ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ. Тақырыптар Еңбек сыйымдылығы Ұсынылатын әдебиеттер Дәрістік сабақтар
3 Пән бойынша тапсырмаларды орындау және тапсыру кестесі
3.1 МОДУЛЬ БОЙЫНША ТАПСЫРМАНЫ ОРЫНДАУ ЖӘНЕ ТАПСЫРУ КЕСТЕСІ
ГЛОССАРИИ 1. Глоссарий (лат.glossarium-сөздік) - терминдер мен айтылған ойлардың түсіндірме сөздігі. Алғашында "ежелгі мәтіндегі және диалект сөздер мен ұғымдардың сөздігі" деген мағынада қолданылған. 2. Дәріс (лат. Іесtіо-оқу) - белгілі бір тақырып бойынша материалдарды баяндау. 3. Кредит (ағылш.сrеdіt-сенім, мақтау) - мектептегі немесе жоғарғы оқу орындарындағы сынақтық бірлік. Бұл - студенттің білімін бағалау емес, бірақ олардың белгілі бір пәннен толық курс өткендігін куәландырады. Жоғарғы оқу орнын бітіру үшін тиісті кредит санын (сынақтық бірлік) жинау керек. Мәселен, АҚШ-та студент бакалавр дәрежесін алу үшін 120-130, ал ҚР-да 128 кредит жинау керек. Курс деректемелері - талап етілетін, қажет оқылатын оқу пәнін сәтті меңгеріп шығу үшін қажет білім мен дағды жинағы. 4. Семинар - жоғарғы оқу орнындағы тәжірибелік басаң. 5. Силаббус (қадам, саты) - әрбір пән бойынша студенттерді оқыту бағдарламасы. 6. Талдау (грек сөзінен «analysis») – бұл зерттеліп отырған объектіні бөлімдерге, элементтерге әртүрлі факторлар әсерінен өзгеру бағытын анықтау мақсатында бөлшектеу. 7. Қаржылық-экономикалық талдау - кәсіпорын қызметінің талдау нәтижелері: қаржылық жоспардың орындалуы, меншікті және заемды капиталдың пайдалану тиімділігі, табысты көбейту резервтерін анықтау, рентабельділікті арттыру, кәсіпорын төлемқабілеттілігін және қаржылық жағдайын жақсарту. 8. Аудиторлық (бухгалтерлік) талдау - шаруашылық объектілердің қаржылық тұрақтылығы мен қаржылық жағдайын бағалау және болжау мақсатында аудиторлармен жүргізіледі. 9. Техникалық-экономикалық талдау - техникалық және экономикалық процестердің өзара қатынасын және олардың кәсіпорын қызметінің экономикалық нәтижелеріне әсерін зерттейді. 10. Әлеуметтік-экономикалық талдау - әлеуметтік және экономикалық процестердің өзара қатыстылығын және олардың шаруашылық нәтижелеріне әсерін зерттейді. 11. Экономикалық-статистикалық талдау - басқарудың әр түрлі деңгейінде жалпылама құбылыстарды зерттеуде пайдаланылады. 12. Экономикалық-экологиялық талдау - экологиялық және экономикалық процестердің өзара қатыстылығын зерттейді. 13. Маркетингтік талдау - шикізат және дайын өнім рыногін зерттеу үшін, оның бәсекелестілігін, сұраныс пен ұсынысын, коммерциялық тәуекелін, баға саясатының қалыптасуын, маркетингтік қызметінің тактикасы мен стратегиясын анықтау үшін қолданылады. 14. Салыстырмалы талдау - шаруашылық қызмет нәтижелерінің есепті көрсеткіштері жоспар көрсеткіштерімен салыстырылады. 15. Факторлық талдау - нәтижелі көрсеткіштің деңгейіне және өсіміне факторлар әсер ету деңгейін анықтауға бағытталған. 16. Диагностикалық (экспресс-талдау) талдау - экономикалық процестер жүру барысында болатын кемшіліктер сипатын анықтау. 17. Маржиналды талдау - өнім көлемі, өзіндік құн және табыстың өзара қатыстылығы негізінде басқару шешімдерінің тиімділігі бағаланады. 18. Экономикалық талдау әдісі – бұл өндіріс тиімділігін арттыру мақсатында арнайы әдістер мен жоспар, есеп беру және басқа да мәліметтер көздерін тұжырымдау арқылы кәсіпорын қызметі нәтижелеріне факторлар әсерін жүйелі, кешенді зерттеу, есептеу, негіздеу. 19. Әдіс дегеніміз – бұл бір жұмыстың тиімді іске асырылуының тәсілдері мен жолдарының жиынтығы. Экономикалық талдау әдісі дегеніміз – бұл кәсіпорын экономикасын зерттеудің аналитикалық тәсілдері мен жолдарының жиынтығы. 20. Жалпы өнім – бұл аяқталмаған өндірісті қоса барлық өндірілген өнім мен атқарылған жұмыс құны. Жалпы өнім салыстырмалы бағада беріледі. 21. Тауарлы өнімнің жалпы өнімнен айырмашылығы – аяқталмаған өндіріс қалдықтары мен ішкі щаруашылық айналым тауарлы өнімге кірмейді. Тауарлы өнім есепті жылы белгіленген көтерме бағада беріледі. Егерде, кәсіпорында ішкі шаруашылық айналым мен аяқталмаған өндіріс болмаса, жалпы өнім тауарлы өніммен бірдей болады. 22. Номенклатура дегеніміз – ТМД территориясының өнеркәсіп өнімдерінің жалпыодақтық классификаторында белгіленген өнім аттарының тізбегі мен олардың кодтары. 23. Ассортимент дегеніміз - өнімнің әр бір түрі бойынша өнім өндірісі көрсетілген өнімдер аттарының тізбегі. Ассортимент толық, топтық және ішкітоптық болып бөлінеді. 24. Ырғақтылық дегеніміз – жоспармен қарастырылған өнім көлемі мен ассортименті кестесіне сәйкес бірқалыпты өнім өндірісі. 25. Ырғақтылықтың кері көрсеткіші саны - күндер бойынша өнім шығысының жоспардан он және теріс ауытқулардың сомасы ретінде анықталады. 26. Банкроттылық дегеніміз қарыздаушының, кредиторлардың ақшалай міндеттемелер бойынша талаптарын орындамауы, оның ішінде еңбекақы және бюджет пен бюджеттен тыс қорларға міндетті төлемдерді төлемеуі. 27. Хеджер (шығындардан) – валюталық, коммерциялық, несиелік талаптар мен міндеттемелерді құру. 28. Коммерциялық тәуекел - өнімді өткізу барысында пайда болады. Бұл тәуекелдің пайда болу себептер: өнімнің сату көлемі азаюы, материалдық ресурстардың сатып алу бағасының өсуі, шығындардың өсуі, экономикалық тербелістер және клиенттердің талғамдарының өзгеруі. 29. Қаржылық тәуекел – кәсіпорындардың банктермен қарым-қатынасында пайда болады. Бұл тәуекелдің пайда болу сбептері: заемды және меншікті капитал қатыстылығының жоғары көлемі, кредиторларға тәуелділік, капитал пассивтілігі, бір жобаға өте көп мөлшерлі қаржылардың салынғаны. 30. Өндірістік тәуекел – бұл өнім өндірісімен байланысты тәуекел. Оның пайда болу себептері: өндіріс көлемінің кемуі, материалды шығындардың өсуі, менеджерлер қателері, жоғары көлемді салықтарды төлеу. 31. Тәуекелсіз аймақ – кәсіпорын қызмет барысында ешқандай шығын көрмейді, ең болмағанда есепті табысқа ие болып отырады, яғни еш нәрсемен тәуекелденбейді. 32. Минималды тәуекел аймағы – кәсіпорын аймағы – кәсіпорын қызмет барысында таза табысының барлық көлемімен немесе оның жартысымен тәуекелге барады.
Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|