Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Мұнай және газ кен орындарын игеру




МӘНЖАЗБА

Тақырыбы: «Мұнай және газ кен орындарын игеру»

 

 

Орындаған: Студент НГД-13 к/о Сансызбаев С.С.

Қабылдаған: Балабаева У.Ш.

 

Атырау 2016

Мазмұны

Кіріспе...................................................................................................................... 1. Мұнай және газ кен орындарын игеру............................................................  
 
2. Қабат қысымының түсінігі.............................................................................  
3. Ұңғы айналасындағы қысымды бөлу теңдігінің нәтижесі...........................  
 
4. Мұнай кен орындарын игеру режимдері…………………………………...  
Қорытынды..............................................................................................................  
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі..........................................................................  

 

 

Кіріспе

 

Жерасты қойнауында тарихи жағдайда жиналған мұнай-газ кеніштерінің жиынын мұнай кен орны деп атауға болады. Мұнай мен газ кен орындарының орналасу тереңдігі жер қойнауының қай геологиялық кезеңде пайда болуына байланысты əртүрлі болуы мүмкін. Мұнай кен орнын игеру деп

– кенорнын бұрғылаудан бастап, мұнай мен газ қорын жер бетіне шығаруды ғылыми зерттеу арқасында жүргізілетін үрдісті түсінеміз. Кен орнын құрайтын көмірсутекті қорлар негізінде қабаттарда жəне тау жыныстарының көлемінде орналасады, олар жер астында əртүрлі физика-геологиялық қасиеттері бар, əртүрлі көлемді болып орналасады. Көп жағдайда мұнай-газды қабаттың өзі біраз өткізгіштігі жоқ жыныстардың қабат шамаларымен бөлініп, немесе кен орынының əртүрлі жерлерінде орналасып бөлінеді.

Жаңа кенорнын игеруге беру кезiнде тəртiп бойынша ұңғымадан мұнайды көтерiп шығару үшiн, қабат энергиясы жеткiлiктi болады. Сұйықты көтерiп шығару тек қана қабат энергиясының есебiнен жүзеге асатын тəсiлдi – фонтанды пайдалану тəсiлi деп атайды.

Мұнай және газ кен орындарын игеру

 

Мұнай кен орны деп бір-бірінің үстінде немесе одан басқаша, оларды бір-

бірінен бөліп тұратын, суға қаныққан бос жыныстардан тұратын бір немесе бірнеше кеніштер жиынтығын айтады. Оларды бірге немесе жекеше пайдалануға болады. Әр кенішті өз алдына нысан қылып қарастыруға болады.

Кеніш құрамында бірнеше нысандар өз алдына бөлек болуы мүмкін.

Мұнай кеніші, ол жер қыртысындағы кей шоғыры геохимия әсерінен болған сұйық көмірсутектердің жиынтығы. Көбіне мұнай кеніші су қабатымен байланысты болады. Бұл байланыстың негізгі екі түрі болады. Егер су мұнай

кенішінің астында, оның бойымен созылып жатқан болса, онда ондай суды астарлы су деп атайды. Егер сумен байланыс мұнай кенішінен төмен, бірақ

оның қанаттарын астарлап жатса, ондай суды контурлы су деп атайды. Мұнай және су аралығындағы шекараның орналасу дәрежесі мұнай-су қатынас жағдайын анықтайды.

Кенішті пайдалану кезінде бірқатар кедергілер болады, олар: су, мұнай кенішінен жоғары немесе төмен орналасқан сулар, сонымен бірге сол мұнай қабатындағы қабат аралық сулар (аралық сулар).

Мұнай кеніштері пайда болғанда, бос газбен толтырылған аудандар, газды

шапкалар болады. Бұл аудандардың көлемі шексіз болуы мүмкін, кейде бір мәнге тең болады.

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных