Главная | Случайная
Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






XX ғ. Философиялық ағымдары прагматизм, персонализм




Персонализм (лат. Perona - тұлға ) ─ діни философиясындағы маңызды ағымының бірі. Адамды құдайдың жаратуынан пайда болған, жер бетіндегі рухани құндылықтың жоғарғы мәні деп санайды. Персонализм адамды «жеке дербес индивид» ретінде қарау тәжірбиесіне қарсылық барысында пайда болды. Олар адамды тұтастық құрамындағы құбылыс, жан - жақты жетілген жоғарғы құндылық деп санайды. Оның өмірінің мәні, құдаймен бірігуі болып есептелінеді. Персонализм бағытын Н. А. Бердяев, Л. Н. Шестов, Н. О. Лосский, Америкада Б. Боун және Дж. Мунье, Ж. Лакруа, П. Ландсберг, т. б. дамытып отырды.

Прагматизм (гр. pragma іс-әрекет) - бұл ағымның өкілі әрі негізін салушы Чарльз Пирс(1834-1914) және Джемс Уильям (1842-1910). Бұл философияның негізгі принципі: қандай ой-пікір немесе іс-әрекет болса да, егер ол пайда әкелсе - шын, басқаша болса - жалған. Прагматизм ағымының бір түрі - инструментализм (instrumentum- қару), негізін қалаушы американ философы Джон Дьюи (1859-1952). Инструментализм түсінігінде ғылыми заңдар тек қару болып есептелінеді. Инструментализм «қоғамдық прогресс» дегеніміз–нақты межеге жету емес, жәй процесс дейді. Дьюи философиясының бағыты эмпиризм болғандықтан, тәжірибеге көп көңіл аударды. Ол алғашқы түрткі болатын идеяны, тіршіліктің бастапқы себебін іздеу орынсыз дейді.

 

49.Ф. Ницше философиясы «Билікке жету»

Ф. Ницше философиясының мақсаты ─ адамға өмірінің мәнін іске асыруына, қоршаған ортаға бейімделеуіне көмектесу. Нақты адам үшін жалғыз ақиқат - «ерік».

Алғашқы кезде Ницше Шопенгауэрдің тұжырымдамасын қолдап, оны философияның негізгі мәселесі етіп «ерікті» қойды, кейіннен Ницше классикалық философияның категориялары - материя мен рухтың орнына, «билікке жету еркін» қойып, Шопенгауэрден де алшақтайды. Ницше өмірдің мәнін анықтай отырып, оны «билікке жету еркі» - деп есептеді. «Билікке жету еркі» - бұл қоғамдағы өмірдің негізгі мотиві, ол адам табиғатының өмір сүру негізінде бар. Еркектің әйелге, ақсақалдардың жастарға билігі, т. б. Ницше еркі жоғары, қолынан іс келетін адамға табынуды уағыздайды. Осы ілім кейін Гитлер өкіметінің мемлекеттік идеологиясымен, философиясына айналды: өкіметті басқару үшін дана болудың қажеті жоқ, тек ерік пен күш болса болды. Ницше ұраны - «қорқынышты өмір сүр». Ницше әдептілікті релятивтік түрде түсінді, әлсіздерге не жақын болса, күштілерге сол жаман болады деді.




Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2019 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных