Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Кәсіпорынға қысқаша сипаттама

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 31 қаңтардағы №129 «Қазақстан Республикасы темір жол кәсіпорындарын қайта құру туралы» қаулысымен Алматы теміржол бөлімшесі, Тың теміржолы және Батыс Қазақстан теміржолдарының қосылуы нәтижесінде «Қазақстан темір жолы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны құрылды. Теміржолдарды біріктіру арқылы тасымалдау үдерісі, артық құрылымдарды қысқарту, теміржол саласын қаржылық-экономикалық сауықтыру көзделеді.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы наурыздың 15-індегі №310 «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамын құру туралы» қаулысымен «Қазақстан темір жолы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны мен оның еншілес кәсіпорындарының бірігуі есебінен «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» жабық акционерлік қоғамы құрылды.

2004 жылғы сәуірдің 2-сінде Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» 2003 жылғы мамырдың 13-інде жарық көрген Заңына сәйкес «ҚТЖ» ҰК» ЖАҚ-ы «ҚТЖ» ҰК» АҚ болып қайта тіркеуден өткізілді.

Қазіргі таңда «ҚТЖ» ҰК» АҚ темір жол саласының тасымалдау үдерісі мен қызметтік міндетін қамтамасыз ететін холдингілік құрылымы бар. «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ының бірден бір акционері болып «Самұрық –Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы табылады. Ол Ұлттық компанияның оперативтік жұмыстарына араласпай, корпоративтік басқаруды жетілдіру, бюджет ашықтығын қамтамасыз ету, «ҚТЖ» ҰК» АҚ қызметін Директорлар Кеңесі арқылы басқаруды қамтамасыз етеді.

Оған қоса Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі 2001 жылғы желтоқсанның 8-індегі №266-11 «Теміржол көлігі туралы» Заңға сәйкес, өкілетті орган ретінде теміржол көлігіндегі мемлекеттік саясаттың жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді. Қазақстан Республикасы көлік кешенінің жұмысын үйлестіреді, реттейді, бақылайды.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ магистральдық теміржол желісінің, жүк және жолаушылар тасымалының операторы қызметін атқарады. Аталған қызметтер Қазақстан Республикасының «Теміржол көлігі туралы» және «Табиғи монополиялар және реттелетін рынок туралы» Заңдарымен бекітілген.

Қазақстан темір жолы өз тарихында ел экономикасы мен тұрғындардың тасымалдауға сұранысын толығымен қамтамасыз етіп келеді. 90-шы жылдардың өзіндегі экономиканың құлдыраған шағында да темір жол саласы өзінің міндетін тоқталыссыз атқарды. Экономиканың тұрақтанып, көтеріле бастаған 2000-2008 жылдары компания жылдық тасымалдау үдерісі көрсеткішін жеті пайыздық өсім деңгейінде ұстады.

Қазақстанның теміржол саласы экономиканың дамушы секторы. Соңғы кездері өндірістік және техникалық әлеуеті өсіп келеді. 140 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылған.

2. Қызметінің басты бағыттарының тізімі:

Қызметтің сипаты Бұл қызметті атқару барысында алынған дағдылар Осы дағдылар мен білім көрсетілді.
Маған Казпочта АҚ-мен келісімшарт жасауды тапсырды. Мен келісімшарт жасау кезіндегі негізгі қағидалар мен шарттарды үйреніп білдім. Келісімшарт міндетті түрде екі тілде, қазақ және орыс тілінде болуы, ұйымдардың мекен-жайы, келісілген сомма болуы қажет.   Осы келісімшартты Казпочта АҚ-на апарып, ұйымның басшысының қолын және ұйым мөрін қойдыртып алып келдім. Енді болашақта кез келген келісімшартты еш қиындықсыз дайындай аламын деген сенімдемін.
Мен бухгалтерия бөлімінде еңбекақыны, сырқатқа байланысты уақытша еңбекке жарамсыздық төлемін, демалыс төлемдерін, есептедім. Сырқатқа байланысты уақытша еңбекке жарамсыздық төлемі 15 АЕК-тен аспауы қажет. Демалыс төлемдері соңғы 12 айдың еңбекақы қосындысын жұмыс күндеріне қатынасынан алынған сомманы төленетін жұмыс күніне көбейту арқылы есептелінеді.   Бұл тапсырманы орындау барысын тәжірибе жетекшім толықтай бақылады..
Зейнеткерлікке және бала күтімі бойынша демалысқа шығуға байланысты анықтамаларды жасадым. Зейнеткерлікке шығуға байланысты анықтамаға соңғы үш жылдағы қызметкердің зейнетақы жарналарын көрсету қажет, ал бала күтімі бойынша демалысқа шығуға байланысты анықтамаға соңғы жылдағы әлеуметтік аударымдарын көрсету қажет.   Анықтамалар тек ұйым басшысының рұқсатымен беріледі. Бұл анықтамалар 2 данада шығарылып, оған міндетті түрде бас бухгалтер мен ұйым басшысы қол қойып, ұйым мөрі қойылу керек. 1 данасы ұйымда қалады.
Ұйымға жаңадан келіп түскен негізгі құралдарға инвентарлық нөмір жазып шықтым. Ұйымның кез келген мүлкінің инвентарлық нөмірі болуы керек. Сол нөмірлер арқылы түгендеу іс шаралары жүзеге асырылады. Бұл нөмірлер қайталанбауы керек.    
Ұйымның басқа банкке ауысуына байланысты қызметкерлердің сол банкте еңбекақы алу төлем карточкаларын ашу өтінішін толтыру іс-шарасына қатыстым. 600 адамға өтініш бланклерін шығарып, дұрыс толтыру үлгісін көрсеттім. Банк қызметкерлерімен тікелей жұмыс жасадым. Ол карточкалар қолдану өрісінің кеңдігіне және мүмкіндігіне байланысты VISA GOLD, VISA CLASSIC, VISA ELECTRON деп бөлінеді. Ұйым басшысы мен бас бухгалттерге VISA GOLD карточкаларына тапсырыс бердік. Барлық қалған қызметкерлер VISA ELECTRON-ға сұраныс білдірді. Банктің еңбекақы жобасымен таныстым.
Статистика басқармасына тапсырылатын еңбек бойынша есептілік жасадым. Бұл есептілік жылына 1 рет статистика басқармасына тапсырылады. Оған ұйымдағы қызметкерлер саны, сол жыл ішінде жұмысқа қабылданған және жұмыстан шыққандарының саны, ер және әйел саны, сонымен қатар 1 жылдағы жұмыс күні, еңбек демалысына шыққан адам-күн, еңбекке жарамсыз адам-күн көрсеткіштері жазылады. Бұл көрсеткіштерді кадр бөлімінен және «1С Бухгалтерия» бағдарламасынан алдым. Бұл есептілік 2 данада толтырылып, ұйым басшысының қолы мен ұйым мөрімен рәсімделіп статистика басқармасының мөрімен куәландырылады. 1 данасы ұйымға қайтарылады.

3. Компанияның сұрақтары/мәселелерінің қысқаша сипаттамасы:

Жалпы ҰК ҚТЖ АҚ-ның өзекті мәселелеріне келетін болсақ, ең негізгі мәселенің бірі соңғы уақытта темір жолда көптеген апаттардың орын алуы болып табылады. Нақтырақ айта кетсем, 2014 жылы 30 мамырда Қайрақты стансасында бензин толы 9 цистерн аударылған болатын. Сонымен қатар, «Ырысты» Алматы электровозжөндеу зауытында № 171 Атыраудан Алматыға қатынайтын жолаушылар поездінің 5 вагоны жолдан шығып кеткен болатын. 2014 жылдың 1 маусымында Шымкент—Арыс аумағында жүк тиелген 24 вагон рельстен шыққан. Бұл жағдайдан туындаған өрттің салдарынан болған шығындар бірнеше миллион теңгені құрады. Бұл оқиғаларды зерттеу нәтижесінде барлығы да басшылардың және қатардағы қызметкерлердің өз міндеттерін дұрыс атқармай, жауапкершіліксіз қарауынан болғаны анықталды. Соңғы ақпараттар бойынша, компанияның вагондар мен локомотив паркінің 60%-ы тозған, 5.5мың км жол ремонт аралық мерзімі асып кеткеніне қарамастан пайдаланылуда. Осы аталған мәселелерді тез арады шешіп, өз міндеттеріне жауапкершілікпен қарайтын қызметкерлерді жұмысқа алып, тозған барлық жолдарға, вагондарға көңіл бөлмесе, компания осындай оқыс оқиғалардың әсерінен халықтың да сенімінен айырылып, миллиондаған шығындарға тап болуы мүмкін.

ҰК ҚТЖ АҚ Алматы пайдалану вагон депосының мәселелеріне келетін болсақ, ол дербес ұйым ретінде табыс таппайды. Ұйымның негізгі қызметі вагондарды қарау және оларға ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу болып табылады. Қызметкерлердің 80 %-ы вагон қарау қызметін атқарады. Ол қызмет үшін ұйымға ешқандай табыс түспейді. Ұйымның негізгі табысы - вагондарға ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуден түседі. Алматы пайдалану вагон депосының шығыны табысынан едәуір асып түседі, барлық шығындарын Бас компания қаржыландырады. Сол себепті, ұйым табысты емес, керісінше шығынды ұйым болып табылады.

Көрсеткіштер 2011ж 2012ж 2013ж
  сомасы, мың тенге Үлес салма-ғы, % сомасы, мың тенге Үлес салма-ғы, %     сомасы,мың тенге Үлес салма-ғы, %
Активтердің құны барлы-ғы; соның ішінде: 1 703642949 100 2 096 573963 100 2 487 477 272 100
1.1. Ұзақ мерзімді актив-тер, оның ішінде: 1 371500895 80 1 818 358676 87 2 222 083 387 89
Жылжымайтын мүлік, үйлер мен жабдықтар 1 295772517   1 644 295010     1 980 001 428  
Бірлескен ұйымдарға инвестициялар 2 752 868 0,16 12 845 453 0,6 24 746 576  
Қауымдасқан ұйымдарға инвестициялар 2 186 636 0,13 2 633 746 0,13   1 943 788 0,08
Акционердің пайдасына тағайындалған актив -   7 000 000 0,33   10 757 881 0,4
Материалдық емес активтер 8 369 072 0,5 8 570 847 0,4   9 564 865 0,4
Сату үшін арналған ұзақ мерзімді активтер -   37 720 512 1,8   -  
Инвестициялық жылжымайтын мүлік 6 578 879 0,4 7 129 207 0,34   7 296 492 0,3
Басқа да ұзақ мерзімді активтер 55 544 123 3,3 134 010 200 6,4   185 849 386 7,5
Басқа да қаржы активтері 296 800 0,02 1 874 213 0,09   1 922 971 0,07
1.2.Ағымдағы активтер, оның ішінде: 332 142 054 19 278 215 287 13,3 265 393 885 10,7
Босалқылар 42 105 512 2,5 34 510 578 1,6   37 723 901 1,5
Сауда дебиторлық берешек 4 610 897 0,3 7 784 113 0,3   8 107 149 0,3
Басқа да қаржы активтері 57 332 864 3,4 48 366850 2,3   36 789 673 1,5
Акционердің пайдасына тағайындалған актив 47 777 020 2,8   1,3   29 204 088 1,2
Берілген несиелер -   -   3 639 298 0,1
Табыс салығы бойынша алдын ала төлем 6 386 247 0,4 2 549 670 0,1   2 194 087 0,09
Ақша қаражаттары және олардың эквиваленттері 133 596 150 7,8 69 706 429 3,3   85 855 902 3,5
Пайдаланылуы шектелген ақша қаражаттары 1 477 440 0,09 1 178 134 0,05   1 170 375 0,05
Басқа да ағымдағы активтер 38 855 924 2,28 48 160 363 2,3 60 709 412 2,4

1) Қарыздарды жабуға арналған қаражаттардың үлесі ретінде сипатталатынкәсіпорын активтерінің мобильділік (жұмылдырылу) коэффициентін

 

2011 жылы К= 332 142 054/1 703 642 949=0,2

2012жылы К= 278 215 287/2 096 573 963=0,1

2013 жылы К= 265 393 885/2 487 477 272=0,1

 

2) Шашыратылған (иммобилизацияланған) және жұмылдырылған қаражаттардың өзара қатынасы коэффициентін (А қосымшаны қараңыз). Ол ағымдағы активтер құнының ұзақ мерзімді активтер құнына қатынасымен анықталады.

 

2011жылы К= 332 142 054/1 371 500 895=0,2

2012жылы К= 278 215 287/1 818 358 676=0,2

2013жылы К= 265 393 885/2 222 083 387=0,1

 

3) Айналым қаражаттарының (ағымдық активтер) жұмылдырылу коэффициенті, ол жұмылдырылуы жылдам (мобильді) бөлігінің (ақша қаражаттары) ағымдағы активтер құнына қатынасымен анықталады.

 

2011жылы К=133 596 150 /332 142 054=0,4

2012жылы К= 69 706 429 /278 215 287=0,3

2013жылы К=85 855 902 /265 393 885=0,3

 

Көрсеткіштер 2011 жыл 2012 жыл 2013 жыл
сомасы, мың. тенге Үлес салмағы, % сомасы, мың. Тенге Үлес салма-ғы, % сомасы, мың. тенге Үлес салма-ғы, %
             
Капитал мен міндеттемелер, барлығы 1 703 642 949 100 2 096 573 963 100 2 487 477 272 100
1.1.Капитал жиынтығы: оның ішінде 966 321 676 56,7 1 049 310 608 50 1 329 171 023 53,4
Жарғылық капитал 579 417 097 32,2 675 526 248 32,2 683 932 991 27,4
Қосымша төленген капитал және шығарылмаған жарғылық капитал 103 121 474 6,05 43 407 831   242 447 850 9,7
Шетел валютасын қайта есептеу резерві 197 201 0,01 112 268 0,005 144 081 0,005
Бөлінбеген пайда 277 824 940 16,3 322 966 218 15,4 388 868 887 15,6
Аналық компания акционерінің меншікті капиталы 960 166 310 56,3 1 041 788 029 49,6 1 315 105 647 52,8
Бақылау жасалмайтын иелену үлестері 6 155 366 0,3 7 522 579 0,35 14 065 376 0,5
1.2.Барлық міндеттемелер; оның ішінде: 737 321 273 100 1 047263355 100 1 158 306 249 100
1.2.1.ұзақ мерзімді міндеттемелер 482 841 418 65,4 762 381 501 72,7 915 059 597 78,9
Несиелер 178 248 140 24,1 220 128 879   295 369 338 25,5
Шығарылған қарыздық бағалы қағаздар 154 927 950   331 688 969 31,6 338 063 638 29,1
Қаржылық жал бойынша міндеттемелер 5 016 103 0,6 4 546 064 0,4 3 413 415 0,2
Кейінге қалдырған салықтық міндеттемелер 121 030 361 16,4 153 590 261 14,6 225 465 889 19,4
Басқа да ұзақ мерзімді міндеттемелер 179 704 0,02 25 215 745 2,4 25 010 252 2,1
1.2.2. Ағымдағы міндеттемелер, барлығы 254 479 855 34,5 284 881 854 27,2 243 246 652  
Несиелер 35 694 957 4,8 29 166 061 2,7 34 868 844  
Шығарылған қарыздық бағалы қағаздардың ағымдағы бөлігі 2 056 610 0,2 7 587 539 0,7 1 866 159 0,1
Қаржылық жал бойынша міндеттемелердің ағымдағы бөлігі 614 257 0,08 552 251 0,05 450 644 0,03
Қызметкерлерге сыйақы бойынша міндеттемелердің ағымдағы бөлігі 2 083 485 0,2 2 485 748 0,2 2 490 345 0,2
Сауда кредиторлық берешек 71 573 394 9,7 98 503 421 9,4 77 375 619 6,6
Табыс салығы бойынша міндеттемелер 117 074 0,01 91 648 0,008 1 339 275 0,1
Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер 7 785 408   9 494 682 0,9 10 154 715 0,8
Басқа да міндеттемелер 134 554 670 18,2 120 325 660 11,4 114 701 051 9,9
Сату үшін арналған ұзақ мерзімді активтерге қатысты міндеттемелер - - 16 674 844 1,5 - -

 

1. Тәуелсіздік коэффициенті. Бұл коэффициент кәсіпорынның қарыз қаражаттарынан қаншалықты тәуелсіз екендігін және меншік қаражаттарын оңтайландыру қабілетін анықтайды.

 

2011жылы К= 966 321 676/1 703 642 949=0,5

2012жылы К= 1 049 310 608/2 096 573 963=0,5

2013жылы К= 1 329 171 023/2 487 477 272=0,5

 

2. Авансталған капиталдың құрамындағы қарыздың үлесін сипаттайтын тәуелділік коэффициентін

 

2011жылы К= 1 703 642 949 /737 321 273=2,3

2012жылы К= 2 096 573 963/1 047 263 355=2

2013жылы К= 2 487 477 272/1 158 306 249=2,1

 

 

3. Меншік капиталдың тартылған капиталға қатынасымен сипатталатын қаржыландыру коэффициентін

 

2011жылы К= 966 321 676/737 321 273=1,3

2012жылы К= 1 049 310 608 /1 047 263 355=1

2013жылы К= 1 329 171 023/1 158 306 249=1,1

 

4. Тартылған капиталдың меншік капиталға қатынасын білдіретін қарыз қаражатардың меншік қаражаттарына қатынасы коэфициентін

 

 

2011жылы К= 737 321 273 / 1 703 642 949=0,4

2012жылы К= 1 047 263 355/2 096 573 963=0,4

2013жылы К= 1 158 306 249 / 2 487 477 272=0,4

 

Баланстың өтімділігін талдау. Қаржылық тұрақтылығын талдамай кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалау толық емес болып табылады. Кәсіпорынның балансының өтімділігін талдау арқылы активтердің жағдайы мен пассивтердің жағдайы салыстырылады. Бұл өз кезегінде кәсіпорынның өз қарыздарын жабу деңгейін бағалауға мүмкіндік береді.

Өтімділік деңгейіне байланысты, яғни ақша қаражатына айналу жылдамдығына байланысты, кәсіпорын активтері келесідей топтарға бөлінеді:

1. Өтімді активтер = Ақша қаражаттары + қысқа мерзімді қаржылық салымдар

2. Тез өтімді активтер = қысқа мерзімді дебиторлық берешектер+басқа да қысқа мерзімді активтер;

3. Жәй өтімді активтер = Қорлар−Болашақтағы шығындар+ҚҚС+Ұзақ мерзімді қаржылық салымдар+Ұзақ мерзімді дебиторлық берешектер;

4. Өтімділігі төмен активтер= «Ұзақ мерзімді активтер» бөлімінің жиыны –Ұзақ мерзімді қаржылық салымдар.

 

 

3-кесте. Ұйымның пассивтерінің төлену мерзімінің деңгейі бойынша және баланс активтерінің өтімділік деңгейі бойынша топтамалары

Актив Сома Пассив Сома
2011ж. 2012 ж. 2013 ж. 2011 ж. 2012 ж. 2013 ж.
А1.өтімді активтер   190 304369 256 984 758 П1.Ең жедел міндеттемелер 218 784 898 255 715793 208 377 808
А2.тез өтімді активтер 49 853 068 58 494146 74 649 946 П2.қысқа мерзімді міндеттемелер 35 694 957 29 166 061 34 868 844
А3.Жәй өтімді активтер     1989566 293 П3.ұзақ мерзімді міндеттемелер 482 841 418 762 381501 915 059 597
А4. өтімділігі төмен активтер 11 518 383   33 986 856 П4. Тұрақты мін-деттемелер 966 321 676    

 

Баланс пассивтері оларды төлеу мерзімінің деңгейіне байланысты топтарға бөлінеді:

1. Ең жедел міндеттемелер = Кредиторлық берешектер+Басқа да қысқа мерзімді міндеттемелер;

2. Қысқа мерзімді пассивтер=Қысқа мерзімді займдар, несиелер («Қысқа мерзімді міндеттемелер» бөлімінен);

3. Ұзақ мерзімді пассивтер= «Ұзақ мерзімді міндеттемелер» бөлімінің жиыны;

4. Тұрақты пассивтер= «Капитал» бөлімінің жиыны−Болашақтағы шығындар (1-ші бөлімнен «Қысқа мерзімді активтер»+ «Болашақтағы табыстар» (3-ші «Қысқа мерзімді міндеттемелер» бөлімінен)

Баланстың өтімділігін анықтау үшін активтер мен пассивтердің келтірілген топтарын салыстыру керек.

Баланс толық өтімді болып табылады, егер келесідей шарттар орындалса:

● Өтімділігі жоғары активтер ≥ Ең өтімді міндеттемелер;

· Тез өтімді активтер > Қысқа мерзімді пассивтер;

· Жәй өтімді активтер > Ұзақ мерзімді пассивтер;

· Өтімділігі төмен активтер < Тұрақты пассивтер.

Егер кейбір теңсіздіктер келтірілген шектеулермен сәйкес келмесе, онда баланс өтімділігінің абсолюттік деңгейден айырмашылығы жоғары деңгейде екенін көрсетеді. Бір топтамадағы қаражаттардың жетіспеушілігінен (артықшылығынан) екінші топтамадағы өтімділігі төмен активтер басқа топтамадағы өтімді активтерді алмастыра алмайды және керісінше. Өйткені ең жедел міндеттемелер өтімділігі төменірек активтер есебінен жабыла алмайды.

 

Жыл

А1 < П1 баланс теңсіздігі сақталған, баланс өтімді

А2 > П2 баланс теңсіздігі сақталған, баланс өтімді

А3 > П3 баланс теңсіздігі сақталған, баланс өтімді

А4 < П4 баланс теңсіздігі сақталған, баланс өтімді

 

Жыл

А1 > П1 баланс теңсіздігі сақталмаған, баланс өтімді емес

А2 > П2 баланс теңсіздігі сақталған, баланс өтімді

А3 > П3 баланс теңсіздігі сақталған, баланс өтімді

А4 < П4 баланс теңсіздігі сақталған, баланс өтімді

 

 

Жыл

А1 > П1 баланс теңсіздігі сақталған, баланс өтімді

А2 > П2 баланс теңсіздігі сақталған, баланс өтімді

А3 > П3 баланс теңсіздігі сақталған, баланс өтімді

А4 < П4 баланс теңсіздігі сақталған, баланс өтімді

 

1) Ағымдағы өтімділік коэфициентін. Бұл ағымдағы пассивтердің ағымдағы активтермен жабылу деңгейін көрсетеді. Бұл шама қаншалықты жоғары болса, қысқа мерзімді міндеттемелерді төлеу сенімділігі соншалықты жоғары болады.

Ктл = (қысқа мерзімді активтер-болашақтағы шығындар)/қысқа мерзімді міндеттемелер

 

2011 жылы К= 332 142 054/254 479 855=1,3

2012 жылы К= 278 215 287/284 881 854=1

2013 жылы К=265 393 885/243 246 652=1,1

 

 

2) Мерзімді өтімділік коэфициенті (Жедел өтімділік коэффициенті) бұл коэфициентағымдағы өтімділік коэфициентіне қарағанда ағымдағы активтердің аз бөлігі қамтылады, яғни материалдық өндірістік қорлар есептелмейді. Мерзімді өтімділік коэфициенті кәсіпорынның қысқа мерзімді міндеттемелерді тартылған қаражаттар есебінен, қысқа мерзімді қаржылық салымдар және шоттағы қаражаттар есебінен (дебиторлық берешектер) жабу әдістерімен сипатталады.

Кликв. = (Ақша қаражаттары+Қысқа мерзімді салымдар+Қысқа мерзімді дебиторлық берешектер)/Қысқа мерзімді міндеттемелер

 

 

2011 жылы К=564 376+274 596/1 316 124=0,6

2012 жылы К=1 303 613+449 614/1 099 453=1,6

2013 жылы К=3 439 182+431 140/1 565 447=2,5

 

3) Абсолютті өтімділік коэфициенті кәсіпорынның өзінің қысқа мерзімді міндеттемелерін өтімділігі жоғары активтердің және қысқа мерзімді қаржылық салымдар есебінен жабу қабілетімен сипатталады. Ол қысқа мерзімді қарыз міндеттемелердің қай бөлігі тез арада жабылатындығын көрсетеді.

Кабс.ликв.= (Ақша қаражаттары + Қысқа мерзімді қаржылық салымдар)/ Қысқа мерзімді міндеттемелер.

2011 жылы К=564 376/1 316 124=0,4

2012 жылы К=1 303 613/1 099 453=1,2

2013 жылы К=3 439 182/1 565 447=2,2

 

 

4) Қаржылық тұрақтылық коэффициенті. Қаржылық тұрақтылық коэффициенті - компанияның жиынтық активтеріндегі таза активтерінің үлесі.

Қаржылық тұрақтылық коэффициенті компанияның меншікті капитал есебінен қаржыландырылатын активтердің үлесін көрсетеді. Ол, меншікті қаражаттары мен ұзақ мерзімді несиелер мен зайымдардың қосындысын актив жиынтығына бөлу арқылы анықталады. Бұл коэффициент үшін стандарт ретінде 0,5 - 0,7 аралығындағы интервалдағы мағына қолданылады.

 

 

2011 жылы К=1 299 494 766/1 703 642 949=0,7

2012 жылы К=1 601 128 456/2 096 573 963=0,7

2013 жылы К=1 962 603 999/2 487 477 272=0,7

 

5) Автономия коэффициенті кәсіпорынның жалпы қаражаттарының құра-мындағы меншік қаражаттарының қайнар көзінің үлесін көрсетеді және ол былай анықталады:

Автономия коэффициенті = меншік және оған теңестірілген қаражаттар көзі/ баланс жиынтығы

 

2011 жылы К=966321676/1703642949=0,57

2012 жылы К=1049310608/2096573963=0,5

2013 жылы К=1329171023/2487477272=0,5

 

4-кесте. Үш жылдық табыстары мен шығыстары* мың тг

Көрсеткіш 2011 жыл 2012 жыл 2013жыл
Сомасы Сомасы Өзгеріс Сомасы Өзгеріс
Теңге % Теңге %
Өткізілген өнім мен көрсетілген қызметтердің өзіндік құны 470 280 262                        
Жалпы пайда 232 459 832            
Қаржыландырудан түскен табыс 4 637 732   4 353 838   -283894        
Басқа да табыстар 25 715 663   32 728 012   7 012 349     33 335 306   607 294  
Өткізілген өнім мен көрсетілген қызметтер бойынша шығындар 159 971     193 391     33 420         154 403     -38 988    
Әкімшілік шығындар 62 107 961   79 619 964   17 512003        
Қаржыландыру шығындары 19 022 743   30 024 236   11 001493        
Басқа да пайда мен зиян 3 344 762   5 661 151   23 16 389       -1845915  
Салық салғанға дейінгі пайда (залал) 157 724 998     150 994742     -6 730256                
Корпоративтік табыс салығы бойынша шығындар 32 554 051     31 022 566     -1 531485         39 048 623     8 026 057    

 

4 кестедегі мәліметтерге назар аударсақ, өткізілген өнім мен көрсетілген қызметтердің өзіндік құны кәсіпорында өндірістік ресурстардың пайдаланылуын және нәтижелерін көрсетеді. Өзіндік құн 2012 жылы 16 %-ға өссе, 2013 жылы 5 % -ға өсіп отыр.

Жалпы пайдаға келетін болсақ, ол өнімнің өзіндік құны мен өткізілген өнімнен түскен табысқа тәуелді. 2012 жылы 255 100 643 мың тг-ге көбейсе, 2013 жылы 296 703 622 мың тг-ге жоғарылап отырғанын байқаймыз.

Өткізілген өнім мен көрсетілген қызметтер бойынша шығындар 2011 жылы 159 971 мың тг болса, 2012 жылы 193 391 мың тг, ал 2013 жылы 154 403 мың тг-ні құрап отыр. Яғни, шығындардың 2012 жылдан қарағанда 2013 жылы төмендеп отырғанын көріп отырмыз.

Әкімшілік шығындар 2012 жылы 28 %-ға, ал 2013 жылы 18 %-ға ұлғайып отыр.

 

Аталған мәселелерді шешу, компанияға пайдалылығы тұрғысынан дипломдық жұмысқа таңдалған тақырыптың себебін және өзектілігін анықтау.

Менің таңдап алған дипломдық жұмыс тақырыбым «Кәсіпкерлік қызметтегі қаржылық тәуекелді бағалау». Бұл тақырып бойынша мен өз дипломдық жұмысымда жазу барысында кәсіпорынның өтімділігін,төлем қабілеттілігін, Альтман моделі бойынша банкроттылық ықтималдылығын т.б. көрсеткіштерді есептедім. Сонымен қатар, қаржылық-шаруашылық қызметін реттеу арқылы кәсіпорынның болашақтағы табыстылығының артуын зерттеуім қажет. Таңдалған диплом тақырыбы қазіргі таңда өзекті тақырыптардың бірі болғандықтан, өзгертілген жоқ.

<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
Уголовная ответственность медицинских работников | Тема 2. Обратная решетка и периодическая функция


Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных