Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Электр энергетика саласында қазіргі таңда қандай мәселелер туындап отыр? ЭКСПО – 2017 көрмесі не үшін ұйымдастырылуда?




Бүгінгі күні әлемдік қауымдастық алдындағы ең өзекті мәселелердің бірі ғаламдық энергетикалық дағдарыстың тереңдей түсуі болып отырғаны рас. Оның үстіне мың құбылған мұнай бағасы қайсыбір елдерге майдай жақса, кейбір мемлекеттерді тығырыққа тіреп отыр. Сондықтан да бірқатар елдер өздерінің ұлттық қауіпсіздігінің қатарына ендігі күні энергетикалық қауіпсіздік мәселесін де енгізбек ниет танытуда.

Сонымен қоса, бәлкім қазіргі жағдайға орай болар, «энергетикалық қауіпсіздік» деген ұғымның түсінік аясы да өзгеріп отырғанын аңғаруға болады. Мәселен, бұрын бұл тұтынушыларды энергетикалық ресурстармен тұрақты қамтамасыз ету деген мәселені ғана білдіретін еді. Қазір оған қуат көздерін халықаралық нарықта өндіру, тасымалдау мен сату шаралары да қосақталып, энергетикалық қауіпсіздік үшін жауапты болатын жайттар кеңи бастады.

Бұдан басқа, соңғы жылдары әлем елдері бойынша энергетикалық күрделілік мәселелері елдің экономикалық дамуына өз өрнегін салып, болжамдық көрсеткіштерден бастап болашақ жоспарларға дейін қайта пысықтауға итермелегені анық. Соның ішінде энергетикаға қатысты ұстанымдар да ауқымды түрде өзгерістерге ұласып отырғаны белгілі. Әрі энергетика мәселесі экономикалық дамудың ең алғашқы сұранысын тудыратын сала. Сондықтан да, дәл осы салаға баса назар аудару Қазақстан үшін бірінші кезектегі шаруаның бірі. Оның үстіне, еліміздің алдыға мақсат етіп қойған даму жолын алып қарастырсақ, ең басты сүйенеріміз де энергетика саласы болып қалмақ. Мәселен, Мемлекет басшысының индустрияландыру бағдарламасына сәйкес әрі алдағы уақытта атқарылатын Өндірістік қуаттарды оңтайлы орналастыру жоспарына орай, еліміздің энергетика мәселесі одан сайын өзекті бола түседі. Яғни, кез келген жобаны жүзеге асырудың негізгі тұғырында мұнай-газ, электр энергетикасы және соңғы кездері Қазақстанның қарқын ала бастаған саласы - атом өнеркәсібі ерекше рөл ойнайтын болады. Осындай жоғарыда тоқталған мәселелерді жеке-жеке сараптай келсек, онда осы аптада Астанада өткен энергетикалық апталықтың еліміз үшін қаншалықты маңызды екендігін бірден аңғарамыз.

Қазақстан мұнайының 110 жылдығы аясында ұйымдастырылып, апта бойы саланың өзекті мәселелерін талқылаған алқалы жиын барысында Халықаралық жастар конференциясы, мұнай-газ көрмесі ұйымдастырылып, IV Еуразиялық энергетикалық форумы өткізілді. Жиында энергетика саласындағы түйткілді мәселелер талқыланып, еліміздің инфрақұрылым нысандарын дамыту, мұнай мен химия, атом электр энергетикасы және электр қуатын үнемдеудің жаңа технологиялары, сондай-ақ қазақстандық мөлшерді арттыру, жас мамандарды даярлау, инвестициялық жобаларды қаржыландыру мен тағы басқа осы саладағы көкейкесті мәселелер назардан тыс қалмады.

Әрине, энергетика десе, мұнай мәселесін алдыңғы орынға қойып, елең ете қалатынымыз да рас. Оның үстіне, ғаламдық экономиканың басты ресурсы ретінде мұнай әлем өркениетінің энергетикалық негізіне де айналып отырғаны жасырын емес. Қазақтың «қара алтын» саласын болашақ дамыту жоспарлары туралы айтқан Энергетика және минералдық ресурстар министрі Сауат Мыңбаев біршама жобалар бойынша атқарылып жатқан шараларға тоқталған. Каспий құбыр желісі консорциумын кеңейту, Қытайға мұнай тасымалдайтын құбыр қуаты, Кеңқияқ-Құмкөл мұнай құбырының мүмкіндігі туралы, ең бастысы ішкі нарықты мұнай өнімдерімен толық қамтамасыз ету шаралары кеңінен әңгіме арқауы болды.

Сонымен қатар энергия қуаттылығын арттыру бағытында әлемнің басты назарында тұрған ядролық энергетика мәселесіне қатысты сөз қозғаған министр Қазақстан әлемдік ядролық нарықта негізгі ойыншылардың бірі бола алады және оған толық негіз бар екенін атап өтті. «Қазіргі кезде ядролық энергетика әлемдік баланста өзінің үлесін арттыруға қабілетті және осы арқылы адамзаттың энергияға деген қажеттілігінің өсімін қамтамасыз ете алатын тұрғыда бірыңғай сипатқа ие. Болжам бойынша, 2050 жылы энергетикалық ядролық реакторлардың паркі үш есеге жуық шамада артатын болады. Осы орайда, Қазақстан жаһандық үрдістен тыс қалмайды. Табиғи уранның елеулі қорына және ядролық отын өндірісі компоненттерін иемдене отырып, Қазақстан әлемдік ядролық нарықта әлеуетті түрде негізгі ойыншылардың бірі бола алады», - деді С. Мыңбаев.

Жалпы, дағдарыс кезеңінде энергетикалық тұрақтылықты қалыптастыру секілді мәселеден жұмыр жердің бетіндегі бірде-бір мемлекет тысқары қала алмайтыны рас. Оның үстіне көздің жауын алатындай Каспий қайраңын игеру секілді сүбелі мәселелерге қатысты құлағын тігіп отырғандар да жетерлік. Екіншіден, бүгінгі күні Қазақстан Еуразиялық құрлықтың энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуде шешуші рөл атқаратынына сеніммен қарай бастағандар да баршылық. Сондықтан да елорданың «энергетикалық апталығына», Еуразиялық энергетикалық фо­румға қатысты қызығушылық ерекше болды. Жиын барысында сөз сөйлеген ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Қазақстан энергетикалық саладағы жаһандық қауіп-қатерлер мен проблемаларды шешуде маңызды рөл атқаруы тиістігін атап өтті. Үкімет басшысының айтуынша, мұнай мен мұнай-газ өнімдерінің сұранысын қамтамасыз ету тұрғысынан келгенде, Қазақстан қажетті қуаттарды қамтамасыз етіп отыр. Сонымен қатар, Премьер-Министр Қазақстан Үкіметі мұнай-газ секторындағы мемлекет пен жекеменшік серіктестігін дәйекті дамытып отырғанын атап көрсетті. «Экономиканы және экспорттық ережелерді әртараптандыру стратегиясын дамытуға қатысты айтатын болсақ, біз жаңа көліктік инфрақұрылымдарды құруға ден қоюдамыз. Бұл ретте біздің мұнай құбырларымыздың желілерін біртіндеп дайындау маңызды болып табылады», деген Үкімет басшысы «Атырау - Самара», «Орталық Азия - Орталық» желісін қайта жаңғырту, Каспийдің мұнай құбырларының инфрақұрылымдарын дамыту маңызды мәселе болып табылатынын айтты. Премьер-Министр «Баку - Тбилиси - Жейһан» және Қытайға бағытталған магистральдық құбыр жолы сынды іргелі маршруттардың инфрақұрылымдары, сонымен бір мезгілде, Ақтау және Құрық айлақтарының жұмыстары жақсарып жатқандығын жеткізді. «Осылайша Қазақстан өзін әлемдік рынокқа мұнай-газ ресурстарының сенімді жеткізушісі ретінде танытып үлгерді», деді Премьер-Министр.

Сонымен қатар, Үкімет басшысы Қазақстан климаттың өзгеруінде маңызды рөл атқаратынын, бұл ретте көмірсутекті шикізаттарды өндіру кезінде газдардың шығарындыларын шектеу жөніндегі жауапкершілікті ұстанатынын айтты.

Қазақстандық банк секторы мемлекет тарапынан кешенді реттеуге мұқтаж. Осы аптада Астанада отандық және шетелдік іскер топ өкілдерімен кездесіп, біршама өзекті мәселелер бойынша сұхбаттасқан ҚР Үкіметінің басшысы Кәрім Мәсімов осындай мәселеге назар аударды. «Қазіргі таңдағы халықаралық рыноктың үрдісі мемлекет банк секторын көп реттеуі тиіс деген қисынға алып келе жатыр. Біз жаһандық рыноктағы жағдай қалай қалыптасатынын бағамдаймыз және осы үрдісті мұқият бақылайтын боламыз», деді К. Мәсімов. Премьер-Министр соңғы екі жыл күрделі болғандығына тоқтала келе, дегенмен қазақстандық банк жүйесінің ішіндегі күрделі проблемаларды шешуге тақап қалғанын айтады. Осы орайда К. Мәсімов Қазақстан Үкіметі келесі аптада өтетін «үлкен жиырмалық» өкілдерінің кездесуінде банк секторына қатысты қандай шешімдер, қандай шаралар қабылданатынына мұқият көз тігетіндігін атап көрсетті. Оның айтуынша, дағдарысқа дейінгі кезеңде банк секторын реттеуде кеткен кемшіліктер қазіргі таңдағы нәтижелерге алып келіп отыр. «Пайыздық ставкалар және оларды төмендету жайында айтатын болсақ, бізге жақсы макроэкономикалық жағдайлар жасау қажет және тек рыноктық механизмдер арқылы ғана пайыздық ставкаларды сақтауға болады», деді Үкімет басшысы қатысушылардың бірінің сұрағына берген жауабында.

Бұл басқосуда Қазақстан Үкіметі Стрестік активтер қоры жұмысы жайлы жаңа тұжырымдаманы әзірлейтіні де белгілі болды. Бұл турасында Үкімет басшысы «қазіргі жаңа жағдайды және біздің алдымызда тұрған жаңа қатерлерді ескере отырып, біз Стрестік активтер қоры қалай жұмыс істеуі керек деген жаңа тұжырымдама әзірледік. Біз ол жайында еліміздегі проблемалы банктер бойынша келіссөздер аяқталысымен егжей-тегжейлі айтатын боламыз», деп атап өтті. Үкімет басшысының айтуынша, Стрестік активтер қорының жаңа тұжырымдамасы шетелдік консультанттармен пысықталған.

Бабамыз Асан қайғы Желмаясымен жаһанды шарлап жүріп, елінің өмір сүруіне қолайлы жерұйық іздеген екен. Ол туралы бізге жеткен аңыз-әңгімелердің, Асан қайғының мұндай әрекетінің түп-төркінінде адамзаттың өмір сүруіне барынша ыңғайлы, халық тіршілігін материалдық жағынан қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін қонысты табу жатыр деуге болады. Бүгінгі бұл қоныс, бәріміздің ортақ үйіміз – жер ғаламшары, адамзаттың табиғат байлықтарын қажетінше тұтынушылықтан коммерциялық пайда табуға өтуіне байланысты, ашкөздікпен тонаушылық себебінен бұрын-естіп көрмеген апаттарға, болашақта туындауы мүмкін ғаламат қауіптерге себеп болуда.

Осындай жағдайда экономикалық қажеттілік пен экологиялық баланысты сақтау бүгінгі күннің ең өзекті мәселесі болып отыр. Энергетикалық ресурстар барлық елдер мен азаматтардың бақуатты өмір сүруінің негізі бола отырып, өз кезегінде ұтымды және үнемді пайдалануды қажет етеді. Алайда энергетикалық ресурстарды қаншалықты үнемді пайдаланғанымызбен адамзаттың бүгінгі даму қарқыны энергетикалық қауіпсіздік қаупін көбейтпесе, азайтпай отыр.

Энергетикалық қауіпсіздік мәселесі табиғи байлықтарға бай біздің ел үшін аса маңызды емес деп есептесек, үлкен қателікке жол береміз. Өйткені энергетикалық қауіпсіздік ажырамас бірнеше құрамдас бөліктерден тұрады. Оларды саяси энергетикалық қауіпсіздік, экономикалық энергетикалық қауіпсіздік, техногендік энергетикалық қауіпсіздік деп шартты түрде бөлуге болады.

Енді осылардың әрқайсысының маңызды жақтарына қысқаша тоқталып өтсек. Саяси энергетикалық қауіпсіздік жалпы мемлекеттің, оның субъектілерінің немесе аймақтарының энергияға тәуелсіздігімен сипатталады. Мұндай ахуалдың қалыптасуына бірнеше жағдайлар себеп болуда, олар: табиғи байлықтарды игерудегі үкіметтің тиімсіз экономикалық саясаты (кен орындарын игеруді тек белгілі бір елдің немесе корпорацияның қолына беру, құқықтық базаның әлсіздігі, экономиканың әртараптандырылмауы және т.б.), жемқорлықтың етек алуы, табиғи байлықтарды тиімсіз пайдалану мен кешенді түрде пайдаланбау, трансұлттық корпорациялардың экологиялық қауіпсіздік пен жергілікті жердің мүддесіне қайшы, тек пайда табуға деген ұмтылысымен жүргізіп отырған бизнесі және көптеген өзге де себептер.

Экономикалық энергетикалық қауіпсіздік мәселесіне келсек, әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай Африканың және Азияның көптеген елдері энергияның көзі болып табылатын аса бай кен орындарына ие бола тұра, тиімді энергетикалық саясат жүргізбеуінің салдарынан үйдегі электр шамы жарығына қол жеткізе алмай отыр немесе күніне миллиондаған баррель мұнай өндіре отырып жанар-жағар майды өз елінде бірнеше долларға сатып алуда. Нәтижесінде халқының жағдайы өте төмен, тіпті ашаршылық жайлауда.

Осылардың ішіндегі ең маңыздысы техногендік қауіпсіздік болып табылады. Бұл қауіп энергияның жетіспеушілігіне байланысты болмағанымен, энергия көздерін игеруге байланысты туындайтын болғандықтан және оның ажырамас құрамдас бөлігі болып табылатындықтан, біз бұл мәселені энергетикалық қауіпсіздіктен бөліп қарай алмаймыз. Техногендік энергетикалық қауіпсіздік энергияның көзіне байланысты электр қауіпсіздігі, өрт қауіпсіздігі, элекрлік-магниттік қауіпсіздік, экологиялық қауіпсіздік, радиациялық қауіпсіздік, ядролық, химиялық қауіпсіздік және т.б. қауіпсіздік мәселелерін кешенді түрде қарастыруды талап етеді.

Энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін жасалынып жатқан әрекеттердің барлығы ең алдымен экологиялық талаптардың шеңберінде жүргізілуі тиіс. Табиғи ресурстарды жер қойнауынан өндіруден бастап, оларды саудалауға дейінгі қатынастардың барлығы құқықтық актілермен реттелінеді. Табиғи ресурстарды энергетикалық қауіпсіздік үшін пайдалануда ең басты назар экологиялық қауіпсіздікті сақтауға аударылуы тиіс. Әлемдік экономиканың соңғы жылдардағы қарқынды дамуы салдарынан табиғи ресурстардың молынан өндірілуі экологиялық мәселені шиеленістіріп жіберді. Мәселен мұнайдың әлемдік барланған мөлшері барлығы 140 млрд. тонна болса (әлемдік энергетикадағы үлесі – 35,9 пайыз), соңғы жиырма жылда 60 млрд тонна мұнай өндірілген, ал көмірдің әлемдік энергетикадағы үлесі – 23,7 пайызды құрайды. Бәрімізге белгілі көмір өте зиянды энергия көзі, оны жағудан ғана емес өндірудің өзінен қоршаған ортаға орасан зор зардап келеді. Ал атом энергиясы атмосфералық ауаны ластамайды дегенмен (әлемдік энергетикадағы үлесі – 16 пайыз), ірі техногендік апаттардың туындауына алып келуі мүмкін (Чернобль апаты, Фукусима апаты).

Энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде жоғарыда келтіріген мәселелерді шешу үшін ең алдымен оның құқықтық қамтамасыз етілуі тиіс. Мұнда басты рольді экологиялық құқықтың нормалары атқарады. Табиғи ресурстарды пайдалануда экологиялық құқық экологиялық қатынастарды екі деңгейде реттейді, олар; ұлттық деңгейде және халықаралық деңгейде. Өз кезегінде экологиялық құқықтың нормалары экологиялық құқықтың қағидаларына негізделуі тиіс. Белгілі қазақстандық ғалым Н.Б.Мұхитдиновтың, «қағидалар құқық нормаларында әрқилы бекітіледі, олардың кейбірі сәйкесінше берілген нормалардан айқын көрінсе, кейбірі құқықтың белгілі бір саласының не институтының нормаларын талдау арқылы көрінеді. Бірақ олардың барлығы заң шығарушының қоғамдағы экономикалық және саяси заңдылықтарды ескере отырып анықталады», дейді [1]. Сондықтан экологиялық құқықтың қағидалары энергетикалық қауіпсіздікті қауіпсіздікті қамтамасыз етуде негіз болуы тиіс. Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінде экологиялық заңнаманың төмендегідей қағидалары бекітілген: Қазақстанның тұрақты дамуын қамтамасыз ету; экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, экологиялық қатынастарды реттеудегі экожүйелі көзқарас; қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттiк реттеу және табиғи ресурстарды пайдалану саласындағы мемлекеттiк басқару; қоршаған ортаны ластаудың және оған кез келген басқа түрде залал келтiрудi болдырмау жөнiнде алдын алу шараларының мiндеттiлiгi;

 

Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасын бұзғаны үшiн жауаптылықтан бұлтартпау; қоршаған ортаға келтiрiлген залалды өтеу мiндеттiлiгi; қоршаған ортаға әсер етудiң ақылы болу және оған рұқсат алу тәртiбi; табиғи ресурстарды пайдалану мен қоршаған ортаға әсер ету кезiнде неғұрлым экологиялық таза және ресурс үнемдеушi технологияларды қолдану; қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi мемлекеттiк органдар қызметiнiң өзара әрекеттестiгi, үйлесiмдiлiгi мен жариялылығы; табиғат пайдаланушыларды қоршаған ортаны ластауды болдырмауға, азайтуға және оны жоюға, қалдықтарды кемiтуге ынталандыру; экологиялық ақпараттың қолжетiмдiлiгi; табиғи, пайдалану мен қоршаған ортаға әсер ету кезінде ұлттық мүдделеді қамтамасыз ету; Қазақстан Республикасы экологиялық заңнамасының халықаралық құқық принциптерімен және нормаларымен үйлесуі; жоспарланып отырған шаруашылық және өзге де қызметтiң экологиялық қауiптiлiгi презумпциясы және оны жүзеге асыру туралы шешiмдер қабылдаған кезде қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына әсерiн бағалау мiндеттiлiгi болып табылады [2]. Бұл қағидалардың кейбірі экологиялық заңнама тән қағида емес, бірақ олар табиғатты пайдалануда, еліміздің экономикалық әлеуетін арттыруда маңызды рөл атқарады. Мысалы Қазақстан Республикасының тұрақты дамуы қағидасы. Бұл қағида біз қарастырып отырған энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің діңгегі екендігі даусыз. Өз кезегінде «әр мемлекет қоршаған ортаның ұлттық жүйесіне қатысты, өзіне қажетті саясат жүргізу кезінде заманауи халықаралық құқықтың жалпы мойындаған принциптері мен нормаларын сақтауға міндетті» [3].

Ойымызды тұжырымдар болсақ, тұрақты дамуға қол жеткізіп және баршамызды жарқын болашақпен қамтамасыз ету үшін энергетикалық қауіпсіздікті барлығымыз тең жауапкершілікпен жүзеге асыруымыз қажет.

Қазіргі таңдағы негізгі ғаламдық проблемалардың бірі экологиялық мәселелер екені баршаға мәлім. Дамыған және дамушы елдердің экономикалық өсуі артқан сайын экологиялық проблемалары да соған сәйкес жоғарылау үстінде. Осы мәселелермен әр түрлі экологиялық ұйымдар ашылып жатса да, олардың бұл проблемаларды шешуге қауқарлары жетпей, ғаламдық мәселеге айналдырды. Бүгінде бүкіл жаратылыстану ғылымдарының негізгі зерттеу мәселесі - ғаламдық экологиялық проблема.

Экологияның және экологиялық мәселелердің шешілуінде және кең өріс алуында энергетиканың маңызы зор, себебі қолға алынып жатқан энерго экологиялық стратегиялар мен жоспарлар ең шулы тақырыптар кезегінде әлемдік мәртебе иесі болып отыр.

Қазіргі таңда нағыз экономикалық даму сатысына шыққан Қазақстан Республикасының энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін шаралары, онымен күресетін ұйымдары және демеуші болып отырған халықаралық одақтар шешімдерімен 2011ж Астанада V KAZENERGY Еузазиялық форумы ашылды. Форумның негізгі мақсаты қос құрлықтың энергетикалық шикізат көздерін дамытумен қатар мақсатты түрде энергеэкологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету болып табылады. осы оқиға Қазақстан Республикасының экологиялық дағдарысқа қарсы жылжуының тағы бір дәлелі бола алды десек қателеспейміз. 2013 жылдың қорытындысы бойынша ішкі жалпы өнім Қазақстан Республикасында 6 пайызға өсу деңгейін көрсеткен. Демек, осыған байланысты энергетикалық шикізатқа деген сұраныс та жыл сайын арта бермек. Ендеше, энергетикалық қауәпсіздік Қазақстанның маңызды мәселелерінің күн тәртібінен түспек емес. Қазақстан бір бөлігі болып табылатын Каспий өңірі ха­лықаралық энергетикалық рынок­та барған сайын өскелең рөл атқаруда. Каспий аймағының бұл көкейкесті мә­се­ледегі рөлі, энергетикалық ши­кізат көздерінің жаңа мүмкіндіктері, өңір­дің экологиялық ахуалы, жа­һандық жылыну үрдістері “Еур­азияның энергетикалық картасы: тәуекелдер тепе-теңдігі және жаңа мүмкін­діктер” тақырыбымен өтіп жатқан Қазақстан форумдарының негізгі арқауына айналып үлгерді. [4]

Бүгінгі күні «Самұрық-Энерго» АҚ-тың инвестициялық жобалар ірі-ірі 12 жоба бар. Олардың мақсаты – алдағы 10 жылдың ішінде жұмыс істеп тұрған станциялардың қуаттылығын арттыру және жаңаларын салу арқылы электр энергиясы тапшылығын жою. Мәселен, 2013 жылдың 2 тамызында «Самұрық-Энерго» Қапшағайдағы куаттылығы 2 мегаватт болатын күн электростансасын іске қосты. Ал осы айда компания Ерейментаудағы қуаттылығы 45 мегаватты құрайтын жел электростансасының құрылысын бастады. Болашақта оның қуаттылығын 300 мегаватқа дейін жеткізу жоспарланып отыр. Сонымен қатар Балқаш ЖЭС-нің қуаттылығы 1320 МВТ болатын алғашқы модулі мен Экібастұз ГРЭС-нің қуаттылығы 600-650 мегаваттық үшінші энергоблогының құрылысы жалғасып жатыр.Бүгінде әлемдік қоғам­дастық үшін жаһандық энергетика­лық дағдарыстың тереңдеуі және планетада қолайсыз климаттық өзгерістер қатерінің өсе түсуі аса өткір проблемалар болып табы­лады. [1]

Қазақстан бір бөлігі болып табылатын Каспий өңірі ха­лықаралық энергетикалық рынок­та барған сайын өскелең рөл атқаруда. Бүгінгі күні Қазақстан мұнай қоры бойынша әлемде 7-ші орын, газдың қоры бойынша – 6-шы орын, уран қоры бойынша 2-ші орын алады. 2017 жылға қарай Қазақстан әлемдегі аса ірі мұнай өндірушілердің ондығына кіреді. Қазақстан елде өндірілетін газдың көлемін де ұлғайтуда. Уранның ірі қорына ие бола отырып, біз атом энерге­ти­касын дамытуда маңызды рөл атқаратын боламыз. Бұл ретте Қазақстан жаһандық энергетикалық тепе-теңдік пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге деген өз жауапкершілігін толық мәнінде сезінеді.

Энергия тасымалдаушылардың тұтынушыларға жеткізілімін одан әрі әртараптандыру, сондай-ақ энергия ресурстарын өндірушілер үшін кепілдік беру мақсаттарында Қазақстан Энергия жеткізілімдерінің Еуразиялық тұрақтылық негізін қалауды қолға алса игі іс болар еді. Бүгінгі таңда экономика мен энергетиканы дамыта отырып, экологиялық қауіпсіздікті назардан тыс қалдырмау қажет. Бұл осы күнгі жаһандық күрделі проблема. Қазіргі заманғы ғаламдық үдеріс жағдайындағы энергоэкологиялық мәселелерді шешу жолдары қазақ елі Президенті Н.Ә. Назарбаевтің «ХХІ ғасырдағы жаһандық тұрақты дамудың энергоэкологиялық стратегиясы» атты ғаламдық энергоэкологиялық стратегиясында(монографиясында) көрініс тапқан. Бұл құжаттың маңыздылығы 2011 жылдың маусым айында Бразилияда өткен БҰҰ-ның конференциясында қаралды.

Экологиялық және энергетикалық қауіпсіздік мәселелері - бүгінгі таңдағы ең ауқымды әрі маңыздылығы өте жоғары, кезек күттірмейтін жаһандық күрделі проблемаға айналып отыр. Энергетикалық және экологиялық қауіпсіз әлемді қалыптастыру мәселелерінен қазақ елі шет қалмақ емес. Мемлекет басшысының бастамасымен ХХІ ғасырдағы тұрақты дамудың ғаламдық энергоэкологиялық стратегиясы әзірленді. Экология, экономика және энергетика. Әлем елдері алдағы уақытта осы үш бағыттың тепе-теңдігін қамтамасыз етуі керек. Яғни, тек энергияны теңгерімді пайдаланудың бірлескен жолын даярлағанда ғана әлемдік қауымдастық жаһандық экологиялық қауіпсіздіктің негізін құра алады. Ғаламдық энергоэкологиялық стратегияда осы мәселе айқындалған. Ең бастысы - экономика мен энергетиканы дамыта отырып, экологиялық қауіпсіздікті естен шығармау қажет. [2]

Энерго-экологиялық мәселелерді нәтижелі шешудің, тұтынуды тиімді етуден бастап, энергоүнемдеудің тиімділігін арттыру, энергияның баламалы және жаңарып тұратын көздерін инновациялық тұрғыда дамыту секілді барлық жолдары қарастырылуы тиіс. ҚР Президентінің бұл сөздерінен инновация– энергетика– экология– энерго-экологиялық экономика тізбегін шығаруға болады. Яғни инновациядан жаңа заманның тиімді энергетикасына, тұтынудың экологиялық жүйелеріне қарай жүру. Нәтижесінде электро-экологиялық экономикаға қол жеткізуге болады. [3]

«ХХІ ғасырдағы жаһандық тұрақты дамудың энер­го­эко­ло­гиялық стратегия­сы» атты кі­тап­тың алғашқы тарауында бүгінгі таңда әлем­де қалыптасып отырған жағ­дайға жан-жақты талдау жа­салады. Сонымен қатар, мұндай күрделі мәселені шешудегі әлем­дік институттар атқаратын іс-шаралардың бағыт-бағдары мен стратегиялық міндеттері де алға қойылады. Ал кітаптың екінші бөлімі тұрақты энер­го­экологиялық дамуды жүзеге асы­рудың қағидалары мен әдіс­теріне арналған. Сөйтіп, жаңа еңбектің үшінші бөлімінде Қазақстанның және ЕурАзЭҚ мемлекеттерінің үлгісінде энер­го­­экологиялық стратегияны іске асы­рудың мүмкіндіктері кеңінен ашылған. Айта кететін тағы бір жәйт, монографияда бірқатар мем­­лекеттердің энергоэкология­лық дамуының алгоритмдері мен нақты схемалары да барынша қамтылған.

Ең ауқымды әрі маңыз­ды­лығы өте жоғары, кезек күттір­мей­тін жаһандық күрделі пробле­маға айналып отырған экология­лық және энергетикалық қауіпсіз­дік мәселелері кеңінен қамтылған еңбек туралы өз пікірлерімен бө­ліс­кен ресейлік және қазақстан­дық көрнекті ғалымдар тұжыры­мы бір арнаға тоғысты. Оның өзіндік себептері де жеткілікті, өйткені Қазақстан Президентінің моногра­фиясындағы айтылған идея­лардың қай-қайсысының болмасын кө­кейкестілігі жоғары екендігі талас тудырмайды.

Қазіргі және болжанатын үрдістер бойынша энергоэкологиялық қауіпсіздік пен дамудың келесідей ресурстық әлеуеттерін айтуға болады:






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных