ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Бап. Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясат принциптері1. Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясат: 1) азаматтардың қауіпсіз, тиімді және сапалы медициналық көмек алу құқықтарының теңдігін қамтамасыз ету; 2) мемлекеттің, жұмыс берушілер мен азаматтардың жеке және қоғамдық денсаулықты сақтау мен нығайту үшін ортақ жауапкершілігі; 3) ана мен баланы қорғау; 4) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін қамтамасыз ету; 5) денсаулық сақтау жүйесі қызметіндегі профилактикалық бағыттың басымдығы; 6) медициналық көмектің қолжетімділігі; 7) медициналық көмектің сапасын ұдайы арттыру; 8) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету; 9) медициналық көмек көрсету кезінде денсаулық сақтау ұйымдарының қызметінің сабақтастығы; 10) медициналық және фармацевтикалық білім берудің үздіксіздігі мен сабақтастығын қазіргі заманғы оқыту технологияларын пайдалана отырып қамтамасыз ету; 11) отандық медицина ғылымын мемлекеттік қолдау, денсаулық сақтау саласындағы ғылымның, техниканың алдыңғы қатарлы жетістіктерін және әлемдік тәжірибені енгізу; 12) ерікті өтемсіз донорлықты көтермелеу; 13) отандық әзірленімдерді және бәсекеге қабілетті медициналық және фармацевтикалық өнеркәсіпті дамытуды мемлекеттік қолдау; 14) азаматтардың денсаулық сақтау құқықтарын қамтамасыз етуге қоғамдық бірлестіктердің қатысуы; 15) денсаулық сақтаудың халықтың сұранысын, мұқтажын қанағаттандыруға және өмір сапасын жақсартуға бағытталған әлеуметтік бағдарлылығы; 16) салауатты өмір салтын және дұрыс тамақтануды қалыптастыруға жәрдемдесу; 17) халықтың денсаулығын, дәрілік заттардың қауіпсіздігін, тиімділігі мен сапасын ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету факторларына жатқызу принциптері негізінде жүргізіледі.
Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|