Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Байланыс ақпаратты: Сарыарқа көшесі, 33




CИЛЛАБУС

 

KN 1109 «Құқық негіздері» пәні бойынша

 

5В130100 Жалпы медицина мамандығына арналған

 

Дәріс - 24 сағат

 

Тәжірибелік сабақ - 36 сағат

 

СӨЖ – 30 сағат

 

Емтихан – 1, 2 семестр

 

Барлық сағат саны - 90

 

Курс - 1

 

Семестр – 1,2

 

Астана 2015 ж.

1.6. Оқытушылар туралы мәлімет:

1. Дюсенова Алтыншаш Қаирқызы - аға оқытушы, 1994 жылы Целиноград қаласының Мемлекеттік Педагогикалық Институтын бітірген. Мамандығы-Тарих және құқық. Жалпы еңбек өтілі: 20 жыл, меңгерген тілдері: қазақ тілі, орыс тілі, неміс тілі, ағылшын тілі сөздікпен. Компьютерлік білімі –Word. Excel. Internet.

2. Мұқанова Айжан Болатқызы – оқытушы, 2010 жылы Көкшетау қаласында Ш.Уәлиханов атындағы Мемлекеттік Университетті бітірген. Мамандығы - заңгер. Жалпы еңбек өтілі: 4 жыл. Меңгерген тілдері: қазақ тілі, орыс тілі-еркін, ағылшын тілі -сөздікпен. Компьютерлік білімі –Word. Excel. Internet.

3. Ералина Мадина Кайратовна, оқытушы, 2012 жылы Қарағанды қаласында Е.А. Букетова атындағы Мемлекеттік Университетін бітірген. Мамандығы: заңгер. Жалпы еңбек өтілі: 1.5 жыл. Меңгерген тілдері: орыс тілі-еркін, қазақ тілі, ағылшын тілі -сөздікпен. Компьютерлік білімі –Word. Excel. Internet.

4. Усипбаева Ляззат Сагинбековна, оқытушы 2006 жылы Қазақ Гуманитарлық заң Университетін бітірген. Мамандыгы заңгер. Жалпы еңбек өтілі: 10 жыл. Меңгерген тілдери: қазақ тілі ана тіл; орыс тілі еркін; ағылшын тілі сөздікпен. Компьютерлік білімі –Word. Excel. Internet.

Байланыс ақпаратты: Сарыарқа көшесі, 33

7 қабат, ауд. 711, 713, 715

Телефон: 44-41-67

Электрондық мекен-жайы: astana – sudmed @ mail.ru.

Сайт: amu.kz

 

1.8. Пәннің саясаты:

Курстың бақылау әдістері: ағымдық, аралық және қорытынды бақылау, Бұл бақылау жұмыстары жеке және топтық жұмыс түрінде тәжірибелік сабақтарда, коллоквиумдарда, жағдайлық есептерді шешу және қорытынды емтихандарда жүзеге асырылады. Курстағы оқыту барысы: 24 сағат-дәріс, 36 сағат- тәжірибелік сабақ, 30 сағат СӨЖ.

Дәрістерге, тәжірибелік сабақтарға міндетті түрде қатысу, сабақтарға белсенді қатысу, дәрістердің болуы,СӨЖ бойынша тапсырмалар белгіленген көлемде міндетті түрде орындалуы тиіс.

Оқу барысында құқық негіздері бойынша мынадай талаптар орындалуы қажет:

1. Дәрістерге, тәжірибелік сабақтарға міндетті түрде қатысу.

2. Дәрістердің, тәжірибелік сабақтардың белгіленген уақытынан кешікпеу.

3. Сабақтарға медициналық халатпен, ауыстырып екінші аяқ киімін киетін киіп, қатысу керек.

4. Тәжірибелік сабақта Астана МУ АҚ анықтамалық жолдамасын және Құқық негіздері пәнінің силлабусын қолдану;

5. Студенттер дәрістер мен тәжірибелік сабақтардан қалған күндерін өз уақытында өтеу қажет.

6. Босатылған сабақтарды белгіленген уақытында өтеу.

7. Тәжірибелік сабақтарға қатыспаған студент коллоквиумға жіберілмейді.

8. Тапсырмаларды сабақтың басында тапсыруы тиіс.

8.1. Кешігіп тапсырылған тапсырмалар үшін бағалар төмендетіледі, бұл өз кезегінде қорытынды бағаға әсер етеді.

9. Сабақтарға белсенді қатысу.

10. Үй тапсырмаларын тиянақты орындау.

11. Тәжірибелік сабақтарға, СӨЖ үшін арналған әдістемелік нұсқаулықтардың міндетті түрде қағазға басылып шыққан нұсқасы болуы тиіс (электрондық нұсқауларында әкелуге болады).

11.1. СӨЖ тапсырмаларын уақытында тапсыру (СӨЖ қабылдау қорытынды рейтингті санауға бір апта қалғанда тоқтатылады).

11.2. СӨЖ міндетті түрде тапсыру саны - 5 тен кем болмау керек, егерде студенттің өз қалауы бойынша 5-тен аса СӨЖ тапсыруға рұқсат беріледі.

12. Тәжірибелік сабақтарда міндетті түрде ҚР Конституциясын қолдану қажет;

13. Дәрістердің конспектілерін дұрыс жазу;

14. Кафедрада тазалық ережелерін сақтау;

15. Оқу-әдістемелік жабдықтарды (тесттерді, әдістемелік нұсқауларды) ұқыпты қолдану;

16. Студенттер өз рейтингтерін есептеуді білуі.

16.1. Студент ай сайын өз рейтингін міндетті есептеуі қажет. Сонымен қатар студенттерге ескерту: барлық есептелген рейтингтер офис- регистратордың базасында болады, мәліметтер базасындағы рейтинг өзгертілмейді.

16.2. 50 % - ға дейін, яғни төмен пайызда ұпай алған студент емтиханға жіберілмейді.

17. Дәрістерде, тәжірибелік сабақтарда, СӨЖ барысында сөйлемеу, ұялы телефондарды өшіру, оқу тәртібін сақтау.

18. Оқытушылар мен топтастарымен ашық, ақ ниетті көңіл күймен араласып төзімді болу.

Жоғарыда аталған талаптарды студенттер орындамаған жағдайда төмендегідей айып-шаралар қолданылады:

1. Дәрістер мен тәжірибелік сабақтарға себепсіз келмегені үшін рейтинг -1 пайызға төмендетіледі.

2. Тәжірибелік сабаққа және аралық бақылауға 5 минут кешігіп келген жағдайда рейтинг 0,5 пайызға төмендетіледі. 3. Сабақ барысында өзін-өзі дұрыс ұстай алмайтын студенттің 2 пайызға рейтингі төмендетіледі (оқытушыға, топтастарына теріс мінез-құлық көрсету, жүріп-тұру, сөйлеу мәдениетін сақтамау, ұялы телефондарымен сабақ барысында ойын ойнаса). 4. Студенттер берілген тесттерді және әдістемелік нұсқауларды ұқыпты қолданбай, олар бүлдірсе заттарды орнына келтіру қажет. Мысалы: ксерокөшірмеден өткізіп, компьютер арқылы басып шығарып әкелу.

Бағдарлама

Кіріспе.

Қоғамның дамуындағы заңдылықпен құқықтық тәртіпті нығайтуындағы құқықтың рөлі маңызды. Қоғамдық қатынастар қандай түрінде реттелінеді және нормативтік актілерде құқықтық талаптарды орындамаған үшін қандай іс шаралар көзделеді, жалпы қоғамның ілгерілігі, қоғамның жаңа дәрежеге өсуі, елдің экономикалық өсуі.

2.2. Пәннің мақсаты:

«Құқық негіздері» пәнін оқытудың мақсаты студенттерге заң аясындағы негізгі теориялық ережелерді үйрету, заңмен жұмыс істеуге дағдыландыру, іс жүзінде туындаған жағдайлар барысында жөн тауып алған білімдерін іске асыруды үйрету.

Барлық мамандықтағы дәрігерлердің жұмысы құқық негіздерін білуді талап етеді. Әрбір дәрігер құқықтық тұрғыдан мәселелерді дұрыс шешуге дайын болуы қажет. Жұмыс барысында медициналық құжаттарды заң жүзінде дәрігердің өзі рәсімдеу қажеттілігі жиі кездесіп тұрады.

 

2.3.Оқыту мақсаттары:

- студенттердің құқықтық мәдениетін дамыту;

- құқыққа, заңға және құқықтық мемлекеттің әлеуметтік құндылығына қатысты мәдени-құндылықты қалыптастыру;

- құқықтық жағдайлар туындағанда теориялық талдау жасай білу қабілеттілігін дамыту;

- қағидалардың анықтамаларын білу және зерделеу;

- категориялар мен түсініктерді меңгерту;

- құқық саласының әртурлі нормаларын қолданып, талқылау дағдыларын қалыптастыру;

- студенттерге құқықтық мәдениеттің құрылымы бойынша бағдар беру;

- ҚР Конституциясында қарастырылған құқықтары мен міндеттерін үйрету;

- ҚР азаматтары мен болашақ мамандардың құқықтық тәрбиесі мен құқықтық санасының ролі мен маңызын оқу барысында қарастыру;

Студент білуі қажет:

- кәсіби мамандық жүйесіндегі тәртіптің орны мен рөлін;

- мамандық бойынша негізгі кәсіби бағдарламаны меңгеру барысында осы пәннен алған білімінің маңыздылығы туралы.

 

2.4. Пәнді оқытудың соңғы нәтижесі:

А. Студент білуі және түсінуі қажет:

1. Жеке тұлғаның құқықтарын қорғауға бағытталған заңдарды.

2. ҚР Конституциясы бойынша азаматтардың негізгі құқықтары мен міндеттерін.

3. Құқықтық терминологияны.

 

В. Студент өзінің білгенін және түсінгенін қолдануы қажет:

1. ҚР Конституциясының нормаларын, азаматтық, отбасы, еңбек құқығының нормаларын.

2. Құқықтық қатынастардың түрлерін және құқықтың жеке салаларын қолдану аясын анықтау.

3. Заңды жауапкершіліктің түрлерін білуіне байланысты жағдайлық есептерді сауатты шешу.

4. Берілген тақырып бойынша презентацияларды сауатты құрастыру.

 

С. Студент өз пікірін жеткізе білу керек:

1. Тестік тапсырмалар мен жағдайлық есептерді шешу барысында өзінің білімін қолдана білу керек.

2. СӨЖ тапсырмаларын дайындау барысында өзінің білімін қолдана білу керек.

3. Тақырыптың сұрақтарын түсіндіру, терминдердің мағыналарын түсіндіру, мысалдарды қолдана білу керек.

4. Өз пікірін жеткізу, ауызша және жазбаша жауап сауатты және логикалық құрастыра білу керек.

 

D. Студент коммуникативті дағдылармен иемдену қажет:

1. Пән аралық топтарында жұмыс істеу білу.

2. Озінің зерттеулерін немесе әдеби іздеулерінің қорытындыларын тәжірибелік сабақтарды ұсына білуі.

3. СӨЖ қорғауына шығармашылық әдістерді құрастыру.

4. Түрлі тапсырмаларды бірлесіп шешуге дағдылану (іскерлік ойын барысында, жұптасып жұмыс жасағанда, шағын топтарда).

 

Е. Студент оқуға қабілеттілігін көрсетуі қажет:

1. Әдістемелік нұсқаулықтар бойынша өз бетінше дайындалу сұрақтарына дайындалып жауап беру.

2. Құқықтық жағдайларды талдай білу.

3. Құқық бұзушылықтың және оларға заңды жауапкершіліктің түрлерін талдай білу.

4. Тақырыптық глоссарийлерді құрастыра білу.

5. Кейс-стадияларды құрастыра білу.

 

2.5. Реквизитке дейінгі:

Мемлекет пен құқықтың негіздері - құқықтық мемлекеттің тарихы, оның тәсілдері, мақсаттары.

Бұл пәнді тиімді меңгеру үшін тарих, философия, саясаттану және т.б. курстарының білімі қажет.

Осы пән мемлекет және құқық негіздерін қарастырады, сонымен қатар Қазақстан Республикасының мемлекеттік билікпен басқару органдары, сот жүйесінің құрылымын, бюджеттік жүйенің құрылымын, сондай-ақ азаматтық, отбасылық, еңбек, сақтандыру және жер құқығының құқықтық институттарының маңыздылығын қарастырады.

2.6. Реквизиттен кейінгі:

Медициналық мамандардың кәсіби қызметінің құқықтық негіздері- медицина қызметкерлердің мамандық және лауазымды міндеттері.

Қоғамдық денсаулық сақтау - денсаулық сақтаудағы түрлі мекемелердің басқару жүйесін оқып, денсаулық сақтау туралы заңнаманы терең зерделеу.

 

Экология – экологиялық заңдардың және денсаулық сақтаудың байланыстарын, экологиялық қауіпсіздікті бұзғаны үшін жеке және заңды тұлғалардың жауапкершілігі.

 

2.6. Пәннің қысқаша мазмұны:

Құқық негіздері пәніне мүліктік және процессуалдық құқықтың негізгі салалары, түрлі құқықтық қатынастардың мазмұны, құқықтық тәртіптің және заңдылықтың тәсілдері жатады. Бұл пән мемлекет пен адамның құқықтық байланыстарын, заң мен жауапкершіліктің түрлерін, олардың қолдану тәртібін қарастырады. Конституция бойынша құқықтары мен міндеттердің оқытуына, оның құқықтық қоғамдағы роліне ерекше көзқарас беріледі.

2.7. Тақырыптық жоспары (дәрістердің, тәжірибелік сабақтардың, студенттердің өзіндік жұмыстары).

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных