Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Техника қауіпсіздігі




Қабатты гидравлиалық жару ұңғыманың түптік аумағына әсер ету тәсілдерінің бірі болып келеді. ҚГЖ негізігі мақсаты болып өңдіріліп отырған қабатта бір немесе бірқатар жарықтарды ірі түйірлі құмның арқасында жасау болып табылады. Негізгі ерекшелігі жоғары қысымда жұмыс істейтін қондырғыларды қолдануда болып табылады.

4АН-700 сорапты агрегаттың барлық қауіпті жалғанған жерлері сәйкесті қоршаулармен жабдықталған. Олар қозғалмалы бөлшектерден 35 см қашықтықта орналастырылады. Станок – качалкалар 75 см жерден жоғары орналасқан сатылармен, қоршаулармен және алаңдармен жабдықталады, оларда тұтқалар болуы қажет. Егер де алаңның биіктігі көрсетілген биіктіктен жоғары болса, онда ол алаңға кірісінде ені 65 см – ден кем емес саты және тұтқа 1 м кем болуы керек.

Сағаны жабдықтамас бұрын қондырғыны беріктілікке сынайды. Паспорттағы келтірілген қысым бойынша, қондырылғаннан кейін, оны рұқсат етілгеннен аспайтын қысыммен сығымдайды. Су құбырларының фланцында қатайту сақиналары жоқ айдау скважиналарын жабдықтауда қорғану қаптамаларын орнатады.

Сағаның жабдықтарын бөлшектеу алдында арынды су құбырын ажырату қажет және «Ашпа» деген ескерту белгісін іліп қою қажет. Ысырмаларды, жапқыштарды, төсемелерді немесе қатайту сақиналарын ауыстыру кезінде фланцты қосылыстың ажырайтын бөлігінің алдында тұруға рұқсат етілмейді. Ысырмаларды штурвал кілтінің көмегімен ашып жабу керек.

Сағаны жабдықтағаннан кейін айдау құбырларын ҚСЖ кезінде қор коэффициентімен күтіліп отырған қысымға сығымдаймыз. Ол келесі кестеде көрсетілген.

Кесте 3.1 – Жұмыс қысымы кезіндегі беріктік қорының коэффициенті

Жұмыс қысымы, кгс/см2 Беріктік қорының коэффициенті
<200 1,5
200-560 1,4
560-650 1,3
>650 1,25

ҚСЖ кезінде ұңғыма сағасының және айдау құбырларының жанында тұруға рұқсат етілмейді. Манифольд блогының арынды коллекторы өлшеу – бақылау аспабымен (КИП) және сақтандырушы клапандарымен, сораптың кірісіне лықсымамен (сброс), ал айдау құбырлары – кері клапанмен жабдықталуы керек.

ҚСЖ қондырғыларын ұңғыма сағасынан 10 м қашықтықтан кем емес жерде орналастыруы қажет. Қондырғылар арасындағы ара қашықтық 1 м кем болмауы керек, ал олардың кабиналары ұңғыма сағасына қаратылмауы керек.

ҚСЖ терең – сорапты ұңғымаларда жүргізу алдында келесі шарттарды орындау қажет:

1) станок – качалканың жетегін сөндіру;

2) редукторды тоқтату;

3) Қозғалтқыштың қосатын қондырғысында «Қосуға болмайды! Адамдар жұмыс істеп жатыр!» деген плакат іліп қою керек.

Агрегаттарды іске қосуды тек қана агрегаттармен жұмыс істеуге қатысы жоқ адамдарды қауіпті аумақтан тыс шығартылғанда ғана (50 м) іске асыруға болады.

Агрегаттардың жұмыс істеуі кезінде оларды жөндеу немесе ұңғыма сағасында немесе құбырларда саға жабдықтарын бекіту жұмыстары жоспарланбайды.

Қысқы кезде ҚСЖ жұмысын уақытша тоқтатқанда, сынама айдаумен құбырларда тығындардың жоқ екендігін тексеру керек. Айдау құбырларын ашық отпен қыздыруға болмайды, оданда гөрі алдын – ала құбырларды жылу өткізбеумен оқшаулау керек.

Құм араластырғыш агрегаттарға қызмет көрсету кезінде – егерде бункерде тордың болмау жағдайында, онда құлау қаупі туады. Және де бункерге көтерілу үшін арналған сатыларда арнайы ұстағыш тұтқалары болмаса немесе алаңдарда қоршаулар дұрыс болмаса, онда биіктіктен құлау қаупі туады.

ҚСЖ кезінде ұңғыма сағасын арнайы арматурамен жабдықтайды, оның головка корпусында арнайы резиналы нығыздаушы және бастыратын металды сақиналар орналастырылған, олар құбыраралық кеңістікті саңылаусыздандыру үшін арналған.

ҚСЖ кезіндегі қысымды өлшеу және белгілеу үшін арматураға көрсететін және белгілейтін (регистрирующие) манометрлер қосылуы керек, олар импульсті трубкалар арқыры қауіпсіз арақашықтыққа шығарылады. Арматура агрегатпен арнайы құбырлар арқылы немесе жоғары қысымға төзімді шлангілермен жалғанады.

Қабатты сұйықпен жару кезінде қолданатын сұйықтықты тасымалдайтын автоцистерналарға қызмет көрсету кезінде және сұйықтықты агрегаттарға беру кезінде сораптағы дем алу клапанның, редукционды клапанның дұрыстығына, саты мен ұстағыш тұтқалардың дұрыстығына, және т.б. көңіл аудару қажет.

ҚСЖ қауіпсіз жүргізу үшін үлкен көңіл дайындық жұмыстарына бөлінеді. Ұңғыма маңындағы территория таза болу керек, жағдай болса жер бетін жазық ету керек. Жабдықтарды және құбырларды орнатуға кедергі жасайтын барлық заттарды алып тастау қажет, ұңғымаға келетін барлық жолдарды тазартып, қалпына келтіру қажет.

ҚСЖ кезінде қышқыл мен сілтілі ерітінділер қолданса, ұңғыманы қышқылмен өңдеу кезіндегі ережелерді қолдану керек, ал радиоактивті изотоптарды қолдану кезінде – радиоактивті заттармен және ионды сәулелену көздерімен ағымдағы санитарлы жұмыс істеу ережелерін қолдану қажет. Қышқылды тасымалдау кезінде, қышқылды ерітінділерді дайындау кезінде және де ерітінділерді ұңғымаға айдау кезінде жұмыс істеушілердің қышқылмен күюі мүмкіндігі туады.

ҚСЖ жұмысын жүргізу алдында жабдықтардың, сақтандырғыш құрылғылардың, өлшеу – бақылау аспаптарының, яғни қауіпсіздік техникасының барлық құрылғыларының дұрыстығын тексеру керек.

Қабатты сұықпен жару кезінде қуатты қондырғылар мен механизмдер қолданатындықтан, олардың жұмысы кезінде интенсивті шу пайда болады. Ол санитарлы мөлшерден 15-17 дБ артық болады, бұл процесстерді басқаруды қиындатады және күтілімсіз нәтижелерге соқтырады.

ВНИИТБ арнайы дыбысты жұтататын беттік маты ойлап тапқан, ол машинист кабинасында шуды 18-20 дБ төмендетеді.

ҚСЖ жұмысын аяқтаған кезде головкадан құбырларды айырғанға дейін, головкада кранды жауып, құбырларда қысымды атмосфералыққа дейін төмендету керек. Барлық жабдықтар қабатты жару кезінде қолданған ерітінді қалдықтарынан тазартылуы қажет. Ерітінді қалдықтарын тек қана өндірістік канализацияға, мұнай тұтқышына немесе ыдысқа (емкость) ағызуға болады.

Ұңғымаға үлкен қысыммен сұйықтықты айдау үшін арнайы сорапты қондырғы MERSEDES қолданады. Оларды пневматикалық және гидравликалық жүйелері сақтандырғыш құрылғылармен жабдықталған. Барлық қозғалмалы механизмдер металды қоршаулармен жабдықталған.

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных