Қауіпті заттың не заттар тобының аты
| Қауіпті заттардың көзі
| Ағзаға тигізуі мүмкін әсері
| Қауіпті заттардан қорғауға нұсқаулар
|
1. Ауыр металдар (Hg, Pb, Cd, As, Cu, Zn, Mn, Co, және т.б.)
| Бояулар, шайынды сулар, қалдықтарды жағу, сынапты шамдар, автомашиналардың газдары, жасанды мата, пластмасса.
| Cd – қаңқада өзгерістер, бұйрек аурулары;
As -терінің қатерлі ісігі;
Hg - жүйке жүйесін зақымдайды;
Pb - бүйрек, бауыр аурулары.
| Ауыз суды тазалғыш фильтрден өткізу; суда еритін бояуларды пайдалану, көліктерді қорғасыннан тазартылған бензинмен қамтамасыз ету.
|
2. Ұшқыш органикалық қосылыстар
| Еріткіштер, тазалағыш құралдар, дезинфекциялаушы заттар, бояулар, желім, пестицидтер, ағаш сүрегінің консерванттары
| Хлорлы еріткіштер – қатерлі ісіктер, ісіктер
Галогенді көмірсулар – жүйке және жүрек тамыр жүйесін, бүйрек, бауырды зақымдайды иммунитетті төмендететін диоксиндердің организмде түзілуі, кемістіктер мен мутациялар туғызады
| Қауіпті заттардан бас тарту, жақсы желденетін бөлмеде жұмыс істеу.
|
3.Формальде
гид
| Пресстелген плиткалар, желім, кілемді жабыңдар
| Тыныс алу мүшелерінің ауруы қатерлі ісік, бас айналу
| Формальдегидті жақсы сіңіретін бөлме өсімдіктерін өсіру, қабырғаларға шлак (табиғи смола) жағу
|
4.Пестицид
тер
| Пестицидтердің барлық түрлері
| Ағзалардағы көптеген заттармен реакцияға түсіп,белгісіз қосылыстар түзуі мүмкін
|
|
5. Жану өнімдері (СО, NO26 CO26 SO2 және т.б.)
| Темеке түтіні, газ плиталары, автомобильдердің газдары
| Тыныс алу жүйесі мүшелерінің аурулары, қатерлі ісіктер, бас ауруы
| Темекіден бас тарту, мөлмелерді жақсы желдету, автокөлік жұмысын бақылау
|
6. Шаң
| Дизельді транспорт, жылу электростанциялары, қалдықтарды жағу, тазартқыш құралдары жоқ өндіріс орындары
| Аллергия, тыныс алу мүшелерінің аурулары
| Ылғалды тазарту, желдеткіштерге торлы перделер тұту, бұзылған шаң сорғыштарды пайдаланбау
|
7. Асбест
| Құрылыс материалдары, жылу изоляторлары
| Аллергиялар, тыныс алу жүйесінің аурулары, қатерлі ісіктер (10 – 30 жылдан кейінгі эффект)
| Асбесті тор материалдарды арнайы пленкалармен қаптау
|
8. Ауру туғызушы бактериалар
| Ластанған және шаңданған бөлмелер
| Асқазан, ішек аурулары
| Сабынды ыстық сумен жуу, азық-түлікті жабық ыдыста сақтау, тоңазытқыштарды пайдалану
|
9. Күн сәулесінің жетіспеуі
| Қалалар ауасының ластануы, күн тәртібінің (режим) дұрыс болмауы
| Д витаминінің жетіспеуі
| Таза ауада серуендеу
|
10. Радиация
| Құрылыс материалдары, ядролық қаруды сынау, авариялар
| Қатерлі ісік аурулары
| Бөлмелерді желдету, таза азық-түлікті пайдалану, и ммунитетті күшейту.
|