Дөңгелек токтың магнит өрісі
Радиусы R шеңбер түріндегі жіңішке сымның бойымен өткен токтың (дөңгелек токтың) тудырған өрісін қарастырайық. Дөңгелек токтың центріндегі магнит индукциясын анықтайық (67-сурет).

Токтың әрбір элементі индукция центрінде туады да ол бағыты контурға жүргізілген оң нормальмен бағытталған болады. сондықтан dB векторлық қосынды олардың модульдарының қосындысына сәйкестендіріледі. формуласы бойынша 
. Осы өрнекті барлық контур бойынша интегралдасақ:
.
Сонымен, дөңгелек токтың центріндегі магнит индукциясы мынаған тең: . (4) Енді контур жатқан жазықтықтан x қашықтықтағы дөңгелек токтың осіндегі В-ны табамыз (68-сурет). dB векторы dl мен r арқылы өтетін жазықтыққа перпендикуляр. Олар симметриялы конустық желпуіш жасайды (68, б-сурет). Симметриялық пайымдауымыздан қорытқы вектор В ток осінің бойымен бағытталған болады. dB векторының әрбір құраушыларынан модулы бойынша шамасына тең қорын, негізгі қорытқы векторға қосады. мен r түзулерінің арасындағы бұрыш, сондықтан

Барлық контур бойынша интегралдап және r-ді шамасымен ауыстырып, мынаны аламыз:
. (5)
x=0 болғанда бұл формула, осылай болуға тиісті сияқты, дөңгелек токтың центріндегі магнит индукциясына арналған (4) формуласына көшеді. (5) қатыстың алымында тұрған өрнегі контурдың магнит моменті -ге тең. Контурдан өте үлкен қашықтықтара бөлімдегі R2-ты x2-мен салыстырғанда елемеуге болады. Сонда (5) формуласы мына түрге келеді: , бұл өрнек диполь осіндегі электр өрісі кернеулігіне арналған өрнекпен ұқсас. Дөңгелек токтың осіндегі В мен -нің контурға жүргізілген оң нормальдың бойымен бағытталғандығын ескере келе мынаны жазуға болады: . (6)69-суретте дөңгелек ток өрісінің магнит индукциясының сызықтары кескінделген. Мұнда тек токтың осі арқылы өтетін жазықтықта жатқан сызықтары ғана көрсетілген. Мұндай суретті осы жазықтықтың кез келген жерінен байқауға болады. 70-суреттен көрініп тұрғандай, бірдей осьтес дөңгелек екі токтың өздері симметриялы болып тұрған жазықтыққа қатысты магнит индукцияларын туғызады, ол осы жазықтықтың әрбір нүктесінде перпендикуляр бағытталады.

Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|