Главная | Случайная
Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Софистер философиясындағы ақиқат мәселесі




Софисттер – б.з.б. V ғ. Көне Грецияда пайда болған ақылы ұстаздар, олар философия, риторика (шешендік өнер), и эристикға (пікір таластыру өнеріне) үйретті..

Софистер бір мектептің өкілдері болған жоқ, керісінше бір-бірімен бақталас болды, оларды тек кәсіптері ғана емес, философиялық тұжырымдамаларының пәні мен әдлдісі біріктірді. Олардың қарастырған негізгі сұрағы: дүние мен білімнің арақатысы мәселесі болды. Софистер оъективті ақиқат жоқ, ол орынға, уақытқа, адамның өзіне байланысты, яғни ақиқат – субъективті. Сонымен қатар әлем танылмайды. Олар алғашқа агностиктер болды. Ақиқаттың салыстырмалығы адамгершілік заңдарының да – салыстырмалы екендігін көрсетеді. Софистерді былай бөледі:

Аға буын софистер – Протагор, Горгий, Продик, Гиппий, Ксениад және кіші буын софистер – Алкидам, Фразимах, Критий және т.б..

Сократ (б.з.б.469-399 жж.) жасында мүсіншілікпен айналысқан, кейін философ, қоғам қайраткері. Сократ софистер бастап бірақ аяқтай алмай кеткен адам туралы ілімге ерекше назар аударды. Таным мен философияның негізгі мәселесі адам болуы керек. Негізгі принципі «Өзіңді өзің таны». Екінші қағидасы «менің білетінім – менің ештеме білмейтінің, ал басқалар мұны да білмейді».

Сократ философиясның негізгі тақырыбы – этика. Адам жаны «Мен танушымын» деген бағыттағы және ол парасатты және адамгершілікті. Адамның мәні оның жанында, «жан -тәнді құраушы». Сократ жандағы ұжданның маңызын ерекше көрсетті, «ішкі дауыс» ретінде «даймонион» деп атады және ол ақиқатқа жетудің негізі болып табылады.

Материалды дүниені тануға байланысты агностик болған, оны толығымен тануға болмайды, бірақ адам жанын тануға болады, бұл философияның пәні болып табылады. Слкрат философиясының негізгі мақсаты адам әрекетінің адамгершілік негіздерін ашатын философиялық әдісін табу.

Философия тарихында Сокракттың адамды тану және рухани дүниесін ашу үшін пайдаланған әдісі өте бағалы, ол маевтика деп аталады. Онымен ол ойлау процесіндегі индуктивті әдістің ашылуына жол ашты, анықтаушы ұғымдарды тудыруда ерекше құнды. Сократ қортынды жасау өнеріне үйретті, ол жалпы ұғымдарға дұрыс анықтама бере білуге көмектеседі. Ол әңгімелесу формасында өтілді, шәкірттері білетін ұғымдарының анықтамасын жасауға үйренді. Сонымен, Сократ оларды логикаға үйретті. Сократа ілімі ертедегі Грек жеріндегі этикалық мектептердің пайда болуына ықпал етті. Мысалы, олар: Гедондық мектеп Аристипп, Эпикур мектебі – Эпикур, Киникалық мектеп Антисфен, Стоиктер мектебі – Сенека, Марк Аврелий, Мегар мектебі, Платона академиясы - Платон.







Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2021 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных