Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Бюджет балансы мен тапшылығы.




Әр бюджетте оның кіріс және щығыс бөлігін теңестірген, яғни баланстаған дұрыс. Баланс – бұл тепе-теңдік, бюджетті жасаған кезде негізгі мәселе мемлекеттің ақшалай түсімдері мен шығыстарының осындай жай-күйіне жету болып табылады. Кірістердің шығыстардан, яғни бюджетке түсетін түсімдердің жалпы сомасының шығыстардың және қайтарымды негізде бөлінетін кірістердің ауқымынан асып түсуі бюджет артығын – профицитін құрайды. Ол мемлекеттік борышты өтеуге бағытталаған немесе бюджеттік қаражаттардың бос қалдығын құрауы мүмкін. Мұндай қажеттілік болмаған жағдайда бұл қаражаттарды пайдалану туралы шешімдері тиісті әкімшіліктер қабылдайды. Шығыстар кірістерден асып түсуі мемлекеттік бюджет тапшылығына әкеледі. Тапшылықтың едәуір әрі тұрақты болуы қаржының дағдарыстық жай-күйін сипаттайды.

Бюджет тапшылығы экономиканың жай-күйін қамтып көрсетеді, ал оның болуы мына себептерге байланысты:

1) елдің экономикасында өндірістің жалпы құлдырауы;

2) қоғамдық өндіріс шығындарының өсуі;

3) айналысқа тауар жиынымен жабылмайтын ақшаны шектен тыс шығару;

4) бюджеттің шығыстарында экономиканың даму деңгейіне сәйкес келмейтін едәуір әлеуметтік шығыстардың басымдылығы;

5) әскери-өнеркәсіп кешенін ұстауға жұмсалатын әскери шығыстарды, басқару шығыстарын қаржыландырудың қомақты ауқымы;

6) «көлеңкелі» экономиканың ірі ауқымды айналымы;

7) ұлттық шаруашылықтағы өнімсіз щығыстар мен ысыраптар.

Бюджет тапшылығын төмендету әдістері:

1) шығыстар тұрақты, кірістер өседі;

2) кірістер тұрақты, ал шығыстар азаяды;

3) кірістер өседі, ал шығыстар азаяды (тапшылық 2 еседен жылдамырақ төмендейді).

Тапшылықты қаржыландыру –оны жабу үшін қосымша ақша қаражаттарын іздестіру.

Бюджет тапшылығын қаржыландырудың жолдары:

1) Ақша белгілерін шығару;

2) Мемлекеттік қарыздар;

3) Шетелдік қарыздар;

4) Ұлттық байлықты пайдалану.

Бюджеттің кірістерін көбейтуге, шығыстарын қысқартуға, тапшылықты реттеуге, басқа экономикалық дағдарысқа қарсы шараларды әзірлеу және дәйекті іске асыру мемлекеттің қаржы қаржы жағдайын тұрақтандыруға жағдай жасайды, яғни елдің әлеуметтік экономикалық дамуына жәрдемдесетін болады.

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных