Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Орта ғасыр христиан философияның ағымдары номинализм, реализм




Орта ғасырлық Еуропада бір дін – христиандық (оның католиктік тармағы), бір шіркеу (рим епископы – пап басқарған), бір тіл (латын) үстемдік құрды.Орта ғасыр философиясының басты ерекшелігі – дінге арқа сүйеп, дінге тәуелді болғаны, діннің сойылын соққаны. Философияның мұндай кіріптар хәлін әдебиетте «философия – Құдай сөзінің қызметшісі» деген формуламен білдіреді.Орта ғасыр философиясының басты нысаны – Құдай болды: теоцентризм (грекше theos - Құдай деген сөзден шыққан). Құлиеленушілік қоғамнан кейін, оның орнына Еропа елдерінің барлығында жуық дерлік феодалдық қоғамдық қатынастар қалыптасып, христиан дінінің кең етек алуына байланысты орта ғасыр философиясын негізгі үш кезеңге бөліп қарастырады. Б.д. ІІ ғ. бастап, алғашқы христиан ойшылдарының ілімдерін жинақтап, кейін апологетика деп аталып кеткен діни-философиялық бағыттар пайда бола бастады. Негізгі өкілдері: Юстин Мученик, Тациан,Тертуллиан Квинт Септимий Флоренс т.б. Олардың ойынша барлық нақтылықтың денесі бар. Құдай –нақтылық. Демек, құдайдың да денесі бар. Апалогетиктер христиан дінінің өнегелік қағидаларының артықшылығын ескере отырып, оны мемлекеттік дінге айналдыру керек деген идеясы, құдайдың мәні мен табиғаты, әлемнің жаратылуы, адам табиғаты және өмір сүру мақсаты туралы көтерген мәселелері орта ғасыр философиясының келесі сатысы-патристика, схоластика кезеңдерінде өз көріністерін тапты.Патристика (лат.Pater-әке) деп шіркеу әкейлерінің діни философиялық ілімдерін айтады (3-6ғ.). Негізгі өкілдері: Климент Александрийский, Майлондский, А.Блаженный. Мысалы, Августиннің көтерген басты мәселесі христиан дінінің артықшылығын дәлеудеу арқылы, шіркеудің жанды билеуге құқықтығы және ол-аспан мен жер арасын байланыстырушы деген сияқты идеяларды дәлелдеу үшін манихеялық, скептицизмдік философиясының схоластика деп аталған кезеңі Европа тарихында 600-700жылдай уақытты қамтиды. Осы кезеңдегі философиялық ілім «схоластика» (лат. Scholostica — мектептік ілім) деген атаққа ие болып, негізгі үш кезеңнен өтті:1.Балауса схоластика (ІХ-ХІІ ғасырлар).Негізгі өкілдері: А.Кентерберийский, Пьер Абеляр. Бұлар ақыл –ой әрекетінің жемісі мен құндылығын түсінуді, универсалийлерге (лат.Unuversalia-жалпылық) байланысты пікірталас негізінде ақыл-ойға діни сенімнің үстемділігін жүргізуді және сол үстемдіктің заңдылығын дәлелдеуді өзіне мақсат қойған схоластикалық тәсілді қалыптастырды.2.Кемеліне жеткен схоластика(ХІІІ ғасыр). Аритотельдің еңбектері латын тілінде болса да, көшілік арасына тарап, ғылым мен философияның теологиядан бөлініп (Әл – Фараби мен Ибн- Рушдтың «екі ұдайы ақиқат теориясы» негізінде), философиялық-теологиялық ілімнің қалыптасып, кең етек алған кезеңі болды. Негізгі өкілдері: Ф.Аквинский, Д.Скотт. 3. Құлдырау кезеңі (ХІҮ –ХҮ ғасырлар). Шынайы ғылыми және философиялық ойлардың тез қарқынды дамуының арқасында теологияның тек бедел мен атаққа табынған, тәжірибеден, өмірден алшақ, керенаулық сарыны басым мистикалық ілімге айналуына байланысты схоластиканың әлсіреген кезі болды. Негізгі өкілдері: Уильям Оккам, Жан Буридан т.б.Схоластикалық тәсілдің негізін қалаушы және қорғаушы француз теолог – схоласты, философ Пьер Абеляр (1079-1142 ж.) болды. Негізгі еңбегі: «Бар және жоқ».






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных