Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Азақстан Республикасында конституциялық заңдар мен конституционализмнің қалыптасуы




Конституциялық құқықты үш тұрғыда қарастырамыз: құқық саласы ретінде, ғылым саласы ретінде және оқу тәртібі ретінде.

Құқық саласы ретінде Қазақстан Республикасының конституциялық құқығы – бұл қоғам мен мемлекеттің құрылысының негіздерін, атап айтсақ Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысының негіздерін, Қазақстан Республикасындағы жеке адамның құқықтық жағдайының негіздерін, Қазақстанда мемлекеттік биліктің ұйымдастырылуы мен қызметінің қағидаларын, ҚР сайлау құқығы мен сайлау жүйесін, жергілікті мемлекеттік және өзін-өзі басқару негіздерін реттеп, бекітетін нормалардың жиынтығын білдіретін ұлттық құқықтың бір саласы.

Конституциялық құқықтың реттеу пәні – бұл конституциялық құқық нормаларымен реттелетін жоғарыда көрсетілген қоғамдық қатынастар жиынтығы, ал конституциялық құқықтың реттеу тәсілдері – бұл конституциялық құқық нормаларының оның пәні болып табылатын қатынастарды реттеп, бекітетін амал, әдістері. Олар: тану тәсілі, құқық беру тәсілі, міндеттеу және тиым салу тәсілдері.

 

Конституционализм -

a) бастапқыда - саясатта, мемлекеттік құқықтағы конституциялық монархияны ең қолайлы басқару түрі ретінде мойындайтын бағыт;

ә) негізгі заңның (конституцияның) әліппесін немесе жоғары заңдық күші бар мемлекеттің аса маңызды заңдар жинағын, конституциялық процедуралар мен ұстанымдарды қатаң ұстану принципі; заң билігі үстемдік құратын тәртіп, яғни мемлекеттік органдар өз бетінше емес, құқықтық ережелерге сәйкес әрекет етеді;

б) саяси билік құрудың үстем қағидаты мен құрылымы ретінде заң билігін жақтайтын саяси ойдың бағыты. Ағылшын-саксондық саяси дәстүр конституционализм мен конституциялық басқару жүйесін теңдестіреді. Роман-германдық саяси дәстүрде конституционализм ұғымының баламасы "құқықтық мемлекет" ұғымы болып табылады.

 

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных