Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Мал өнімдерінің өзіндік құнынынң калькуляциясы.




Ауыл шаруашылығында ш/қ өздік негізгі және қосалқыөнімнің калькуляция әдісін таңдайды.

Негізгі өнім ретінде шаруашылық ұйымдастырылған өнім саналады. Оған сүт, жүн, жұмыртқа және ет өнімдері жатады. Қосалқыөнімі мал шаруашылығында негізгі өнімнен айрықша артықшылыққа ие болмайды. Олардың негізгі айырмашылығы - қосалқыөнімнің құны едәуір азырақ болады. Мысалы: қой шаруашылығында негізгі өнім – жүн және ет, ал қосалқы – сүт өнімі.

Сонымен қатар бұнда жанама өнімі де орын алады. Жанама өнімін негізгі өнімді алу барысында алынады. Мысалы: мал шаруашылығында негізгі өнімге сүт, жүн, жұмыртқа, ет жатса, жанам өнімге - өлі малдың тері, көң және т.б. жатады.

Аналитикалық есепті келесі мал түрлері және топтары бойынша жүргізген жөн:

Ірі қара мал:

Сүтті табын: негізгі табын, барлық жастағы жас мал және семіртудегі ірі малдар

Етті табын: негізгі табын, 8 айдан үлкен жас мал және семіртудегі ірі мал.

Қой, түйе шаруашылығында: негізгі және жас мал табыны.

Аң шаруашылығында: негізгі табын.

Құс шаруашылығында: жұмыртқалы құстар, 1ден 150 күнге дейінгі жас құстар.

Ара шаруашылығында: ара шарушылығының саласы бойынша: балды аралар.

Шығындардың жалпы сомасынан келесі жылға кететін жанама өнімнің құны алынып тасталады, содан қалған соманы өнімнің валдық табысына бөледі.

2523 «Жас мал», 2524 «Семіртудегі ірі мал», 2520 «Мал», 2521 «Өнімді мал» және 2522 «Жұмыс малдары» есепке алынады.

Сүтті ірі қара мал. Сүтті шаруашылықта өзіндік құнның калькуляциясының зерзаты болып сүт және төлдер келеді, өсірудегі жас және семіртудегі ірі мал болады.

Етті ірі қара мал. Бұнда өзіндік құнның калькуляциясының зерзаты болып:

- негізгі табын

- семіртудегі ірі малдардың топтары

- 8 айдан үлкен жас малдар

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных