үшін сонымен қатар ағаш құрамының қалыптасуын ары қарай дамыту мақсатында жасайды.
Аралас жас өскіндерде жасалатын күту кесулері түрлерінің ішіндегі ең бастылары жарықтандыру мен тазарту жұмыстары болып табылады. Сиректендіру кезінде ағаш діңімен бөрік басының пішініне күтім жасалады және ағаш бітімінің құрамын күту жұмыстары жалғасады. Өтпелі кесулер ең жақсы ағаштардың пісіп келе жатқан екпелеріндегі өскіндердің көлемін үлкейту және ағаш бітімдерінің сапасын жақсарту мақсатында жасалады. Сиректендіру мен өтпелі кесулер арқылы ең жақсы ағаштардың өсуі үшін қолайлы жағдайлар жасалады.

 

Жас классы бойынша сүректі келесідей топтайды:

 

1.Жас -I ші ІІ жас классы.

2.Орта жастағы- III жас классы.

3.Пісіп келе жатқан –IVжас классы.

4.Піскен - IV-V жас классы.

5.Толық жетілген - V жас классынан жоғары.

 

Кесте 5. Жас классы кестесі.

 

Жас классы Жасы, жыл
Қылқанды, қатты жапырақты тұқымды түрлер. Жұмсақ жапырақты түрлер.
I 1-20 1-10
II 21-40 11-20
III 41-60 21-30
IV 61-80 31-40
V 81-100 41-50

 

Кесу күтімдерінің түрлері жас классына байланысты . Кесу күтімдерінің қайталануы кесу күтімінің түріне және құрамына байланысты.

 

Кесте 6.Кесу күтімдерінің қайталануы.

 

Кесу күтулерінің түрлері Таза Аралас
Тазалау 5 жыл 3-4 жыл
Сирету 10 жыл 7-5 жыл
Өтпелі кесу 15 жыл 13-10 жыл

 

Өтпелі кесу қайталануы 10-15 жыл .

Кесу қарқындылығы сүректің толықтылығына кесу категориясына , жер бедері сипаттамасына байланысты.

 

 

Кесте 7. Кесу күтімдерінің қарқындылығы.

 

Кесу категориясы Жазықты орман Таулы орман
Бөлімше толымдылығы Бөлімше толымдылығы
0,7 0,8 0,9 1,0 0,8 0,9 1,0
Тазарту - -
Сирету - -
Өтпелі кесу

 

Орман тәжірибесінде төменгі, жоғарғы және біріктірілген кесу әдістері бар .

Төменгі күту кесулері әдісіне ағаш діңінің құрастыру тапсырмаларын және топырақ қорғау қызметтерін негізгі шымылдық атқарады. Сондықтан ол ашылмайды, өйткені ағаш шымылдығында «терезелерді» қалыптастыруға болмайды. Бұл әдіс таза ағаш бітімдерінде жасалады, ағаш бітіміне бағынышты ағаштар жойылады, яғни IV…V өсу класстарындағы және сирек ІІІ өсу класындағы ағаштар жойылады. Егер І, ІІ кластың ағаштарының діңі қисық болса және әр түрлі зақымдануы болса, оларды орманнан алғанда, жоғарғы шымылдықтың ашылуына соқтырмаса, оларды да кеседі.
Жоғарғы күту кесулері әдісін көбінесе аралас ағаш бітімдерінде қолданады, мұнда жоғарғы шымылдық ағаштарын алып тастайды. Олар жағымсыз және екінші ретті ағаш тұқымдастарымен, сонымен қатар ұшар басының пішіні дұрыс емес және діңінің сапасы төмен басты ағаштармен сипатталады. Бұл әдіспен қатар ағаш бітіміне бағынышты ағаштарға да күтім жүргізіледі. Жоғарғы қатары қайың мен көктеректен болған, ал ІІ қатары қылқанды ағаш тұқымдастарынан құралған ІІ қатарлы шыршалы ағаш бітімдеріндегі күту кесулері, жоғарғы күту кесулері принципіне мысал ретінде бола алады. Бұл жерде көлеңкелер, ортайып тұрған жапырақты ағаш тұқымдастарын кесу арқылы шыршаны жоғарғы қатарға көтеру мақсаты көзделген.
Орман шаруашылық тәжірибесінде кешенді немесе біріктірілген күту кесулері әдістерін жиі пайдаланылуда. Бұл әдістерде жоғарғы және төменгі кесу принциптері біріктіріліп жасалады. Мұндай кесулерді екі немесе одан да көп қатарлы күрделі ағаш бітімдерінде, әсіресе, шаруашылықта құнды ағаш тұқымдастарында жүргізіліп отыруы талап етіледі. Бұл жағдайда әр бір қатарларға күту жұмысы жасалады. Мұндай ағаш бітімдеріне мысал ретінде ІІ қатарлы емен ағашынан құралған қарағайлы ормандарды алуға болады.
Орманды күту кесулерінде төменгі, жоғарғы және кешенді кесу принциптері орманның вертикаль профилін және іріктемелі немесе селекциялық кесу тәсілдерін айқындай түседі. Ағаштарды кесуге іріктеу жұмыстары кезінде әр бір ағаш данасына аса көп назар аударылуы қажет, өйткені осыны қадағалау арқылы қол еңбегінің, дайындық жұмыстары және әсіресе орман кесу жұмыстарының ақшалай шығындарын төмендетеді. Сондықтан, еңбек шығындарын, әсіресе, машина және механизмдердің шығындарын азайту үшін тәжірибеге сызықтық және жолақтық кесулер енгізіледі.
Кесу күтімдерінің қайталануы орман тобына , объект сипаттамасына (түр құндылығы, құрамы, жасы, толымдылығы, бонитеті) байланысты.

 

Өндірістік тәжірибеде орман орналастырудың негізгі құжаттары бойынша тазартуды № 27 квартал, № 20 телімнен өткіздік.Орман орналастырудың құжаттары бойынша (1993ж) мұнда 10 ТЧ+ЯЗ болды, 2005 ж өрттен кейін басты түр жасыл шағанмен ауысты.

 

Қосымша (Технологиялық карта)

 

2.4 Орман таксациясы

 

Ағаш кесу қоры таксациясын 1,1 га ауданға №27 телім ,№20 бөлімде өткіздік .

Кесу күтімін және материалды-ақшалы бағаны жүргізу үшін алдымен ағаш кесетін жерді белгілейміз .

Әр ағаш кесетін жерде далалық абрис құрылған ; ішкі визирдің орналасуы, румбы және өлшеуіш сызықтар, ағаш кесетін жер контуры, белгіленген эксплуациондық емес учаскелер, таксациялық телім шекарасы, т.б

 

 

Ағаш кесетін жерді материалды –ақшалай бағалау.

 

Қосымша (Материалды –ақшалай бағалау).

 

Кесте 8 . Тал мен шыбық толықағаштылығы.

 

 

  Коэффициент ауысымдылығы
Тізбектелгеннен толықтылыққа кб.м в Толықтан тізбектелгенге кб.м
Жуандығы тазаланбаған тал Комледе 4см ге дейін Дің ұзындығы 4-6м 2-4м Шыбық және тазаланбаған ұсақ тал 2 м     0,2 0,12   0,1     8,5  

 

Кесте 9. Сүректі тізбектелген толықтылыққа ауысу коэффициенті.

 

  Ұзындығы (м) Ені (м) Биіктігі (м) Тізбектелген көлемі,м3 Толықтылық көлемі,м3
Тал 3,3 1,4 0,43 7,94 1,6
Шыбық 1,3 0,22 2,28 0,22
Іскер сүрек 0,21 0,5 0,2 0,84   0,42

 

Алынған мәліметтерді 1 га ауданға айналдырамыз:

Vтал - 1,6*4=6,4

V шыбық - 0,22*4=0,88

 

Vіскер сүрек - 0,42*4=1,68

 

Жалпы қор – 9,0

 

 

Әрі қарай алынған сүректі жалпы выдел көлемін есептейміз.(1,1 га)

Vтал - 6,4*1,1=7,04

Vшыбық - 0,88*1,1= 0,96

Vіскер сүрек - 1,68*1,1=1,8

Жалпы қор – 10,2

 

 

Кесте 10. Іскер сүрек құны.

 

  Отын Ірі Орташа Ұсақ
Терек
Шегіршін
Шаған

 

 

Қосымша (Перечетная ведомость).

 

Кесте 11. Есептік тізімдеме.

2015 жыл. Қолдану түрі – аралас

Телім № 52. Бөлім № 15

Сынақтық аудан 11 -17,1 га. Түр – Қара терек

 

Жуандық сатысы Ағаш саны Барлығы
Іскер Отын
   
   
   
   
   
   
   
   
    ---
Итого    
                 

 

Сүректің орташа көрсеткішін анықтаймыз. (dср және hср).

Орташа диаметрді орташа өлшенген көлем бойынша анықтаймыз: ,

мұндағы ,

Dср-орташа диаметр

d – жуандық сатысы

n –ағаш саны

N – барлық ағаш саны

 

 

см

 

Орташа модельдің биіктігін қисық биіктік (кривой высот) арқылы анықтаймыз. Диаметр бойынша есептік көлем диаметр(dм)=22см, биіктігі = 25м.

 

Модельді ағаш көлемін Губердің күрделі формуласы арқылы анықтаймыз:

 

 

 

Кесте 10. Күрделі формула бойынша көлемді табу .

Биіктігі , м Орта секциядағы диаметр, см   2 метр секциядағы көлем    
Қабықпен Ауданы (м2)   Қабықпен Қабықсыз 5жыл бұрын
23,0 0,0412   0,0082    
21,0 0,0346   0,0068    
20,0 0,0314   0,0062    
19,0 0,0284   0,0056    
16,0 0,0201   0,0040    
15,5 0,0189   0,0036    
13,5 0,0143   0,0028    
12,0 0,0113   0,0026    
10,0 0,0079   0,0014    
6,5 0,0033   0,0009    
4,5 0,0016     0,0003      
Ов 2,2 0,0004   0,0005    
Итого       0,0348    

 

 

Кесте 11 . 1га қорды анықтау .

 

Жуандық сатысы см Ағаш саны Іскер Отын Модель белгілері Қор 1га
Есептік Алынған
Диаметр См Биіктігі, м Диаметр, см/S Биіктігі,м Объем,
3/2     22        
7/3 23/0,0415 23,4 0,0348 7,7/30,8
38/3        
54/16        
48/3        
20/2        
8/7        
7/5        
1/0        
Итого 186/41        

 

Бөлімдегі жалпы қорды анықтаймыз (30,8*17,1)=526,7

соныңішіндеіскер сүрек 410,61 отын 116,1

 

Іскер сүрек ірі, орташа, ұсақ болып бөлінеді.

Ірі- диаметрі 25 см және одан жоғары.

Орташа-диаметрі 13-25 см.

Ұсақ – диаметрі 13 см-ге дейін.

 

Қор сортименттік кесте бойынша анықталады. Бізде қор орташа модель бойынша анықталды.

Теректің сүрегі ұсақ, құндылығы аз, құрылыстық щита, бағана жасауға жіберіледі. Ағаш кесетін жердің материалды – ақшалай бағалау кестесі базалық бағалау бойынша жүргізіледі. 1м3 отын (терек үшін)= 90тг, ұсақ-150тг.

Телімдегі іскер сүрек құны =150*410,61=61591тг

Отындық сүрек құны =116,1*90=10449тг

 

 

2.5 Орман шаруашылығын механизациялау.

 

 

Орал орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекемеде мынадай механикаландырылған жұмыстар жүргізіледі:

-топырақты дайындау (қопсыту , культивациялау);

-тұқымды себу, екпе және тікпе көшеттерді отырғызу;

-минералды тыңайтқыштар мен гербицидтерді енгізу.

Аталған жұмыстарды орындау үшін келесідей механизмдер мен құрал-жабдықтар қолданылады :

Трактор: Т-130,МТЗ-80,МТЗ-52,Т-40М және т.б.

Қопсытқыш (культиваторы) : КРЛ-1, ППН-1,КРУ-1,КПП-2,2,

Сепкіш (сеялки): СПН-4,СЖН-1,СЖУ-1,ССТ-3,СЗТ-3,6

Дискілі соқа (бороны дисковые ): БДНТ-2,2М,БДН-3,БДТ-3

Тісті соқа (Бороны зубовые) : ЗБЗТС-1,БЗТС-1,ШБ-2,5

Плугтер: ПКЛ-70, ПЛП-135,ПЛО-100,ПРН-40

Қопарғыш (корчеватели) :ДП-25,ДП-8,КСП-20,Д-695

Бұта қырыққыш (кусторезы) :ДП-24,КБ-4А,ПЛС-1А

Жұмсартқыш (рыхлители): РН-60,РТМ-2,РС-1,5

Органикалық тыңайтқыштарды енгізу машинасы: РОУ-5,РТС-4,РСС-3

Сұйық тыңайтқыш сепкіш (Разбрасыватель жидких удобрений): РЖУ-3,6,РЖТ-4,ПОУ

Орман отырғызушы машиналар: ССН-1,МЛУ-1,СЛ-2,СПУ-1,МЛ-1,ОЛ-2

Екпе ормандарды күтуге арналған машиналар : КПС-4,КПЭ-3,8,КРГ-3,6,КРТ-3,КРН-4,2

 

 

2.6. Орман шаруашылығындағы техникалық қауіпсіздік.

 

Жұмысты бастар алдында міндетті түрде шебер көрсеткен технологиялық картамен танысу қажет. Қауіпті зоналарды айрықша белгілермен белгілеу қажет. Қауiпсiздiктiң жалпы талаптары:

1. Техника қауiпсiздiгi бойынша енгiзу нұсқаулығынан сонымен қатар жұмыс орнының нұсқаулығынан өткен тұлғаларға жұмыс істеу рұқсат етiледi. Қызметкер тек қана әкімшілікпен тапсырылған жұмысты орындау керек.Машинотракторлы агрегаттардың жұмысы отырғызу, егу немесе суару жұмыстарды ескере отырып ұйымдастырылуы керек, жұмыс істейтін қызметкердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету керек. Трактор кабинасында және жұмыс істеу учаскеде бөтен тұлғалардың болуына рұқсат етілмейді.

2. Жұмыс істеу алдында қауiпсiздiк талабы.

2.1 Бригадир жұмыстың басталуына дейiн ұстада операциялардың орындауы ретін және кезектiлiгін, қауiптi аймақты және олармен жұмысқа дейiн таныстырған технологиялық карта ескерiлген басқа қауiпсiздiк талаптарын анықтап алу керек.

2.2 Жұмыс майданын дайындау, бөгеуiл жинау, өтеулерді еркiн орын ауыстыруын қамтамасыз етiп тазалау.

2.3 Жұмыс істеу алдында жабдықтардың бар болуын, олардың дұрыстылығын және жеке қорғану құралын, қол жабдықтарының, машиналардың дұрыстылығын тексеру керек.

3. Жұмыс уақытындағы қауіпсіздік талаптары

3.1 Топырақтарды әзiрлеу кезінде, жүк тиеу — жүк түсiру жұмыстары, көлiк-арба жұмыстары, тыңайтқыштар енгiзу және және улы химикаттардың өңдеуiне тиiстi талапты орындау.

3.2 Аудандарды қолмен өңдеген кезде бір-бірінен 3 метрден жақын болмауы тиіс.

3.3 Аудандардың суаруы механикаланған күйiнде басқа жұмыстарды жүзеге асырмау.

3.4 Көтерiле ұшатын жабдықтармен тағы басқа қазу тұтқалары бар машиналар жұмыс iстегенде рұқсат етiлмейдi: қозғалатын машинасынан 5 м жақын болу; жұмыс органдарының тереңделген күйiнде керi бұрылыстар және бұрылыстар iстеу;

3.5.Парниктер және жылыжайлардағы тұрғызылған рамалардың ұстап қалулары үшiн тығыршық қолдану керек. Рамалар олардың көтеруi үшiн ұстайтын қолдары болуы керек.

4. Апат ахуалдарындағы қауiпсiздiк талаптары

4.1. Желдiң жылдамдығы 11 м/секундттан астам, күштi қар жауу, жауын, (50 м кем көрiнетiндiк) тұман кезінде тәлімбақта жұмыс iстеу тиым салынады, жағдайдың жақсартуына дейiн жабық жерде қалу.

4.2.Найзағайлар уақытында жұмысты тоқтату, қауiпсiз орын баспанаға бару керек. Металл жабдықтар мен механизмдерден алшақ ұстану керек.

4.3 Өрт басталған кезде өртті сөндіруді өздігінен бастау керек, мүмкіндік болса ЦХС, ПХС және орманшылыққа хабар беру керек. Ал егер өрт сөндірілмей жатса және адам өміріне қауіп төндірсе сол жерді тастау керек.

5. Жұмыс біткеннен кейінгі қауіпсіздік талаптары.

5.1 Жабдықтарды, механизмдерді тазалап, қалпына келтіру, оларды орындарына қою.

5.2 Киiм-кешек, арнайы киiмдi және аяқ киiмдi , шаңнан, кiрден тазалап және оларды орындарына қою.

5.3 Энцефалит кенесiнiң жоқтығына көз жеткiзу, болған жағдайда — алып тастау.

5.4 Бұйрық берiлген гигиеналық процедуралар, радиациялық ластануын аймағында жұмыс iстегенденi орындау.

5.5 Жұмыс бойынша барлық ескертулер лауазымды тұлғаға хабарлануы және еңбектi қорғау бойынша әкiмдiк- қоғамдық бақылаудың журналына енгiзілуі тиіс.

 

 

Қорытынды

 

 

Біз өндірістік тәжірибені 18.05.2015.-10.07.2015 аралығында Орал орманшылығында Орал орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекемеден өттік .

Өндірістік тәжірибе нәтижесінде біз теориялық мәліметтермен ғана емес , білімімізді тәжірибе сынадық .

Тәжірибе нәтижесінде біз негізгі мақсаттар мен тапсырмаларды орындадық: соның ішінде Орал орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекемесінің шаруашылық қызметімен таныстық , ағаш кесетін жерді техникалық қабылдау, тұқым жинау оларды өңдеу атап айтқанда шегіршін, сары қараған , қарақат т.б. ,орташа үлгісін алып Қостанай орманшаруашылық станциясына жөнелту , кесу күтімдері, тыңайтқыш енгізу, гербицид енгізу , қылқанды көшетті көлеңкелеу, арам шөп жұлу және т.б.

 

Пайдаланылған әдебиеттер.

 

1. С. Б. Байзаков «Лесные культуры в Казахстане». Алма-ата 2007г.

2. И. И. Дроздов «Практикум по лесным культурам». Москва 2004г.

3. А. Ф. Лисенков «Лесные культуры». Москва 1965г.

4. А. Р. Родин «Лесные культуры». Москва 2006г.

5. «Организационно-хозяйственный план лесного питомника». Методическое указание. Алма-ата 1984г.

6. Ю. А. Бит, С. В. Вавилов «Измерение объемов круглого леса». Санкт-Петербург 2005г.

7. Ю. Н. Полянский «Краткий справочник лесоустроителя». Горький 1952г.

8. «Типовые нормы выработки». Москва 1973г.

9. Шамилов А.А. «Уральское государственное учреждение по охране лесов и животного мира». Уральск 2006г.

10. В. В. Заварзин , Г. Ф. Матусевич «Таксация леса и лесоустройство». Москва 2006г.

11. Б. Н. Майоров, С. В. Кабанов «Таксация. Методическое указание». Саратов 2003г.

 

 




Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2019 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных