Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Міндетті тәжірибелік дағдылар




Білім алушы істей алуы қажет:

- Тыныс алу жүйесі ауруларында мейірбике ісін уйымдастыру;

- Жүрек қан-тамырлары жүйесі ауруларында мейірбике ісін уйымдастыру;

-Ас-қорыту жүйесі ауруларында мейірбике ісін уйымдастыру;

- Бүйрек және зәр шығару жолдары ауруларының мейірбике ісін уйымдастыру;

- Қан жүйесі жүйесі ауруларында мейірбике ісін уйымдастыру;

- науқас мәселелерін анықтай алу және медбикелік картаны жүргізу;

- науқастарды аспаптық зерттеулерге дайындау;

- науқастарды зертханалық зерттеулерге дайындау;

- күттірмейтін жағдайларда дәрігерге дейінгі жедел көмекті жүргізу;

- жүрек-өкпе реанимациясын;

- ЭКГ электродтарын салу және түсіру;

- зәрді Зимницкий, Ничепоренко бойынша және қантқа жинай алу;

- асқазанды жуу;

- асқазан және он екі елі ішек құрамын зерттеуге алу;

- жалпы және биохимиялық талдауға қан алу;

- Коротков әдісімен артериялық қан қысымды өлшеу;

- кәріжілік артериясында пульсты есептеу;

- тыныс алу қимылдарын санау;

- медициналық құжаттарды толтыру.

 

Күні Орындаған жұмыс көлемімен мазмұны Баға Қолы мен ескертуі
04.01.15 8:00     8:30   Мен терапия пәнінен оқу өндірістік тәжірибені өту үшін7:45- Семей қаласының Жедел медициналық жәрдем ауруханасына келдім. Киімімді ауыстырған соң, аурухананың бас мейірбикесі Бакаева Гайни Кақармановнамен таныстым. Аға мейірбике бізді аурухана құрылысымен және ережелерімен таныстырып, бізді бөлімшелерге бөлді. Медбике нұсқауымен Вера Павловнаға қан түкіру кезінде көмек көрсеттім. Диагнозы:асқазан ойық жарасы.Жасы:56. Іс-әркет алгоритмі: 1. Дәрігерді шақыру. 2. Науқасты төсекке жоғары көтеріп жатқызу. 3. Физикалық және психологиялық тыныштық сақтау. 4. Ыстық тағам қабылдамау. Ылғалды сүрту. 5. Сөйлеуге және қозғалуға болмайды. 6. Қатағ төсек режимі. 7. Тек салқындатылған тағам ішу. Пост медбикесі нұсқауымен науқас Сыздықбаева Тұрсынғайшаға алгоритм бойынша колоноскопиялық зерттеуге дайындадым. Диагнозы:тұрақты диореяЖасы: 41. Колоноскопияны дәрігер жасайды, мейірбике көмекші қызметін атқарады Іс-әрекет алгоритмі: 1. Науқасқа емшараның мақсаты мен барысын түсіндіріңіз, оны жасауға келісімін алыңыз. 2. Науқасқа психологиялык дайындықты жүргізіңіз. 3. Дайындық ережесінің бұзылуы салдары туралы ескертіңіз (зерттеу нәтижесі дұрыс шықпайды). 4. Науқасқа зерттеу таңертең ашқарынға өткізілетінін хабарлаңыз. 5. Зерттеуге дейін 2-3 күн бұрын іш кебудің алдын алу үшін шлаксыз диета тағайындалады, науқастың тағамынан газ түзетін азық-түліктер, көкөністер, жеміс-жидектер, сүт, нан алынып тасталады. 6. Зерттеуді жасар алдында 2 күн бойы іш жүргізетін дәрілер тағайындалады (фортранс схемаға сәйкес). 1 литр ерітіндіні 15-20 кг дене салмағына, бұл 3-4 литр ерітіндіге сәйкес келеді. Зерттеуді жасау қарсаңында кешке қарай немесе бірдей бөлікке бөліп кеш қарсаңында және    
Күні Орындаған жұмыс көлемімен мазмұны Баға Қолы мен ескертуі
    9:00     9:30     10:00   зерттеу жасайтын күні таңертең қабылданады. Соңғы препарат емшара алдында 3-4 сағат бұрын қабылданады. 7. Зерттеуді жасау қарсаңында кешке қарай науқасқа биік тазарту клизмасын 1,5 литрдей сумен жасаңыз. 8. Таңертең зерттеу жасайтын күні зерттеуден 2 сағат бұрын 1 тазарту клизмасын жасаңыз. 9. Белгіленген сағатқа науқасты эндоскопиялық кабинетке ертіп апарыңыз (ауру тарихымен). 10. Зерттеуден кейін науқасты палатасына дейін шығарып салыңыз. Медбике нұсқауымен науқас Алия Ораловнаға асқазан жара ауруында іштен қан кеткенде көмек көрсеттім. Диагнозы: созылмалы пневмония. Жасы: 25. Іс-әркет алгоритмі: 1. Науқасты тыныштандыру. 2. Құрсақ қуысына суық немесе мұз басу. Науқасқа мұздың бір түйірін аузына салу. 3. Жедел түрде дәрігерді шақыру. Көк тамыр ішіне 100 мл 5% аминокапрон қышқылын еңгізу. 4. Б.е. 10% 10мл кальций глюканат, көк тамырға 10% 10мл CaCl, б.е. 2мл викасол. 5. Егер науқас жағдайы жақсармаса шұңыл түрде госпитализациялау хирургия бөліміне. 6. Абайлап зембілмен басын төмен, аяқтарын жоғары көтеріп (басы аяқтарынан төмен болу керек). Медбике нұсқауымен науқас Гульфат Мырзағалиевнаға кеуде қуысының ауырсынуы кезінде көмек көрсеттім. Диагнозы:жедел пневмония.Жасы:32. Іс-әркет алгоритмі: 1. Төсектік режим. 2. Науқасқа ыңғайлы қалыпта жатқызу. 3. Физикалық белсенділікті азайту. 4. Физикалық және психикалық тыныштық сақтау. 5. Науқасқа релаксанция қабылдауды үйрету.(йод сеткасынан жасау). 6. Физиоем, науқас жағдайын қадағалау. 7. Жөтелді азайтатын дәрілерді беру. Медбике Мейрамгуль Асхатқызының нұсқауымен науқасАлександр Анатолиевичтан Нечипоренко әдісі бойынша зәрін жинадым.    
Күні Орындаған жұмыс көлемімен мазмұны Баға Қолы мен ескертуі
    10:30     Диагнозы: жедел гломерулонефрит. Жасы: 38. Әзірле:резенке қолғап, алжапқыш, құрғақ таза банка, жолдама. Іс-әрекет алгоритмі: 1. Науқасқа шараның мақсаты мен өткізу ретін түсіндірдім. 2. Керекті құралдарды дайындадым. 3. Клиникалық зертханаға жолдама жаздым. 4. Қолымды гигиеналық әдіспен өңдеп, құрғатып, резенке қолғапты кидім. 5. Зәрді жинау алдында пациенттің жыныс мүшелерін міндетті түрде жуу. 6. Зәрдің ортаңғы порциясын таза құрғақ ыдысқа жинау. 7. Зәр жинаған ыдыстың сыртында жолдаманы жапсыру. 8. Жиналған зәрді таза ыдысқа құйып зертханаға жіберу. 9. Қолғапты шешіп қорапқа салу, қолды жуу және құрғату. Нәтижесін бағалау: лейкоциттер-3,8x10. Бекет медбикесі Шынар Уатханқызының нұсқауымен емделішу Тутасова Нагиманың қан қысымын өлшедім. Диагнозы: Артериялық гипертензия. Жасы: 45. Іс-әрекет алгоритмі: 1. Науқасқа емшараның мақсатын түсіңдірініз, алдымен осындай емшара жүргізілгенің анықтадым, қандай нәтижелер болғанын науқас білмесе, өзін қалай жүргізу керек, қандай сезім болу керек. 2. Науқасқа ыңғайлы қалып беріңіз, отыру немесе жату салмақты босансыған қалыпта, науқастың қолы жазылған қалыпта жатады(алақанмен жоғары) аппаратпен бір деңгейде. Артериальды қысымды әдетте 1-2 рет арасына 2-4 минут салып өлшейді. 3. Тонометрдің манжетасын науқастың жалаңаштанған иығына, шынтақтың иілген жерінен 2-3 см жоғары жүрек деңгейінде, оның арасына 1 саусақ өтетіндей қылып қондырдым; манжетаны иыққа ілмек көмегімен (ілмек, жабысқыш лента) жұмсақ ұлпаны қыспай бекітініз. 4. Манометрді манжетамен бекіттім, оны манжетаға бекітіп, тілдің қалпын(сынап бағанасы) шкаланың нөл белгісімен турасын тексердім.    
Күні Орындаған жұмыс көлемімен мазмұны Баға Қолы мен ескертуі
    11:00 5. Шынтақ шұңқыры аймағындағы шынтақ артериясынан тамыр соғуды анықтадым, фонендоскопты осы жерге қондырдым(фонендоскоптың басының қысуы сабырлы болуы керек, онда мәліметі басқаша көрсетіледі.) 6. Алмұрт тәрізді баллоншадағы вентилді жауып, манжетаға баллоншамен ауаны толтырдым. Шыңтақ артериясындағы пусьсация жоқ болып кеткенше және манометр қалыптан жоғары (немесе осы пациентте) 20-30 мм сынап бағанасын көрсеткенше. 7. Вентильді ашып және ақырын манжетадан ауаны жаймен босатып қоя берініз. Бағанаың немесе тіддің жылдамдығының түсірілуін қарадым, көрсеткіштер жылдамдығы 2 мм сынап бағанасынан өзгеріп отырады. Бір мезгілде көңіл қойып артериядағы дыбысты тыңданыз және манометрдің көрсеткішін қадағаланыз. 8. Бірінші дыбыс пайда болған мезгілде манометрдің көрсеткішін белгіледім (жүрек жиырылған мезгілдегі артериальды қысымның көлемі)- систальдық қан қысымы және дыбыс жойылған мезгілде(жүректің босаңсыту мезгілдегі артериальды қысым)-диастольдық қан қысымы; манжетадан толығымен ауаны шығардым. 9. Науқастың қолынан тонометрдің манжетасын шештім. 10. Мәліметті сандық жазу түрінде бақылау парғына және бөлшек түрінде қызу парағына жаздым(алымы-систольдық қысым, бөлімі-диостольдық қысым). 11. Емшараны қайталап, алынған мәліметті салыстырдым. 12. Фонендоскоптың басын 2 рет 70% спиртпен зарарсыздандырдым. 13. Науқасқа өлшеген қан қысымынығ нәтижесін хабарладым. Алынған нәтижесі: 130/80. Медбике Жансая Думанқызының нұсқауымен науқас Акбаев Қазбекті ФГДС зерттеуіне дайындадым. Диагнозы: созылмалы гастрит. Жасы: 26. Дайындадым: залалсыздандырылған гастроскопты, сүлгіні, зерттеуге жолдаманы.    
Күні Орындаған жұмыс көлемімен мазмұны Баға Қолы мен ескертуі
    12:15 ФГДС-ті дәрігер жасайды, медбике көмекші қызметін атқарады. Іс-әрекет алгоритмі: 1. Науқасқа алда болатын зерттеудің мақсатын, барысын және мағынасын түсіндірдім, оның келісімін алдым. 2. Науқасқа психологиялық дайындықты жүргіздім. 3. Науқасқа зерттеу таңертен ашқарынға өткізілетінін хабарладым. Тамақ,су ішуге, дәрілік препараттарды қабылдауға тыйым салдым. Темекі шегуге, тісті тазалауға болмайды. 4. Науқасқа зерттеу қарсаныңда кешке қарай сағат 18:00-ден кешіктірмей кешкі жеңіл тамақпен қамтамасыз еттім, кешкі тамақтан кейін науқас суд, тамақты ішпеуі керек. 5. Эндоскопия жасаған уақытта сөйлеуге және түкірігін жұтуға болмайтынын науқасқа ескерттім.(науқас сілекейін сүлгіге немесе салфеткаға түкіріп отырады). 6. Науқасты сүлгімен, ауру тарихымен, жолдамасымен белгіленген сағатта эндоскопиялық кабинетіне ертін апардым. 7. Зерттеуден кейін науқасты палатаға ерітіп әкелдім және одан жұту акті толық қалпына келгенше 1-1,5 сағаттай тамақ қабылдамауын сұрадым. Темекі шегуге болмайды. Бекет медбикесі Данара Мұсақызының нұсқауымен науқас Серік Сакеновичқа бронхит кезінде көмек көрсеттім. Диагнозы: жедел бронхит. Жасы: 35. -Жөтелу кезінде ауырсынуды азайту үшін шырышты тітіркендірмейтін жиі жылы сұйықтық бердім. -Интоксикация белгілерін жою. -Егер науқаста t болмаса қарапайым физиотерапиялық процедураларды орындадым.(қыша қағазын қою, аяғына жылытқыш қою, жылытқыш компрестерді беру). -Науқасқа ингаляцияны қолдану техникасын үйрету. -Дәрігер тағайындауы бойынша жөтелге қарсы дәрілірді беру. -Науқастың жағдайын жақсарту үшін тәулігіне 4 ретке дейін бөлмені желдету.    
Күні Орындаған жұмыс көлемімен мазмұны Баға Қолы мен ескертуі
    12:40 -Асқынулардың алдын алу үшін науқастың жағдайын динамикалық бақылау жүргізу.(тыныс жиілігін, пульсін, жөтелдің сипатын, тері түсін, t қадағалау). Медбике Самал Нұрханқызының нұсқауы бойынша науқас Ольга Семеновнаға еңтігу кезінде көмек көсеттім. Диагнозы: бронхты демікпе. Жасы:27. -Науқасты отырғызу, яғни қолын тізесіне қойып алдыға еңкею. -Қысып тұрған киімдерден босату. -Таза ауамен қамтамасыз ету. -Науқасқа ылғалданған оттегін беру. -Дәрігер шақыру. Медбике Самал Нұрханқызының нұсқауымен Айжан Ахметқызының алгоритм бойынша қан қысымын өлшедім. Диагнозы: атеросклероз. Жасы: 47. Алынған нәтиже: 110/70. Медбике Жансая Думанқызының нұсқауымен науқас Нұрболхан Айтуовты алгоритм бойынша ФГДС зерттеуіне апардым. Диагнозы: жедел гастрит. Жасы: 50.    
Күні Орындаған жұмыс көлемімен мазмұны Баға Қолы мен ескертуі
  Сандық есеп  
Орындалған тәжірибелік дағдылар тізімі Сан
  қан түкіру кезінде көмек  
  колоноскопиялық зерттеуге дайындадым  
  асқазан жара ауруында іштен қан кеткенде көмек  
  кеуде қуысының ауырсынуы кезінде көмек  
  Нечипоренко әдісі бойынша зәрін жинадым  
  қан қысымын өлшедім  
  бронхит кезінде көмек көрсеттім.  
  еңтігу кезінде көмек көсеттім  
  ФГДС зерттеуіне дайындадым.  
  Қол жуу  
  Қолғап кию  
   
Күні Орындаған жұмыс көлемімен мазмұны Баға Қолы мен ескертуі
05.01.15     9:00   Мен жедел медициналық жәрдем ауруханасына 7:30 келдім. Аға медбикеге барып белгілендік. Киімімді ауыстырып, жұмысымды бастадым. Медбике Жансая Думанқызы нұсқауымен науқас Ергали Бегларбековичті ирригоскопиялық зерттеуге дайындадым. Диагнозы: созылмалы энтерит. Жасы: 47. Әзірледім:эсмарх крушкасын, 1,5-2 л мөлшеріндегі ыдыстағы суды, вазелинді, шпательді, клеенканы, жаялықты, штативті, резеңке қолғапты, судноны, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты, барий сульфаты жүзгінің (1,5л, t36-37C, шылапшынды, лотокты, сүрткілерді, су термометрін, алжапқышты, фортрансты, адсорбенттерді, ферментті дәрілерді, жолдама бланкіні(зерттеу әдісінің атын, науқастын аты жөні, жасы, мекен жайы немесе ауру тарихының нөмерін, диагнозын, зерттеу күнін). Ирригоскопияны дәрігер жүргізеді. Іс -әрекет алгоритмі: 1. Науқаспен сенімді қарым қатынас орнаттым. 2. Науқасқа зерттеу мақсаты мен өткізу ретін түсіндірдім, оның келісімін алдым. 3. Науқасқа психологиялық дайындықты жүргіздім. 4. Ішекте газ пайда болдыратын, ашып іриттін тағамдарды тамақ рационынан алу қажеттілігін түсіндірдім және зертеуге 2-3 күн қалғанда оған мол сұйықтықты қамтамасыз еттім. 5. Дәрігердің тағайындауы бойынша науқасқа ферментативті препараттарды бердім. 6. Күндізгі сағат 12 –де зерттеу алдында фортрансты схема бойынша бердім. 7. 18 сағаттан кешіктірмей жеңіл кешкі тамақпен қамтамасыз еттім. 8. Кешке зерттеу қарсанында (20 және 22сағатта) науқасқа 2 жоғарғы тазарту клизмасын 1,5 л –дай қойдым 2 сағат «таза су» әсерлігіне дейін 2 сағат аралығында. 9. Таңертен зерттеуге дейін 2 сағат қалғанда науқасқа 1 сағат аралықпен 2 тазарту клизмасын қойдым. 10. Зерттеуге дейін 3сағат қалғанда таңертен жеңіл белокты тамақты науқасқа қамтамасыз еттім, жіңішке ішектің ішіндегі зат жуан ішекке рефлекторлы жылжу үшін.      
Күні Орындаған жұмыс көлемімен мазмұны Баға Қолы мен ескертуі
  10:30     11:00 11. Тағайындалған уақытта науқасқа рентгенологиялық кабинетіне ауру тарихымен ертіп апардым. Медбике Мөлдір Ержанқызы нұсқауымен науқас Бауыржан Көпеевке стенокардия кезінде көмек көрсеттім. Диагнозы: стенокардия. Жаcы: 63. Іс-әрекет алгоритмі: 1. Таза ауа, физикалық-психикалық тыныштықпен қамтамасыз еттім. 2. Тез арада дәрігер шақыру. 3. Науқасты ыңғайлы жатқызу. 4. Тіл астына нитроглицерин (валидол) валокардин немесе корвалол. 5. Егер 3 мин-та ауырғаны басылмаса нитроглицеринді қайта қабылдау керек, тек арасы 10 минуттан, 3 реттен артық болмау керек(тәулігіне 6-реттен көп емес). 6. Жүрек тұсына, төсекке қыша қою.(сол қолына ыстық ванна жасау). 7. Науқасты үздіксіз бақылау. 8. Дәрігердің нұсқауын орындау. 9. Көк тамырға аналгетик жіберу. 10. Жағдайы жақсарған кезде нитроглицерин мен валидолды қабылдауды үйрету. Медбике Жансая Серікқызы нұсқауымен Берік Сайлауұлына бронхты демікпе кезінде көмек көрсеттім. Диагнозы:созылмалы бронхит. Жасы: 38. Іс-әрекет алгоритмі: 1. Медбикелык диагноз қою, жалпы жағдайының ауырлығы, кеуденің қысуы, еңтігу,жөтел, жүрек қағу, мазасыздық, тұншығу ұстамалары. 2. Күтімі және емдеуді қамтамасыз ету. 3. Дәрігер тағайындауын тиянақты орындау, режим, тамақтану. Жеке бас гигиенасын сақтауы. 4. Ұстамалар пайда болған жағдайда дәрігерге дейінгі көмекті көрсеттім. 5. Аллергиялық анамнезді, дәрілік препараттардың жағымсыз әсерлерін, АҚ тыныс алу жиілігін, пульсін бақылау. 6. Пикфлоуметрия, ингалятор, спейсер, небулайзер қолдану техникасын үйрету. 7. Гипоаллергиялық диета, тәулігіне 2л дейін сұйықтық тағайындау.    
Күні Орындаған жұмыс көлемімен мазмұны Баға Қолы мен ескертуі
  12:00   12:30 8. Міндетті түрде жүргізу керек: лор органдарының санациясы, ұстама себебтерін жою, тыныс гимнастикасын жасау, психотерапия, ЛФК, физиотерапия. Медбике нұсқауымен науқас Амангелді Каримхановқа жедел пневмония кезінде көмек көрсеттім. Диагнозы: жедел пневмония. Жасы:31. Іс-әрекет алгоритмі: 1. Науқасқа құрғақ төсекте басын жоғары қаратып орналастырдым. 2. Бөлмені желдеттім, таза ауамен қамтамасыз еттім. 3. Науқасқа ылғалданған оттегі бердім(2% гидрокарбонат ерітіндісінің тұнбасы арқылы) әрбір сағат сайын 5-10 минуттан. 4. Науқастың жалпы жағдайын қадағалау, тері түсін, тыныс сипатын бағалау. 5. Дене t қадағалау. 6. Ішке немесе парентеральді анальгетиктерді беру және алғашқы күндері жөтелген қарсы дәрілер беру. 7. Антибиотиктерді қатаң түрде тағайындалған уақытымен беру. Медбике нұсқауымен Райгүл Мұхатаеваға эксудативті плеврит кезінде көмек көрсеттім. Диагнозы: плеврит. Жасы: 33. Іс-әркет алгоритмі: 1. Жартылай төсектік режим. 2. Бөлмені желдетіп отыру. 3. Сұйықтық мөлшерін азайту. 4. Тәуліктік диурезді қадағалау, қалтырау кезінде жылыту. Тершендік болса киімін ауыстыру. 5. Тыныс гимнастикасын жасау. 6. Дәрігер тағайындауын қатаң орындау. 7. 5-6 рет аз-аздан тамақтандыру, жылы сұйықтық беру.    
Күні Орындаған жұмыс көлемімен мазмұны Баға Қолы мен ескертуі
  Сандық есеп  
Орындалған тәжірибелік дағдылар тізімі Сан
  ирригоскопиялық зерттеуге дайындадым.  
  стенокардия кезінде көмек көрсеттім.  
  бронхты демікпе кезінде көмек көрсеттім.  
  пневмония кезінде көмек көрсеттім.  
  эксудативті плеврит кезінде көмек көрсеттім  
  Қол жуу  
  Қолғап кию  

 

 

   
Күні Орындаған жұмыс көлемімен мазмұны Баға Қолы мен ескертуі
06.01.15     8:00     8:30 Мен жедел медициналық жәрдем ауруханасына 7:30 келдім. Аға медбикеге барып белгілендік. Киімімді ауыстырып, жұмысымды бастадым. Бекет медбикесі Жансая Думанқызы нұсқауымен науқас Саянұр Сагиеваны алгоритм бойынша ультро дыбыстық зерттеуге дайындадым. Диагнозы: созылмалы пиелонефрит. Жасы: 30. Іс-әрекет алгоритмі: 1. Науқасқа зерттеу мақсаты мен барысын түсіндіріп, оның рұқсатын алыңыз. 2. Дайындау ережесін бұзыуының. 3. Зерттеу ашқарында жүргізілетінін науқасқа ескертіп қойыңыз. 4. Зерттеуге дейін 2-3 күн бұрын тамақтану рационынан жел (газ) жинауды болдырмайтын тамақтарды қабылдамайтының науқасқа түсіндіріңіз (көкөністер, жеміс-жидектер, сүт тағамдары, қара нан, бұршақ тағамдар, жеміс сөктер), таблеткалы іш айдайын дәрілер. 5. Науқас зерттеу қарсынында дәрігердің тағайындауы бойынша іш кебуді болдырмайтын дәрілерді қабылдайды. 6. 8-12 сағат зерттеуге дейін науқас тамақ қабылдауды тоқтатуы керек. 7. Зерттеу қарсаныңда кеште тазарту клизмасын қойыңыз. 8. Зерттеу алдында темекі шегуге болмайды. 9. Науқас ультрадыбыстық зерттеуге барғанда өзімен бірге сүлгіні және ақ жайманы алады. 10. УДЗ кабинетіне науқасты ауру тарихымен ілестіріп апарыңыз. 11. Зерттеуден кейін науқасты палатаға апарыңыз. Медбике Данара Мұсақызы нұсқауымен науқас Қайрат Жамалиевтің дене қызуын анықтадым. Диагнозы: жедел пневмония. Жасы: 19. Әзірле: термометр,сағат, дәкелер, қалам, температура дәптері, температуралық парақ. Іс -әрекет алгоритмі: · Науқасқа әдістің мақсатын түсіндірдім, келісімін алдым. · Қолымды мұқияттап жылы сумен сабындап жуып, кептірдім. · Термометрдің бүтіндігін тексердім, сілкідім, 35°C төмен болу керек.
  • Қолтықты немесе шап қыртыстарын
   
Күні Орындаған жұмыс көлемімен мазмұны Баға Қолы мен ескертуі
    9:00 · тексердім. · Термометрді алып, көрсеткішті айттым. · Дене қызуын айқындап, температура дәптеріне жаздым, график ретінде температура параққа жаздым. · Термометрді сілкіп, сынап резервуарға түсу керек. · Дәкелерді қауіпсіз жоюға арналған контейнерге сал. · Термометрді дезерітінді бар ыдысқа салдым, ағынды сумен жуып, құрғатып, футлярына салдым. Алынған нәтиже: 36,6. Медбике Жансая Думанқызы нұсқауымен науқас Ерасыл Кабденовтің алгоритм бойынша пульсін есептедім. Диагнозы: созылмалы бронхит. Жасы: 23. Іс-әрекет алгоритмі: 1. Науқасқа емшара барысын түсіндіріңіз, оның келісімін алыңыз, тамыр соғуын анықтайтын жерді табыңыз. 2. Науқасқа ынғайлы қалыпты, отыру немесе жату босансыған жайлы қалыпты, сабырлы жағдайды беріңіз. 3. Қолыңызды гигиеналық денгейде тазартыңыз. 4. Бір мезгілде өз қолыныздың саусақтарымен науқастың білезігінен қамтып алып (кәржілік білезік буыны аймағын) былай ұстаңыз, 2, 3, 4 саусақтардың жұмсақ жастықшасы білектің алақан (ішкі) бетінде кәржілік артериясының проекциясында болуы керек (үлкен саусақтың негізінде), 1 саусақты білектің сыртқы бет жағына орналастырыңыз. Кәржілік артериясы кәржілік сүйегінің біз тәрізді өсіндісі мен кәржілік бұлшық етінің сіңірі арасынан пальпациялынады. 5. Кәржілік күре тамыр аймағын ұстаңыз. Оны сәл кәріжілік сүйегіне қарай қысыңыз, тамыр соғатын жерді анықтаңыз, қаннын тамырлар бойымен қозғалуына байланысты иілмелі соғу толқының сезесіз. 6. Науқастың оң және сол қолы күре тамыры қабырғасының кезеңді тербелісін салыстырыңыз. Тамыр соғу сәйкестігін анықтаңыз. Сәйкестілік – бұл екі қолдағы тамыр соққысы толысу бойынша    
Күні Орындаған жұмыс көлемімен мазмұны Баға Қолы мен ескертуі
    10:00   10:30     11:00   11:30   12:00 7. тура келеді (егерде тамыр соғу сәйкестігі болса, онда бір қол бойынша сипаттама беріледі). 8. Тамыр соғу реттілігін анықтаңыз. 9. Тамыр соғу жиілігін анықтаңыз. 10. Тамыр соғу толысуын бағалаңыз. 11. Тамыр соғу кернеу күшін анықтаңыз. 12. Тамыр соғуды зерттеу мәліметін қызу парағына – графикалық эдіспен, қызыл түспен, ал бақылау қағазына – сандық әдіспен жазыңыз. 13. Науқасқа зерттеу нәтижесін хабарлаңыз. 14. Қолынызды жуып, кептіріңіз. Алынған нәтиже: 68 мин. Медбике Данара Мұсақызы нұсқауымен науқас Үміт Аубакироваға құрғақ плеврит кезінде көмек көрсеттім. Диагнозы:плеврит.Жасы:27. · Жартылай төсек режимі. · Науқас бір жақ бүйірімен жату(кеуде клеткасының ауырсынуын басу үшін). · Дене терісін дәрігер тағайындаған мазьбен уқалау. · Жөтелге қарсы дәрі беру дәрігер тағайындаған. Медбике Жансая Думанқызы нұсқауымен науқас Зинаида Макаровнаға қақырықты жөтел кезінде көмек көрсеттім. Диагнозы: жайылған пневмосклероз. Жасы:72. · Көп мөлшерде сұйықтық беру. · Дәрігер тағайындауы бойынша дәрі беру. · Кеуде клеткасына мазь жағу. · Тыныс гимнастикасын үйрету. Қақырық түсіргіш препарат беру. · Дәрігер тағайындауын орындау. · Бронхолитик беру. Бөлмені желдету. Медбике Шынар Уатханқызы нұсқауымен науқас Нұрлан Тәнірбергеновті алгоритм бойынша ФГДС зерттеуіне дайындадым. Диагнозы: созылмалы гастрит. Жасы: 65. Медбике Жансая Думанқызы нұсқауымен науқас Ерғазы Жұмағалиевтің қан қысымын өлшедім. Диагнозы: ЖИА. Жасы: 57. Алынған нәтиже: 110/70. Медбике Самал Нұрханқызы нұсқауымен науқас Марат Аубакировті бронхоскопиялық зерттеуге дайындадым.    
Күні Орындаған жұмыс көлемімен мазмұны Баға Қолы мен ескертуі
  Диагнозы: созылмалы бронхит. Жасы: 46. Дайындаймын: залалсыздандырылған: қолғапты, бронхоскопты, сүрткілерді, транквилизаторларды, ішіне зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты,сүлгіні, ауру тарихын, жолдама. Бронхоскопияны дәрігер жасайды, мейірбике көмекші қызметін атқарады. Іс әрекет алгоритмі: 1. Науқасқа зерттеудің мақсаты мен өткізу ретін, жасаған уақыттағы тәртіп ережесін түсіндірдім, келісімін алдым. 2. Науқасқа психикалық дайындықты жүргіздім. 3. Науқасқа зерттеу таңертен ашқарынға өткізілетінін айттым. Ол зерттеу алдында таңертен тамақты, суды қабылдамауы, темекі шекпеуі керек. 4. Зерттеу алдында науқас алмалы салмалы тіс протездерін шешіп тастауын қадағаладым. 5. Тура зерттеуді жасар алдында науқастан қуығын және ішегін босатуды сұрадым. 6. Дәрігердің тағайындауы бойынша зерттеудің алдында кешке қарай және таңертен жансыздандыру жасаудан 1-1,5 сағат бұрын транквилизаторлармен(элениум, диазепам) премедикацияны жүргіздім. 7. Қарауға 15-45 минут қалғанда дәрігердің тағайындауы бойынша премедикацияны (наркозға дайындау) жүргіздім. 8. Науқасты сүлгісімен, ауру тарихымен және жолдамасымен эндоскопиялық кабинетіне тағайындалған уақытта ерітіп апардым. 9. Науқасты палатаға ертіп апарып, жасалған зерттеуден кейін екі сағат бойы тамақ ішуіне, темекі шегуіне болмайтынын ескерттім.      
Күні Орындаған жұмыс көлемімен мазмұны Баға Қолы мен ескертуі
  Сандық есеп  
Орындалған тәжірибелік дағдылар тізімі Сан
  ультро дыбыстық зерттеуге дайындадым  
  дене қызуын анықтадым  
  пульсін есептедім.  
  құрғақ плеврит кезінде көмек көрсеттім.  
  қақырықты жөтел кезінде көмек көрсеттім.  
  ФГДС зерттеуіне дайындадым.  
  қан қысымын өлшедім  
  бронхоскопиялық зерттеуге дайындадым.  
  Қол жуу  
  Қолғап кию  

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных