Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Темперамент типтерінің өзгеруі және адамның жеке басының мінез-құлқындағы көрінісі.




Жүйке жүйесінің типтері өзгеріп, дамиды. Бұл жәйтты И.П.Павлов өз еңбектерінде ерекше атап айтқан болатын. Жүйке жүйесі іс-әркеттің дамуымен өзгеруі тек оның табиғи типтерін ғана билеумен шектеліп қоймай, организм тіршілігі өзгерістерінің бәріне дерлік әсер етеді. Жоғары жүйке қызметтінде адамның шексіз- шетсіз жаңа байланыстар жасауға күшті қабілетті және пластикалық төзімді қасиетті болады.

Адам өмірінде жасалған уақытша байланыстардың тұрақты жүйесі оның қыллығына, іс-әрекетіне күрделі өзгерістер еңгізеді. Кісінің қоғамдық әлеуметтік көзқарастарының ұнамды қасиеттерін жетілдіріп дамытуына әсер етеді. Жеке адамның даралық өзгешілігі болып саналатын мінезі уақытша байланыстар жүйесі бойынша қалыптасады. Осы орайда, біз темпераменттің жүйке жүйесінің туа пайда болатын типтік қасиеті, ал мінездің адам бойында жүре пайда болатын психологиялық ерекшелік екеніне көз жеткіземіз. Балалар мен шәкәрттердің психикалық дамуында олардың мінез қырлары жетіліп, темперамент мінез құрамына қосылады.

Темперамент типтерін, жақсы, жаман деп ажырату дұрыс емес. Өйткені, әр темпераменттің жарамды, жарамсыз, ұнамды,ұнамсыз сипаттары болатындығна көз жеткіздік. Мәселен, ұстамсыз тип холерикті шапашаң қимылдап, істі жігерлі атқаруға баулу флегматиктен онай. Ал, флегматикті салмақты, сабырлы болуға үйрету холерикті үйретуден жеңіл. Сангвиниктің сергек, қайырымды қасиеттері, флегматиктің асықпайтын салмақтығы, холериктің жігерлігі, меланхоликтің ұзақ сақаталатын терең сезімі, темперамент типтерінің аса бағалы сипаттары болып саналады.

Темперамент ерекшеліктерінің ұнамды қасиеттерін баланың бойына сіңіру үшін оларды жасатайынан тәрбиелеп, мінез-құлықтарының жағымды қырларын қалыптастыру отыру- ата-аналардың, ұстаздар мен тәрбиешілердің борышы және қоғам алдындағы жауапты міндеті. Сондай-ақ, тәлім –тәрбие істерінде балалар мен шәкіртердің бойындағы темперамент типтерін хабардар болып, олардың даралық ерекшеліктерін ескеріп отырудың да маңызы зор.

Баланың типтік сипатын жақсы білу үшін флегматикті жұмыстың, сабақ кезеңдерінің басында қадалаған жөн. Дер кезіңде ескерілмей, назардан тыс қалған бала темпераменттің ұнамысз жақтары кімге болсада опық жегізуі мүмкін. Мысалы, Сангвиникті ісін бсатаған кезінен бақылауға алу керек. Олай етпеген жағдайда ол ауытқып кетуі мүмкін. Бала сабақ үстінде, үзіліс кезіңде тәртіпсіз қылық көрсететін болса, оның өзіңдік –даралық ерекшелігіне орай әр алауан әдіс тәсілдермен ықпал ету тиімді болмақ. Меланхоликке мұндай жағдайда ұстаздың суыққабақпен бірқарағанда жеткілікті. Алш холерикке байсалды үнмен қатааң ескерту жасау, қажет болғанда оны қайталауда керек. Тәлім –тәрбие істерінің басты мақсаты- шәкіртердің темпераменттерін типтерімен жеке танысып, олардың ұнамды қасиеттерінмен сапалы ерекшеліктерін дамытып отыру.

Тәлім тәрбие, өмір тәжірбиесі темперамент типтеріндегі кейбір қылықтарды дамытып, жағымсыз жақтарын тежеп отыруды талап етеді.

Темперамент типтеріндегі тәрбиелеуді баланың ерік-жігерін, мінез бітімін, сезім эмоцияларын дамыту мен ұштастыра жүргізген тиімді болмақ. Ерік жігері күшті адамның өз темпераменттің тәрбиелеп, ұнамды сипаттарын жетілдіруі оңай.

Темперамент адам психологиясының бүкіл дерлік мазмұн мәнін құрай алмайды. Өмір тіршілігінде адамның темперамент сипаттары өзгеріп, жаңа сапаларға ие болып отырады. Әрбір адамның темпераментті оның психикалық әрекетінің сыртқы көрінісінде із қалдырғанымен, ақыл - ойының, дүниетанымының әдістеріне елеулі әсер ете алмайды. Өйткені, темперамент – адамның дара психологиясының өзіңдік бір сипаты ған а.

Негізгі әдебиеттер:

1.Сәбет Бап-Баба Жалпы психология Алматы., 2003ж

2.Жарықбаев Қ. Жантану негіздері Алматы., 2002ж.

3.Жалпы психология. //В.В. Богословский т.б. редакциясымен/ Арнаулы редакторы Қ. Жарықбаев / Алматы: Мектеп. 1980.

4.Жарықбаев Қ. Психология. Алматы: Білім. 1993.

5.Тәжібаев Т. Жалпы психология. Алматы: Қазақ университеті. 1993.

6.Темірбеков А., Балаубаев С. Психология. Алматы: Мектеп. 1966.

7.Аймауытұлы Жүсіпбек. Психология. Алматы: Рауан. 1995.

8.Алдамұратов Ә. Жалпы психология. Алматы: Білім. 1996.

Қосымша әдебиеттер:

9..Немов Р.С. Психология. Москва: Просвещение, Владос.

Книга 1. Общие основы психологии. 1999.

10..Итбаев Н.И. Жалпы психология. Ақмола., 1992.

11.Мерлин В.С. Очерки и теории темперамента. М., 1964


 

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных