ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Жылуөткізгіштік туралы негізгі ұғымдар.Фурье заңы.Шектік жағдайлар туралы ұғымАзақстан Республикасы білім және ғылым Министрлігі Арағанды мемлекеттік техникалық университеті
Айткенов Б.Н., Квон Св.С., Тулегенова Ш.Н.
5B071700 «Жылуэнергетика» мамандығының студенттері үшін «Жылумассаалмасу» пәні бойынша тәжірибелік жұмыстарға арналған әдістемелік нұсқау Арағанды 2011
Азақстан Республикасы білім және ғылым Министрлігі Арағанды мемлекеттік техникалық университеті
Металлургия, материалтану және нанотехнология кафедрасы
Айткенов Б.Н., Квон Св.С., Тулегенова Ш.Н.
«Жылумассаалмасу» пәні бойынша тәжірибелік жұмыстарға арналған әдістемелік нұсқау Арағанды 2011
ӘОЖ 621:536.2.(07)=512.122 КБЖ 31.31я7=қаз Ж92
Айткенов Н.Б., Квон Св.С., Тулегенова Ш.Н., 5В71700 «Жылуэнергетика» мамандығының студенттері «Жылумассаалмасу» бойынша тәжірибелік жұмыстарға арналған әдістемелік нұсқау. - Қарағанды; ҚарМТУ баспасы, 2011.18б.
әдістемелік нұсқауда «Жылумассаалмасу» пәні бойынша тәжірибелік орындау бойынша есептер келтірілген. 5В71700 «Жылуэнергетика» мамандығының студенттеріне арналған, сонымен бірге, «Металлургиялық жылутехника» сияқты 5В70900 «Металлургия» мамандығының студенттеріне, «Жылутехника негіздері» 5В72400 «Технологиялық машиналар және жабдықтар» мамандығының студенттеріне, «Қыздыру және қыздыру қондырғылары» 5В71000 «Материалтану және жаңа материалдардың технологиясы» мамандығының студенттеріне тәжірибелік практикум ретінде пайдаланылуы мүмкін.
Пікір жазған: ҚарМТУ - дың Редакциялық - баспа кеңесінің мүшесі, техника ғылымдарының кандидаты, профессор Жүкебаева Т.Ж.
Университеттің Редакциялық - баспа кеңесі бекіткен
© Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті, 2010
Кіріспе
«Жылумассаалмасу» пәні 5В71700 мамандығы үшін негізгі пәндер циклының міндетті компонентті болып табылады. Курстың негізгі түсініктерін және заңдарын білу барлық жылулық машиналарда, жылуалмасу аппараттарында және энергетикалық қондырғыларда өтетін технологиялық процестердің мәнін, оларды жұмыс режимдерінде басқару мен пайдаланудың оңтайлы шартын қамтамасыз ету мақсатында түсінуге керек. Пәннің міндетті жылуалмасу түсінігін және заңдарын, сонымен бірге әртүрлі машиналарда және аппараттарда орын алатын жылуалмасу процестерінің параметрлері мен режимдерін есептеу әдістерін зерделеу. Жұмыста жылуалмасудың негізгі теориялық сұрақтарын қарастырылған: I түрдегі ш.ж. әртүрлі кескінді қабырғалардың жылуөткізгіштігі, тұрақсыз жылуөткізгіштік, ұқсастық теориясы. конвекциялық жылуалмасудың ұқсастық теңдеуі, тілімше бойымен сұйықтың амалсыз қозғалысы кезіндегі жылуалмасу, сұйықтың құбырда амалсыз қозғалысы кезіндегі жылуалмасу, құбырлардағы сұйықтың амалсыз ағысы кезіндегі жылуалмасу, өзара әртүрлі орналасқан денелер арасындағы сәулелік жылуалмасу. Әрбір тақырып бойынша ең көп кездесетін тапсырмалардың шешудің мысалдары келтірілген және өз бетімен шығару үшін іріктеп алынған тапсырмалар берілген. қосымшаларда заттардың физикалық - химиялық қасиеттері бойынша анықтамалық мәліметтер және қажеттілердің тапсырмаларды шешуге арналған бірқатары номограммалар келтірілген. Берілген жұмыс «Металлургиялық жылутехника», «жылутехника негіздері», «Термодинамика және жылуалмасу», «Қыздыру және қыздыру қондырғылары» сияқты пәндерді зерделейтін мамандықтардың студенттеріне тәжірибелік сабақтарға әдістемелік нұсқаулар ретінде пайдаланылуы мүмкін.
Мазмұны
Жылуөткізгіштік туралы негізгі ұғымдар.Фурье заңы.Шектік жағдайлар туралы ұғым 1 - мысал. қабырға материалының жылу өткізгіштік коэффициентін анықтаңыз, егер іргенің қалыңдығы δ = 40 мм мен беттегі температуралардың айырмашылығы ∆ tо = 20оС жылу ағынның тығыздығы q = 145 Вт/м2 болса.
Шешуі: Бір қабатты жалпақ қабырға үшін жылу өткізгіштік теңдеуін пайдаланамыз: . λ шаманы анықтаймыз: ;
Жауабы: жылу өткізгіштік коэффициенті .
№1 Жалпақ бір қабатты қабырғадан өткен жылу ағынының тығыздығын есептеңіз, қабырғаның қалыңдығы ені мен биіктігінен айтарлықтай кіші болса, егер қабырға келесі материалдардан жасалған:
а) болаттан
б) бетоннан
в) диатомиттік кірпіштен .
№2 Қалындығы S=50 мм жалпақ қабырғадан өткен ағынының тығыздығы қабырғаның екі беттігіндегі теммператураның айырмашылығын және қабырғадағы температуралық градиенті есептеңіз, егер қабырға келесі материалдардан жасалған болса: а) жезден б) қызыл кірпіштен
в) тығыннан
№ 3. ауданы F = 5 м2 бактың жалпақ қабырғасы екі қабатты жылулық оқшаулағышпен жабылған. жылуөткізгіштік коэффициенті λ1 = 46,5 Вт/м ·оС, қалыңдығы δ1 = 8 мм бак қабырғасы болаттан жасалған. Жылу оқшаулағыштың бірінші қабатының қалыңдығы δ2 = 50 мм новоасбозурит материалынан жасалған, оның жылуөткізгіштік коэффициенті келесі теңдеу арқылы анықталады:
λ2 = 0,144+0,00014 t Жылу оқшаулағыштың екінші қабатының қалыңдығы δ3 = 10 мм сылақты білдіреді, оның жылу өткізгіштік коэффициенті λ3 = 0,698 Вт/м ·оС. бак қабырғасының бетіндегі температура = 250оС және жылу оқшаулағыштың сыртқы бетіндегі температура =50оС. Қабырға арқылы берілетін жылу мөлшерін есептеп шығарыңыз.
№ 4. диаметрлерінің қатынасы және жылу өткізгіштігі λ1 = 50 Вт/м ·оС, болаттан жасалған құбыр екі қабатты жылулық оқшаулағышпен жабылған. бірінші қабаттың қалыңдығы δ2 = 50 мм жылу өткізгіштігі λ2 = 0,2 Вт/м ·оС және екінші қабатының қалыңдығы δ3 = 80 мм, жылу өткізгіштігі λ3 = 0,1 Вт/м ·оС. Құбырдың ішкі бетіндегі = 327оС және сыртқы оқшаулағыштың температурасы = 47оС. өткізгіш құбырдың 1 м және қабаттардың шектесетін шекараларынан шығатын жылу шығындарын анықтаңыз.
№ 5. Жылу өткізгіштігі λ1 = 50 Вт/м ·оС және қалыңдығы δ1 = 0,02 м жалпақ болаттан жасалған қабырға жылу шығындалмас үшін қалыңдығы δ2 = 0,2 м, жылу өткізгіштігі λ2 = 0,15 Вт/м ·оС асбесті картонмен және қалыңдығы δ3 = 0,1 м, жылу өткізгіштігі λ3 = 0,045 Вт/м ·оС тығын қабатымен оқшауланған. Жылу қшаулағыш қасиеттері өзгеріссіз қалуы үшін асбест пен тығынның орнына, λ3 = 0,08 Вт/м ·оС көбікті бетонның қалыңдығы қандай қабатын алу қажет. Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|