ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Сабақтың жүру барысыСабақтың жоспары Поурочный план The plan of the lesson Күні/Дата/Date: 26.04.2016 Сынып/Класс/Class: 2 «в» Тақырып/Тема/Theme: Заттың массасы. Заттардың саны және массасы Мақсаты/Цели/Objectives: Білімділік/Образовательная/Educational: Оқушыларға заттың массасы және заттардың саны және массасы туралы мәлімет беру.Тақырыпқа байланысты есептерді шығаруға үйрету. Дамытушылық/Развивающая/Developing: Танымдық қабілеттерін, ойлауын, зейінін, есте сақтауын дамыту. Тәрбиелілік/Воспитательная/Bringing-up: Оқушыларды өзгені тыңдап, өз ойын еркін айтуға баулу, пәнге қызығушылығын арттыру. Сабақтың типі/Тип занятия/The lesson`s type: аралас сабақ Сабақтың түрі/Вид занятия/The lesson`s kind: дәстүрлі емес Көрнекілік/Оборудование/Equipment: компьютер, иллюстративтік көрнекі құралдар, кітап. Әдебиет/Литература/Literature: Жалпы білім беретін мектептің 2-сыныбына арналған оқулық / Т. Қ. Оспанов, Ш. Х. Құрманалина, Ж.Т.Қайыңбаев, К.Ә.Ерешева, М.В.Маркина. 4-басылымы. –Алматы: Атамұра, 2013. Сабақтың барысы/План/Plan: I.Ұйымдастырушы кезеңі(3-4мин) II.Үй тапсырмасын тексеру кезеңі (5-6мин) III.Негізгі бөлім (20-22мин) IV.Бекіту кезеңі (5-6мин) V.Қорытынды бөлім (5-6мин) VI.Үй тапсырмасы (1-2мин) Сабақтың жүру барысы I.Ұйымдастырушы кезеңі(3-4мин) - Сәлеметсіздер ме балалар! - Бүгін дәстүрден тыс сабақ өтеміз және бүгін сендердің тәртіптеріне бөлек баға қойылады, яғни кім тәртіп сақтайды, сол оқушы сабақ соңында смайликтермен бағаланады, ал тәртіп сақтап, әрі сабаққа белсенді қатысқан оқушы өте жақсы деген бағамен бағаланады. - Бүгінгі сабақ «лото ойыны» арқылы өтеді, яғни дорбада лото дойбалары болады, оның ішінде әртүрлі тапсырмалар, есептер беріледі, сол тапсырмаларды дұрыс, әрі нақты орындау арқылы біз баға аламыз. II.Үй тапсырмасын тексеру кезеңі (5-6мин) Бірнеше оқушыдан сұрап тексеремін. III.Негізгі бөлім(20-22мин) - Балалар бүгінгі біздің танысатын тақырыбымыз « Заттың массасы. Заттардың саны және массасы », - балалар, масса дегеніміз не? - Дұрыс айтасыңдар, масса дегеніміз қандай да бір заттың массасын (ауырлығын н/е жеңілдігін) өлшейтін шама.Масса сөзін орыс т. және ағыл.т. айтып көрейік. - Масса- massa. Латынның massa – үйінді, кесек деген сөзінен алынған. - Өлшем бірліктерін білеміз ба? 1кг- 1000г 1ц-100кг 1т-1000кг - Біз масса ұғымын күнделікті қолданамыз ба? - Ендеше 224 беттегі №1 есепге назар айдарайық. Қосындыны көбейтіндімен алмастыр.Оның мәнін тап. 1+1+1+1=1•4=4 4+4+4+4=4•4=16 6+6+6+6=6•4=24 0+0+0+0=0•4=0 5+5+5+5=5•4=20 7+7+7+7=7•4=28 - Жарайсыңдар! 224 бет №2 есеп Есептерді салыстыр. Әр дорбада 2 килограмнан қант бар. 4 дорбада неше килограмм қант бар? Бер: Шешуі: 1 дорба – 2 кг 2•4=8
4 дорба -? кг Жауабы: 4 дорбада 8 кг қант бар.
8 кг қантты әр дорбаға 2 килограмнан бөліп салды. Қанша дорба керек болды? Бер: Шешуі: Барлығы–8 кг 8:2=4 1 дорба- 2 кг Т/К: неше дорба Жауабы: 4 дорба керек болды.
8 кг қантты 2 дорбаға тең бөліп салды. Әр дорбаға неше килограмм қант салынды? Бер: Шешуі: Қант– 8 кг 8:2=4 Дорба- 2 Т/К: 1 дорбаға неше килограмм қант Жауабы: Әр дорбаға 4 килограмм қант салынды. - Жақсы. №3: Төрт айдың ішінде 35 күн бұлтты болды. Жаңбырлы күндер бұдан 9 күн кем. Ал бұлтты және жаңбырлы күндер қанша болса, сонша күн бұлтсыз ашық болды. Неше күн бұлтсыз ашық болды? Балаларға есепті оқытқызу. Бір баланы тақтаға шығару. Бер: Бұлтты -35 Жаңбырлы -?, 9 күн кем? бұлтсыз Шешіу: 35-9=26 35+26=61 Жауабы: 61 күн бұлтсыз ашық болды Логикалық есеп: 1. Сиыр 4 аяғымен тұрса 200 кг, 2 аяғымен тұрса неше кг болады? Ж: 200кг 2. 2 кг мақта ауыр ма, 2кг темір ауыр ма? Ж: тең
Мақта қай жақта өседі? Ал Қостанайда не өндіріледі?
№6 есеп а) кестені толтыр:
Ә) кестені толтыр:
Жауабы: а) кестені толтыр:
Ә) кестені толтыр:
-Балалар жарайсыңдар, жаңа тақырыпты жақсы меңгердіңдер. -Балалар сендер шаршаған шығарсыңдар,тұрып, кішкене сергіп алайық. (бейнебаяннан сергіту сәті көрсетіледі) Қосымша: № 4 есеп. Өрнек түрінде жаз: 90 мен 80- нің айырмасын; 90-80 Белгісіз сан мен 80-нің айырмасын; х-80 25 пен 30 сандарының қосындысын; 25+30 17 мен белгісіз санның қосындысын 17+х Белгісіз сан мен 4-тің көбейтіндісін; х*4 4 пен 3 сандарының көбейтіндісін; 4*3 60 санынан 5 пен 4-тің көбейтіндісін азайтуды; 60-5*4 15 пен 3 сандарының бөліндісіне 73-ті қосуды; 15/3+73 Белгісіз сан мен 30-дың қосындысын 5-ке бөлуді; (х+30)/5 Сандық өрнектердің мәндерін тап. №5 есеп. Амалдарды орында және тексер: 87+12= 99 69+30= 99 78+22= 99 43+56= 99 IV.Бекіту кезеңі(5-6мин) - Сұрақ жауап әдісі арқылы бекітемін. V.Қорытынды бөлім(5-6мин) VI.Үй тапсырмасы(1-2мин) - 7есеп,225бет Сынып жетекші: Әдіскер:
Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|