Главная | Случайная
Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Сезімталдықтың күрделі түрлерін зерттеу




 

  Тексеруді жүргізу Балдары
Екі өлшемді-кеңістікті сезіну. Дәрігер көзі жұмулы науқастың терісіне цифрларды немесе қарапайым геометриялық кескіндерді (крест, шеңбер) салады. Сау адам денесіне жазылғанын айнытпай айтады. Сырқат цифралар мен фигураларды шатастырып ажырата алмауы (графанестезия) немесе оларды қиналып анықтауы (граф-гипестезия) мүмкін. 0,5 1,0
Дискриминациялық сезімді тексеру үшін екі сирағы ортасында шкала сызықшалары бар қарғаша бекітілген Веберь циркулін пайдалану арқылы дәрігер сырқаттың терісіне сипаты бірдей екі тітіркеніс жолдайды. Әуелі циркуль қадамы 8-10 м болса кейінірек циркуль сирақтарын жақындата отырып оның ұшымен түртеді. Бұл әрекет сырқат екі тітіркеністің ара қашықтығын айыра алмаған кезінде тоқтатылады да қарғашадағы өлшем мөлшері жазылып алынады. Әдетте сау адам циркуль қадамын саусақ ұшында 2 мм және бел тұсында 60 мм дейін ажырата алатындығы белгілі. Дискриминациялық сезім бұзылған кезде бір мезгілде жанасқан екі тітіркеністі сырқат адам ажырата алмайды, немесе ол қалыпты жағдайдан едәуір ауытқиды. 0,5 1,0
Стереогаостикалық сезім. Тексерілуші адамның алақанына ұсақ-түйек бүйымдарды (кілт, қарындаш, түйме т. б.) ұстатып, оларды сипап білуі өтініледі. Егер бір қолымен сипау арқылы аталған бұйымдарды анықтай алмаса, онда оларды екінші қолына ауыстырып сипатады (ұстатады). Сонда тануы мүмкін. Ұстатылған бүйымдарды сипау арқылы ажырата алмауды астереогнозия. 0,5 0,5 0,5 1,0 1,0 1,0
Сезімталдықтың тұрақтылығы. Дәрігер қолына бір шөкім мақта немесе шашақша алып сырқат денесінің симметриялы тұстарын нұқу арқылы аталған тітіркендіргіштердің нақтылы әсері сезілген нүктені дәл анықтауы керек. Дені сау адам белгілі нүктені дәл көрсетеді. Ал дертке шалдыққан болса тітіркенген жерін дәлдеп ажырата алмайды, тіпті мүлде баска нүктелерді нұсқауы мүмкін. Мұндай ауытқушылықтар топанестезия немесе топгипестезия деп аталады. Кейбір жағдайда сырқат тітіркенген жерін көрсетем деп, мүлде қарама-қарсы жақты нұсқайды. Бұл құбылыс сирек кездеседі. Мұндай ауытқушылық аллохейрия немесе синестезия деп аталады .     0,25 0,25     0,25 0,5 0,5     0,5
  БАРЛЫҒЫ: 3,25 6,5

 




Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2019 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных