Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Кәсіпорынның сипаттамасы.




 

Хромтау ауданы, Аққұдық ауылы, Аққұдық орта мектебі 1982 жылы 1 қыркүйекте «Аққұдық орта мектебі» болып ашылды. Тілі- Қазақ. Мектептің ыңғайластырылуы 3 қабатты ғимаратты орналасқан. Мектепте 19 мұғалім жұмыс істейді. Оның жоғарғы білімді-15, арнаулы орта білімді-4. Мектепте I- санатты мұғалімдер-5, I I-санатты мұғалімдер-6, қалғаны разрядтағы мұғалімдер. Мектепте 72 бала білім алуда. Мектебімізде оқушылардың саналы да сапалы толық білім алуына жағдай жасалған. Оқушылар мен ұстаздар компьютермен жұмыс істеуіне толық жағдай жасалған.

Мектеп басшылары:

 

Сатаев Бақыт Сатайұлы бұл мектепте 1966 жылдан бастап 1975 жылға дейін мектеп директоры болып қызмет етті. Мектепте ең бірінші болып қазақ кластарын ашты, 1967 жылы он жылдық білімі бар алғашқы түлектері мектепті бітіріп шықты. Ол жан-жақты білімі бар (математика және тіл, тарих мамандығын игерген) ұстаз ақындық қабілеті бар, интеллектуалды, музыкалық шығармашыл, білімді жан болды. 1975-1983 жылдары ауылдық совет төрағасы болып, қызмет етті. Мәдени және әлеуметтік тұрақты комиссия мүшесі ретінде жаңа заман мектебінің құрылысын бастатып, жас ұрпаққа жаңа мектеп жұмысын 1980 жылы іске қостырып кетті.

 

Аисов Совет Уалиұлы 1975-1976 жылдары Кредиковка орта мектебінің директоры болып жұмыс істеді. Мектеп жанындағы интернат пен мектеп оқушыларының оқу-тәрбие жұмысына үлкен үлесін қосқан жас директор, математика пәнінен де сабақ берді. Оқушылардың бос уақытын тиімді өткізуіне, оларды спорттық шараларға, жарыстарға баулыған жас маман, соңынан ішкі істер органдарына жұмысқа ауысып кетті. Қазірде Хромтау қаласында ішкі істер органдарына қызмет жасайды.

Хайруллин Карим Хайруллаұлы 1980 -1984 жылдары Кредиковка орта мектебінің директоры болып қызмет етті. Карим Хайруллаұлы мектептің және мектеп жанындағы интернаттың оқу –тәрбие жұмысының тәртібі мен сапалы біліміне көп көңіл аударған, оқушылардың орыс тілін жақсы меңгеруге үлес қосқан мұғалім. Педагогикалық еңбек ардагері, қоғамдық жұмыстың белсенді мүшесі, аудандық «Красное знамея» және “Хромтау” газеттерінің штаттан тыс қызметкері. Кредиковка жерінде көп жыл қызмет істемеседе халықтың есінде адал азамат, париот, аға мұғалім ретінде сақталады.

 

Изтлеуов Серик Изтлеуович Аққұдық орта мектебінің директоры болып 1999-2004 жылдары жұмыс істеді. Педагогикалық училищесін бітіргенінен сон жас маман өз практикасын Көктау орта мектебінің денеш шынықтыру және алғашқы әскери дайындығының жетекшісі болып бастады. Аққұдық орта мектебінде спорттық шараларының дамуына үлкен үлес қосқан ұстаз, аға мұғалім, спортсмен. Серик Изтлеуовиятің арқасында мектеп оқушылары аудандық, облыстық жарыстардан (волейболдан) жүлделі орындарға ие болды. Еңбекқор азамат, патриот, өз маманының шебері, жастарды Отансүйгіштікке, адалдыққа салауатты өмір сүруге баулыды.

 

Кунтаев Ардақ Мырзатайұлы 1964 жылы 22 мамырда Хромтау ауданы Кредиковка селосында дүниеге келді. 1981 жылы Кредиков орта мектебін бітіріп, сол жылдың қазан айынан бастап өз мектебінде дене шынықтыру пәнінің мұғалімі болып еңбек жолын бастады. Осы мектепте жұмыс жасағанына 35 жыл. 2005 жылдан бастап күні бүгінге дейін Аққұдық орта мектебінің мектеп директоры қызметін атқаруда.

Мектептің құрылымы мен оның бөлімдерінің функциялары
"
Аққұдық орта мектебін"директор басқарады. Директордың нұсқауымен қызметкерлер жұмыс жасайды.Мектеп директорының орынбасарлары мектеп бөлімдерінің жұмысына жалпы бақылауды жүзеге асырады, қойылған міндеттердің уақытылы және сапалы орындалуын ұйымдастырады. Аққұдық орта мектебі 1982 жылы 1 қыркүйекте «Аққұдық орта мектебі» болып ашылды. Аққұдық орта мектебі 1982 жылы 1 қыркүйекте «Аққұдық орта мектебі» болып ашылды. Мектеп директоры болып Кунтаев Ардақ Мырзатайұл тағайындалды.

Басқару құрылымының сызбасы

Директор Кунтаев А.М.


Кәсіподақ комитеті Сагидуллина Д.С.

Тәлімгер Рсалина Ж.Қ.
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Иманкулова М.Е.


Әдістемелік бірлестік жетекшілері: Суюнгарина М.Ж. Сагидуллина Д.С.
Гуманитарлық бірлестігі: Рслаина Ж.Х.  
Жаратылыстану бірлестігі: Сагидуллина Д.С.
Сынып жетекшілер бірлестігі: Муздакова А.Ж.
Волейбол
Тоғызқұмалақ
Қолөнер
Үйірмелер
Бастауыш сыныптар бірлестігі: Суюнгарина М.Ж.

 

 


 

Мектеп директорының қызметтік міндеттері:

1.Мектепке жалпы басшылық

2.Педагогикалық кеңес

3.Жалпыға бірдей оқу заңын жүзеге асыру

4.Мектептің оқу-тәрбие жұмысын жоспарлау

5.Ата-аналар комитеті

6.Оқыту мен тәрбие процесінде мектеп, отбасы және қоғамдық ұйымдармен жұмыс

7.Мектеп директорының орынбасардары (оқу, тәрбие, шаруашылық) жұмыстарына басщылық, бақылау

8.Мектеп кітапханасының жұмысы

9.Меткептің қаржы шаруашылық жұмыстары

10.Мектептегі іс- қағаздарының рәсімделуі мен жүргізілуі

11.Барлық пәндердің уақытылы берілуін қадағалау

 

Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасарының қызметтік міндеттері.

1.Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасарын қызметке мектеп директоры тағайындайды, қызметінен босатады.

2. Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары тікелей мектеп директорына бағынады.

3. Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары «Бала құқығы» туралы Конвенцияны сақтайды. Өз жұмысында ҚР Конституциясын және басқа да заңдылықтарын, мектептің Уставы мен ішкі тәртіп ережелерін, қауіпсіздік ережелерін,еңбек шарттарын басшылыққа алады.

4. Оның жоғарғы білім және кемі 5 жылдық пед.стажы болуы шарт.

5. Оның қызметінің негізгі бағыттары:

- оқу-тәрбие, ғылыми зерттеу, әдістемелік, инновациялық жұмыстарды ұйымдастыру, басшылық жасау және бақылау жүргізу;

- пед ұжымға әдістемелік басшылық жасау;

- мектепте кабинеттік жүйе жасау және ұдайы жетілдіріп отыру;

- мұғалімдердің кәсіби шеберлігін арттыру.

Мектеп директорының бағдарлы оқыту жөніндегі орынбасарының қызметтік міндеттері

1. Бұл нұсқаулар жалпы білім беретін мекемелердегі директордың орынбасарын тағайындау туралы бұйрығына сәйкес және ҚР Еңбек заңына негізделіп жазылды.

2. Мектеп директорының бағдарлы оқыту жөніндегі орынбасарлары мектеп директорының бұйрығымен жұмысқа тағайындалып босатылады.

3. Мектеп директорының бағдарлы оқыту жөніндегі орынбасарларының жоғарғы білім және кемі 3 жылдық пед.стажы болуы шарт.

4. Мектеп директорының бағдарлы оқыту жөніндегі орынбасарлары мектеп директорына бағынады.

5. Мектеп директорының бағдарлы оқыту жөніндегі орынбасарлары өзінің қызметі барысында негізгі құжаттар: ҚР «Білім туралы», «Еңбек қорғау туралы», «Еңбек туралы» Заңдарын, ҚР 2010 жылға дейінгі білім беруді ақпараттандыру және дамытудың мемлекеттік бағдарламаларды, ҚР 12 жылдық жалпыға білім беру тұжырымдамасын (2006) ҚР-нің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын (2006) Қазақстандық білім берудегі жаңғырту стратегияларының міндеттерін білім беру мекемелеріндегі нормативтік құжаттарды, Еңбекті қорғау нормалары мен ережелерін, санитарлық нормалар мен ережелерді, техника және өрт қауіпсіздік ережелерін және мектеп директорының бұйрықтар мен нұсқауларын басшылыққа ала отырып, жұмысын ұйымдастырады.

1.6. Пәндік оқу бағдарламаларын, әдістемелік нұсқауларды білуі тиіс.

Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарының қызметтік міндеттері

1.Осы қызметтік нұсқау Қ.Р. Білім және ғылым Министрлігінің 9 тамыз 2000 жылғы № 1216, тамыз 2002 жылғы № 629 бұйрықтарының негізінде жасалды.

2.Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары мектеп директорының бұйрығымен қызметке тағайындалады және босатылады. Еңбек демалысы мен уақытша еңбекке жарамсыз кездерде мектепдиректоры тәрбие жұмысын директордың оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарына немесе тәжірибелі педагогтерге уақытша жүктеуіне болады. Бұндай жағдайда уақытша міндетін атқару еңбек туралы заңның негізінде берілген міндет директор бұйрығымен іске асады.

3.Мектеп директорының тәрбие жөніндегі орынбасарының жоғарғы кәсіби білімі кем дегенде бес жылдык педагогикалық немесе басшылық қызметтегі қызмет стажы болу қажет.

4. Тәрбие жөніндегі орынбасар директорға бағынады.

5. Тәрбие ісі жөніндегі орынбасарға сынып жетекшілері, тәлімгер, үйірме жетекшілері тікелей бағынады.

6. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары өз қызметінде Конституция мен ҚР заңдарын, барлық деңгейдегі білім беру органдарының құжаттарын басшылыққа алады.

Мектеп психологының міндеттері

1. ҚР «Білім туралы» Заңы мен білім және ғылым министрлігінің бұйрықтары мен нұсқауларын басшылыққа ала отырып, білім мекемесіндегі оқу-тәрбие жұмыстарын ұйымдастыруға басшылық жасау.

2. Педагог-психолог өзінің компетенциясына жататын жұмыстардың шекарасынан аспау керек, өзінің режиміне жатпайтын жұмыстарды мойнына алмау орындауға қазіргі заманға сай психологиялық білім және практика жүзінде дәлелденбеген іс-әрекеттерге бармау, басқа мамандардың ісіне араласпау.

3. Практикалық психологиялық, балалар және педагогикалық психологиялық, жалпы алғанда психология ғылымының жаңа жетістіктермен үнемі таныс болу. Өзінің кәсіби білім дәрежесін көтере отырып, оқушылар арасындағы диагностикалық жұмыстарды ұйымдастырудың ғылыми әдістерін меңгерту.

4. Педагогикалық, тәрбиеленушілердің әлеуметтік жетілуі мен ата-аналардың жеке проблемаларының ориентациясының мақсатына сай өңделген материалдары бойынша психо-педагогикалық шешімдер құру;

5. Бекітілген формада құжаттар жүргізіп, оны дайындап қолдану;

6. Оқушылардың жас ерекшеліктері мен жеке білім шығармашылығы, түзету бағдарламасын құру және жоспарлау;

7. Балаларға кедергі болатын факторларды анықтап, жетілуіне әртүрлі психофизиологиялық ауытқуы бар балаларға психологиялық түзетулер енгізу жұмыстарын үйымдастыру;

8. Әлеуметтік дезаптацияның болуына байланысты алдын-алу шараларын жасау, факторларын анықтап, оқушылардың жетілуіне көмектесетін әртүрлі психологиялық көмектер (психокоррекциялық реабилитациялық кеңес беру) көрсету.

9. Педагогтардың, ата-аналардың, әлеуметтік психологиялық құзырын жоғарылату үшін, психологияны практикада қолдануға сұрақтары бойынша педагогтерге кеңес беру;

10. Педагог-психолог өзінің кызмет барысында мектеп әкімшілігімен жоспарға сай жұмыстарды ұйымдастырып, мектеп басшылығының тапсырмалары мен жарлықтарын орындауға міндетті. Егер де бұл тапсырмалар мен жарлықтар психология ғылыми практикасына кедергі болмайтын болса;

11. Мамандыққа сай құпиялықты сақтау, балалар арасында жүргізілетін түрлі диагностикалық және кеңес беру жұмыстарының нәтижесінде анықтама жайттардың басқаларға айтылмауын өте мұқият қадағалау.

 

Мектеп директорының шаруашылық жөніндегі орыбасарының міндеттері

- Санитарлық-гигиеналық талаптардың сақталуын қадағалайды; Мектеп мүлкін сақтауға бағытталған шараларды жүзеге асырады;

- Мектепке құрал-жабдықтар алуды жоспарлау, мектептің пәндік лабораторияларын жабдықтайды;

- Бюджеттен тыс қаржыландыру көздерін қарастырылады;

- Мекемелер мен және ұйымдармен тікелей байланыстар жасайды;

- Мектептің оқу-базасын, спорт алаңдары мен шеберханалардың жағдайын жақсартады;

- Ағымдық және қайта жөндеу жұмыстарын жүргізеді;

- Мектеп кітапханасының жұмысын бақылайды;

- Мектептің жылуы және жарық режимін сақтау- шараларын ұйымдастырады;

- өрт қауіпсіздігі шараларын жүзеге асырады;

- мектеп ауласында көркейту-көгалдандыру жұмысын ұйымдастырады;

- техникалық қауіпсіздік талаптарының орындалуын бақылайды

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных