Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Тура және кері санау.




Санның пайда болу амалымен танысқан соң оқушылар осы сан көлемінде саналы үйренеді. Ең алдымен мүғалім оқушыларға затты қолына алып, содан кейін жанына қойп, жылжытып қоюды үйретеді. Сонан соң оқушылар эр затқа саусағын тигізіп санайды, содан кейін ғана затты көрсетіп санайды. Осындай жаттығулардың бэрінде оқушылар дауыстап санайды. Дауыстап санап үйренген соң ғана ішінен санайды. Заттарды әрбір рет санп шыққанынан соң мүғалім: «Қанша» - деген сүрақты қойып отырады. Мысалы«Қорапта қанша қарындаш? Сана» оқушы санап шыққан, соң мүғалім тағы да сүрақтар қояды. «Қорапта неше қарындаш бар екен? Қорапта 4 қарындаш бар ма?» Алдымен санауға бірдей заттар алынады. Содан кейін бірыңғай, бірақ түсі, өлшемі жасалған материалы эр түрлі заттар алынады. Мысалы әр түрлі қарындаштар үзын жэне қысқа ағаштан, пластмассадан жасалған таяқшалар. Содан кейін ғана эр текті, эр түрлі заттар алынады. Мысалы әр т үрлі ойыншықтар саналады. Заттарды солдан оңға қарай ғана санамай, оңнан с олға жоғарыдан төменг, төменнен жоғарыға да санаған жөн. Осындай эрекеттерден кейін оқушылар шашылып қойылған заттарды суреттегі заттарды санауды үйренеді. Оқушылар алдымен заттарды бір - бірлеп санаса, кейін заттарды бірдей санды топтармен санауды үйренеді -2,3,4,5, - тен. Мүғалім оқушыларға заттар санын санаумен ғана емес, көз мөлшерімен танып атауды да үйретеді. Мысалы санамай 3 саусақты көрсету, көрсеткен саусақтар санын атау есепшоттың 2 тасын көрсету. Кері санау оқушыларға қиын болғандықтан, кері санау ды заттарды қолға алып жылжытып қойғаннан бастаған жөн. Мысалы қарындаштарды санайық. Оқушы санап шығып барлығы 5 қарындаш -деп жауап береді. «1 қарындашты қорапқа салайық. 3 қарындаш қалды. Тағы да 1 қарындашты қорапқа салайық. 4 қарындаш қалды. Тағы да 1 қарындашты қорапқа салайық. 3 қарындаш қалды. Тағы да бір қарындашты қорапқа салайық. Қолыңда 2 қарындаш қалдың т.б. Содан кейін ғана есепшотпен жэне өз бетімен санайды. Санау қабі «бірінші қатарда қанша оқушы отырады? Әр балаға 1 дэптердн беру керек. Неше дэптер алуымыз керек? «Асан 5 дэптер санап ал» Жанар маған қораптан 3 қарындаш алып берші» Осымен "қатар басқа да тапсырмалар беруге болады. Қол шапалақтау, секіру, допты жерге соғы, таяқшалар, дөңгелектер салу, суретті бояу ермексаздан заттар жасау. Оқушыларға 1- ден бастап қана емес, қай саннан болса да берілген санға дейін санауды үйрету қажет. Мысалы: 2- ден 5- ке дейін сана» 4- тен 2- ге дейін сана. Әр санды өткен сайын оқушыларға реттік сандар туралы да түсінік беріліп отырады. Олар «Нешінші?» деген сүраққа жауап беруді үйренеді. Мысалы «Айжан нешінші партада отырады? Сапта Аман нешінші болып түр? Т.б.

1 санын оқып білу (үйрену)

Оқушылар дайындық кезеңінде бір затты атап көрсетуді үйренеді. 1 санымен танысқан кезде оқушылар есепшотпен танысады: 1) жүмыстың алдында есепшоттың тастары қай жақта болуы қажет?

2. 1 саны қай сымға салынады?

3. Есепшоттың тастарын қай жаққа жылжыту керек? Оқушыларға бір затты қолмен үсттап, одан кейін қолына үстамай атауды үйрету қажет. Мысалы «өзіңнен жақынға ойыншықтардың арасында неше қуыршақ бар?» одан кейін оқушылар тек бір затты емес, бөлек заттар тобын ажыратуды үйренеді. Есептік сандармен қатар реттік сандармен жүмыс жүргізіледі. (бірінші партада кім отырады? Сапта бірінші болып кім түр?)

Осындай жүмыстардан кейін мүғалім оқушылардың 1 цифрымен таныстырады, 1 цифры жазылған үлкен карточканы көрстеді. Оқушылар кезектесіп тақтаға шығып, 1 цифрын саусақтырымен айналдырады сызады. Әр оқушы партада отырып осы эрекетті жасайды (саусақтармен 1 санын партаға жазған болады) Әр оқушыда цифрлар кассасы болуы қажет. Мүғалім тақтадағы жалпы кассаның 1 Цифрының қалташасына 1 цифры жазылған карточка салады. Әр оқушы өзінің кассасындағы 1 цифры жазылған карточканы тауып, қарындашпен үстінен басады. Мүғалім тақтаға 1 цифрын жазады да, бірнеше рет цифрды атайды да, оқушыларға келесі сүрақтар қояды. Тақтда не жазылған? Қай цифр жазулы түр? Одан кейін 1 цифрын қалай жазу керек екендігін түсіндіреді. Оқушылар мүғалімнің соңынан қимылдарын қайталайды.

Пайдаланған эдебиеттер:

 

1. Қ. Қожабаев Математиканы оқыту әдістері 81-87 бет

2. Ж. Вейсеков, Д. Рахымбек, Т. А. Шаринов Математиканы оқыту эдістеріне арналған оқу құралы

3. Ә.Қ. Қағазбаева Ж. Қайдасов Математиканы оқыту теориясы мен эдістемесі бойынша практикум. Алматы: «Ғылым» ғылыми баспа орталығы 2003-100 бет.

4. М. Ералиева Математиканы оқытуды ізгілендіру. Алматы. «Ғылым» ғылыми баспа орталығы 2003 ж

5. «Математика». Көмекші мектепке арналған байқау бағдарламасы. Алматы- 2004

6. Сүлейменова Р.А., Кэріпжанова Ш.Ж., Жүмағалиева Г.Қ. Маматематика оқулығына арналған эдістемелік нүсқаулар (көмекші мектеп, 1-сынып) -Алматы-2002.

7. Перова М.Н. «методика преподования математики во вспомогательном школе». Моссква 2001.

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных