Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Микробиология» модуль бойынша емтихан сұрақтары

1. Тірі табиғаттың жүйесінде микроорганизмдердің орны. Микроорганизмдердің алуан түрлілігі және олардың басқа организмдермен тұтастығы.

2. Микробиологияның даму тарихы, оның негізгі кезеңдері.

3. Прокариотты және эукариотты микроорганизмдер; негізгі айрмашылығы және ұқсастығы: клетка құрылысы, физиологиялық және биохимиялық белгілер бойынша.

4. Бактериялардың морфологиясы және мөлшері. Бактерия клеткаларын негізгі формалары. Бактериялардың әртүрлі формаларын жиналу типтері. Бактериялардың плеоморфизмі.

5. Бактерия клеткасының анатомиясы. Клетка құрылымдар қалыптасуында әртүрлі химиялық заттардың рөлі, клетка компонентерінің қызметтері.

6. Бактериялардың қозғалу органеллалар. Бактериалды жгутиктердің құрылысы және қызметі. Жгутиктардың орналасуы: монотрихиалды, лофотрихиалды, амфитрихиалды, перитрихиалды.

7. Спирохеталардың құрылысы. Спирохеталардың және сырғанатын бактериялардың қозғалуы. Хемотаксис, фототаксис, магнитотаксис, вискозитаксис.

8. Бактериялардың сыртқы құрылымдар. Капсулалардың химиялық құрамы, капсула, шырышты заттың, чехол, бүрлердің (ворсинка) қызметтері.

9. Бактерия клетка қабығының химиялық құрамы, құрылысы және қызметі. Бактериялардың клетка қабығының және эукариотты клетканың салыстыру ерекшеліктері. Грам теріс және грам оң бактериялардың клетка қабығының ерекшеліктері.

10. Бактериалды сферопласттар және протопласттар: алу әдістері, қасиетттері, қолдануы. Бактериялардың L-формалары, олардың сипаттамасы, тұрақты (стабильные) және тұрақсыз (нестабильные) L-формалары, медициналық микробиологияда рөлі. Микоплазмалар.

11. Бактериялардың ЦПМ: химиялық табиғаты, құрылысы және қызметі. ЦПМ белоктары: перифериялық, интегралды, АТФ комплексі. ЦПМ туындылары және олардың қызметі. Мезосомалар: ламеллярлы, везикулярлы, тубулярлы, аралас. Фотосинтетикалық мембраналар: хроматофоралар, тилакоидтар, ламеллалар.

12. ЦПМ-дан заттарды тасымалдау. Қарапайым диффузия, жеңілдетілген диффузия, белсенді транспорт, топтар транслокациясы. Пермеазалардың химиялық табиғаты және белсенді транспортта рөлі. Байланыстырушы белоктардың химиялық табиғаты және белсенді транспортта олардың рөлі. Көмірсу тасымалдау фосфотрансферазалық жүйе.

13. Бактериялардың цитоплазмасы; химиялық құрамы және құрылысы. Цитозоль және цитоплазма органеллалар. Цитоплазма қосындылары (газды вакуоль, хлоросомалар, фикобилисомалар, карбоксисомалар, магнитосомалар) және клеткалық метаболизмнің өнімдері (полифосфаттар, полисахаридтер, майлар, күкірт, цианофитин гранулалар); олардың табиғаты және маңызы.

14. Бактериялардың рибосомалары, олардың құрылымы, қызметі. РНҚ құрылысы. Полирибосомалар. Эукариотты организмдер және бактерия рибосомалардың айырмашылығы.

15. Нуклеоид: химиялық құралымы, құрылысы және қызметтері. ДНҚ, оның әртүрлі бактерияларда мөлшері. Тұқымқуалайтын және тұқымқуаламайтын микроорганизмдердің өзгерістері. Мутациялар. Диссоциациялар.

16. Бактериалды эндоспоралардың құрылысы, химиялық құрылымы және қасиеттері. Эндоспоралардың структуралық элементтері: нуклеоид, тығыз цитоплазма, жамалғы қабаттар (ЦПМ, ұрық клетка қабырғасы, кортекс, ішкі қабықша, сыртқы қабықша, экзоспориум). Спора түзуші бактериялардың өкілдері. Бактериялардың басқа тыныштық формалары: цисталар, экзоспоралар, миксоспоралар. Олардың маңызы.

17. Спора түзу процесінің цитологиясы және биохимиясы. Эндотрофты және экзотрофты споруляция. Споруляциия кезеңдері (дайындық, спора қалыптастыру, спора жетілу, спора босату). Дипиколин қышқылының маңызы. Әртүрлі бактерияларда вегетативті клетка ішінде эндоспоралардың орналасуы. Спора шығу процесі: активация, инициация және өсу кезеңдері. Спора тіршілік ұзақтығы. Спора түзуінің практикалық маңызы.

18. Бактериялардың көбею типтері. Прокариотты клетканың өсуі. Бинарлы көлденең бөліну. Бүршіктену. Бір клеткалы цианобактериялардың көптік бөліну: баеоциттер.

19. Аэробты және анаэробты микроорганизмдерді культивирлеу. Үстінгі культивирлеу. Терең культивирлеу. Анаэробты жағдай жасау физикалық, химиялық және биологиялық тәсілдері. Жинақтаушы культуралар; оларды алу әдістері. Микроорганизмдердің таза культуралар, оларды алу әдістері.

20. Бактериалды популяция және клетка өсуі. Үйлестірілген және үйлестірілген емес өсу, үйлестірілген емес (несбалансированный) өсудің себептері. Культура өсудің негізгі параметрлері: генерация уақыты, өсудің меншікті жылдамдығы, биомасса шығуы, экономикалық коэффициент.

21. Таза культураны мерзімді өсірудің заңдылықтары. Мерзімді культура. Өсу ауытқымасы, жеке фазалардың сипаттамасы (лаг-, логарифмдік, стационарлық, өлу). Клетканың алғашқы және екінші метаболиттері. Апоптоз.

22. Үздіксіз дақылдау кезінде микроорганизмдердің өсуі. Ферментерлер: хемостат, турбидостат. Үздіксіз дақылдауды өндірістік микробиологияда пайдалану. Синхрондық культуралар, олардың алу тәсілдері және маңызы, практикалық қолдануы. Клетка иммобилизацияның әдістері (химиялық, физикалық). Шашыратылған (иммобилизованный) ферменттерді және микроорганизмдердің шашыратылған клеткаларды практикалық қолдануы. Инженерлық энзимология.

23. Микроорганизмдерге физикалық факторлардың әсері.

24. Микроорганизмдерге химиялық факторлардың әсері: микробостатикалық және микробоцидтық. Микрооганизм тіршілігіне химиялық заттардың әрекеті; екі топқа бөліну: ЦПМ немесе клетка қабырғасын зақымдайтын; зақымдайтын ферменттер. Химиялық факторлардың практикалық маңыздылығы. Стерилизация әдістері. Консерванттар, олардың қасиеттері, негізгі консерванттарға сипаттама.

25. Антибиотиктер; олардың табиғаты, химиялық құрамы және әрекеті. Антибиотиктер классификациясы. Микроорганизмдердің антибиотиктерге сезімталдығын анықтау әдістері.

26. Микроорганизмдердің ДНҚ репарациясы. Репарацияның негізгі механизмдері: фотореактивация, қаранғылық (темновая) және рекомбинанты репарация, SOS-жауап. Репарация процесстерінің молекулярлы механизмдер.

27. Мезофилды, психрофилды, термофилды бактериялардың сипаттамасы, өкілдері, мекендеу орны, практикалық маңызы. Экстремалды температураға микроорганизмдердің тұрақтылығы.

28. Стерилизация әдістері. Гидростатикалық қысымының әсері. Баротолерантты және пьезофилды бактериялар, өкілдері, мекендеу орны. Пастеризация, тиндализация.

29. Әртүрлі радиацияның микроорганизмдерге әсері (радиотолқындар, инфрақызыл сәулелер, спектрдің көрінетін бөлігі, УК-сәулелер, иондаушы радиация). УК-сәулелерге бактериялардың сезімталдығын анықтау әдістері. Физиологиялық құрғақтық. Осмофилды және галофилды бактериялар.

30. Аэробты және анаэробты бактериялар, микроаэрофилдер, аэротолерантты бактериялар. Ортаның рН маңыздылығы. Нейтрофилдер, ацидофилдер, алкалофилдер, өкілдері, мекендеу орны, практикалық маңыздылығы.

31. Прокариот организмдер жүйелері. Номенклатура. Таксономия. К.Возе, У.Виттекера классификациялары.

32. Gracilicutes бөлімі. Scotobacteria класының жалпы сипаттамасы.

33. Gracilicutes бөлімі. Anoxyphotobacteria и Oxyphotobacteria кластарының жалпы сипаттамасы.

34. Firmiicutes бөлімі. Firmibacteria и Tallobacteria кластарының жалпы сипаттамасы.

35. Tenericutes бөлімі. Микоплазмалардың жалпы сипаттамасы.

36. Mendosicutes бөлімі. Archaebacteria класының жалпы сипаттамасы.

37. Балдырлардың жалпы морфологиялық сипаттамасы және систематикасы.

38. Қарапайымдылар, олардың морфологиясы және систематикасы.

39. Микроскоптық саңырауқұлақтар және олардың классификациясы.

40. Микроорганизмдердің рекомбинациялары, олардың түрлері.

41. Генетикалық ақпарат. Мутациялар. Рекомбинациялар.

42. Микроорганизмдер және қоршаған орта. Ылғалдылық, температура, ортаның қышқылдығы, оттегі, қысым, олардың микроорганизмдерге әсері.

43. Химиялық заттардың микроорганизмдерге әсер ету механизмдері. Дезинфекция, антисептика, асептика.

44. Микроорганизмдердің қарым-қатынасы (нейтралды, пайдалы, антагонисттік).

45. Микроорганизмдердің қоректенуі. Қоректену жолдары. Қоректік заттардың тасымалдауы.

46. Микроорганизмдердің химиялық құрылымы. Макро және микроэлементтердің маңызы.

47. Энергия және көміртек көзіне байланысты микроорганизмдердің қоректенуі.

48. Микрорганизмдер метаболизмі. Катаболизм және анаболизм. Микрорганизмдер ферменттері. Энергия алу жолдары.

49. Ашу процессі. Гликолиз. Пентозофосфатты жол. Энтнер-Дудоров жолы.

50. Тыныс алу: аэробты және анаэробты. Кребс циклі. Тотықтандыратын фосфорлану.

51. Микроорганизмдердің биосинтезі.

52. Оксигенді және аноксигенді фотосинтез.

53. Микроорганизмдердің өсуі және көбеюі.

54. Спирттік ашу процестін қоздырғыштары және өнімдері. Спиртті ашу процестін маңыздылығы.

55. Сүт қышқылды ашу процесі, оның түрлері.

56. Пропион қышқылды ашу процесі. Пропионқышқылды бактериялардың түрлері.

57. Майлы қышқылды ашу процесі. Ацетон-бутанолды ашу процесі.

58. Азот аммонификациясы және минералдауы. Нуклеин қышқылдарының, мочевина, хитин ыдырауы. Нитрификация. Нитрификаторлардың топтары. Нитрификацияның фазалары. Гетеротрофты нитрификация. Денитрификация (анаэробты немесе нитратты тыныс алу).

59. Архебактериялардың жалпы сипаттамасы.

60. Миксобактериялардың жалпы сипаттамасы.

61. Вирустар: жалпы сипаттама, клеткалық организмдерден айырмашылығы. Онтогенездегі вирустардың кезеңдері. Вирион құрылысы.

62. Бактериофагтар: қасиеттер, химиялық құрамы, құрылысы, табиғатта таралуы. Орташа және вирулентті бактериофагтар. Бактериалды клеткаларымен әрекеттесу ерекшеліктері.

63. Вирустардың классификациясы.

64. Вирустардың химиялық құрамы.

65. Вирустың қожайын клеткасымен әрекеттесуі.

66. Вирустардың дақылдауы.

67. Вирустардың таксономиясы.

68. Вирусты инфекциялардың патогенезі.

69. Вирусқа қарсы иммунитетінің ерекшеліктері.

70. Вирусты инфекцияларды химиопрепараттармен емдеу.

71. Пикорнавирустар, жалпы сипаттамасы. Сал (полиомиелит) вирусы.

72. Коксаки вирусы. ECHO-вирустар.

73. Гепатит А вирусы. Риновирустар. Аусыл вирусы.

74. Тогавирустар. Альфавирустар.Қызамық вирусы

75. Флавивирустар, олардың сипаттамасы, түрлері.

76. Коронавирустар және реовирустар.

77. Ортомиксо- және парамиксовирустар.

78. Рабдовирустар.

79. Ретровирустар.

80. Ареновирустар.

81. Филовирустар.

82. Парвавирустар.

83. Аденовирустар.

84. Поксвирустар.

85. Герпесвирустар.

86. Гепатит В вирусы.

87. Папилломавирустар.

88. Онковирустар.

89. Вакциналар, олардың түрлері.

90. Прионды инфекциялар.

 

<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
Игорь Фёдорович Стравинский | Ограничения США в отношении национальной практики промышленного лова тунца.


Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных