Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Лттық менталитет пен жеке адам санасы арасындағы ерекшелік




Менталитет – тіл (лат.menta – жан құрылымы) - әлем картинасын жасайтын және мәдени дәстүр немесе қауымдастық бірлігін нығайтатын жалпы рухани көңіл – күй,наным – иланым,рух дағдысы, ойдың біртұтас жиынтығы.

Ұлттық ментальды қайталап бастаған табиғатпен қарым-қатынас, адамдар мен қарым-қатынас нормаларынан көрінеді.

Ұлттық ойлау ерекшеліктері философиялық жүйеден көрінеді.

Шведтіктер басқа ұлт өкілдеріне қарағанда эмоцияны көрсетпейді, компромисті шешім іздейтін, рационалды адамдар болып келеді (А.Даун).

Ұлттық сезім мен көңіл-күй – бұл адамдардың ұлттарға деген, қызығушылықтарға, өмірге, құндылықтарға, басқа ұлттарға деген эмоцияға толы қатынас болып табылады. Ұлттық сезімдер ұзақ өмір сүреді. Тәжірибе негізінде қалыптасады. Оның позитивті және негативті жақтары болады.

Ұлттық салт-дәстүрлер және әдет-ғұрыптар – ұзақ тәжірибе нәтижесінде қалыптасатын, ұрпақтан-ұрпаққа берілетін заңдылықтар, нормалар, стереотиптер, әрекет-қылықтар, қарым-қатынас формалары болып табылады.

Ағылшындар жұмыстарын дәстүрге қарап сай шешеді, кез келген жерде салт-дәстүрлер, әдет-ғұраптар ұстауға тырысады.

Әр ұлттың өзінің ұлттық санасы болады, әлеуметтік, саяси, экономикалық, құқықтық, эстетикалық, философиялық және т.б. көз қарастарының бар болуы және оның рухани қалыптасу деңгейімен анықталады.

Ұлттық сананың ядросы ұлттық өзіндік сана болып табылады. Ұлттық сананың негізгі элементтер қатарына ұлттық саналы қарым-қатынасы оны материалды және рухани бағалықтарын қосады; көбею үшін шығармашылыққа деген қабілеті; өзінің ұлттық қызығушылықтары мен басқа ұлттық-этникалық топтармен деген сәтті қарым-қатынас жасау саналы түрді жүргізіледі.

Ұлттық сана қоғамдық-саяси сана сияқты да өзімен бірге бір-бірімен тығыз байланысты екі негізді құрайды: қарапайым және теориялық сана.

Эпикур философиясы

Эпикуршылдар мектебі – негізін салған Эпикур. Ірі өкіл Лукреций Кар. Мектепті эпикур бақшасы деп те атайды. Ол Эпикур үйінің артында орналасқан бақшамен байланысты. Осы бақшада шәкірттер білім алып, сол жерде өмір сүрген. «Атараксия» (гр. «ataraxia» –сабырлылық, жан тыныштығы, оған дана адамдар ғана қол жеткізе алады.) күйіне жету үшін бақшадан тысқары шығармаған. Эпикур өмірден өткеннен кейін, мектепті шәкірті Гермарх басқарады.

 

«Өмірдің мәні – бақытты болуда» дейді Эпикур. Өмір сүрудегі ең негізгі мақсаты – жан тыныштығына жету. Эпикуршылдар – жан тыныштығына жетудің, саналы түрде қайғы – қасіреттен арылудың жолын іздестірушілер.

 

Танымның мақсаты- адамды надандық пен жоққа сенушіліктен, құдай мен ажалдан қорқудан арылту, ал мұнсыз бақытты болу мүмкін емес. Эпикурдың ойынша, Құдай адам өміріне араласпайды, сондықтан, ол туралы ойлап, бас қатырудың қажеті жоқ, себебі жоғары жаратушы күшке сену – азаптанудың көзі. Эпикур құдайға сенбегендіктен, Жаратушы күш адамдардың өміріне, іс-әрекеттеріне араласпаса. онда не үшін ржаратты деген ойға келеді. Әлем, адамзат баласын не үшін жаратты деген сұраққа жауап іздеу барысында Дүние – атомнан құралған деп санаған Демокритпен танысады.

 

Эпикур

Эпикур – Демокриттің атомдық көзқарасын жалғастырып, толықтырулар енгізеді. Эпикурдың ойынша бос кеңістікте бірдей шапшаңдықпен қозғалатын атомдардың соқтығысуы мүмкіндігін түсіндіру үшін ол атомның тура бағыттан спонтанды (іштей шартты) «ауытқу» ұғымын көрсетті. Таным теориясы бойынша Эпикур –сенсуалист. Түйсік әрқашан өзінен- өзі ақиқат, өйткені ол объективті нақтылықтан туады; ол қателіктер түйсікті түсіндіруден туады. Түйсіктің пайда болуын Эпикур материалистік тұрғыда былай деп түсіндірді: дененің бойымен өте майда бөлшектердің үздіксіз ағысы жүріп, олар сезім мүшелеріне енеді және заттардың бейнелерін туғызады.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных