ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Негізгі абиотикалық факторларға жарық, температура және ылғалдылық жатады.Жарық. Белгілі француз астрономы К. Фламмарион (1842-1925) «Біздің планетамызда жүрген, қозғалған, өмір сүретін нәрселердің барлығы күннен жаралған»- деді. Биосферадағы ең маңызды процесс-фотосинтез тек жарықта ғана жүзеге асырылады. Альбедо-әр түрлі денелердің бетінің шағылыстыруға қабілеті. Ол радиацияның жалпы мөлшерінен пайызбен шаққандағы мөлшері. Экологиялық фактор ретінде жарыққа қатысты өсімдіктердің төмендегі топтарын бөліп көрсетуге болады.: гелиофиттер сциофиттер және көлеңкеге төзімді өсімдіктер. Температура. Тірі ағзалардың жер бетінде таралуын анықтайтын факторлардың бірі- температура. Жылудың тек абсолюттік мөлшері ғана емес, сондай-ақ оның уақыт бойынша таралуы, яғни жылулық режим маңызды болып табылады. Бергаман ережесі (1847 ж.) бойынша түрдің немесе біртекті жақын түрлердің тобында дене мөлшері ірі жылықанды жануарлар анағұрлым салқын аудандарда таралған. Термодинамика тұрғысынан ағзаның жылуды жоғалтуы оның салмағына емес, бетінің ауданына тура пропорционал болады. Неғұрлым жануарлар ірі және денесі шағын болған сайын оған тұрақты температураны ұстап тұру жеңіл. Ал неғұрлым жануар ұсақ болса, оның салыстырмалы ауданы жоғары және жылу жоғалтуы да, зат алмасу деңгейі де, энергия жоғалтуы да жоғары. Аллень ережесі (1877ж.) бойынша дене температурасы тұрақты жануарлардың салқын климаттық белдеулерде денесінің шығыңқы бөліктері кішірейеді. Мысалы, экологиялық жағынан бір-біріне жақын түрлердің құлақтарының мөлшерін салыстырсақ, тундарда мекендейтін поляр түлкісінің құлағы кіші, қоңыржай белдеуде мекендейтін кәдімгі түлкінің құлағы орташа, Африка шөлдерінде мекендейтін фенектің құлағы өте үлкен. Ылғалдылық. Су тірі ағзалардың өмірінде маңызды экологиялық факторы және олардың тұрақты құрам бөлігі болып табылады. Ылғалды қажетсінулеріне қарай өсімдіктер төмендегідей топтарға бөлінеді: гидатофиттер, гидрофиттер, гигрофиттер, мезофиттер, ксерофиттер. Сонымен, мекен ету ортасында тірі ағзаға әсер ететін экологиялық факторлардың көптүрлігіне қарамай, олардың ағзаға әсер ету сипаты мен тірі ағзалардың жауап ретінде беретін реакциялары бойынша бірқатар жалпы заңдылықтарды көрсетуге болады. Либихтің минимум заңы, Шелфордтың толеранттылық заңы және т.б. Фотопериодизм –күннің ұзақтығына жауап беру реакциясы. Өсімдіктер өз денесінің әрбір грамын түзу үш 200—800 грамга дейін су жұмсайды. Фотосинтезге қажетті заттарды өсімдіктер топырақтан, судан және ауадан алады. Мұндай жылдамдықпен бейорганикалық табиғаттан тірі заттарға қажетті биогенді элементтердің ағзасы жүріп отыратын болса, Жердегі олардыц қорыәлдеқашан таусылар еді. Бірақ, биогенді элементтердің үнемі қоршаған ортаға қайтарылып отыруы байланысты, өмір жалғасып келеді. Биоценозда түрлердің арасындағы қоректік қатынастардың нәтижесінде өсімдіктер синтездеген органикалық заттар өсімдіктер қайта пайдалана алатын қосылыстарға дейін ыдырайды. Бұл процесс биологиялық зат алмасу деп аталады. Биоценоз қоршаған ортамен заттық энергиялық байланыссыз тіршілік ете алмайды. Экожүйеде төмендегі төрт негізгі құрам бөлік болған жағдайда ғана зат алмасуды қамтамасыз ете алады. Олар - биогенді элементтердің қоры, өндірушілер, консументтер және редуценттер. Тірі ағзалардың қоректену типтері мен энергиялық зеттеу механизмдер. Қоректену өдісіне байланысты барлық ағзаалар автотрофтар және гетеротрофтар болып бөлінеді. Автотрофтар (грек тілінен аударғанда autos -өздігінен бейорганикалық заттардың органикалық заттарға айналуын жүзеге асырады (жасыл өісімдіктер мен көптеген микроорганизмдер). Гетеротрофтар (грек тілінен аударғанда heteros әр түрлі) — дайын органикалық заттармен қоректенеді (жоғары сатыдағы паразит өсімдіктер) Кұлақтар, кейбір микроорганизмдер, барлық жануарлар мен адам). Аралас қоректену әдісі тән тірі ағзаларды II. ІІфеффер миксотрофтар (агылшын тілінен аударғанда шіх — араластыру) деп атады. Бейорганикалық заттарды органикалық затқа айналдыру механизмі бойынша автотрофтарды фототрофтар мен хемотрофтарға бөледі. Фототрофтар (фотосинтез) - жасыл өсімдіктер, көк жасыл балдырлар. Хемотрофтар (хемосинтез) - күкірт бактериялары Дж. М. Андерсонның қазіргі кездегі жүйеленулеріне сай гетеротрофтарды үш категорияға бөледі: некротрофтар, биотрофтар мен сапротрофтар. НекроТрофтар (грек тілінен аударғанда nekros — өлді} қоректену объектісін өлтіреді (адам, жыртқыш). Биотрофтар (грек тілінен аударғанда biosis — тірі) басқа тірі Оалар есебінен қоректенетін агзалар (паравиттвр). Сапротрофтар (грек тілінен аударғанда sapros -өлі ) өлген органикалық затпен қоректенеді. Жерде пайда болған алғашқы ағзалар гетеротрофтар болған, егер автотрофтар пайда болмағанда олар өзін-өзі жойып жіберетін еді. Осы топтардың пайда болуы қарапайым зат алмасудың болуына мүмкіндік береді. Автотрофтар органикалық затты синтездейді, ал гетеротрофтар оларды пайдаланады Бұл процестің барысында органикалың заттың ыдырауы жүреді. Егер ыдырау өнімдердің қайтадан автотрофтар пайдаланса, онда экожүйедегі ағзалар арасында зат пен энергия айналымы түзіледі. Күн энергиясын пайдалана отырып атмосфера, су және топырақ заттарынан өсімдіктер органикалық қосылыстар түзеді. Бұл қосылыстар өсімдіктер үшін құрылыс материалы болып табылады. Олардан өсімдіктердің ұлпалары құралады және олар өсімдіктердің тіршілік функцияларын қамтамасыз ететін энергия көзі болып табылады. Гетеротрофтар органикалық заттарды бастапқы компоненттерге: көмірқышқыл газы (IV), су, нитраттар, фосфаттар және т.б. дейін ыдырата отырып, оларда қорға жиналған химиялық энергияны босатып шығарады. Экожүйедегі агзалар трофтық (қоректік) байланыстарына қарай өндірушілер, консументтер мен редуценттерге бөлінеді. Өндірушілер (бірінші ретті өнімді өндірушілер) -автотрофты агзалар — планеталық бүкіл тірі дүниесін органикалық затпен қамтамасыз ететін жасыл өсімдіктердің жинағы. Консументтер (латын тілінен аударғанда consumo -пайдалану) — гетеротрофты ағзалар, өндірушілер түзген органикалық заттармен қоректенеді. Оларга жануарлар, микроорганизмдердің көпшілігі, бунақдене қоректі өсімдіктер жатады. Консументтер бейорганикалық заттардан органикалық зат түзбейді, бірақ бір органикалық затты басқа затқа айналдырады. Редуценттер (латын тілінен аударганда reduceus, - қалпына келтіруші, деструкторлар) органикалық заттарды ыдыратушы және оларды бейоргаыикалық заттарға айналдырушы ағзалар. Редуценттерге бактериялар, саңырауқұлақтар, сапрофагтар, копрофаттар, некрофаттар және т.б. жатады. Олар заттардың биологиялың айналымының соңғы звеносы болып табылады.
Өзін өзі тексеру сұрақтары: 1. Негізгі тіршілік ету орталары қандай? 2.Фотопериодизм не? 3.Топырақта тіршілік ететін оргнизмдерді қалай атайды? 4. Тірі ағзалардың қоректену типтері мен энергиялық зеттеу механизмдері қандай? 5.Автотрофтар дегеніміз не? 6.Фототрофтар дегеніміз не? 7.Гетеротрофтар дегеніміз не? 8.Хемотрофтар дегеніміз не? 9.Редуценттер дегеніміз не? № 3 дәріс. (2 сағат) Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|