Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Алапес қоздырғышы

Белгілері

Алапес теріні әр түрде зақымдайды, сезімін жоғалтады, аяқ пен қол сал болып қалады. Алапестің алғашқы белгісі денеге түскен ақтаңдақ жайлап ұлғаяды, ауырмайды және қышымайды. Алғашында ақтаңдақта сезіну қалпында болады.Егер ақтаңдақ терісінің сезінуі азайса немесе мүлде жоғалса, онда бұл алапес болуы мүмкін.

Теміреткі сияқты ақтаңдақ сақина тәрізді дөңгеленіп тұрмайды. Кейінірек байқалатын белгілері организмнің бұл ауруға қарсылық ету дәрежесіне байланысты әр түрлі болады. Мынадай белгілерін қадағалаңыз:

Қол мен аяқтың жансыздануы немесе сезімнің жоғалуы, немесе қол мен аяқтың майысып бұзылуы, ақтаңдақта сезіну нашарлайды

Жеңіл әлсіздік немесе аяқ пен қол басының майысып, бұзылуы.

Тері астында ісінген нервтер пайда болады Олар басқан кезде ауруы да және ауырмауы да мүмкін.

Тырнағы және майысқан башпайлар.

Емдеу жолдары

Алапесті әдетте емдеп жазуға болады, бірақ оның дәрілерін ұзақ жылдар бойы қабылдау керек. Аурудың ең жақсы емі римфампин мен клофазиминді қосып пайдалану. «Лепра реакциялары» пайда болған жағдайда (қызу болу, бөріту, аяқ пен қолдың ісуі, көздің ауыруы немесе көруі нашарлауы) дәріні қабылдауды жалғастырыңыз, бірақ дәрігерге керіну керек.

Қолдың, аяқтың, көздің зақымдануының алдын алу

Алапес салдарынан пайда болған үлкен ойық жара жанға батырып ауырмайды, оларды болдырмауға болады. Бұл жаралар — дененің жансыздануының нәтижесі, өйткені зақымдануға жансыз дене қарсыласа алмайды. Мысалы, терісінің жаны бар адамның ұзақ жүргеннен аяғы мүйізгектенеді, бірақ жүре алмай қалады немесе ақсап жүреді. Ал алапестен ауырған адамның терісі ауырмайды. Сондықтан ол қашан мүйізгек жара болғанша жүре береді, сосын оған инфекция түседі. Инфекция ауыртпай еніп, сүйекке дейін жетеді. Сөйтіп сүйек бұзылып, аяқ формасы өзгереді.

Аяқ пен қолды тілінуден, жарақаттан, күюден сақтаңыз.

Жалаң аяқ жүрмеңіз, әсіресе аяғыңызга бататын немесе кіретін тастақты, тікенекті жерлерде. Туфли немесе башмақ киіңіз. Аяғыңызды қажайтын аяқкиімнің табанына жұмсақ ұлтарақ салыңыз. Тамақ дайындаған және жұмыс істеген кезіңізде қолғап киіп алыңыз. Қолыңызды күйдіруі мүмкін затқа жоламаңыз немесе ыстық затты қалың биялай не қалың шүберекпен үстаңыз. Мүмкіндігінше өткір немесе ыстық заттармен жұмыс істеуден аулақ болыңыз. Темекі шекпеңіз.

Әр күн сайын (немесе жиірек егер сіз көп жұмыс істесеңіз немесе ұзақ жерге жүрсеңіз) қол-аяғыңызды мұқият қарап шығыңыз, немесе мұны басқа біреу қарап берсін. Теріңізде тілінген, жарақаттанған, қызарған, ыстық, ісінген, мүйізгектенген жерлердің бар-жоғын тексеріңіз. Егер ондай таңбалар байқалса, қашан тері қалыпты түсіне келгенше қол-аяққа тыным беріңіз. Бұл мүйізгекті таратып, теріні қалпына келтіреді. Ісініп қызарған жерді де осылайша кетіруге болады.

Егер сізде ашық жара пайда болса, оны таза ұстаңыз және қашан жазылғанша тыныштық беріңіз. Сол жердің қайта зақымданбауына жағдай жасаңыз.

Көзіңізді қорғаңыз. Көру мүшесі сезімінің жоғалуы және оның әлсізденуі салдарынан көздің жыпылықтауы нашарлайды, ал бұл көзге ауыр зардабын тигізеді. Көзіңізді жиі жыпылықтатыңыз, сонда ылғалданып, тазарып тұрады. Егер сіз көзіңізді жыпылықтата алмасаңыз, оқтын-оқтын, әсіресе шаңдақты жел соққан кезде, көзіңізді тарс жұмып отырыңыз. Екі қапталы жабық күнқағар көзілдірік және мүмкіндік болса, күнқағары бар қалпақ киіп жүріңіз. Көзіңізге шыбын қондырмаңыз, таза ұстаңыз.

Егер сіз осы айтылғандардың бәрін істесеңіз, тезірек сауыға да бастайсыз. Сіз қол-аяғыңызды алапестен болатын майысудан, бұзылудан аман сақтап қаласыз.

Актиномицеттер (ескі атауы: сәулелі саңырауқұлақтар) – диаметрі 0,4-1,5 мкм-ге дейін жететін даму сатыларының кейбір стадияларында бұтақтанған мицелий құруға қабілеті бар бактериялар (кейбір ғалымдар актиномицеттердің бактериалды табиғатына байланысты саңырауқұлақтық мицелий аналогы – жіңішке жіпшелер деп атайды) тобы. Клетка қабырғасының типі бойынша Гр+ және ДНҚ құрамында ГЦ жұптарының мөлшері – 60-75%.

Ең кең таралған жері – топырақ: оның құрамында актиномицеттердің барлық туыс өкілдері кездеседі. Люминесцентті микроскопия көмегімен анықталатын прокариотты биомассаның 10-15% мөлшерін және дәстүрлі қоректік орталарда сұйытылған топырақ суспензиясын егу кезінде өсіп шығатын бактериялардың ¼ бөлігін құрайды.

Актиномицеттердің арасында аэробтар және анаэробтар, мезофилдер мен термофилдер бар. Көбінесе актиномицеттер сапрофиттер, алайда араларында адамдарға, жануарларға, өсімдіктерге зиян келтіретін паразитті түрлері кездеседі. Actinomycetes классына қалыпты актиномицеттерден басқа, проактиномицеттер, микобактериялар және микококкалар жатқызылады. Проактиномицеттер актиномицеттерден мицелийдің дамудың ерте кезеңінде ған болуымен ерешеленеді. Одан кейін жас жіпшелер коккалар мен таяқшаларға дейін үзіледі.

Соңғы жылдары актиномицеттер адам қажеттілігіне сай көптеген алуан түрлі физиологиялық белсенді заттарды продуцирлейтін қабілеттілігіне байланысты практикада кең қолданысқа ие. Актиномицеттердің көптеген дақылдарынан дәрілік препараттар – тағам өнеркәсібінде, өсімдік өнеркәсібінде, ветеринарияда, медицинада қолданылатын антибиотиктер. Актиномицеттер витаминдер, гормондар, ферменттер, токсиндер, өсу заттары, аминоқышқылдар және адам үшін қажетті басқа да биологиялық белсенді заттар түзуге қабілетті. Топырақ құнарлылығын қалыптастыру және топырақ шығару прцесстеріне актиномицеттер белсенді түрде қатысады. Оларға топырақты қалпына келтіруді жүзеге асыратын көптеген функцияларды жатқызады. Ең алғаш болып актиномицеттерді 1878 жылы Ц. Гарц анықтаған болатын. 1945 жылы С. Ваксман және А. Шатц актиномицеттер дақылдарынан медицинада кең қолданыс тапқан стрептомицин антибиотигін бөліп алды.

Актиномицеттердің құрылымы

Жоғары сатыдағы актиномицеттердің мицелийі өте жақсы дамыған. Жіңішке гиф диаметрі — 0,1-1,0 мкм, ал айрықша жуан гифтер — 1,5 мкм-ге дейін жетеді. Тығыз агарланған қоректік орталарда (беттік егу) мицелийдің 3 типін анықтауға болады

Актиномицеттер – антибиотиктер продуценттері

Практикада кең қолданысқа ие антибиотиктер актиномицеттердің метаболиттері болып саналады. Актиномицетті шығу тегіне ие ең бірінші антибиотиктердің бірі – мицетин, ол 1939 жылы совет ғалымдары Красильников және Коренякомен ашылды

Актиномицеттердің классификациясы

Актиномицеттердің систематикасы үшін микроорганизмдердің бұл тобына жататын микробтарға тән қасиеттер анықталды. Сонымен қатар, зерттеу барысында актиномицеттер түрлерінің морфологиялық өзгергіштіктері, ұрпақ беру органдарының құрылымы және даму дәрежесі, споратасушылар сипаты, спора қабықшасының құрылымы сияқты көрсеткіштер есепке алынды

Актиномицеттердің (оның ішінде стрептомицеттердің) антагонисттік қасиеттері

Микроорганизмдердің өзара антагонистік әрекеттесуі микробтардың бір түрінің қандай да бір жолмен басқа микроорганизм түрінің дамуын немесе өсуін тежеумен сипатталады.

 

Қорытынды

Жұқпалы аурулардың көлемін азайту және онымен көптеген адамдардың ауырмауы үшін инфекциологияда эпидемияға қарсы алдын алу шаралары қабылданады. Үлкен ұжымдар үшін келесі ортақ іс-шаралар жатады: максималды түрде ауруды жұқтырған адамдармен қарым- қатынаста болуды шектеу, жұқпалы ауруды жұқтырған адамдарды толығымен изоляциялау, ауру адаммен қарым-қатынаста болғандарды мұқият түрде тексеру және зертханалық зерттеулер жүргізу, уақтылы инфекция тасымалдаушыны анықтау, халыққа жоспарлы иммунизация мен вакцинация егу. Ал жеке тұлғаларға келесі түрдегі аурудың алдын алу жүргізіледі: иммуномодуляторларды профилактикалық және кей жағдайда антибиотиктерді қабылдау, қатаң түрде жеке гигиенаның барлық ережелерін сақтау, қыс мерзімінде-дәрумендер мен минералдар жиынтығын қабылдау, үнемі иммунитетті нығайту және ағзаны үздіксіз шынықтыру. Жұқпалы ауру кезінде нақты диагнозды қою үшін зерттеудің зертханалық тәсілдері қажет. Бұны әсіресе сырқат адамдар және жұқтырған адамдар үшін өткізеді. Бұл тәсілдер арқылы дәрігерлер сырқат адамдардың - инфекцияны жұқтырғандардың бастапқы симптомдық кезеңінде, оның инфекция тасымалдаушы екендігін анықтайды.

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Қазақ Ұлттық Энциклопедиясы

2. «Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл., VIII том

3. Патологиялық анотомия терминдерінің орысша – латынша – қазақша түсініктеме сөздігі.- Ақтөбе.

 

<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
Civil asset forfeiture | ПОНЯТИЕ ПСИХОЛОГИЧЕСКОГО КЛИМАТА В СЕМЬЕ.


Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных