Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Кәмелетке толмағандардың психологиялық жас ерекшеліктері және олардың қылмыстық іс жүргізу үшін маңызы




Адамның дамуы өте күрделі, ұзақ жүретін процесс болып табылады. Мүндағы жауапты кезеңдердің бірі - өтпелі жас деп аталатын жеткіншек алдыжас (11-12-ден 14-15 жасқа дейін) пен жасөспірімдік жас (15-16-дан 17-18 жасқа дейін) \ Бұл кезеңде адамның физикалық пісіп-жетілуі ғана емес, сонымен бірге түлғаның қарқынды түрде қалыптасуы, моральдық және зияттық күштерінің қуат алуы жүзеге асады.

Жеткіншек алды жасының өтпелі жас деп аталу себебі, ол балалық күйден үлкен өмірге, кемелсіздіктен кемелденуге өтумен сипатталады. Алайда, ортастатистикалық >жеткіншек деп аталатын жас өмірде болмайды. Жеткіншек алды жасының ортақ заңдылықтары баланың қоршаған ортасы мен тәрбие шарттарына ғана емес, сондай-ақ оның организмі мен тұлғалық ерекшеліктеріне де тәуелді болатын жеке-дара нүсқалар арқылы көрінеді2.

Ересек жеткіншек алды және жас немесе жасөспірімдік уақыт жас психологиясында өте маңызды кезең ретінде қаралады, өйткені осы жаста болатын өзгерістер одан кейінгі кезең заңдылықтарын дұрыс бағалау үшін маңызды болып табылады. Биологиялық жағынан бұл жас физикалық дамудың аяқталу кезеңін білдіреді.

Осы жастағы жасөспірімдердің мінез-құлқы мен әрекеттері саналы әрі жігерлі түрде жүзеге асады, осыған орай оларға неғүрлым жоғары талаптар қойылады. Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауапкершілігі 16 жастан басталатыны белгілі, ал кісі өлтіру, үрлық, тонау және т.б. үшін - 14 жастан басталады (ҚР ҚК, 15-бап)3.

Алайда жасөспірімнің физикалық және адамгершілік жағынан дамуы әлі аяқталған жоқ, бүл оның іс-әрекеттері мен қылықтарының сипатынан байқалады. Жеткіншек алды жасында организмде биологиялық терең өзгерістер жүреді5 өсу жылдамдайжы, жыныс бездерінің секрециясы күшейеді, қарқынды физикалық даму басталады. Организмдегі биологиялық өзгерістер психикалық дамуға да әсер етеді. Жеткіншек алды Жасының бастапқы кезіндегі тепе-теңдік бүзылады: өз түлғасына қызығушылық, айналасындағыларға сыни көзбен қарау пайда болады, мінезіндегі ерекшеліктер байқалып, қылықтары өзгереді.

Ата-аналардың бала тәрбиесіне селқос қарауы оның беделді тұлғаны сырттан іздеуіне әкеп соғады. Сондықтан да үлкендерге қарағанда көнгіштеу болып келетін қараусыз жасөспірімдер біреудің ықпалына тез түседі. Қылмыстық ортаға түскен баланың мінез-қүлқында теріс қылықтар (дөрекілік, бейбастақтық, шылым шегу және т.б.) пайда бола бастайды, бұл оның ойынша, өзін "үлкен сезінуге", өзімен-өзі болуға көмектеседі. Жасөспірім қарсы келген проблемаларды өзі ойланып, шешімін табуға тырысып қана қоймайды, сонымен бірге осылайша өз қабілетін, жағымды қасиеттерін көрсетуге, өз ортасының қүрметіне бөленуге ұмтылады. Психологиялық әдебиеттерде айтылатындай, "ұжыммен өзара жақсы қарым-қатынасты бұзу қажеттілігі туған қиын бала, осы мақсатқа жету үшін лайықты қүралдарының болмауы себепті мінез-қүлықтың теріс тәсілдеріне, тіпті өз түлғасын бүзақылық жолымен болса да бекітуге дейін барады1 ".

Жеткіншек алды кезеңінде "әлсіз" атану қорқынышы басым болады. Бұл қасиеттер өзін үлкен сезіну сезімімен тығыз байланысты: жасөпірімдер өздерінің кемелденгенін дәлелдеу үшін кез-келген әрекеттерді жасауға дайын тұрады.

Жеткіншек алды жасының соңына қарай үлкендік сезімі өзіндік сипатқа ие болады, ол өзін-өзі бекіту, өзін-өзі көрсету сезіміне ауысады, бұл оның топтан бөлінуі, өз ерекшелігін, даралығын көрсетуге тырысуынан байқалады. Осыдан келіп мінез-құлқымен, киім кию мәнерімен және т.б. кез келген жолмен өзіне назар аударту тілегі пайда болады. Алайда, мұндай жас ерекшеліктері өздігінен құқыққа қарсы мінез-құлық туғызбайды. Өйткені тұлғаның қоғамдық қауіптілігі көбінесе қылмыс істеуге дейін қалыптасады.

Жасөспірімдердің психологиялық жас ерекшеліктері жалпы криминогенді емес. Бірақ олар жасөспірімнің тұлға ретінде қалыптасуы, өмір сүруі шарттарымен байланысып жатыр, оның қажеттеліктерімен, ниет-пиғылығымен сабақтас. Сондықтан да5 жасөспірімнің дамуындағы жас ерекшеліетерін білу жасөспірімдер арасындағы қылмыспен күрес, оның алдын алу шараларын жүзеге асыру үшін, кәмелетке толмағандар қылмысын сапалы әрі тиімділікпен тергеу үшін оларды толық әрі дұрыс ашу үшін өте маңызды.

Жасөспірімдер дамуының жоғарыда талданған ерекшеліктері іс жүргізу тәртібін реттейтін және осы категориядағы істердің өзгешелігін белгілейтін нормаларды бекіту кезінде ескерілген. Сонымен бірге, психология ғылымының ережелер негізінде жоғарыда қаралған жасөспірімдердің даралық қасиеттері кәмелетке толмағандар істерін жүргізуді жүзеге асырушы органдарға нақты процесті ұйымдастырудың іс жүргізу заңында көрсетілген мүмкіндіктері шеңберінде дүрыс түрін таңдауға көмектеседі.

 

Орытынды

Кәмелетке толмағандар өздерінің жас шамасына, зияттық деңгейіне байланысты физикалық, рухани және әлеуметтік даму салаларында, сондай-ақ құқықтық қорғау саласында ерекше қамқорлық пен көмекке зәру екендігін назарға ала отырып, мемлекет олардың қүқықтарын, бостандықтарын, заңды мүдделерін жүзеге асырудың тәртібін бекітті. Осылайша объективті себептерге орай, өскелең ұрпақтың қүқықтық санасын көтеруге, тәрбиесін, білімін жетілдіруге құқықтық ықпал етуді ұйымдастыру қажеттілігі туындайды.

Қазақстан Республикасының заңнамасына, ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексі міндеттеріне сәйкес, сот әділдігі органдары жүзеге асыратын кәмелетке толмағандар істері бойынша іс жүргізу жасөспірімдерге құқықтық ықпал ету, олардың сот қорғауы, құпиялық, жазаны даралау, тең құқықтылық және т.б. қүқықтарын іске асыру тәсілдерінің бірі болып табылады, өйткені жасөспірім-құқық бұзушылардың жеке мінездемелерін ескере отырып, мемлекет кәмелетке толмағандар қылмыстары туралы іс жүргізудің ерекше тәртібін бекітті. Қазақстан Республикасы қылмыстық іс жүргізу кодексімен реттелген бұл тәртіп кәмелетке толмағандарға қатысты сот әділдігін жүзеге асыруға қатысы бар Жалпыға бірдей адам құқықтарының Декларациясына, балалар құқығы туралы Конвенцияға, азаматтық және саяси құқықтар туралы Пактіге, БҰҰ-ның Шағын стандартты ережелеріне және басқа адам құқықтарын жариялайтын халықаралық құжаттарға негізделеді.

Заңмен бекітілген кәмелетке толмағандар істерін жүргізу тәртібі істі дұрыс шешуге жәрдемдеседі, сот әділдігін жүзеге асырудың сапалылығына, сот қателерін жоюға, жасөспірімдерге тәрбиелік-алдын алушылық әсер етуге оң ықпал жасайды.

Бұл органдардың тәрбиелік-алдын алу жұмысы, ең алдымен, оның қылмыстылық пен жастар арасындағы басқа да қүқық бұзушылықтың алдын алу шаралары жүйесінің элементі екендігіне байланысты.

Сот ісін жүргізудің мазмұны бойынша қорғаушылық типіне (репрессивтіліктен айырмашылығы) жатады. Сот барлық сатыларда айыптау функциясынан айрылған.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінде ұсынылған прогрессивтілік пен адамгершілік, оның мазмұнында бұрынғы заңнамадан ерекше ережелер жатқандығымен анықталады, олар:

1. Сот әділдігі құралдары арқылы адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды қамтамасыз ету.

Заң негізсіз қылмыстық қудалаудан сақтайтын процессуалдық кепілдіктер береді. Процеске қатысушылардың құқықтары, соттың оларды қамтамасыз ету бойынша құзыреті және ақтау институттары, құқық қолданушы органдардың заңсыз іс-әрекетінен зардап шеккен процеске қатысушыларға келген залалдың орнын толтыру, сондай-ақ процеске

қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары едәуір кеңейтілген.

2. Айыптау, қорғау және істі мәні бойынша қарау функцияларының бөлінуі. Тараптардың нақты бәсекелестігі мен тең құқықтығын қамтамасыз ету.

3. Сотқа жаңа статус (мәртебе) беру.

Заңда сот билігінің тәуелсіздігі бекітілген. Соттың іс қарауы құқық қорғаушылық тұрғысына ауыстырылған. Сотқа дейінгі іс жүргізуді сот бақылауын көздейтін түбегейлі жаңа нормалар енгізілген1.

Республика соттары тұрақты түрде сот қызметінің деңгейін көтеріп отырады, сот ісін жүргізу сапасын жақсарту және іс-әрекетті саралау, жаза тағайындау кезінде қателік жібермеу, кінәсыз тұлғаларды қылмыстық қудалауды жою мақсаттарымен кәмелетке толмағанждар істерін профессионалды түрде алдын ала тергеу мен қарауға назарды күшейтеді.

Осылайша, жоғарыда айтылғандардан жасөспірімдер бойынша сот әділдігін жүзеге асыруға қатысты мәселелер заң деңгейінде жеткілікті реттелген деген қорытынды жасауға болады. Мысалы, жасөспірімнің заңды өкілінің, қорғаушының жасөспірім-құқық бұзушының ісі бойынша іс жүргізудің барлық сатысындағы процессуалдық жағдайы нақты реттелген, бұл оған құқықтары мен заңды мүдделерін толық қорғауға мүмкіндік береді.

Бірақ сот процесінің тәрбиелік-алдын алу әсері, қылмыстық жазадан құтылмаушылық пен сот шығарған үкімнің әділеттігіне жалпының сеніміне қол жеткізу тек істі материалдық және процессуалдық заңнама нормаларын қатаң сақтау, сот талқылауын жүргізудің жоғары мәдениеті жағдайында ғана мүмкін болады.

А.Ф.Кони айтқандай, - "қылмыстық процесс судьяларды (төрешілерді) тірі адамнен бетпе-бет қояды, бұл сотқа әрбір істі дұрыс шешу үшін ерекше жауапкершілік жүктейді. Бұл жауапкершілік, сотталушы орындығында кәмелетке толмаған бала, яғни көзқарастары, түсініктері қалыптаспаған жасөспірім отырса, бірнеше есе өседі"2.

Бірақ, дегенмен де, жасөспірімдер қылмыстылығымен күрес, оның алдын алу, қылмыс жасау үшін жағдай жасайтын себептерді жою, азаматтарды тәрбиелеу тек құқық қорғау органдарының, мәдениет, денсаулық сақтау және спорт қызметкерлерінің, бұқаралық ақпарат құралдарының және т.б. қатысуымен профилактикалық қызметтің барлық бағыттарының жиынтығы арқылы ғана мүмкін болады, олар сананы қайта құруға, республика халқының бойында елдегі қылмыстылық жағдайына әділ баға тудыруға, азаматтардың құқық бұзушылыққа төзбеу сезімін қалыптастыруға, кемелді адамгершілік көзқарас бағдарына және жасөспірімдер мен жастар бойындағы өзіне-өзі сын көзімен қарау сезіміне тәрбиелеуге көмектесе алады.

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

Нормативті-құқықтық актілер

1. Қазақстан Республикасының Конституциясы 30 тамыз 1995 ж.-Алматы: Жеті Жарғы, 1995.

2. Минимальные стандартные правила ООН, касающиеся отправления правосудия в отношении несовершеннолетних от 29 ноября 1985 г.

3.Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексі 1 қаңтар 1998ж.-Алматы: Жеті Жарғы, 1998.

4. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі 1 қаңтар 1998ж.-Алматы: Жеті Жарғы, 1998.

5. Қазақ ССР Азаматтық кодексі 28 желтоқсан 1963.

6.1998-2000 жылдарға арналған ҚР-да кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алудың кешенді бағдарламасын бекіту туралы үкімет қаулысы 8 маусым 1998 ж. Арнайы әдебиеттер

7. Юридический энциклопедический словарь. Под.ред. Сухарева А.Я.-М., 1987.

8. Уголовный процесс. Под ред. Божьева В.П.-М.: СПАРК, 1997.

9. Уголовное право. Общая часть. Под ред Казаченко И.Я- М.: Инфра,

М. Норма, 1998.

10. Обзор судебной практики.- "Тураби", № 1, 1996.

11. Материалы следственной и судебной практики.

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных