Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Шфазалы асинхронды электр қозғалтқыштың құрылысы.




а- орамасы бар статор; в — орамасы бар ротор; с-айгөлек қалқаны; д-желдеткіш

Үшфазалы асинхронды электрқозғалтқыштың негізгі құрылыс бөлшектеріне статор,ойықтарға орналасқан үшфазалы екі орама және 2.1- суретте көрсетілген басқа да қосалқы элементтер. Жақсы суыну үшін оның (кіндігіне) білігіне желдеткіш орнатылып, қаңқасы көп қырлы етіп құйылған. Құрастыру, орнату, ажырату кездерінде алып-салуға қолайлы болу үшін қорабының жоғарғы жағынан ілгекті болт болады.

Асинхронды қозғалтқыштың статоры. Асинхронды қозғалтқыштың статоры арнайы электротехникалық болаттан қалыпқа құйып жасалған тісті қаңылтырлардан жасалған ішкі қуыс цилиндр, оның магнит өткізгіштігі (), кәдімгі қонструкциялық болаттан жоғары. Бұл айнымалы магнит өрісті статор темірінде артық магниттелу-ден (гистерезис) болатын шығындарды айтарлықтай азайтуға мүмкіндік береді. Статорды құйып жасамайды, қалындығы 0,35 мм тісті қаңыл-тырдан жинайды, мақсаты ол арқылы Фуко құйынды тоғының өтуі-не кедергіні көбейту. Қаңылтырдың арасында электрлік түйіспе болдырмау үшін қаңылтырларды электр оқшауландырғыш лак-пен бояйды. Осының барлығын бірге алғанда, статор болатында құйынды тоқтармен гистерезистен болатын электрлік және магнит-тік шығындарды азайтуға әкеледі,қортындысында оның қызуын азайтады. Құйынды тоқтармен гистерезистен болагын электірлік және магниттік шығындар, ақыр соңында, ПӘК-нің мөлшеріне әсер етеді. Болаттың магнит өткізгіштігі неғұрлым жоғары және қаңылтыр неғұрлым жұқа механикалық бекемдігі жеткілікті бол-са, соғұрлым асинхронды қозғалтқыштың шығыны аз және ПӘК жоғары болады. 98%ке дейін және одан жоғары болады. Іштен жана-тын қозғалтқыштардың бірде-бірінде мұндай көрсеткіш жоқ. Статор асинхронды қозғалтқышты қаңқасына мықтап тығызда-лады. Қаңқа шойыннан немесе салмағы жеңіл арнайы қортпалардан құйылады және жұмыс жағдайына арналған ірге тасқа немесе арнайы тірекке бекітіледі. Статордың тісті қаңылтырлардан құрастырған кезде оның ішкі бетінде белгілі пішінді ойық пайда болады. Үшфазалы қозғалтқыштар статорының ойықтарьшың саны жұп және алтыға еселенетін болуы тиіс, оны 2. 1.анық көруге болады:

Z=q.ml2p=6lk (2.1)

Мұндағы к=q ћ р = 1,2,3 және т.б. Асинхронды қозғалтқыштардың роторлары қалыпталып жасалған тісті дөңгелек қаңылтырдан құрастырылады. Қаңылтырлар гистерезис құбылысынан болатын магниттік және электрлік шығындарды азайту үшін арнайы электрлітехникалық бо-латтардан жасалып, құйынды тоқтың өтуіне кедергіні арттыру үшін лакпен оқшауландырылады, ол ротордың қаңылтырлары цилиңцр түрінде престеледі, оның қажет пішінде ұзына бойында ойығы болады. Роторды білікке мықтап отыргызып шпонкамен бекітіледі, ол жүктеме кезінде айналып кетпеу үшін сақтандырады. Айналған кездегі ортадан тепкіш күштердің әсерінен, ротордың ойықтары статордың ойығынан қарағанда жабықтығы жоғары болғандыктан, оның орамаларына әсер етеді. Қысқа тұйықталған роторлар үшін ойықтың жабық түрлерінде қолдануға болады. Қозғалтқыштың жұмыс кезіндегі шуын азайту және оның іске қосу сипаттамасын жақсарту мақсатында ойықты тайқылыгын да (қиғаштығын) пайдаланады. Үшфазалы асинхронды электрқозғалтқыштар.Үшфазалы асинхронда электрқозғалтқыштарда статор мен ротор ора-маларыньң бірнеше түрі, олардың ішінде тұзақты (2.45- сурет), толқынды және қысқа тұйықгалған (тек қысқа тұйық-талған роторлар үшін) орамалар қолданылады. Қуаттылығы кіші машиналар үшін тұзақты орамаларының бір түрі ретінде, тіркеспелі орамаларда қолданылады. Асинхронды машинаның қуаттылығына кернеуінің мөлшері мен ойықтарының пішініне қарай орамаларының түрін таңдап алады. Бір қабатты тізбекті орамалар қуаттылығы 7кВтқа дейінгі асинхронды қозғалтқыштарда қолданылады. Қуаттылығы жоғары болса, екі қабатты тұзақты ора-малар қолданылады. Толқынды орамалар негізінде, фазалық ротор-лы асинхронды қозғалтқыштардың роторларында қолданылады. Орамалардың сипатталуы:

- ойықтарының санымен (m);

- жұп полюстарының санымен (р);

-. параллель жұп тармақтар саны мен (у);

- фазаның қатарлас тармақтарындағы біріне бірі тізбектей жалғанған орамдарының санымен (w); ораманың еселеушімен К0;

К0уКрКс (2.2)

мұндағы Ку-орамды қысқарту коэффициенті; Кр-статордың бойы-мен фаза орамасының орамдары қалай бөлініп орналасуын ескереті-неселеуіш; Кс-ротордың немесе статордың ойықтарының орналасу қиғаштығы коэффициенті. Ораманың негізгі элементгері: орам, секция және шарғы. Орам - ойықтарда полюстік бөлінуіне бірдей немесе одан кем қашықтықта (r) біріне-бірі жалғастырылған, орналасқан екі өткізгіштің жиынтығы.

Мұндағы D -жонылған статордың ішкі диаметрі; 2р-орама полюстарының саны. Орамасының орамы құрастырылуы жағынан «ажыратылмайтын» бір өткізгіштен арнайы тұрақты пішіндегі қалыпқа оралған немесе «ажыратылатын» екі өткізгіштен жасалып ойыққа салғаннан кейін біріне-бірін тізбектей қосқан (ораманы өзек арқылы даярлау тәсілі) болады..Орамдарды шарғы әдісімен даярлау тек қана қимасы жіңішке сымдарды пайдаланып және қуаты кіші электрқозғалтқыштардың орамалары ретінде қолданылады. Ажыратылмайтын орамалардың орамаларын орауға арнайы орауыш машиналарды пайдаланады. Секциялық әдісімен даярланған орамалардың қуаттылығы шектелмейді. Шарғы ортақ оқшаулағышпен біріктірілген бір немесе бірнеше секциялау.Мұның бәлендей айырмашылығы жоқ. Ораманың бөлімдері өзінің қадамымен сипатталады (у) деп белгіленеді.Ораманың шарғының қадамы жақтарының арасыдағы қашықтық. Ол толық, егер у=r немесе қысқарған, егер у<r болса Ораманың орамдары статордың ойықтарының барлық бетіне бірдей тегіс төселеді мұндайда өткізгіштер бір ойықта бір немесе бірнеше қабат болып түсуі мүмкін, осы белгілері бойын-ша орамалар бір қабатты және көп қабатты болып бөлінеді (әдетте екі қабатты) олар бір немесе бірнеше қатар орналасуы мүмкін.

Асинхроды қозгалтқыш статоры ойықтарына екі қабатпен салынган үшфазалы орама

Асинхронды қозгалтқыш статоры орамасы ұштарының шыгатын ұштарын қалқанда ораналастыру

Орналасу сұлбасының нұсқаларын таңдағанда маңдайшасын қасбетін және шарғы аралық жалғастыруда өткізгіш аз кететін шарғыны машинемен оралған ораманы ойықтарға орналастыру ыңғайлы және зақымданғанның шарғыны ауыстыру жеңіл бола-тындай етіп, орналастырғанда оның бір жағы ойықтың шарғы қабатына, ал екіншісі басқа ойықтың төменгі қабатында орналастырылады. Екі қабатты ораманың артықшылығы оның шарғысын электр машинасынан тыс жерде даярлау, олар-ды жақсылап оқшаулау және ойыққа даяр күйінде орналастыру мүмкіндігінің болуы. Бірақта мұндай орналастыру тек қана ойықтар ашық түрінде болғанда болады. Жартылай жабық және жартылай ашық ойықтарға бөлімнің өткізгіштерін саңлау арқылы бір-бірлеп жатқызады. Екі қабатты орамадан тағы бір артықшылығы қадамын қысқарту арқылы мыстың шығынын қысқарту мүмкіндігі. Қадам қысқарған екі қабатты статор орамасын орналасуы туралы мысал келтірген.Кернеуі 500 Вольтқа дейінгі қуаттылығы 60 кВттан аспайды асинхронды қозғалтқыштарды жартылай жабық ойықтар және сек-циялары жұмсақ ойыққа жататын бөлімдері оқшауланған орама қолданылады. Мұндай орамалар тығындау тәсілімен төселеді. 250 кВтқа дейінгі қозғалтқыштарға екі қабатты қатқыл катушкалы ора-малар қолданылады, оларда жартылай жабық ойықтарға салады. Қуаттьлығы жоғары

кернеуді 500 ден 6000 Вольтқа дейінгілерде екі қабатты тұзақты орама қолданылады, олар қысқа қадамды және қатқыл шарғылы болып келеді, ашық ойықтарға орналасады

Роторлардың қысқа тұйыкталған орамаларда ротор ойықтарына балқыған алюминий құйып бекітіледі. Сонымен қатар түп жағында қысқа тұйықталған сақина мен желдеткіш қалақтар пайда болады, олар қосымша суытуды қамтамасыз етеді. Фазалық роторлардың орамалары, статордың орамаларымен бір-дей. Фазалық роторлы асинхронды қозғалтқыштың роторлық орама-сы фазасының басжақ ұшы біліктің қуыс ұшы арқылы шығарылады және электроқшауландырылған төлкеге мықтап отырғызылған үш түйіспе сақинасына жалғанады. Щетка ұстағыштар мен серіппелер реттегіш резисторларды жалғап тығыздауға арналған графит щеткаларды сақиналарға қысып тұрады. Ротор орамалары оларды Ү сұлбасы бойынша қосқанда бейтараппен бірігеді де ұштары шығарылмайды. Орамаларды А сұлбасы бойынша қосқанда фазаның басқы ұшы да түйісу сақинасымен жалғасады. Сондықтан мұндай қозғалтқышты фазалы роторлы асинхронды қозғалтқыш деп атайды.

Асинхронды козғалтқыштардың электр энергиясын механикалық энергияға түрлендірудің электрофизикалық про-цессі. Асинхронды қозғалтқыш электр энергиясын механикалық энергияға айналдыру үшін статор орамасында білікті айналдыратын айнымалы магнит өрісі пайда болуы керек. Сонымен айнымалы магнит өрісін туғызуы үшін статордың орамалары аумақтық (геометриялық) ығыса орналасуы, ал ондағы тоқтар уақыт жағынан бір-бірінен ығысуы болуы тиіс. Үш фазалы асинхронды электр қозғалтқыш статорының орамасы үшфазалы электр желісіне қосылғанда айнымалы электр өрісін туғызудың үш шартын орындайды және ротор орамасымен бірігіп электр энергиясын білік-ті айналдыратын механикалық энергияға айналдырады. Мұндай өзгертудің электрфизикалық процессі мына ретпен іске асырылады. Статор фазаларының Ү немесе А сұлбалары бойынша жалғанып үш фазалы электр желісіне қосылады. Олардың әрқайсында уақыт жағынан бір-бірінен ығысқан сину сойдалы айнымалы тоқ пайда бола-дыэ ол айнымалы үш магнит ағынын туғызады. Тоқтар сияқты уақыт жағына бір-бірінен ауытқулы айнымалы үш магнит ағынының өзара әрекеттесуінен 50Гц жиілікте өзгермейтін қорытындылаушы толықсушысы магнит өрісін туғызады, ал асинхроңды қозғалтқыштың бір фазасының орамында толықсушы магнит ағынының біржарым еселік амплитудалық мәніне тең Статордың үшфазалы орамасы жасаған магнит өрісінің ерекшелік сипаты, ол ал уақыттың өзгеруіне қарамастан мөлшері жағынан тұрақтылығын сақтайды, статордың ішкі ойығының бетінің ұзын бойымен бір қалыпты айналады. Бұл магнит өрісі тұрақты магнит өрісі сияқты жылжымайтын статордың маңында бір қалыпты, жылдамдық пен айналады. Статор орамасының айналмалы магнит өрісі, өзінің айналу процессіне асинхронды қозғалтқыш роторының орамасын қиып өтіп, электрмагниттік индукция заңы бойынша онда ЭҚК индукциялайды.Сөйтіп асинхронды электрқозғалтқыштың роторы барлық уақытта статор орамасының магнит өрісінің синхрорнды емес,үнемі асинхронды айналады.осыдан,асинхронды қозғалтқыш деп атаған.Ротор статор орамасының магнит өрісіне

қарама-қарсы бағытта сырғитын сияқты көрінеді. Ротор мен статор орамасы өрістерінің салыстырмалы айырмасы сырғанау шамасымен сипаталады.

(2.4))

Мұндағы статор орамасы магнит өрісінің айналу жылдамдығы - ротор орамасындағы магнит өрісінің айналу жылдамдығы; -сырғанау жылдамдығы.

Әдетте жылдамдық ді, ал синхронды айналу жылдамдығы делінеді. Қалыпты жұмыс жағдайында асинхронды қозғалтқыштың сырғанауы аса жоғары емес, синхронды жылдамдықтың (2... 6)% дай: 0,002... 0,06. Куаттылығы жоғары қозғалтқыштарда сырғанау аз. Арнайы мақсатқа арналған қозғалтқыштардың сырғанауы синхронды жылдамдықтың (10... 15) % на дейін жетіуі мүмкін. Статордың магнит өрісінің синхронды айналу жылдамдығы тоқтың жиілігі мен статор орамасының жұп полюсының санына, байланысты:

Кардиналды ереже

1. Жұмыста альколден немесе есірткеден масаң күйде болманыз.

2. Жұмыста жазбаша жүктелімсіз – тапсырмасыз немесе жүктелім рұқсатсыз орындауға кіріспеніз.

3. Биіктікте жұмыс істеген кездесақтандыру белдіктерін қолданыңыз және қауіпті аймақты қоршаныз.

4. Жабдықтың жөндеу профилактикалық жұмыстарынбастау алдында энергияның кез келген көздерін оқшалау үшін бұғаттау құрылғыларын қолданыныз.

5. Жол қозғалысы ережелерін сақтаныз, көлікте қауіпсіздік белдіктерін тағыныз, жылдамдық режімін сақтаныз, жұмыс орнына және кері қарай қатаң түрде белгіленген маршрут бойынша жүрініз.

6. Жұмысты қоршалмаған қауіпті аймақтардың, жабдықтар мен механизмдердің айналып тұрған бөлшектерінің, ашық люктер мен кеңістіктердің қасында, ілініп тұрған жүктердің астында орындамаңыз.

7. Машиниспен, жүргізушімен байланыс орнатпай, қозғалып тұрған немесе жұмыс істеп тұрған көлік құралдарына жақындамаңыз.

8. Балқыған металл тасымалданатын негізгі құю аралықтары арқылы өтпеңіз.

9. Тұйық кеңістіктегі жұмысқа дайындық бойынша барлық талаптарды сақтаңыз. Тұйықталған кеңістікте бір тұлғаның жұмыс істеуін тыйым салынады.

10. Жұмыстарды орындау кезінде ақаусыз және сертификатталған жеке және ұжымдық қорғаныс құралдарын пайдаланыңыз;

11. Тек ақаусыз куйдегі тиісті көлік құралдарын, айла – бұйымдар мен құрал- саймандарды пайдаланыңыз;

12. Сіз өз қауіпсіздігіңіз бен қоршаған адамдардың қауіпсіздігі үшін жауап бересіз. Егер жұмыс орны немесе еңбек қорғауды қамтамасыз ету бойынша талаптарын орындаңыз

13. Баспалдақпен түсү/ көтерілу, көлік құралына міну/ түсу кезінде байланыстың 3 нүктесін қамтамсыз ету үшін таяныштар мен тұтқаларды ұстаңыз.

14. Жаңа жұмыс орнында мән-жаймен, еңбек жағдайларымен таныспай және қорғау мен қауіпсіздігі бойынша қосымша нұсқама алмай жұмыс істеуге кіріспеңіз.

15. Арнайы белгіленген орындардан тыс жерлерде шылым шекпеңіз.

Орытынды

Біз тәжірбие өту барысында біздің мамандыққа байланыстты көптеген тапсырмаларды орындадық және де бұл тәжірбиеде электр жабдықтарының технологиялық сиппаттамаларын зертттедік, сондай-ақ құжаттармен танысып технологиялық есептеуге қаттыстық.

Тәжірибе барысында біз мынаны үйренді: Кіріспе және жылдық басқару үшін негізгі материалдар қажеттілігі есептеу, технологиялық есептеулер электр, қатысу жұмыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету, техникалық және ұйымдастырушылық ережелерін зерттеу, электр жабдықтарын орнату үшін техникалық ерекшеліктер дайындау, электр техникалық қызмет көрсету үшін техникалық спецификация дайындауды, техникалық міндеттерді дайындауды жөндеу және электр жабдықтарын реттеу.

Осы тәжірибені өту барысында, біз тәжірибе кезінде жиналған біздің барлық білім шоғырландырылған, және қазірдің өзінде толыққанды электрик ретінде жұмысқа кірісуге дайын болдық.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных