Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Сұйық диэлектриктер




Биполяр сұйықтар үшін ε үлкен емес және сәуленің сыну көрсеткішінің n квадратына жақын.

ε = n 2

Бейтарап сұйықтар үшін ε температура өскен сайын азаяды, бұл температура өскен сайын сұйықтық тығыздығының азаюымен байланысты, яғни, молекулалар шоғырлануының азаюы деген сөз.

Бензол, толуол үшін ε = n 2 ≈ 2.

 

Дипольдық (полярлық) сұйықтарда бір уақытта электрондық, дипольдық–релаксациялық поляризация өтеді. Дипольдардың электр моменті μ және бірлік көлемдегі молекулалар саны неғұрлым көп болса, ε соғұрлым көп болады. Полярлық сұйықтың диэлектрлік өтімділігі биполярлыққа қарағанда көп. Мысалы, кастор майының ε = 4,5.

Полярлық сұйықтардың температуралық тәуелділігі ε сұйықтар тұтқырының кенет өзгеретін аймағындағы дипольдік максимуммен сипатталады. Электр өрісінің жиілігінің өсуімен полярлық сұйықтардың диэлектрлік өтімділігі электрондық поляризациямен анықталатын мәнге дейін төмендейді.

ε(ω)ω→∞= n 2

Атты диэлектриктер

Қатты диэлектриктерде поляризацияның барлық түрлері болуы мүмкін.

Бейтарап диэлектриктер үшін ε = n 2, бұл төмендегі 20 ºС температурада биполярлық диэлектриктер үшін келтірілген қорытындыларда расталады.

 

диэлектрик n n 2 ε
парафин 1,43 2,06 2,0 – 2,2
полиэтилен 1,52 2,30 2,3 – 2,4
полистирол 1,55 2,40 2,4 – 2,6
сера 1,92 3,69 3,6 – 4,0
фторопласт 1,37 1,89 1,9 – 2,2
алмаз 2,40 5,76 5,6 – 5,8

Бөлшектердің тығыз ораушысы бар иондық кристалдар электрондық және иондық поляризацияға ие. ε кең диапазондарда өзгереді. Әдетте температура өскен сайын ε өседі. Бейорганикалық аморфты диэлектриктерде (шыныларда) ε 4-тен 20-ға дейін өзгереді, температура өскен сайын өседі, алайда (рутил TiO2, кальций титанаты CaTiO3) жағдайларында өзгеруі де мүмкін.

Органикалық полярлық диэлектриктерде дипольдық–релаксациялық поляризация бар. ε кең ауқымда өзгереді, бірақ әдетте 4 – 10 мәндеріне ие. Диэлектрлік өтімділік температураға, берілген кернеудің жиілігіне тәуелді, полярлық сұйықтарда көрсетілетін заңдылықтарға бағынады.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных