Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Азақстан Республикасы жергілікті өкілді органдар депутаттарын сайлауын ұйымдастыру және өткізу




Жергiлiктi өкiлдi органдар - мәслихаттар тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстегi халықтың еркiн бiлдiредi және жалпымемлекеттiк мүдделердi ескере отырып, оны iске асыруға қажеттi шараларды белгiлейдi, олардың жүзеге асырылуын бақылайды. Мәслихаттар мынадай деңгейлерде құрылады:

- облыс (республикалық маңызы бар қала, астана);

- қала (облыстық маңызы бар қала);

- аудан.

Мәслихаттарды тиісті аумақтың (облыс, астана, республикалық маңызы бар қала, облыстық маңызы бар қала, аудан) халқы жалпыға бірдей, төте, тең сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы 5 жылға сайлайды.

Мәслихат депутаттарының саны “Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы заңына сәйкес мынадай шектерде белгіленеді:

- облыстық мәслихатқа, Астана және Алматы қалаларының мәслихаттарына - 50-ге дейін;

- қалалық мәслихатқа - 30-ға дейін;

- аудандық мәслихатқа - 25-ке дейін.

Депутаттар санын аталған шектерде Орталық сайлау комиссиясы белгiлейдi. Бұл сандар тиісті мәслихатқа сайланатын депутаттар санының жоғарғы шегі.

Тиісті ережеге сәйкес мәслихатқа сайланатын депутаттардың санын белгілеу кезінде мынадай ереже пайдаланылады:

Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы белгiлеген оның депутаттары жалпы санының кемiнде төрттен үшi сайланған жағдайда мәслихат заңды болып есептеледi.

Мәслихаттың өкiлеттiгi бiрiншi сессия ашылған кезден басталады және жаңадан сайланған мәслихаттың бiрiншi сессиясының жұмысы басталғанда аяқталады. Әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiс қайта ұйымдастырылған (бiрiккен, қосылған, қайта құрылған, бөлiп шығарылған немесе бөлiнген) жағдайда жаңадан сайлан-ған мәслихат сессиясының жұмысы басталғанға дейiн мәслихат депутаттары өз өкiлеттiгiн сақтайды және құрамына өз сайлаушыларының басым бөлiгi кiрген, қайта ұйымдастырылған мәслихаттардың депутаттары болып табылады. Ал, әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiс таратылған жағдайда тиiстi мәслихат таратылады.

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных