Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Француз және ағылшын ағартушыларының философиялық ойлары




Монтескьенің философиялық көзқарастары

Шарль Луи де Монтескье (1689-1775 жж.) француз ақсүйектерінің семьясында дүниеге келеді. Сол кездегі беделді оқу орындарында оқып, білім алады.

Негізгі еңбектері: «Персиялық хаттар», «Заңдардың рухы жөнінде», «Римдіктердің өрлеуі мен құлдырауының себептері».

Өзінің ең алғашқы «Персиялық хаттар» атты еңбегінде Монтескье монархиялық тәртіпті, ақсүйектердің дүние шашуын, діни қызметкерлердің екіжүзділігін айыптап, сынға алады, оларды Шығыстағы «Азиаттық деспотиямен» салыстырады.

Әсіресе ол христиан дінін қатты сынайды. Христиан діні сүйіспеншілік діні болуға тырысқанымен, өзінің тарихында талай-талай қақтығыс пен соғыстарды әкелді. Христиандарда ақылға сыймайтын мәселелер көп: оларға үш бірмен тең, жеп отырған нандары - нан емес, ішкен шараптары - шарап емес т.с.с. Бірақ ол христиан дінін сынағанмен, Құдай идеясын толығынан теріске шығарған жоқ. Ол бұл мәселе бойынша деистік көзқараста болды. Құдай өзінің құдіретті күшінің негізінде табиғатты және оның заңдылықтарын тудырды, ал содан кейін Ол табиғаттың әрі қарай өмір сүруіне килікпейді. Екіншіден, ол дінге гуманистік-өмірлік бағыт бергісі келді. Мысалы, оның ойынша, егер Құдай дінді адамдарға ізгілік үшін берсе, онда адамдардың осы Дүниедегі бақытқа ұмтылуы күнә емес. Егер Құдай адамдарды сүйсе, онда адамдар да бір-бірін сүюі керек, бір-біріне бақытқа жету жолында көмектесуі қажет.

Монтескье өз заманының күрделі мәселелерін терең түсіну үшін адамзат тарихына үңіліп, «Римдіктердің өрлеуі мен құлдырауы жөнінде» деген еңбегін жазады. Мұнда оның тарих философиясын байқаймыз. Ол тарихты діни жолмен түсіну (христиандық провиденциализм), я болмаса оны нешетүрлі кездейсоқтық уақиғалардың жиынтығы ретінде қараудан бас тартады. Оның ойынша, «әрбір мемлекеттің өрлеуі мен құлдырауының, күшеюі мен әлсіреуінің жалпы рухани және физикалық себептері бар».

Көне замандағы Римдіктердің өрлеп, күшеюін Монтескье азаматтық құндылықтардан, адамдардың өздерінің жеке мүдделерінен гөрі қоғамның жалпы мүддесін жоғары қойып, соны жан-тәнін салып қорғауға тырысқанынан көреді. Ал мұндай патриоттық, азаматтық құндылықтардың өзі саяси бостандықтың, республикалык басқару жүйесінің болуымен байланысты.

Монтескьенің «Заңдардың рухы жөнінде» деген еңбегінде ойшылдың әлеуметтік-философиялық көзқарастарын байқаймыз. Қоғамның өмір сүруі мен дамуын Монтескье заңдардың сапалы-ғымен байланыстырады. Егер белгілі бір қоғамның ерекшелігін түсінгіңіз келсе, онда сол елдегі қабылданған заңдарды зерттеңіз. Қоғам жөніндегі мұндай түсінікті жүре келе ғалымдар «заңдық көзқарас» деп атап кетті.

Монтескье қоғамдағы заңдарды екіге бөледі. Біріншіден, ол -«табиғи заңдар», олар адамның биологиялық табиғатынан шығады. Екіншіден, әлеуметтік заңдар.

Табиғи заңдардың негізгісі - өмір сүру, ол үшін азық табу керек. Егер Т.Гоббс ол үшін адамдар тартысқа түсіп, «бәрі бәріне қарсы соғысады деген болса, Монтескье, керісінше, жалғыз адам әлсіз болғандықтан басқалардан көмек іздейді, басқалармен бейбіт өмір сүруге тырысады деген пікірге келеді. Сонымен біз Монтескьенің адам алғашқы сатысынан бастап, әлеуметтік пенде болды деген ойда болғанын көреміз.

Қоғам өміріндегі қайшылықтардың пайда болуының негізінде адамның басқалардың есебінен пайда табу ұмтылысы жатыр. Ал мұның өзі адамдардың қарым-қатынасын заңмен ретке келтіру керектігін туғызып, дүниеге мемлекет келеді.

Монтескье құқтың үш түрін анықтайды. Бірінші, халықаралық құқтар - мемлекет, халықтар арасындағы қарым-қатынастарды ретке келтіреді.

Екінші, саяси құқтар - мемлекеттегі басшылар мен халықтың арасындағы қатынастарды ретке келтіреді.

Үшінші, азаматтық құқтар - адамдардың өзара қатынастарын ретке келтіреді.

Монтескье мемлекетті басқарудың үш түрін анықтайды. Олар республика, монархия және деспотия.

Деспотиялық басқару ешқандай заңдылықты мойындамайды. Оның өзі елді бақытсыздыққа әкеліп, неше түрлі зорлық-зомбылыққа жол береді.

Республикалық басқару саяси заңмен бекітілген бостандық-тардың негізінде іске асады.

Монархиялық басқару жүйесі жоғарыда көрсетілген басқару-лардың екі ортасында орналасқан.

Монтескьенің саяси философиясындағы жасалған және бүгінгі таңға дейін өзекті жаңалығы - ол мемлекет билігін бөлу идеясы.

Шынайы саяси бостандық болу үшін республика, я болмаса монархия басқару жүйесінде заң беру, атқару және сот биліктері бір-бірінен бөлінуі қажет.

- Ал енді «заңдардың рухына» келер болсақ, олардың әрбір елдердегі ерекшеліктері көп жағдайлармен байланысты. Олар: жердің күнарлығы, ауа райы, таулы-жазықтығы, әдет-ғұрыптар, діни сезімдер, халықтың саны мен материалдық хал-ахуалы, заң өсрушілердің мақсаты, саяси биліктің, елдегі жалпы тәртіптің көріністерімен байланысты, - деп қорытады ұлы ойшыл.

Мұндай көзқарасты әдебиетте «географиялық детерминизм» (себептілік) деп айтады. Өйткені жоғарыда көрсетілген жағдайлар-дың ішіндегі негізгілері деп, ол «жердің құнарлығын, ауа райын жәнее таулы-жазықтығын атайды.

Мысалы, ыстық ауа райы адамдарды әлсіретіп, енжар қылады, ал суық ауа райы ой мен дененің күшеюіне, олардың өмірге деген қажырлы еңбегіне, ұлы істерді жасауға мүмкіндік береді. Сондықтан ыстық ауа райында өмір сүретін халықтар құлдыкқа келді де, суық жерде өмір сүретін халықтар өздерінің бостандығын сақтап қалды, - деп ойлайды Монтескье. Әрине, бүгінгі таңдағы адамдар мұндай көзқарасқа күлкілі көзбен қарауы әбден мүмкін.

Дегенмен қоғамның дамуында географиялық жағдайлармен санаспаудың өзі, таза технократиялық көзқарастар қандай салдар-ларға әкелетінін біз бүгінгі таңда ауылдағы осы уақытқа дейін жүргізілген реформалардың теріс жақтарынан көріп отырмыз.

Кең түрде алғанда, біздің ата-бабаларымыздың мыңдаған жылдар бойы көшпенділік өмір салтын ұстауының өзі (жаңа дәуірге дейін) сол айнала қоршаған ортаға байланысты болатын. Әрине, Жаңа дәуір тарихқа келіп, машиналық техника пайда болған кезде, көшенділік өмір салты мүмкіншіліктері сарқьлып, қазақ халқы жаңа өмір құндылықтарына өтуге мәжбүр болды.

Монтескьенің ойынша, жоғарыдағы көрсетілген жағдайлар-мен қатар, жер көлемі және оның таулы-жазықтығы да қоғамның саяси бітіміне өзінің зор әсерін тигізеді. «Біріншіден, таулы елдер көлемі жағынан үлкен бола алмайды. Ал кіші елде азаматтар қоғамдық мәселелерді талдап шешіп, қабылдауға жиі қалыптасады. Ал орта көлемді елдерде көбінесе монархиялық басқару жүйесі орнайды. Жері жазық жэне өте көлемді елдерде деспотиялық басқару жүйесі қажет, өйткені тек күш жұмсау мен қорқыту арқылы ғана алыста жатқан елдерді орталық билікке көндіруге болады», -деп қорытады Монтескье.

 

Әрина біз ұлы ойшылдың географиялық факторлардың қоғам өміріне деген рөлін асыра көрсеткенін байқаймыз. Бірақ бұл көзкарастар өз заманының мәселелерін жаңаша түсінуде, діни түсініктерге тойтарыс беруде кеңінен пайдаланылды.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных